ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
ФИЗИКА
Жалпы орта білім беру деңгейінің
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптарына арналған
оқу бағдарламасы
Астана
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.
Физика: Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2013. – 10 б.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
73-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11 сыныптары үшін «Физика»
пәнінен типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. «Физика» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Физика – әлемде материяның неғұрлым қарапайым және жалпылама қасиеттерін зерттейтін табиғат туралы ғылым. Физиканың ғылыми, техникалық және гуманитарлық әлеулеті бар, адамзат мәдениеттiң маңызды құраушасы болып табылады
3. Жалпы білім берудің құрамды бөлігі ретіндегі физиканың гуманитарлық мәні, ол оқушыны қоршаған дүние туралы объективті білім алуға мүмкіндік беретін ғылыми таным әдістерімен қаруландырады.
4. Қазіргі қоғамға бейімделу үшін әрбір адамның тәжірибесіне қажетті базалық деңгей негізіндегі физикалық ұғымдар мен мен заңдарды меңгеру білім беретін мектептің оқу жоспарындағы «Физика» пәнінің ерекшелігі болып табылады.
5. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Физика» оқу пәнін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық бейнесін біртұтас қабылдай алуды қалыптастыруға, құндылық бағдарларды тәрбиелеуге ықпал ету.
6. Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі:
-
қазіргі «Жаратылыстану» білім саласындағы «Физика» оқу пәнінің маңызын түсіндіру және физика ғылымының әдістерін меңгерту негізінде ғылыми дүниетаным білімдерін меңгерту;
-
оқушылардың ғылыми түсініктер жүйесі негізінде сын тұрғысынан ойлауын дамыту;
-
оқуға жауапкершілікпен қарауға, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларын ұтымды пайдаланауға дағдыландыруға;
қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дағдыларды қалыптастыруға;
базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.
7. 10-11 сыныптарына арналған «Физика» пәнінің білім мазмұны іргелілік, жүйелілік, біртұтастық, мәдени үйлесімділік, түсініктілік, сабақтастық сияқты принциптер негізінде таңдалып алынған.
8. 10-11 сыныптарына арналған «Физика» оқу пәнінің бағдарламасы ана тілі және әдебиетпен, математикамен, химиямен, биологиямен, географиямен, информатикамен және технологиямен пәнаралық байланысты ескереді.
1) ана тілі (қазақ, орыс):
тіл лексикасы;
ауызша және жазбаша коммуникация (әңгіме, эссе, шығарма, реферат, шығармашылық жоба);
коммуникативті мәдениет;
физиканың негізгі терминологиясын білу;
физикалық терминдерді қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту;
2) алгебра:
гармониялық тербелістер;
тригонометриялық функциялар;
туынды және оны қолдану.
3) геометрия:
түзудің, жазықтықтың теңдеуі;
нормаль векторы
4) химия:
заттың атомдық-молекулалық құрылысы;
Менделеев элементтерінің периодтық жүйесі;
атомның құрылысы, изотоптар;
5) биология:
заттардың айналуы және биосферадағы энергия ағыны;
ультракүлгін және инфрақызыл, рентген сәулелерінің өсімдік және тірі оргнизмдерге әсері.
6) информатика:
ақпараттық процестер;
компьютердің аппараттық және програмалық құралдары;
электрондық кесте, графиктік редактор ортасында модельдеу;
белгілі бір тапсырманы орындаудың алгоритмін құру;
«Интернет» желісіндегі жұмыс: браузердің және іздеу программаларының көмегімен ақпаратты іздеу және оны қарау;
электронды тасымалдаушыда мәліметті сақтау;
электрондық почтамен хабарлама жіберу;
слайдтар құрастыру.
9. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:
-
10 сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты,
-
11 сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды
-
Оқу пәнінің 10 –сыныптағы базалық білім мазмұны
10. «Кiрiспе (2 сағ)» бөлімі:
әлемдi танып-бiлудiң ғылыми әдiстері;
физика – табиғаттың қарапайым және iргелi қасиеттерi туралы ғылым.
11. « Механика» бөлімі:
1) кинематиканың негiзгi ұғымдары (5 сағ);
1-1) механикалық қозғалыс және оның түрлері;
денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері;
бірқалыпты түзусызықты қозғалыс;
түзусызықты теңүдемелi қозғалыс және шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалыс;
галилейдің салыстырмалылық принципі;
механикадағы салыстырмалы және инвариантты шамалар;
1-2) лабораториялық жұмыстар:
тең үдемелi қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау;
1-3) көрсетілімдер
қозғалыстың салыстырмалылығы;
механикалық қозғалыстың түрлерi;
стробоскоп;
спидометр;
денелердiң ауада және сиретiлген ортада (Ньютон түтiкшесiнде) түсу;.
2) «Қозғалыс заңдары (5 сағат)» :
2-1) Исаак Ньютон және қозғалыс заңдары;
табиғаттағы күштер;
жердiң жасанды серiктерi;
2-2) лабораториялық жұмыстар:
сырғанау үйкелiс коэффициентiн анықтау;
2-3) көрсетілімдер:
инерцияның байқалуы;
күштердi өлшеу;
-
сақталу заңдары (5 сағат).
3-1) дене импульсi;
импульстiң сақталу заңы;
реактивтi қозғалыс;
энергия және жұмыс;
энергияның сақталу заңы;
аспан денелерiнiң қозғалысының түсiндiру және ғарыштық зерттеулердi дамытуы үшiн классикалық механиканың заңдарын қолдану;
3-2) көрсетілімдер
импульстiң сақталу заңы.
реактивтi қозғалыс.
зымыранның моделi
12. «Молекулалық физика» бөлімі:
1) молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi қағидалары және оларды тәжiрибелiк негiздеу (3 сағ);
1-1) зат құрылысы туралы көзқарас;
молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi қағидалары;
молекуланың мөлшерi мен массасы;
молекулалардың өзара әрекеттесуi;
молекулалардың қозғалысы;
газ молекулаларының қозғалыс жылдамдығы;
2) « Идеал газдың молекулалық-кинетикалық теориясы (5 сағат)»:
2-1) идеал газ; идеал газдың кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi; температура зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі ретінде;
идеал газ күйiнiң теңдеуi; газ заңдары;
2-2) лабораториялық жұмыстар:
Бойль-Мариотт заңын тәжiрибелiк тексеру
3-2) көрсетілімдер
броундық қозғалыстың механикалық моделi;
диффузияны бақылау;
газ заңдары;
3) «термодинамика негiздерi (5 сағ)»:
3-1) жылудың табиғаты;
термодинамиканың бiрiншi заңы және оны термодинамикалық процестерге қолдану;
табиғаттағы жылу процестерiнiң қайтымсыздығы;
термодинамиканың екiншi заңы;
жылу қозғалтқыштары және қоршаған ортаны қорғау;
13 . Қорытынды қайталау (2 сағ).
14. Уақыт қоры (2 сағ) .
3. Оқу пәнінің 11 –сыныптағы базалық білім мазмұны
15. «Электродинамика» бөлімі
1) электростатика (4 сағ): электрлiк өзара әрекеттесу; электр зарядының сақталу заңы; кулон заңы; электр өрiсiнiң кернеулiгi және потенциал; өрістердің суперпозиция принципі; электр сыйымдылық; электр өрiсiнiң энергиясы;
1-2) көрсетілімдер
электрленген денелердiң өзара әрекеттесуi;
зарядталған шариктердiң электр өрiсi;
2) тұрақты электр тогы (3 сағ) электр тогы туралы түсiнiктердiң даму тарихы; токтың бар болу шарттары; тiзбектiң бөлiгi және толық тiзбек үшiн Ом заңы; электр тогының жұмысы; джоуль-ленц заңы; металдар өткiзгiштiгiнiң электрондық теориясының негiздерi; Джоуль-Ленц және Ом заңдарын электрондық теория тұрғысынан түсiндiру; 2-2) лабораториялық жұмыстар:
өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу заңдарын тексеру;
3) электромагнетизм (4 сағ) 3-1) магнетизм туралы iлiмнiң тарихы; магнит өрiсi; токтардың өзара әрекеттесуі; Ампер күшi; магнит индукциясы; Лоренц күшi; Ампер және Лоренц күштерiн қолдану; заттардың магниттiк қасиеттерi және оларды қолдану; аспан денелерiнiң магниттiк өрiстерi; 3-2) лабораториялық жұмыстар:
магнит өрiсiнiң спектрлерi;
магнит өрiсiнiң токқа әсерiн бақылау;
3-3) көрсетілімдер
параллель токтардың өзара әрекеттесуi;
магнит өрiсiнiң токқа әсерi;
электрон шоғының магнит өрiсiнде ауытқуы;
4) электромагниттiк тербелiстер мен толқындар (5 сағ)
4-1) электромагниттiк өрiс бейнесi қалай туындады;
электромагниттiк индукция заңы;
индукциялық ток; айнымалы ток туралы ұғым; электромагниттiк индукция құбылысын пайдалану; электромагниттiк өрiс; электромагниттiк өрiстiң энергиясы; электромагниттiк толқын; жарықтың электромагниттiк табиғаты; электромагниттiк толқындар шкаласы; жарықтың толқындық қасиеттерi және олардың байқалуы; электромагниттiк толқындарды пайдалану: радиобайланыс және теледидар; радиолокация; желілі технологиялар және интернет; әлемнiң электродинамикалық бейнесі;
4-2) лабораториялық жұмыстар:
электромагниттiк индукция құбылысын зерделеу;
жарықтың интерференция және дифракция құбылыстарын бақылау
4-3) көрсетілімдер
электромагниттiк индукция;
Ленц ережесi;
интерференциялық жолақтарды алу;
жiңiшке жiптегi жарықтың дифракциясы;
жарықтың поляризациялануы;
электромагниттiк сәуле шығару шкаласы;
16. «Қазiргi заманғы физика» бөлімі
1) салыстырмалылықтың арнайы теориясының элементтерi (2 сағ);
1-1) жарық жылдамдығы;
салыстырмалылықтың арнайы теориясының постулаттары;
масса мен энергияның өзара байланыс заңы;
релятивтiк және классикалық механика;
2) жарықтың кванттық теориясының негiздерi (3 сағ)
2-1) жарық табиғаты туралы түсiнiктердiң дамуы;
жарықтың корпускулалық және толқындық теориясы;
кванттық теория туралы ұғым;
фотоэлектрлiк эффект;
фотоэффект үшiн Эйнштейн теңдеуi;
жарықтың кванттық теориясы негiзiнде фотоэффект заңдарын түсiндiру;
фотон және оның сипаттамасы;
электромагниттiк сәуле шығарудың толқындық және корпускулалық қасиеттерiнiң диалектикалық бiрлiгi;
2-2) көрсетілімдер:
фотоэффект;
сыртқы фотоэффект заңдары;
жарықтың химиялық әсерi;
3) атом және атом ядросы (5 сағ)
3-1) электронның ашылуы;
Дж. Томсон жасаған моделi;
атом құрылысын анықтаудағы резерфорд тәжiрибелерi;
атомның планетарлық моделi;
лазер әрекетiнiң физикалық негiзi;
рентген және беккерель ашқан жаңалықтар;
радиактивтi элементтер;
резерфордтың радиактивтi сәуле шығарудың табиғатын анықтайтын тәжiрибелерi;
радиактивтi ыдырау заңы; ядролардың түрленуi;
нейтронның ашылуы; ядроның протон-нейтрондық моделi;
ядролық күштер;
бөлiну және синтезделудiң ядролық реакциялары;
атом энергиясының болашағы;
термоядролық синтез проблемалары;
3-2) лабораториялық жұмыстар:
сәуле шығару және жұтылу спектрлерi;
3-3) көрсетілімдер:
Вильсон камерасы;
бөлшектер тiркегiшi;
4) Әлем; элементар бөлшектер - әлем кеңiстiгiнiң кiрпiштерi (3 сағат)
4-1) әлемнiң құрылысы туралы тарихи түсiнiктер;
әлемнің геоцентрлік жүйесінің ақыры;
элементар бөлшектер - әлемдi құраушы кiрпiштер;
күннiң құрылысы;
жұлдыздар эволюциясы немесе әлем кеңiстiгiнiң тарихы туралы;
галактика, тұмандықтар және қара құрдымдар;
галактикаларды жiктеу;
әлемнiң қазiргi заманғы ғылыми бейнесi;
17. Қорытынды қайталау (2 сағ)
18. Уақыт қоры (3 сағ) .
-
Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
-
Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелері бойынша бағаланады.
-
Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеру тиіс» аспектілерімен көрсетілген.
-
10-сынып физика курсын оқу нәтижесінде оқушылар білуі тиіс:
-
Теорияларды (классикалық механика, молекулалық – кинетикалық теория);
-
Ұғымдар (модель, болжам, қағида, постулат, заң, теория, кеңістік және уақыт, инерциалды санақ жүйесі, материялық нүкте, зат, өзара әрекеттесу, идеал газ).
-
физикалық шамалар (орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, масса, күш, қысым, импульс, жұмыс, қуат, механикалық энергия, ішкі энергия, зат бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясы, абсолют температура, жылу мөлшері).
-
заңдар, қағидаларр және постулаттар (тұжырымдамасы, қолданылу шекарасы);
-
жаңаратын және жаңармайтын табиғи қорларды тиімді пайдалану негіздерін, адамның белсенді іс-әрекеті арқылы табиғи нысандарда байқалатын физикалық заңдылықтарды; физиканың дамуына ғалымдардың қосқан үлесін білуі қажет;
-
физиканың дамуына ғалымдардың қосқан үлесі.
22.. 10-сынып физика курсын оқу нәтижесінде оқушылар меңгеру тиіс:
-
физикадан игерген кинематикалық және динамикалық қоғалыс, газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің жылулық ұлғаюы, қатты заттардың серпімділік қасиеттерінің температураға тәуелді өзгеруі туралы білімдерін күнделікті өмірде проблемалық жағдайларды шешуге қолдана алуы;
-
бақылаулар мен эксперимент нәтижелерін сипаттап, түсіндіре алуы .
23. 11 - сынып физика курсын оқу нәтижесінде оқушылар білуі тиіс:
-
теорияларды ( электродинамика, кванттық физиканың элементтерi);
-
ұғымдар (модель, болжам, қағида, постулат, заң, теория, механикалық және электромагниттік тербелістер, электромагниттік өріс, электромагниттік толқын, атом, квант, фотон, атом ядросы, радиоактивтік, планета, жұлдыз, галактика, Әлем).
-
физикалық шамалар (период, жиілік, тербеліс амплитудасы, толқын ұзындығы, сыну көрсеткіші, линзаның оптикалық күші, элементар электр заряды, электр өрісінің кернеулігі, потенциалдар айырмасы, электрсыйымдылығы, электр өрісінің энергиясы, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электрқозғаушы күш, магнит ағыны, индуктивтік, магнит өрісінің энергиясы, байланыс энергиясы, жартылай ыдырау периоды);
-
заңдар, қағидаларр және постулаттар (тұжырымдамасы, қолданылу шекарасы);
-
жаңаратын және жаңармайтын табиғи қорларды тиімді пайдалану негіздерін, адамның белсенді іс-әрекеті арқылы табиғи нысандарда байқалатын физикалық заңдылықтарды; физиканың дамуына ғалымдардың қосқан үлесін білуі;
-
физиканың дамуына ғалымдардың қосқан үлесі.
24. 11 - сынып физика курсын оқу нәтижесінде оқушылар меңгеруі тиіс:
-
физикадан игерген электродинамика және кванттық физика туралы білімдерін күнделікті өмірде проблемалық жағдайларды шешуге қолдана алуы;
-
бақылаулар мен эксперимент нәтижелерін сипаттап, түсіндіре алуы тиіс.
25. Тұлғалық нәтижелер:
1) көрсете білуі қажет:
-
өздігінен игерген жаңа біліммен және практикалық дағдымен қаруланудағы дербестігін көрсете алуы;
-
өзінің қызығушылығы мен мүмкіндігіне сәйкес өмірдегі жолын таңдауға дайын болуы тиіс.
26. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:
-
практикалық тапсырмаларды орындауда және оларды рәсімдеуде, білімді тереңдетуде және толықтыруда қазіргі заманғы ақпаратты-коммуникациялық технологияларды қолдана алуы;
-
физикадан ақпаратты компьютерлік базадан және «Интернет» желісінен іздеу, өңдеу, ұсыну үшін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана алуы;
-
ғылыми ақпаратты талдай алуы, синтездеу жолымен өңдей алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |