Физика пәнінен оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындық жоспары Түсінік хат



бет1/2
Дата27.04.2023
өлшемі24.79 Kb.
#472882
  1   2

Физика пәнінен оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындық жоспары
Түсінік хат
Соңғы жылдары экономикамыздың қарқанды өсіп дамуы техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттырып,оқушылардың политехникалық циклдағы пәндерге деген қызығушылығын оятты.Осыған байланысты ұлттық тестілеуде «Физика» пәнін таңдайтын оқушылардың саны көбейді.
Оқушылар физикадан теориялық бөлігімен қоса экспермиенттік және сандық есептерді шығара білу дағдыларын қалыптастыру керек.Сондықтан қорытынды аттестаттауда кездесетін есептердің шығарылу жолдарынмеңгеруге көп көңіл бөлу керек.Физикада есеп шығару -оқу жұмысының қажетті элементі болып табылады.Қайталау үшін әр тарауға шолу жасай отырып,ондағы формулалар мен негізгі түсініктемелерді кестелерге немесе сызба нұсқаларға енгізген тиімді.Әрі оқушылар өз қолымен түсіне отырып сызып алған кестесін тест есептерін шығару кезінде пайдаланып,оңай жаттап алады.Оқушылар негізгі физика заңдарын және формулаларын есте ұстауы керек.Оларды есеп шығару барысында түрлендіріп,пайдалана алуы тиіс.
Оқушылардың өздері орындауға арналған жаттығу жұмыстарында тестілеуде көп кездесетін есептермен қоса сол есептердің күрдклі деңгейінің жоғары болуында көп көңіл бөлу қажет.Физика пәнін таңдап отырған оқушы ҰБТ-ге дайындалумен қатар жан-жақты ізденіп дайындалуы тиіс.
Мақсаты:
- оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
- физикалық білім-біліктерді және физика ғылымының жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау;
- логикалық ойлау, таным іс-әрекеттерін дамыту;
- қиынға ұмтылу, зерттеушілік қасиеттерін арттыру;
- ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге машықтандыру.

Міндеттері:


- оқушыларға терең, кеңейтілген білім беру;
- ҰБТ-ден оқушылардың жоғарғы балл алуын қамтамасыз ету;
- қоршаған ортадағы жүріп жатқан құбылыстарды физикалық танымдық түсініктер арқылы ойлай білуге үйрету;
- оқушылардың мамандықты дұрыс таңдай білуіне ықпал ету.

Күтілетін нәтиже:


- оқушылардың таңдаған мамандығына жақын білім алуына мүмкіндік болады;
- қиындық деңгейі жоғары есептерді шығаруға ұмтылады;
- Ұлттық біріңғай тестілеуден жоғары балл жинайтын оқушылар іріктеледі.
Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:
- физика формулалары бойынша заттардың аталуын және сол бойынша жүргізілетін есептерді есептей білуі тиіс;
- алған теориялық білімді іс жүзінде қолданудың жолын білу;
- физикалық шамалар арасындағы байланысты терең зерделей білуі тиіс;
- сызбада берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып, анықтай білуі тиіс;
- физикалық құбылыстарды ажырата білуі тиіс;
- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білуі тиіс;
- физика пәнінен меңгерген білім,білік, іскерлік дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білуі тиіс.

Бекітемін


Мектеп директоры


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет