Физика пәнінен дарынды оқушыларға арналған жұмыс жоспары 2021-2022 оқу жылы Тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



бет1/5
Дата19.05.2022
өлшемі52.2 Kb.
#457969
  1   2   3   4   5
дарынды балалармен жұмыс жоспары



Физика пәнінен дарынды оқушыларға арналған жұмыс жоспары


2021-2022 оқу жылы
Тұжырымдама
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері кезінде адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білімді және білімін практика жүзінде қолдана білетін қоғам мүшелерін талап етеді. Сондықтан мектептің міндеті оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше іздене алатын шәкірт дайындау. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен толықтырылып, мұғалімнің де дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру-мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулуда алған білімді практикада қолдануда, пәннің күнделікті өмірмен байланысын нығайтуда математика пәнінің алатан орны ерекше. Физиканың заңдары мен ережелері табиғат пен өмірден алынған және бүкіл адамзатқа ортақ. Мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бейімділігіне, ынтасы мен қызығушылығына, таңдауына қарай оқыта отырып, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастықты қалыптастыру, білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту. Физикада қолданбалы курсты оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, пәнге деген ұмтылыстары, оны меңгеру деңгейлері ескеріледі.
Физика сабағында теориялық материал мен есеп шығару материалын тығыз байланыстырып, оқушының нақты да жүйелі математикалық бейімділік дағдысын қалыптастырады. Себебі бұл дағды физиканы әрі қарай меңгеруіне, оны өмірде, кәсіпте қолдануға қажет болады. Оқушылар жаңа теорияның, материалдық қажеттілігіне, өмірдегі пайдасына енуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет