«Қарағанды қаласы білім бөлімінің» 2007 жылға арналған қалалық бюджеттік



Дата24.02.2016
өлшемі51.68 Kb.
#11879
«Қарағанды қаласы білім

бөлімінің» 2007 жылға арналған

қалалық бюджеттік

бағдарламаларының

паспорттарын бекіту туралы»

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2006 жылғы 22 желтоқсандағы

№33/13 қаулысына өзгертулер мен

толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексіне, «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, «2007 жылға арналған Қарағанды қаласының бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған XLІІ сессиясының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезекті LІІ сессиясының 2007 жылғы 18 шілдедегі № 10 шешіміне сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қарағанды қаласы білім бөлімінің» 2007 жылға арналған қалалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы №33/13 қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1 тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

осы қаулыдағы 1 қосымшаға сәйкес, «9) Білім беру саласындағы мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізу (9 қосымша)»

2) 1 қосымшада:

-1 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

«құны: 4058061,0 мың теңге (төрт миллиард елу сегіз миллион алпыс бір мың теңге)»;

-6 тармақтың 5 тармақшасы:

«басқа да тауарларды сатып алу» сөздерінен кейін «қажетті азық-түлікті сатып алу» сөздерімен толықтырылсын;

«ғимараттарды күзгі-қысқы мезгілдердегі жұмыстарға дайындау» сөздерінен кейін “бірінші және екінші сынып оқушыларын ыстық тағамдармен қамтамасыз ету” сөздерімен толықтырылсын.

3) осы қаулыдағы 1 қосымшаға сәйкес, 9 қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Алмагүл Аманжолқызы Сәлімбаеваға жүктелсін.

Әкім И.Тоғайбаев

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2007 жылғы «25» шілде

№ 35/02 қаулысына

1 қосымша

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2006 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 33/13 қаулысына

9 қосымша


Қарағанды қаласының білім бөлімі


(Бюджеттік бағдарламаның әкімгері)
ПАСПОРТ

Білім беру саласындағы мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізу


(бюджеттік бағдарламаның аты)

2007 жылға арналған

1. Құны: 70256,0 мың теңге (Жетпіс миллион екі жүз елу алты мың теңге).
2.Бюджеттік бағдарламаның нормативтік - құқықтық негізі:

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексінің 51, 94 баптары;

«ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы;

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 07 маусымдағы Заңы;

«2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы;

«2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясын жүзеге асыру бойынша алда тұрған шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы;

«2007 жылға арналған Қарағанды қаласының бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған XLІІ сессиясының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезекті LІІ сессиясының 2007 жылғы 18 шілдедегі №10 шешімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: қалалық бюджет.

4.Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудің жаңа деңгейіне кезеңдеп көшуге жағдайлар жасау, білім берудің сапасын арттыру, білім беруді ақпараттандыруды дамыту, оқушылар мен мұғалімдерде ақпараттандыру мәдениетін қалыптастыру.

5.Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: білім беру жүйесінің бірегей ақпараттық оқыту ортасын қалыптастыру, әлемдік ақпараттық оқыту кеңістігіне кірігу мақсатында Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін ақпараттандыруды жақсарту және білім беру сапасын арттыру; ғаламдық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу үшін мектептерді Интернетке қосу арқылы жалпы орта білім беретін ұйымдарға мүмкіндік жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары:





Бағдарлама коды

Бағдарлама бөлімдерінің коды

Бағдарлама бөлімдерінің аты

Бағдарламаны іске асыру шаралары (бағдарламаның бөлімдері)

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

5

6

7

2

010

000

Білім беру саласындағымемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізу

Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивтік оқыту жүйесін енгізуді қамтамасыз ету. Жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және көрсетілген қызметтер үшін абоненттік төлемдер.

Жыл бойы


Қарағанды қаласының білім бөлімі.

Барлық типтегі жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттар.


7.Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтиже:

Тікелей нәтиже: Жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және абоненттік төлемдерді жүзеге асыру. “Мультисервистік ақпараттық-коммуникациялық оқыту желісі” көпқызметтік жүйесін жасауға қажетті жабдықтарды, сонымен қатар оны орнату мен қосу бойынша қызмет көрсетулерді сатып алу.

Соңғы нәтиже: 2007 жылдың 1 қыркүйегінде Қарағанды қаласының мектептері мен мектеп-интернаттарындағы ашық сабақтарды трансляциялауды өткізу.

Қаржылы-экономикалық нәтиже: “Мультисервистік ақпараттық-коммуникациялық оқыту желісі” көпқызметтік жүйесін жасауға қажетті жабдықтардың 1 бірлігін сатып алуға жоспарланған орташа шығын 852,646 мың теңгені құрайды, бір айдағы абоненттік төлем 12,017 мың теңгені құрайды.

Уақыттылығы: жасалған келісім-шарттарға сәйкес, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивтік оқыту жүйесін енгізу.

Сапасы: білім ұйымдарының ғаламдық ақпараттық ресурстарға жоғарғы жылдамдықпен қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Білім бөлімінің бастығы Ж.Жылбаев


ЖЭБ жетекшісі Л.Галиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет