Ғылыми жұмыс дайындаудағы басты құралдар



Дата25.01.2022
өлшемі56.04 Kb.
#454786
Ғылыми жұмыс құралдары


Ғылыми жұмыс дайындаудағы басты құралдар
Адам баласына әр уақытта ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. (Ол оны созу жүйелері арқылы қабылдайды), ақпараттың нақты ғылыми анықтамасы жоқ. Заттың немесе құбылыстың нақты ғылыми анықтамасы жоқ кезде адам өз түсінігімен қолданылады.

Түсініктің анықтамадан айырмашылығы әр түрлі адамдар әр түрлі кезеңде әр түрлі түсінік бере алады. Тұрмыста ақпарат түсінігінде, адам табиғаттан және қоғамнан алған мәліметті сезім жүйелері арқылы қабылдаумен келеді. Табиғатта бақылау, басқа адамдармен пікір алмасу, кітәп және газет оқу, теледидар бағдарламасын қарау барысында біз ақпарат аламыз.

Математик бұл мәселені кеңінен қарап, оған адам баласы ой сапасы арқылы құрастырған ақпаратты енгізеді. Биолог болса, ақпаратқа адам баласы сезу мәселелері және өз ой сапасын да құрастырмаған, керісінше өзінен туғаннан бастап өлерге дейінгі сақталған мәліметті жатқызады. Бұл генетикалық код, бұған байланысты бала өз ата-анасына ұқсайды.

Сонымен әртүрлі ғылыми пәнде және әр түрлі ғылыми саласында ақпарат туралы бірнеше түсінік бар. Бізге болса ақпаратты зерттеу алдында әртүрлі түсініктерді қосатын, ортақ нәрсені табу керек. Және бұндай ортақ нәрсе бар. Ғылыми және техника салаларында, ақпаратпен айналысатын, мынадай тұжырымға келді. Ақпарат төрт қасиеттерге ие. Ақпаратты: құруға, беруге (сәйкесінше қабылдауға ) сақтауға және өңдеуге болады.

Жаңа техниканы құрастыру кезінде ақпараттық толымсыз, аз немесе оперативсіз болуынан отандық және дүние жүзілік ең күшті үлгілер туралы түсінік алу мүмкін емес, бұған байланысты жобалау басында техникалық сопылық құрылуы мүмкін.

Өткен мезгілде алынған маңызды ғылыми жетістіктер туралы ақпаратты ыңғайлы ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету маңызды боп келеді. Сонымен, мемлекеттік жинау жүйесінің дамуы, ақпараттық өңдеу, сақтау,тиімді іздеу және беру, жаңа тәсілмен әдістің қолдану негізінде,(біріншіден есептеутехникасы), төтенше антуалды болып келеді. Ақпарат тәсілдері тиімді ақпарат жүйені құруда керемет қолданып, ғылыми зерттеулердің автоматизациясын, әртүрлі өндіріс процестерін, жобалаудың негізін құрайды.

Ақпараттану – бұл техникалық ғылым, ақпаратты сақтайтын, құрастыратын, өңдейтін және беретін есептеу техникасы арқылы жүйелендіретін, сонымен қатар бұлардың функционалдық қызметі мен оларды басқару тәсілі боп келеді.

Ақпараттанудың міндеті:

1 Ақпаратты қабылдау және сақтау

2 Ақпаратты өңдеу және оны ыңғайлы түрде өткізу

3 Есептеу техникасын тиімділікпен қолдану
4 Жаңа есептеу техникасын құрастыру үшін басқа ғылымдардың жетістіктерін қолдану

5 Жаңа бағдарламалар арқылы техникалық жүйелерді басқару

Сондықтан ақпарат зерттейтін затты көбінесе ақпараттық технология немесе компьютерлік технология деп атайды.

Маңыздысы, ақпараттың екі жағы бар. Бір жағынан ол есептеу техникасының құрамын және жұмыс істеу принціпін зерттесе, екінші жағынан техниканы басқаратын бағдарламаның жұмыс істеу тәсілдерін жүйелендіреді.

Ақпараттық бағыттары:

1 Техникалық, есептеу техника және әртүрлі автоматты ақпаратты жүйелерді құрумен байланысты;

2 Бағдарламалы, қолданушы есептейтін есепті шешуге мүмкін беретін есептеу машинаның бағдарламамен қамтамасыз етуімен байланысты

3 Алгоритмді, база және банк мәліметтерін құрайтын, теориялық және практикалық есепті шешу үшін алгоритмді енгізуімен байланысты

Ақпараттық жүйелер:

Ақпараттық жүйені қолдану, құрастыру және игеру экономикалық пен басқару мақсаттарын шешу, ғылыми және техникалық жетістіктер туралы ақпаратты тұтынушыға жеткізу- жаңа ақпараттық маңызды болып келеді. Ақпараттану – термині сәйкесінше ғылыми дисциплинаны анықтауға, сонымен қатар онымен жүмыс істеу облысында байланысты қолданылуы мүмкін. Туыс терминдерді қолдану кезінде дәл осылай болып келеді. Мемлекеттік өңдеу жүйесі және ақпаратты беру, мемлекеттік ғылыми техникалық ақпарат жүйесі, ғалымдарды және мамандарды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі, және т.б. Жайшылықта бұлар ақпараттық жүйе және ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі, терминдермен белгіленеді.

Ақпаратты қамтамасыз ету жүйесінің маңызды компоненті жаңа ғылыми техникалық ақпарат ерекше ойлар, ғылыми нәтижелер, фактілер және т.б.туралы боп саналады.

Активті түрде басылым жұмысы, кітапханалар, соңынан-рефераттық, ақпараттық және қызметтер дамыған. Кітапханалар өз жұмысында активті түрде ғылыммен техниканың соңғы жетістіктерін және ең алдымен ЭВМ, жаңа байланыс құралдармен жабдықталған, қолдана бастады. Ғылыми комуникация жүйесі тұтынушыжәне құрастырушыарасында басты рөл қызметін ала бастады.

Ақпаратты өнімдер

Унифицирленген мәлімет және қызмет ету, стандартты түрде көрсетілген, ақпаратты өнім атты иемденеді. Мысал ретінде ақпаратты массивте, арнайы бөлім, аналитикалық анықтама және т.б. зерттеу нәтижелері боп келеді. Ақпаратты өнім әр түрі спецификалық техналогияны қажет етеді. Сондықтан кейбір ақпараттық жүйелер сол немесе басқа ақпаратты өнім түрлерін өндіруге, екіншілері әр түрлі өнімдерді өндіруге негізделген. Нәтижесінде арнайы және әмбебап ақпаратты жүйелер шықты.


Тәжірибелердің жіктелуі

Зертханалық тәжірибе зертханалық жағдайда әртүрлі құралдарды арнайы модельді қондырғыларды, стенд және жабдықтарды қолданумен жүргізіледі. Әдетте зертханалық тәжірибелерде объектінің өзі емес оның жобасы зерттеледі.

Бұл тәжірибені қайталау арқылы бір сипаттаманың басқалары түрленгендегі әсерін зерттеуге, уақыт пен қордың аз шығыны мен жақсы ғылыми ақпарат алуға болады. Бірақ мұндай тәжірибе зерттелетін үрдістің жүрісін толық көрсетпейді, сондықтан жаратылысты тәжірибені жүргізу қажеттілігі туады.

Жаратылысты (натурный) тәжірибе табиғи жағдайларда және нақты объектілерге орындалады. Тәжірибенің бұл түрі көбінесе дайындалған жүйені жаратылысты сынау үрдісінде қолданылады. Сынақты орындау жеріне байланысты табиғи тәжірибелер өндірістік, өрістік-полигондық, жартылай жаратылысты және т.б. болып бөлінеді. Жаратылысты тәжірибе мұқият жоспарлауды және ойластыруды, зерттеу әдістерін рационалды таңдауды қажет етеді. Барлық жағдайда жаратылысты тәжірибенің негізгі ғылыми проблемасы ─ қажетті мөлшерде тәжірибе жағдайының сәйкестенуін қамтамасыз ету. Сондықтан тәжірибенің негізгі есебі: зерттелетін объектіге әсер ететін ортаның сипаттамасын зерттеу, объектінің статикалық және динамикалық көрсеткіштерін теңдестіру, объект қызметінің тиімділігін бағалау және оның берілген шартқа сәйкестігін тексеру.

Қарапайым тәжірибе тармақталған құрылысы жоқ, өзара байланысқан және өзара әсерлескен аз мөлшердегі элементтері бар қарапайым қызмет жасайтын объектілерді зерттеуге қолданылады.

Күрделі тәжірибеде құрылысы тармақталған өзара байланысып әсерлескен элементтерінің мөлшері күрделі қызмет орындайтын объектілер немесе құбылыстар зерттеледі. Элементтердің байланысуының жоғары дәрежесі кез келген элементтің немесе байланыс күйінің өзгеруі, жүйенің басқа элементтер күйінің өзгертуіне әкеліп соғады. Зерттеудің күрделі объектілерінде бірнеше әртүрлі құрылымдардың, мақсаттардың бар болуы мүмкін. Сонда да күрделі объектінің нақты күйі сипатталуы мүмкін. Өте күрделі тәжірибеде белгісіз себептерге байланысты күйі анықталмаған объект зерттеледі.

Заттық тәжірибеде зеттелетін объектінің күйіне әртүрлі заттық факторлардың әсерін зерттейді. Мысалы әртүрлі қоспалардың мұнай сапасына әсері.

Энергетикалық тәжірибе әртүрлі энергияның (электромагнитті, механикалық, жылу, т.б.) энергияның зерттелетін объектіге әсерін зерттеу үшін қолданады. Тәжірибенің бұл түрі табиғи ғылымда кең тараған.

Қалыпты (немесе классикалық) тәжірибеге танып білетін субъект ретінде экспериментатор, тәжірибелік зерттеудің заты немесе объектісі және тәжірибені жүзеге асыратын саймандар (құралдар, құрылғылар, зертханалық қондырғылар) кіреді.
Қалыпты тәжірибеде тәжірибелік саймандар зерттелетін объектімен тікелей байланыста болады. Олар экспериментатор мен зерттелетін объектіні байланыстырушы болып табылады.

Модельді тәжірибенің қалыпты тәжірибеден айырмашылығы оның зерттелетін объектінің моделімен жұмыс жасауы. Модель тәжірибелік қондырғылар құрамына, ондағы зерттелетін объектінің орнын ауыстырып кіреді және кейбір объектіні зерттейтін жағдайларды да ауыстырады.

Модельді тәжірибеде тәжірибелік зерттеудің мүмкіндіктері кеңейген кезде модель мен нақты объект арасындағы айырмашылық қателіктер болуына байланысты кемшіліктердің болуы, сонымен қатар модельдің моделдейтін объектіге қатынасын зерттеудің нәтижесін экстраполяциялау қосымша уақыт жұмсауды және мұндай экстраполяциялаудың құқықтығының теориялық тұжырымдауды қажет етеді.

Модельдеу кезінде тәжірибелік құралдарының арасындағы айырмашылық ойша және материалдық тәжірибелерді бөліп шығарды. Ойша тәжірибенің құралдары ретінде зерттелетін объектілердің ойша модельдері немесе құбылыстары (сезімдік нұсқалары, нұсқалы-модельді таңбалы модельдері, таңбалық модельдері) алынады. Ойша тәжірибені белгілеу үшін кейде дәріптелген немесе қиялдағы тәжірибе қолданылады. Үрдісі кезінде қиялда нақты тәжірибе құрылысы көрінетін ойдағы тәжірибе танып білетін субъектінің ой қызметінің бір формасы болып табылады. Ойдағы тәжірибе құрылысының құрамына: зерттелетін объект моделін ойша және дәріптелген тәжірибе жағдайларын, оның объектіге әсерін құрастыру; саналы және жоспарлы өзгеруін, тәжірибе жағдайларын және объектіге әсерін құрамалау; тәжірибенің барлық кезеңдеріне ғылымның объективті заңдарын саналы және дәл қолдану кіреді. Мұндай тәжірибе нәтижесінде тұжырым шығарылады.

Материалдық тәжірибе құрылысы осыған ұқсас. Бірақ материалдық тәжірибеде идеалды емес, материалды объектілер қолданылады.

Материалдық тәжірибенің ойша тәжірибелерден айырмашылығы нақты тәжірибе сананың сыртқы ортамен объективті материалды байланысының формасы болып табылады, ол ойша тәжірибе субъектінің теориялық қызметінің өзіндік формасы болып табылады.

Ойдағы тәжірибе нақтыға қарағанда кеңінен қолданылады, өйткені ол нақты тәжірибені жоспарлау мен дайындауда ғана емес, оны жүргізу мүмкін болмаған жағдайда да қолданады.

Ойдағы тәжірибе өзімен нақты тәжірибені ауыстыра отырып таным шектерін кеңейтеді, өйткені басқа құралдармен алу мүмкін емес ақпараттармен қамтамасыз етеді. Ойдағы тәжірибе нақты тәжірибенің шарасыз шектелуін, нақты тәжірибеде толық жою мүмкін емес себептерді абстракциялау арқылы алдын алады.

Ойдағы тәжірибені тек қана ғалымдар емес, жазушылар, суретшілер, оқытушылар, дәрігерлер де қолданады. Ойша тәжірибелеу шахматшы ойларында көрінеді, ойдағы тәжірибенің техникалық құрастыруда және өнертапқышта ролі зор. Бұл тәжірибенің нәтижесі формулаларда, сызбаларда, графиктерде, эскиздік жобаларда, жол-жобада көрінеді.

Пассивті тәжірибе объект қызметіне жасанды араласусыз бақылау нәтижесінде алынған таңдалу көрсеткіштерді (параметрлер, айнымалылар) зерттеуді қарастырады. Пассивті тәжірибе мысалдары ретінде мыналар болады: транспорттық ағындардың қарқындылығын, құрамын, қозғалыс жылдамдығын, жалпы науқастану санын немесе белгілі бір ауруды, белгілі бір адамдар тобының жұмыс жасау қабілетін, жасына байланысты өзгеретін көрсеткіштерді, жол-транспорттық апаттар санын бақылау.

Мәні жағынан пассивті тәжірибе зерттеу объектісінің күйінің таңдаулы көрсеткіштерін құралдық өлшеумен ұштастыратын бақылау болып табылады.

Активті тәжірибе арнайы шығарылатын сигналды таңдаумен байланысты және зерттелетін жүйенің шығуын және кіруін бақылайды.

Бірфакторлы тәжірибе қажетті факторларды бөлуді, кедергі жасайтын факторларды тұрақтандыруды, зерттеушіге қажет факторлардың ретімен вариациялауды болжайды.

Көпфакторлы тәжірибе стратегиясының құрамы барлық айнымалылар біруақытта түрленеді (варияция) және әрбір эффект тәжірибенің осы сериясында жүргізілген барлық сынақтар нәтижесі бойынша бағаланады.

Технологиялық тәжірибе технологиялық үрдіс элементтерін немесе толық үрдісті (өнім, жабдық, жұмысшылардың қызметі, т.б.) зерттеуге бағытталған.

Әлеуметтік тәжірибе шағын топтағы тұлғааралық әлеуметтік-психологиялық қатынастарды, оларды кейін өзгеру мақсатымен өлшеу үшін қолданады.



Жоғарыда айтылғандай тәжірибелік зерттеудің келтірілген жіктеуі толық бола алмайды, өйткені ғылыми білімнің кеңеюімен бірге тәжірибелік әдіс қолдану аймағы да кеңейеді. Сонымен қатар тәжірибе типтері кешенді немесе құрамдас тәжірибе құрап бірігуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет