Физикалық География грек тілінен аударғандағы мағынасы: гео-жер графо-жазамын



Pdf көрінісі
бет41/129
Дата06.09.2023
өлшемі1.11 Mb.
#476788
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   129
География

 
ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
№ 
Зерттелген уақыты 
Зерттеген
саяхатшылар 
Зерттелген аймақтар 
183. 
Б.з.б Vғ. 
Геродот
Каспий теңізінің шығысы, 
Жайық, Жем өзендері
184. 
Б.з.б. 63-24 ж 
Страбон
Каспий теңізі, Сырдария, 
Әмудария 
185. 
Б.з. 90-160ж 
Б.з.б. ІІ ғ 
Птоломей
Каспий теңізі, Арал теңізі, 
Сырдария 
186. 
Б.з.б. ІІ-І ғ.
Чжан Цянь, Сюань-
Цзан
Жетісу, Ақсу, Шу, Талас 
өзендері 
187. 
VІІ- VІІІ ғ.
Араб саяхатшылары 
Сырдария, Шу, Жайық, Жем 
өзендері, Отырар, Тараз, 
Испиджаб қалалары 
188. 
ХІ ғ. 
Махмұд Қашғари 
«Диуани лұғат-ат-түрік», 
«Дөңгелек карта» 
189. 
ХІІІ ғ.
(1245 ж.) 
(1253 ж.) 
Итальяндық Плано 
Карпини, француз 
Вильгельм Рубрук 
Жайық, Тянь-Шань, 
Тарбағатай, Сырдария, 
Алакөл, Балқаш, Еділ, 
Мұғалжар, Арал, Шу, Жетісу
190. 
ХVІ аяғы-ХVІІ ғ басы 
Қадырғали Жалаири 
Талас, Сайрам 
191. 
ХVІІ ғ.
С. Ремезов 
«Сібірдің сызба кітабына» 
Қазақстан аумағын кіргізді
192. 
1832 жылы 
Левшин 
Қазақстан жеріне тұңғыш рет 
физикалық-географиялық 
сипаттама берді
193. 
1856-1857 жылдары 
П.П. Семенов Тянь-
Шаньский
Орталық және Солтүстік 
Тянь-Шань, Хан-Тәңірі 
массивін зерттеді 
194. 
1857-1858 жылдары 
Н.А. Северцов 
Арал теңізі, Сырдария, Тянь-
Шань, Қызылқұм, Қаратау, 
Үстірт, Мұғалжар 
195. 
1875-1876 жылдары 
И.В. Мушкетов
Тянь-Шаньның солтүстігі, 
Жоңғар Алатауы, Ыстықкөл 
196. 
1900-1903 жылдары 
Л.С.Берг
Арал теңізін зерттеді


197. 
ХІХ ғ. 
Ш. Уәлиханов 
Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань, 
Ыстықкөл 
198. 
1926-1929 жылдары 
Қ. И. Сәтбаев 
Жезқазған, Сарыарқа, Кенді 
Алтай 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР БЕДЕРІ 
 
199. Қазақстанның ең биік нүктесі: Тянь-Шань тауындағы – Хан-Тәңірі шыңы – 6995 м 
200. Тянь-Шань сөзі қытай тілінен аударғанда қандай мағына береді: «Тәңір шыңы» 
201. Қазақстанның ең төмен нүктесі: Маңғыстау түбегіндегі – Қарақия ойысы – -132м
202. Қазақстан жерінің басым бөлігін алып жатыр: жазықты жер бедері 
203. Қазақстан жерінің нешесін биік таулар алып жатыр: 10%
204. Қазақстанның қай жерлерінде биік таулар орналасқан: оңтүстік-шығысы мен шығысында 
205. Қазақстан таулары көтерілді: палеозойдың герцин тау түзілісі кезінде (Алтай, Жоңғар Алатауы, Сарыарқаның шығыс бөлігі, 
Мұғалжар) 
206. Қазақстан аумағында жер қыртысының қозғалуы баяу болып, бірде-бір тау жүйесі көтерілмеді: мезозой эрасы кезінде
207. Қазақстанда альпілік тау түзілісі процесі жүріп, таулар екінші рет көтерілуге ұшырады: кайнозой эрасы кезінде (Алтай, Тянь-Шань, 
Жоңғар Алатауы, Тарбағатай) 
208. Қазақстанның ең көне жері: Шығыс Еуропа платформасы
209. Шығыс Еуропа платформасы пайда болды: бұрынғы теңіз түбінің көтерілуінен 
ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ҮСТІРТТЕР 
210. Қазақстан жеріндегі ірі үстірттер: Үстірт үстірті, Торғай үстірті, Бетпақдала, Жем үстірті 
211. Қазақстанның оңтүстік батысында орналасқан: Үстірт 
212. Үстірт үстіртінің ең биік нүктесі: Мұзбел жоны – 340 м 
213. Үстірт биіктігі шектелген: 150 м болатын тік жарлармен
214. Торғай үстірті орналасқан: Сарыарқа өлкесі мен Мұғалжар тауының аралығында
215. Торғай үстірті жалғастырады: Батыс Сібір мен Тұран ойпатын
216. Бетпақдала үстірті орналасқан: Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығында
217. Бетпақдала үстіртінің ең биік нүктесі: Желтау жотасы – 974 м 
218. Жем үстірті орналасқан: Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында
219. Қазақстанға оңтүстік-шығыс бөлігі ғана кіретін Орал тауы мен Еділ өзені аралығындағы қырат: Жалпы Сырт қыраты
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛАСА ТАУЛАРЫ 
220. Қазақстанның аласа таулары: Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы, Маңғыстау таулары, Мұғалжар тауы 
221. Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы дегеніміз: Қазақстанның орталық бөлігін алып жатқан аласа таулы өлке 
222. Сарыарқаның ең биік нүктесі: Қызыларай тауындағы Ақсораң – 1565 м 
223. Маңғыстау таулары орналасқан: Маңғыстау түбегінде 
224. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі: Бесшоқы – 556 м 
225. Маңғыстау таулары тұрады: Ақтау және Қаратау жоталарынан
226. Мұғалжар тауы пайда болды: герцин тау түзілісі кезінде 
227. Орал тауының Қазақстан жеріндегі жалғасы: Мұғалжар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет