Мұсылмандық Ренессанс және қазақ ата-бабаларының араласуы



Дата01.03.2024
өлшемі17.77 Kb.
#493461
СЗ 3


  1. Мұсылмандық Ренессанс және қазақ ата-бабаларының араласуы

Қазақстанның кең-байтақ территориясы мен Еуразия аумағын мекендеген түркі ұлыстары ІХ ғ. басында Ислам дінін қабылдап, кейін осы территорияға иелік еткен ұлыстардың ұрпақ жалғастырған халықтары 12 Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары өз дүниетанымында ислам құндылықтарын дәстүрлі бағдар етіп қадір-қасиетімен біріктірген.


Ең алғаш рет Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін қабылдаған қаған Сатұқ, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. Х ғасырда оғыздар мен қыпшақтардың да да бірталай бөлігі мұсылмандыққа өтті.
Исламның таралуы Алтын Орданың тәуелсіз мемлекет ретінде нығаюына және жаңа қалалардың дамуына ықпал етті. Оның өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі Жошы ұлысына ислам мәдениетінің таралуына әсер еткен негізгі бес факторды атап өткен жөн. Ең бірінші атап өтер мәселе: мұсылмандық қауымдастыққа кіруді хандардың субъективті шешімі болғанымен, араб саяхатшысы Ибн Баттута еңбектері бойынша исламның таралуына саудагерлердің рөлі зор болды. Ибн Баттута (1304-1377), 1342 ж. Қытайға делилік сұлтан Мұхаммед тапсырмасымен келген уақытында Цю-Тун (Цюаньчжоу) портында, Гуанчжоу, Ханчжоу және Ханбалық (Пекин) қалаларында ислам қауымы бар екендігін былай жазады: «Қытайдың әр қаласында мұсылмандардың жеке тұратын қалашығы бар. Онда 18 Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары жамағатпен намаз оқитын, басқа да жоралғыларын жасайтын мешіттері бар. Олар үлкен құрметке, абыройға ие екен» [7, 223 б.].
Екінші анықталған тұжырым: Таяу Шығыс маңына ХІ ғ. түркілердің келуі «мұсылмандық өркениетті трансформацияға ұшыратты» [9, с.32] Трансформацияға ұшыраған үмбетті қыпшақ даласы қандай да бір қарсылықсыз қабылдайды. К.Э. Босворт түрік-селжүктардың ислам әлеміндегі рөлін суреттегенде «шамандық тарихы бар түркі мұрасы сопылық ордендеріне жол тапты. Олар өз кезегінде ханафиттік мазхабтың суниттік бағытын қуатты түрде ұстанды» [9, с. 32.].
Үшіншіден, Дешті Қыпшақ жеріне ислам мәдениетінің таралуына Қожа Ахмет Яссауидің рөлі өте зор болды. Исламның түркілер арасында таралуына ықпал еткен тағы бір фактор сұлтан Бейбарыс билік құрған Мысыр елімен жан-жақты байланыс орнату болды. 1261 жылдан бастап екі жақ елшілік делегацияларымен алмасты. Бейбарыс елшілері Қырымдағы Солодажуге, ал Берке өкілдері Александрия қаласына келеді. 1263 жылы Берке мен Бейбарыс арасында парсы хандығына қарсы бағытталған келісім жасалды. Ислам өркениеті үшін бұл маңызы зор оқиға болды. Берке мұсылман әлемін қан қақсатқан Хулагуды талқандап, ислам елдерін шапқыншылықтан сақтап қалды. Ал қыпшақ даласынан сенімді одақтас тапқан Бейбарыс крест жорығын тоқтатты. Бұл жерде саяси ұстанымдармен қатар екі ел билеушілерінің арасындағы жеке тұлғалық 19 Қазақ мәдениетіндегі ислам философиясының орны қарым-қатынас Жошы ұлысына да Исламның таралуына өзіндік үлесін қосты. Бартольд өз зертеулерінде: «Сұлтан Бейбарыс (1260-1277 жж.) Берке ханның күйеу баласы болады, Беркенің мысырлық немересі сұлтан Бейбарыстың мұрагері Са‘ид-хан Мұхаммед өзінің атасының құрметіне моңғолдық Берке ханның Насир ад-Дині деген ат алады. Сонымен қатар 1280 ж. Каирде қайтыс болған Беркенің ұлы Бедр ад-Дин Мұхаммед, Құран аяттарын түсіндіріп, араб тілінде өлеңдер мен діни шығармалар жазған» [10, с.142].
Төртіншіден, Дешті Қыпшақ даласындағы өзгеріске түскен исламның мәдени дәстүрі Алтын Орданың мемлекеттік әріптестері арасында мұсылмандық мәдениетті бір деңгейде эволюцияландырады.
Бесіншіден, Дешті Қыпшақ даласында исламның таралуында басқарушы династияның рөлі үлкен болса, исламдық мәдениет нормаларының сіңісуіне қалалардың рөлі маңыз берді [8, 3-7 сс.]. Бұл турасында Әбсаттар қажы Дербісәлі: «Ислам ортағасырларда қазақ даласында бұрын болған қалалар мен қорғандар, камалдар мен кенттердің ірге тасын нығайтып қана қоймай, өзге де шаһарлардың ірге тебуіне ықпал етті. Исламды уағыздайтын мешіттер мен медреселер, ғылым-білім ошақтары бой көтерді» [2, 8 б], – дей келе, Отырардың шығысындағы Сайрам, Манкент, Тараз, Түймекент, Құлан, Меркі, Баласағұн, Шу қалалары ғана емес, Сыр бойындағы Сүткент, Ясы (Түркістан), Қарнақ, Сауран, Иқан, Қауған, Өзкент т. б. қалалардың жанданғандығын атап өткен


Орындаған: Ә Залиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет