Филиппин ғажайыптары!!!



Дата01.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#493488
!!!~1

Филиппин ғажайыптары!!!

  • Филиппин Республикасы.
  • Филиппин аралдары.
  • Филиппиндер.
  • Филиппин теңізі.
  • Филиппин шұңғымасы.

Филиппин Республикасы!!!

  • Оңтүстік-шығыс Азияда орналасқан мемлекет.Ел аумағы 7107 аралдан (ірілері-Лусон,Минданао,Самар,Негрос,Палаван,Панай) тұрады.Оның 800-ге жуығында адамдар тұрады.жер аумағы 300 мың шаршы км.Халқы 84,5 млн. Адам,100-ге жуық ұлттар мен ұлыстардан құралған.Ең ірілері-висайялықтар,тагальдар,локналар,илоктар және 1 млн-нан астам қытайлықтар.Халқының 90%-ы христиан дінін ( оның католик бағытын),7%-ы ислам дінін, 3%-ы буддизмді, қалдары жергілікті наным-сенімдерді ұстанады.Ресми тілдері – пилипино және ағылшын тілдері. Ел 77 провинцияға бөлінеді.Астанасы – Манила қаласы. Мемлекет басшысы – президент.Жоғарғы заң шығарушы органы – конгресс(2 палаталы парламент). Ұлттық мерекесі – 12 маусым,Тәуелсіздік күні:Ақша бірлігі – филиппин песосы.БҰҰ, АСЕАН-ға мүше.Архипелаг Солт.-Оңт. Қарай 1800 км,батыстан-шығысқа қарай 1100 км созылып жатыр.Елдің шығыс және солт.шығысын тынық мұхиттың Филиппин теңізі,батыс және солт.батысын Оңт. Қытай теңіздері,Оңт. Сулавеси теңізі шайып жатыр.Көпшілік жері таулы.20-жуық жанартаулар бар.Филиппин Тынық мұхиттың Отты шеңберінде орналасқандықтан елде жер сілкінісі мен табиғи апаттар жиі болып тұрады.Аумағының ¼ ойпатты.Пайдалы қазбалары-мыс,никель,хром,темір,марганец кентастары,сынап,көмір,алтын,күміс.Климаты негізінен экваторлық,тропиктік,солтүстіктігінде субэкваторлық,муссондық.Жыл бойынша орташа температура 27С.Жылдық жауын-шашын мөлшері 2000мм.Тамыз-қазан айларында тайфун соғады.Өзендері негізінен қысқа,бірақ суы мол келеді;ірілері- Минданао,Агусан,Агно,Кадаян.Көлдері көп емес,шағын; бастылары – Бай, Тааль,Ланао. Аумағының 1/3 орман.Өсімдік жамылғысына өте бай, 10000 аса түрлері өседі.Жануарлар дүниесінен маймыл,лемур,крелап,тупайя.Құстың 700 аса түрлері,көптеген бауырымен жорғауғалаушылар, теңіздерде 2000 – астам балықтың түрлері кездеседі.Елде 21 ұлттық бақ (ірілері – Апо,Канлаон,Ноухан-Лейк,Сентраль-Себу)ұйымдастырылған.

Филиппин аралдары!!!

  • Тынық мұхиттың батыс бөлігіндегі 5-18 с.е аралығында жатқан жанартаулық аралдар тобы. Бірнеше ірі және көптеген ұсақ аралдардан тұрады.Аралдар сан 7 мыңнан асады,жалпы аумағы 299,7 мың шаршы км. Ең ірілері солтүстігіндегі Лусон және оңт. Минданао.Тектоникалық жарылымдарды бойлай Майон,Ано жанартаулар тізбектелген.Тау жоталары мен массивтерінің араларын шағын ойпаттар бөледі;ең ірісі Лусон аралындағы орт.жазық.климаты солт. Субэкваторлық муссондық,оңт. Ылғалды экваторлық.Жазда тропиктік циклон-тайфун жиі қайталанады.топырақ жамылғысында қызыл және сары топырақ басым.Аумағының 2/3 бөлігін орман алып жатыр.Жануарлардан маймылдар мен құстардың түрлері көп.Кен байлықтарынан – мыс,никель,кобальт,хромит,марганец,темір,көмір,табиғи газ кен орындары барланған.

Филиппиндер

  • Филиппиндер- Филиппин мемлекетінің жергілікті халқы.Жалпы саны 57 млн.Антропол. жағынан оңт. азиялық өтпелі нәсілге жатады.Австронезия отбасындағы тілдерде сөйлейді.Жазықты жағалау,тау,моро,аэта халықтары болып бірнеше этникалық топтарға бөлінеді.Дәстүрлі шаруашылығы-егіншілік,мал өсіру.Жағалаудағы Филиппиндер балық шаруашылығымен айналысады.Тоқымашылық,тері мен металл өңдеу дамыған.Баспаналары сабан және пальма жапырақтарымен жабылған.Ұлттық киімдері: ерлер-тар шалбар,көйлек (баронг тагалог),қалпақ,орамал;әйелдер-саронг, тар кофта,қысқа бешпент киеді.Әйелдер сан алуан әшекейлер таққан.Филиппиндер шағын және үлкен отбасылардан тұрады.Туысқандық жүйесі малайлықтарға жақын.

Филиппин теңізі

  • Филиппин теңізі-Тынық мұхиттың оңт.-батысындағы бөлігі.Батысында Жапон, Тайвань және Филиппин аралдарымен,шығысында су асты жоталарымен және Идзу,Огасавара,Кадзан,Марияна аралдарымен,Оңт.шығысында Яп және Палау аралдарымен шектескен.Филиппин және батыс мариана шұңғымаларын қамтиды.Аумағы 5,72 млн.шаршы км.Орташа тереңдігі 4108 м,ең терең жері 10265 м.Түпкі бедері ойлы-қырлы.Орта тұсын бойлай Жапониядан Палау аралдарына дейін су асты жотасы тізбектелген;биік жерлері жанартаулар мен шағын аралдарды құрайды.Су бетіне шығатын жанартау конустарының төбелерінде мержандар шоғырланады.Теңіздің беткі қабатындағы судың температурасы 15С.Тұздылығы 34,8 прамл.батыстан шығысқа қарай пассатаралық қарсы ағыс өтеді.Тайвань және Лусон аралдарының шығыс жағынан Куросио ағысы басталып солтүстікке қарай бағытталады.Оқшау құм қайырлар,гайоттар және су асты жоталарының төңірегі балыққа бай.Теңізді Оңтүстік Шығыс Азия,Австралия,Америка елдерін жалғастыратын маңызды су жолдары басып өтеді.

Филиппин шұңғымасы!!!

  • Тынық мұхиттың батысында,фФилиппин аралдарының шығыс беткейін бойлап жатқан енсіз науа.Солтустігінде Лусон аралының оңтүстік бөлігінен Хальмахер аралына дейін 1330 км-ге созылып орналасқан, ені 65 км.Ең терең жері 10265 м.Көлденең қимасы ассиметриялық пішінді.

Шарушылығы!!!

  • Филиппин – жылдам дамып келе жатқан аграрлы – индустриялы ел. Ауыл шаруашылығындағы басты саласы – егіншілік,дақылы-күріш.Қант қамысы,жүгері,темекі,көп жылдық кокос пальмасы,ананас плантациялары бар.Манил кілегейін өндіру мен сыртқа шығаруда әлемде алдынғы орынды алады.Мал шарушылығынан мүйізді ірі қара,шошқа,ешкі,құс өсіріледі.Балық аулау жақсы дамыған.Ағаш дайындау,тамақ,химия,мұнай өңдеу,машина жасау,ауыр өнер кәсіпорындары,металл өңдеу зауыттары,автомобиль құрастыру,Фосфат,азот тыңайтқыштары,шағын металлургия кәсіпорындары бар.Өзендерінен электр энергиясы алынады.Теңіз көлігі басты рөл атқарады.Басты порттары- Манила,Себу,Батангас,Давао.Туризм дамыған.сыртқа қант, кокос пальмасы өнімдерін,ағаш және тақтай,мыс концентраттарын шығарады.Ұлтт.табыс мөлш. 3670 АҚШ долларына тең.Негізгі сауда серіктестері:Жапония,АҚШ,Сингапур,НИдерланд,Сауд Арабиясы.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет