Ғылыми мақала жазуға баулудың жолдары



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата02.01.2022
өлшемі324.96 Kb.
#452746
  1   2   3   4   5
httpsnur.nu.edu.kzbitstreamhandle12345678913942020мамыр Макала Aliszhan20S..pdfsequence=1&isAllowed=y



 

 

Ғылыми мақала жазуға баулудың жолдары 

 

Сарқыт Әлісжан 



Назарбаев Университеті, 

филология ғыл. докторы 

 

 

Академиялық  жазудың  басты  мақсатының  бірі  –  студентті  ғылыми 



мақала  жазуға  баулу.  Ғылыми  мақала  жазу  –  оңай  емес,  ол  өзіне  жазуға 

дейінгі  ойлау  элементтерін  қосатын,  тілден  тыс  жатқан  логикалық 

құбылыстармен  де  байланысы  бар  күрделі  үдеріс.  Ғылыми  мақала  жазуды 

санада  белгілі  бір  тақырып  жайында  ойды  қорытуға  қабілеті  бар  жеке  тұлға 

ғана  іске  асыра  алады.  Студенттің  болашақ  маман  екендігін  ескерсек,  осы 

міндетті  (ғылыми  мақала  жазу)  университетте  оқып  жүріп  игеру  немесе 

игерту үшін қадам жасау маман және оның болашақ саласы үшін де пайдалы 

болмақ. 


Бұл  баяндамада  ғылыми  мақала  жазуға  баулудың  кейбір  жолдарына 

тоқталамыз. 

Ғылыми  мақала  жазу  тек  сауатты  жаза  білумен  шектелмейді,  ең  әуелі 

ол  ойлау  дағдысын,  сондай-ақ  жазу  барысындағы  біліктілікті  игеруден 

көрінеді  және  жазудан  кейінгі  атқарылатын  жұмыстарды  да  жетік  меңгеру 

қажет.  Осылай еткенде ғана  ғылыми мақала жазуды  ұйымдастырудың басты 

тетіктері  мейлінше  кең  көрініс  таппақ,  үйрету  әдістемесі  де  неғұрлым 

толыққанды болмақ. Сондықтан ғылыми мақала жазудың басты әдістерін үш 

мәселе  төңірегінде қарастырамыз.  Біздің  ойымызша,  осы  үш  нәрсе  бойынша 

студенттер  қажетті  дағдыларды  қалыптастыра  алса,  ғылыми  мақала  жазу 

барысында  ілгерілеушілікке  ие  болады.  Олар:  1)  Жазуға  дейінгі  дағдылар

2) Жазу кезіндегі дағдылар; 3) Жазудан кейінгі дағдылар

Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет