Физика пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған тест спецификациясы



Дата30.06.2016
өлшемі126.34 Kb.
#169063
«ҰТО» РМҚК

2015 жылғы ___________

№_____бұйрығымен бекітілді
Физика пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған

тест спецификациясы

(2016 жылдан бастап Талапкерлерді кешенді тестілеуге қолдану үшін бекітілген)

Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды.

Мақсаты: ҚР жоғары оқу орындарына қабылдау үшін өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінің, ҰБТ-ға қатыса алмаған жалпы білім беретін мектептердің бітірушілерінің, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің, республикалық музыка мектеп-интернаттарының түлектерінің және оқу орнын шетелде бітірген тұлғалардың физика пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.

Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 12, екінші деңгейде – 8, үшінші деңгейде – 5 тапсырма.

Тест жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес физика пәні бойынша оқу материалдарынан тұрады.





Бөлім



Тақырып



Тақырыпша

01

Механика

01

Кинематика негіздері

01

Механикалық қозғалыс. Материялық нүкте. Жол және орын ауыстыру.

02

Санақ жүйесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жылдамдықтарды қосу.

03

Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс. Жылдамдық. Орташа жылдамдық.

04

Теңүдемелі қозғалыс. Үдеу. Түзусызықты теңүдемелі қозғалыстардағы орын ауыстыру

05

Қозғалысты графикпен көрсету.

06

Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.

07

Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс. Центрге тартқыш үдеу.

02

Динамика негіздері

01

Дененің массасы. Инерттілік. Заттың тығыздығы. Ньютонның заңдары.

02

Табиғаттағы күштер (серпімділік күші, үйкеліс күші).

03

Ауырлық күші. Бүкіләлемдік тартылыс заңы.

04

Салмақ және салмақсыздық. Асқын салмақ.

05

Дененің ауырлық күшінің әсерінен қозғалысы. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы. Ғарыштық жылдамдықтар.

03

Жұмыс. Қуат. Энергия

01

Тұрақты күштің жұмысы. Қуат.

02

Кинетикалық энергия. Жылдамдық өзгеруі кезіндегі жұмыс.

03

Потенциалдық энергия. Ауырлық күшінің жұмысы.

04

Серіппе деформацияланған кезіндегі потенциалдық энергия. Серпімділік күшінің жұмысы.

04

Сақталу заңдары

01

Дененің импульсі. Күш импульсі. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс.

02

Механикалық энергияның сақталу заңдары.

03

Жай механизмдер. Рычагтың тепе-теңдік шарты. Күш моменті. ПӘК.







05

Механикалық тербелістер

01

Еркін және еріксіз тербелістер. Гармониялық тербелістер. Тербеліс периоды, жиілігі, амплитудасы, фазасы.

02

Гармоникалық тербелістер кезіндегі жылдамдық пен үдеу.

03

Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелісі.

04

Механикалық тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі. Резонанс құбылысы.

05

Толқын ұзындығы. Толқынның таралу жылдамдығы.

06

Дыбыс толқындары (жылдамдығы, биіктігі, қаттылығы).

06

Қысым

01

Қысым. Гидростатикалық қысым. Атмосфералық қысым. Паскаль заңы.

02

Архимед күші.

02

Молекулалық физика. Термодинамика негіздері

01

Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары

01

Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары және тәжірибелік негіздемелері. Броундық қозғалыс.

02

Зат мөлшері. Мольдік масса. Молекулалардың массасы. Молекулалардың жылдамдығы.

03

Идеал газ. Температура. Идеал газ күйінің теңдеуі. МКТ негізгі теңдеуі.

04

Газдардағы изопроцестер.

02

Термодинамика негіздері

01

Ішкі энергия. Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері.

02

Термодинамикалық жұмыс. Біратомды идеал газдың ішкі энергиясының өзгерісі. Термодинамиканың І және ІІ заңдары. Термодинамиканың І заңын әр түрлі изопроцестерге қолдану.

03

Жылу мөлшері. Заттың агрегаттық күйінің өзгерісі. Булану, конденсация, қайнау, балқу, кристалдану. Жылулық баланс теңдеуі.

04

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы. Қаныққан және қанықпаған булар.

05

Қатты денелердің қасиеттері. Деформация. Гук заңы.

06

Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і.

03

Электродинамика

01

Электростатика

01

Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.

02

Кулон заңы.

03

Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.

04

Электр өрісінің потенциалы. Потенциалдар айырмасы. Электр өрісінде электр зарядының орын ауыстыру кезіндегі жұмыс.

05

Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер.

06

Электрлік сыйымдылық. Конденсатор. Конденсаторларды жалғау.

07

Зарядталған конденсатордың энергиясы.

02

Тұрақты электр тогы

01

Электр тогы. Ток күші. Кернеу. Кедергі. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

02

Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Ток күші мен кернеуді өлшеу.

03

Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы.

04

Электрқозғаушы күш. Толық тізбек үшін Ом заңы.

03

Әртүрлі ортадағы электр тогы

01

Металлдардағы электр тогы.

02

Электролит ерітінділеріндегі электр тогы.

03

Жартылай өткізгіштердегі электр тогы.

04

Газдардағы, вакуумдағы электр тогы.

04

Магниттік өріс

01

Магниттік өріс. Магнит индукция векторы. Магнит индукциясының сызықтары.

02

Ампер күші.

03

Лоренц күші.

04

Заттардың магниттік қасиеттері.

05

Электромагниттік өріс

01

Электромагниттік индукция құбылысы. Электромагниттік индукция заңы. Магнит ағыны. Ленц ережесі.

02

Өздік индукция құбылысы. Индуктивтілік. Магнит өрісінің энергиясы.

06

Электромагниттік тербелістер

01

Тербелмелі контур. Еркін электромагниттік тербелістердің периоды. Тербелмелі контурдағы энергияның түрленулері.

02

Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток тізбегіндегі актив, индуктивтілік және сыйымдылық кедергі.

07

Электромагниттік толқындар

01

Электромагниттік толқын. Электромагниттік толқынның қасиеттері. Электромагниттік толқындар шкаласы.

02

Радиобайланыс принциптері. Ашық тербелмелі контур. Радиолокация.

04

Оптика

01

Жарықтың қасиеті

01

Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарықтың таралуы.

02

Жарықтың шағылу және сыну заңдары. Жазық айна.

03

Жарықтың толқындық қасиеттері (интерференция, дифракция, дисперсия, поляризация).

02

Геометриялық оптика

01

Линзалар. Линзаның оптикалық күші. Жұқа линзаның формуласы. Линзалардан кескін алу.

02

Көз –оптикалық жүйе. Оптикалық аспапатар.

05

Кванттық физика

01

Салыстырмалы теория элементтері

01

Салыстырмалы теория элементтері.

02

Жарықтың кванттық тоериясының негіздері

01

Жарықтың кванттық қасиеттері. Планктің гипотезасы.

02

Фотоэффект. Фотоэффект теориясы. Фотоэффектіні қолдану.

03

Фотондар.

03

Атом және атом ядросы

01

Атомның құрылысы. Резерфорд тәжірибелері.Бордың кванттық постулаттары.

02

Радиоактивтілік. Радиоактивтілік түрленулер. Сәуле шығару түрлері (альфа, бетта, гамма). Радиоактивтілік ыдырау заңы.

03

Атом ядросы. Изотоптар. Атом ядросының байланыс энергиясы.

04

Ядролық реакциялар. Ауыр ядроларды бөлу. Тізбекті ядролық реакциялар. Термоядролық реакциялар. Ядролық реактор.

04

Элементар бөлшектер

01

Элементар бөлшектер.

06

Сапалық есептер

01

Сапалық есептер

01

Қолдануға арналған тапсырмалар

02

Анализге арналған тапсырмалар

03

Синтезге арналған тапсырмалар


Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Жалпы білім беретін орта мектептерде физика пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасына сәйкес оқушылары меңгеруі тиіс:

1) Теорияларды (классикалық механика, молекулалық – кинетикалық теория, электродинамика, кванттық физиканың элементтерi);


2) Ұғымдар (модель, болжам, қағида, постулат, заң, теория, механикалық және электромагниттік тербелістер, электромагниттік өріс, электромагниттік толқын, атом, квант, фотон, атом ядросы, радиоактивтік, планета, жұлдыз, галактика, Әлем).
3) Физикалық шамалар (орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, масса, күш, қысым, импульс, жұмыс, қуат, механикалық энергия, ішкі энергия, зат бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясы, абсолют температура, жылу мөлшері, период, жиілік, тербеліс амплитудасы, толқын ұзындығы, сыну көрсеткіші, линзаның оптикалық күші, элементар электр заряды, электр өрісінің кернеулігі, потенциалдар айырмасы, электрсыйымдылығы, электр өрісінің энергиясы, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электрқозғаушы күш, магнит ағыны, индуктивтік, магнит өрісінің энергиясы, байланыс энергиясы, жартылай ыдырау периоды);

4) Заңдар, қағидалар және постулаттар (тұжырымдамасы, қолданылу шекарасы);


5) Физикадан игерген кинематикалық, динамикалық қозғалыс, электродинамика және кванттық физика туралы білімдерін күнделікті өмірде проблемалық жағдайларды шешуге қолдана алуы;

6) Бақылаулар мен эксперимент нәтижелерін сипаттап, түсіндіре алуы.



Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тесттің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.



Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір тестте 25 сұрақ. Тест нұсқаларының баламалығы:

-тесттердің спецификацияға сай құрылуымен;

-өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

-барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

Тапсырма формасы:

Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.



Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет