1 ші–тақырып. «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі. Мақсаты. Студенттерді «Құқық негіздері»



бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі188.5 Kb.
#124700
  1   2   3
1 ші–тақырып. «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі.

Мақсаты. Студенттерді «Құқық негіздері» оқу курсының міндеттерімен таныстыру.

«Құқық негіздері» оқу курсының пәнін және мақсаттарын қарастыру.



Дәріс тезистері.

Заң пәндерінің жүйесіндегі құқық негіздері пәні. «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы. «Құқық негіздері» оқу курсының қайнар көздері.

«Құқық негіздері»   кешенді оқу курсы, оның құрамына мемлекет пен құқық туралы негізгі мәліметтер кіреді. Құқықтық ілімдер жүйесінде құқық негіздері маңызды орын алады. «Құқық негіздері» оқу курсы заңды емес мамандық бойынша оқитын студенттерге арналған құқықтық теорияның, Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздерін анықтайтын жүйелік курс болып табылады. Құқық негіздерінің зерттеу объектілерінің жүйесіне құқық нормалары, заңдар, мемлекет пен құқық туралы негізгі білімдерді түсіну үшін қажет оқулық, монографиялық, арнайы және номативтік құқықтық әдебиеттер кіреді.

Құқық негіздері курсының пәніне негізгі құқық салаларын, құқықтық қатынастардың негізгі түрлерін және олардың мазмұнын, заңдық жауапкершіліктің негізгі түрлерін және олардың қолдану тәртібін оқып үйрету жатады.

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: КР Конституциясының нормаларының жүйесін, материалдық және процессуалдық құқығының негізгі анықтамалары мен категорияларын. Алған білімінің негізінде студент түрлі құқықтық институттарды және құқықтық қатынастарды ажырата білу қажет.


Иллюстрациялық материалдар. " Құқық нормасының құрылымы" схемасы.

Әдебиет.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

  3. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

  4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

  5. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.


Бақылау сұрақтары.

1. «Құқық негіздері» оқу курсы нені оқытады?

2. Заңды емес пәндердің жүйесіндегі құқық негіздері оқу курсының орны.

3. Құқық негіздері оқу курсының бастауларын атаңыз.

4. Құқық негіздері оқу курсының пәніне не жатады?

5. Құқық пен мемлекеттің қандай өзара байланыстары бар?

6. Құқық негіздерін қарастыру барасында студент қандай білімдерді алуы қажет?

7. Материалдық және процессуалдық құқығының қандай салаларын атап бере аласыз?



2 ші тақырып. Мемлекет пен құқық туралы, мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.

Мақсаты. Студенттердің мемлекет және құқық, олардың пайда болуының кезендері мемлекет пен құқық теорияның негізгі ережелері, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың өзара әсерлігі туралы білімдерін қалыптастыру.

Дәріс тезистері.

Мемлекет, құқық туралы негізгі түсніктер. Мемлекет пен құқықтық негізгі белгілері. Мемлекеттің, құқықтың пайда болуы. Мемлекет түсінігі және белгілері.Құқықтық нормалардың түсінігі және құрылымы. Құқықтық реттеу: әдісі және механизмі. Құқықтың қайнар көздері. Құқықтық мемлекет түсінігі және белгілері.

Мемлекет дегеніміз өзі орналасқан аумақтағы бүкіл ел көлемінде билік жүргізетін басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, өз алдына дербес ерекше саяси ұйым. Бүгінгі күнгі мемлекеттің басты ерекшелігі азаматтарды мемлекеттік және қоғамдағы істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз ететін, шын мәніндегі, демократиялық қоғам құру болып табылатындығында.

Құқық дегеніміз мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез құлық ережелерінің ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.

Құқықтың қайнар көздері – құқық қалыптастыратын әлеуметтік факторлардың жиынтығы (мемлекет, таптар, идеологиялар және т.б.) , оған құқықтық сипат беруге қажетті мемлекеттік еріктің көріну нысаны (заң, жарлық, қаулы,декрет және т.б.). Құқықтың бастауы болып тек құқықтық мәні бар актілер ғана танылады.

Құқықтық норманың құрылымы – оның құрылысы, элементтері: гипотеза, диспозиция және санкция.

Құқықтың ең алғашқы тарихи қайнар көздерінің бірі бұл құқықтық дәстүр. Адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез-құлық ережелерінің жиынтығын құқықтық дәстүр деп атаймыз.

Әкімшілік немесе сот прецеденті - соттың және әкімшілік органның нақты бір істі - мәселені қарап, реттеп шешуге негізгі норма бола алады.

Құқықтық мемлекеттің ұлы мұраты мемлекет өз органдарының әрекеті үшін жауап беретін, ал азаматтар мемлекет алындағы жауапкершілік сезімін толық сезінетінмемлекет пен жеке адамның арасындғы өзара міндеткерлік болып табылады. Құқықтық мемлекетте заңдар мен басқа да нормативтік жүзеге асыру барысындағы пәрменді қадағалау мен бақылаудың маңызы зор. Заңдардың бұрмалануына ешқандай да жол берілмеуі керек.



Иллюстрациялық материалдар. " Құқық нормасының құрылымы" таблицасы.

Әдебиет.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

  3. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

  4. ББаққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

  5. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.

Бақылау сұрақтары.

1. Жалпы құқық жүйесінде мемлекет және құқық теориясы қандай орны бар.

2. Мемлекет және құқық теориясының пәнісіне не жатады.

3. Мемлекеттің, құқықтың пайда болуының негізгі кезендерін атаныздар.

4. Мемлекет дегеніміз не. Оның негізгі белгілерің атаныздар.

5. Мемлекеттің негізгі нысаннндары мен типтерін атаныздар.

6. Құқық дегеніміз не. Оның негізгі белгілерің атаныздар.

7. Құқықтық норманың құрылымына сипатамасын берініздер.

8. ҚР-ның жалпы құқық жүйесіне сипатамасын берініздер.

9. Құқықтық мемлекет дегеніміз не. Оның негізгі белгілерің атаныздар.

10. Құқықтық мемлекеттің негізгі мақсаттарын атаныздар.

3 ші тақырып. ҚР конституциялық құқығының негіздері.

Мақсаты. Студенттерді конституциялық құқығының негіздерімен таныстыру.

ҚРның Конституциясының құрылымын жэәне мазмұның қарастыру.

ҚРның азаматтарының конституциялық құқық пен міндеттеріне сипаттамасын беру.

Дәріс тезистері.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы – жетекші құқық саласы. ҚРның конституциялық құқығының жүйесі - оның пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың құрылымын айқындау. ҚРның Конституциясының - мемлекеттің Негізгі Заңы.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы – жетекші құқық саласы. Конституциялық құқығы қоғамның құрылымның негіздерін, мемлекеттік биліктін жүзеге асыруды, азамат және мемлекеттің өзара қатынастарды реттейді.Конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі Конституция болып табылады. Бұл сонымен, Конституцияның ең жоғары заң күші бар номативтік актісі болғанымен және республиканың барлық территориясындағы тікелей әрекет ету мен байланысты болады. Басқа бастаулар оның ережелерінен қалыптасады және оған қайшы болмау керек.

ҚРның Конституциясының - мемлекеттің Негізгі Заңы. Қ Рның Конституциясының тұрақтылығы – заңдылық, негізіндегі мемлекеттің, өкіметтің және құқықтық жүйенің қалыптасуының негізгі шарты болып табылады.

ҚР-ғы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері. Жеке тұлғаның мәртебесі жеке тұлға мен мемлекет, адам арасындағы қатынастардың табиғатын сипаттайтын конституциялық құқықтық институт ұғымы. Адам мен азаматтарың конституциялық құқық, еркіндік және міндеттер жүйесі. Азаматтылықтың жалпы сұрақтары. Жеке тұлғаның конституциялық мәртебесінің құрылымы – заң ұғымы ретінде мынадай элементерден тұрады.

1. азаматтық.

2. негізгі құқықтар, бостандықтар, заңды мүдделері мен міндеттерм

3.құқықтық мәртебесінің заңды кепілдіктері.

ҚРның Конституциясы қоғамның адамның өмірін, оның құқықтарымен бостандықтарын үстімдегі ретенде белгіледі. Осы конституциялық ереже адамның құқық және бостандық үстімдегін айқындайтын мемлекеттің мүдделерін алдынғы идеяны көрсетеді. Адамның құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мемлекеттің міндеті болып табылады.

Адамның құқықтық жағдайы азаматтықпен тығыз байланыста болады. Азаматтық

дегеніміз адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық және олардың құқықтар мен міндеттердін жүйесін белгілейтін байланысы болып есептелінеді. Азаматтық бұл құқықтық жағдай. Заңға сәйкес азаматтық ұғымы 3 элементтерден тұрады.

1. адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуға тиыс.

2. адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатын білдіруге қажет.

3. адам мен және мемлекеттің араларында өзара құқықтар мен міндеттер айқындылады.

Азаматтық заңға сәйкес қабылданады және тоқтатылады. ҚРның азаматтықтын негізгі сұрақтары Конституция және " Азаматтық туралы заңмен " белгіленеді.

Иллюстрациялық материалдар. Конституцияның басылымы.
Әдебиет.


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  2. ҚР "Азаматтық туралы заң".

  3. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

  4. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

  5. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

  6. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.


Бақылау сұрақтары.

1. Конституциялық құқығының пәні не болып табылады.

2. Конституциялық құқықты жетекші құқық саласы ретінде сиппатаныз.

3. Конституциялық құқықтың қайнар көзі не болып табылады.

4. ҚР Конституциясына сипаттамасын жасаныздар.

5. Адам және азамат ұғымдардын қандай

6. Азаматтық дегеніміз не.

7. Негізгі әлеуметтік-экономикалық құқық пен бостандықтарын сипаттмасын берініздер.

8. Қандай негізгі саяси құқық пен міндеттер бар.

9. Өзіндік құқықтар мен бостандықтардын сипатын берініздер.

10. Демократиялық құқық пен бостандықтардын жүзуге асыруынын түрлі кепілдіктерін атаныздар.

11. Азаматтық қабылдау нәтижилерін атаныздар.

12. Азаматтық тоқтату нәтижилерін атаныздар.

4 ші тақырып. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері.

Мақсаты. Студенттерді құқық қорғау қызметінің негіздерімен, соттын қызметінің құқық негіздерімен, сот төрелігінің принциптарымен, құқық қорғау органдардын жүйесімен және олардың мақсаттарымен таныстыру.

Дәріс тезистері. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері. Соттың мемлекеттік органдар жүйесіндегі ролі және маңызы. ҚР сот жүйесі. Сот органың құрылымы. Соттын қызметін және ұйымдастырылуының қағидалары, соттардын кепілдікдері және тәуелсіздігі. Сот лауазымына кандидаттарды таңдау тәртібі. Сот әділдігін жүзеге асыру - ҚРның соттарының негізгі фукциясы.

ҚР-да сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Сот билігі адамның құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға, мемлекеттік органдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, Конституцияның, заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердін, халықаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Соттар Республика атынан билікті жүзеге асырады, Конституция және Республиканын зандарына нақты сәйкес.

Сот билігі азаматтық, қылмыстық және басқа да заңмен белгіленген сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асыралады. Қазақстандағы сот жүйесі: 1. аудандық және оған теңестірілген соттар. 2. облыстық және оған теңестірілген соттар, 3. ҚР Жоғарғы Соты, арнайы соттар. Жоғарғы Соты - мемлекеттің ең жоғарғы сот органы.



Иллюстрациялық материалдар. " Сот төрілігінің қағидалары ", " ҚР Жоғарғы Сот органдары " таблицасы.
Әдебиет.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  2. «Қазақстан Республикасының сот мәртебесі мен сот» ҚР конституциялық заңы.

  3. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

  4. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

  5. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

  6. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.


Бақылау сұрақтары.

1. Құқық қорғау органдары не болып табылады.

2. Құқық қорғау жүйесіне қандай органдар кіреді.

3. ҚРның сот жүйесін сиппатамасын берініздер.

4. ҚРғы сот қызметінің негізгі қағидалары қандай.

5. Сот тәуелсіздігінің кепілдіктері қандай.

6. Сот әділдігі дегеніміз не.

7. Конституцияда сот төрелігінің қандай қағидалары көрсетілген.

8. Прокуратура қандай функцияларын атқарады.

9. Ішкі істер органдары қандай функцияларын атқарады.

10. Ұлттық қауіпсіздік Комитеті қандай функцияларын атқарады.
5-шы тақырып. ҚР әкімшілік құқығының негіздері.

Мақсаты. Студентерді ҚР әкімшілік құқығы пәнімен және жүйесімен, ҚР мемлекеттік қызметі қағидаттарымен таныстыру.

Дәріс тезистері.

Әкімшілік құқық пәні, әдістері және жүйесі. Әкімшілік – құқықтық нормалар ұғымы және түрлері, оларды жүзеге асыру. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері. Әкімшілік құқық субъектілері. Түсінігі және олардың түрлері.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет ұғымы және қағидаттары. Мемлекеттік қызметкерлерді жіктеу. Мемлекеттік қызметшілерді заңдық жауаптылыққа тарту түрлері.

Әкімшілік құқық мемлекет органдарының атқарушылық- жарлықшыл қызметін реттейтін құқықтық нормалар бірлестігі. Бұл сала пәніне мемлекеттік басқару нысаны, оның функциялары мен міндеттері жатады. Бұл сала нормалары мемлекеттік қызмет іс әрекетін, қағидаттарын, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін айқындайды.

Бұл сала қайнар көздеріне ҚР Конституциясы және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс жатады. ҚР Конституциясының 33 бабына сәйкес: ҚР азаматтары мемлекет ісін басқаруға тікелей өздері және өз өкілдері арқылы араласуға құқылы, сонымен қатар, мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға жеке және коллективті түрде жүгіне алады.

Мемлекет істерін басқаруға араласу құқығы- бұл азаматтың тікелей өзі және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының қызметін қалыптастыруға қатысу мүмкіндігі. Бұл құқық мұндай қатысудың мына нысандарын айқындайды: мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға жеке және коллективті түрде жүгінуі, мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға сайлау және сайлану құқығы, референдумға қатысуы, мемлекеттік қызметке қол жеткізе алуы.

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдарда және олардың аппараттарында конституциялық негізде және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға және мемлекет функциясын және басқа да міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған кәсіби қызметі.

ҚР -да мемлекеттік қызмет мына қағидаттарға негізделеді:

1. заңдылық;

2. қазақстандық патриотизм;

3. мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;

4. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығы;

5. жалпы қол жетімділік;

6. азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруының еріктілігі;

7. мемлекеттік қызметтің кәсібилігі және құзыреті;

8. бірдей жұмысқа бірдей ақы төлеу;

9. жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз құзыреті шегінде шығарған шешімдерін төменгі тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың орындау міндеттілігі;

10. мемлекеттік қызметкерлердің бақылауда болуы және есеп беруі.


Иллюстрациялық материалдар. " Мемлекеттік қызметкерлердің түрлері " таблицасы.
Әдебиет.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

  3. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

  4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

  5. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж

  6. ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңы.


Бақылау сұрақтары.

  1. Әкімшілік құқық пәні не болып табылады?

  2. ҚР Әкімшілік құқығының қайнар көздерін атаңыз.

  3. Әкімшілік құқық субьектісі кім болып табылады?

  4. Заңды тұлғаның негізгі белгілері атаңыз.

  5. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамын не құрайды?

  6. Әкімшілік жауаптылық неше жастан туындайды?

  7. Қандай әкімшілік жазалау шараларын білесіз?

  8. Мемлекеттік қызмет дегеніміз не?

  9. Мемлекеттік қызметті сипаттайтын негізгі белгілерді атаңыз.

  10. Мемлекеттік қызметкерлердің заңдық жауаптылығының түрлері қандай болады?


6 ші тақырып. ҚР мемлекеттік басқару .

Мақсаты. Студенттерді мемлекеттік басқарудын жүйесімен, оның құқықтық және құқықтық емес нысандарымен, мемлекеттік қызметінің мақсаттарымен, мемлекеттік қызметкерлердің түрлерімен және олардың құқықтық жағдайымен таныстыру.

Дәріс тезистері.

Мемлекеттік басқару негіздері. Мемлекет басқару жүйесінің ұғымы, пәні және мақсаттары. Мемлекет басқару жүйесінің құрылымы. Орталық, аумақтық, салалық басқару. Қазақстанда өзін-өзі басқаруды қалыптастыру. Мемлекеттік бақылау мемлекеттік басқарудын ұйымдық құрылымы ретінде. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық нысандары. Мемлекеттік басқару актілері.

Мемлекет биліктің ұйымы болып табылады, мемлекеттік органдар жүйесін болуын білдіреді.Мемлекеттік органдар мемлекеттік мақсаттарды орындауға міндетті және олар жалпы сипатын көрсетеді. Мемлекеттік органның ерекше белгісіне билік өкілеттілігімен иелену болып табылады немесе іс әрекеттер билікті сипатын білдіреді, ал нұсқаулар міндетті сипатын білдіреді. Мемлекетік органдардын билік өкілеттілігі онын компетенциясына сәйкес жүзеге асырылады. Компетенция ұғымы мемлекеттік ұйымнын құқықтары мен міндеттердің жүйесінің мәнің білдіреді.

Жоғары атқару билік саласындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып есептелінеді, ол барлық атқарушы органдардын жүйесін басқарады. Үкіметтің қызметі қоғамның бүкіл жақтарын қамтиды:экономиканы басқару, әлеуметтік билікті жүзеге асыру, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, сыртқы саясатты жүзеге асыру. Орталық органдарға министірліктер, агенстволар, комитеттер жатады. Бұл салалық немесе салааралық органдар.

Жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілдік және атқарушы органдарымен жүзеге асырылады, олар тиісті территориясында істердің жағдайына жауапты болады. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкіммен басқарылынады. Жергілікті атқарушы органдар берілген фукцияларды жүзеге асыру үшін кең компетенциға иеленген.

Жергілікті атқарушы органдар хабарлауына мынау жатады: территорияның әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламаларын жасау, жергілікті кадр сұрақтарын шешу және басқа да өкілеттілін жүзеге асыру.

Денсаулық сақтауды құқықтық реттеу. Денсаулық сақтауды басқаруды ұйымдастыру негіздері және түсінігі. Денсаулық сақтау саласындағы жергілікті өзін өзі басқару органдарының ролі. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымындағы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының жақсаруы, дәрілік құралдардың айналымы, медицинлық қызметтің сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Министрліктің ведомстволары бар: фармацевтикалық бақылау Комитеті, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті, медициналық қызмет көрсету саласындағы, сонымен қатар, қосымшаға сәйкес ведомстваға қарасты мемлекеттік ұйымдарды бақылау Комитеті.

Азаматтардың денсаулығы туралы ҚР Кодексі ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау саласындағы қоғамдық қатынасьарды реттейді, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын реттейді.



Иллюстрациялық материалдар. " ҚР Мемлекеттік басқару жүйесі құрылымы ." Схема.
Әдебиет.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

  3. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

  4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

  5. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж

Бақылау сұрақтары.

  1. ҚР Мемлекетті басқару жүйесіне сиппатамасын берініздер.

  2. Мемлекттік басқарудың қағидалары туралы әнгімеленіз.

  3. Мемлекеттік органдар қандай функцияларды жүзеге асырады?

  4. Орталық Атқару органдардың компетенциясы қандай?

  5. Жергілікті атқару органдардың компетенциясы қандай?

  6. Әкімнің жергілікті атқарушы биліктің басқарушы ретінде фукцияларын атаныз.

  7. Маслихаттардың немесе жергілікті өкілдік биліктің фукцияларын атаныз ?

  8. Мемлекеттік басқару органдардың актілерін атаныз?

  9. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің құзыреті қандай?

  10. Денсаулық сақтау саласының негізгі заңдарын атаңыз.


7-ші тақырып. ҚР азаматтық құқығының негіздері.

Мақсаты. Студенттерді ҚР азаматтық құқығы негіздерімен таныстыру. Студенттерді ҚР кәсіпкерліктің құқықтық негіздерімен таныстыру. Студенттердің белсенді азаматтық позициясын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Дәріс тезистері.

Азаматтық құқық түсінігі. Азаматтық құқықтық  реттеу пәні, әдістері. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері. Азаматтық заңдар. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде. Азаматтардың құқық қабілеттілігі. Азаматтардың әрекет қабілеттілігінің түсінігі және түрлері. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде, олардың түрлері. Мемлекет азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде. Мәмілелер және азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуының өзге де негіздері.

Азаматтық құқық - тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың бірлігін көрсететін құқық саласы. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары болып азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сонымен қатар, әкімшілік - территориялық бірліктер танылады. Азаматтық құқықтың негізгі қайнар көздері 1994 ж. 27 желтоқсанда қабылданған Жалпы бөлімнен және 1999 ж. 1 шілдесінде қабылданған ерекше бөлімнен тұратын ҚР Азаматтық кодексі болып табылады.

Азаматтық заңдар қатынастар қатысушыларының теңдігіне, келісім шарт еркіндігіне, жеке істерге кімдердің болсада араласпауына, меншікке қол сұғылмаушылыққа, бұзылған құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге негізделеді.

Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз азаматтық заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқықтық қабілеттілік адам туған кезде басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық әрекет қабілеттілігі дегніміз азаматтың өзінің іс қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады.

Кәсіпкерліктің құқықтық негіздері. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары түсінігі, түрлері. Шағын, орта және ірі бизнес субьектілері. Жеке кәсіпкерліктің жалпы сипаттамасы. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері. Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі кепілдіктері, кәсіпкерлік қызметті қорғаудың құқықтық және қолдаудың нысаны.

Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Азаматтар заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай ақ айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады. Жеке кәсіпкерлік өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік деп екіге бөлінеді. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның өзінің жеке балансы және атауы көрсетілген мөрі болу қажет.

Мемлекеттік кәсіпорындар жедел басқару құқығына немесе шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын түрінде қызметін жүзеге асырады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәміле деп аталады. Мәмілелер бір жақты және екі жақты немесе көп жақты болады. Нысаны бойынша мәмілелер ауызша және жазбаша болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет