Р/с
№
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
|
2.
|
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
Жоба «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді, ондағы қойылған міндеттердің бірі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру болып табылады және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің 2012 жылғы 18 шілдедегі № 17-5/05-418 хаттамалық шешімімен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бизнес-процестерді оңтайландыру, халықтан талап етілетін құжаттар санын қысқарту жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында
|
3.
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар
|
Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды
|
4.
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
|
Қосымша қаржылық шығынды қажет етпейді
|
5.
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі
|
Жобаны қабылдау шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және оларды көрсету мерзімдерін тездетуге мүмкіндік береді.
Күтілетін нәтижелер мерзімдері – 2013 жыл және келесі жылдар
|
6.
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттiң және/немесе Yкiметтiң бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
| -
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы;
-
«Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысы;
-
«Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысы
|
7.
|
Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі
|
Қажет етілмейді
|
8.
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері
|
Жоқ
|
9.
|
Өзге де мәліметтер
|
Жоқ
|
10.
|
Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі
|
11.
|
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)
|
Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтында және www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған (қаулы жобасы
3 395 584 байт)
|