Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
І - тарау. XVII ғасыр аяғымен XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай.
1.1.ХVІІ ғасырдың аяғындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай......7
1.2.ХVІІІ ғасыр басындағы саяси тарихы және қазақ тілі..........................19
ІІ – тарау. ХVІІ – ХVІІІ ғасырдың басындағы қазқа билеріне шолу.
2.1. ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ билерінің ролі..............................28
2.2. ХVІІ ғасырдың аяғы ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ халқының қоғамдық жағдайы................................................................................................35
Қорытынды..........................................................................................................43
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі...................................45
Кіріспе
Диплм жұмысының өзектілігі:
Қазақстанның экономика - әлеуметтік мәдени өмірінде бүгінгі таңда түбегейлі күрделі өзгерістер жүріп жатыр. Кездесіп отырған қиыншылықтар аз емес. Олардың біразы нарықтық қатынастармен келсе, енді бірінің тамыры, бастауы кешегі кеңестік қойнауында жатыр. Өткен тарихымызда қайта кездесіп тәуелсіз еліміздің қазіргі тақырыптан қорытындыларымен сабақтарын ой елегінен өткізу қажет.
Қазақ жұртының халық болып, біртұтас елге айналуында, дамып өркендеуінеде айтуы хан сұлтандарымыз барыларымызбен көсем билерімізде үлес қосқанын айту еркіндігіне егеменді елдікке қолымыз жету арқасында ғана мүмкіндік толып отыр.
Кеңес дәуірінде қазақ мемлекеттігін қалыптасуына тікелей ықпал берген, төл тарихымыздың алтынды да бөлінбес бір бөлігі болып саналатын билер институтын, билер дәстүріне аса назар аудармады. Би фоеодалдық құрылыстың сорқыншағы ісбетті қаралды. Қай құрылыста кемшіліксіз дәуір болмады. Бірақ Кеңес дәуірніде берілген би сөзінің түсініктемесі бір жақты берілдідесек қателеспейміз. Яғни оның тек дұрыс емес ау деген жағын бейнелеп, көрсетіп, шын мәніндегі функциясын терең түсіндіріп жатқан ешкім болмады.
Ал тарихымыздың тұстарын келегелі келер ұрпаққа ашып айтылмайтын болса онда тарихымыздың ақаңдық беттерін уақ өте айқындап беру қиынға соғады. Сонымен қатар бұл ақтаңдап беттері қазіргі кезде ашып алу сол кезеңде өмір сүріп, тіршілік жасап жүрген тұлғалардың Қазақстан Республикасының - толыққанды адамзаттарына міндетті.
Уақыт алдымызда әкеліп берген мүмкіндікті бүгін қолдауымыз қажет. Өйткені келерұрпақ алдында ендігі кезекте бір жауапты боламыз. Тәуелсізікке жетелегеннен соң қол қусрып, тарихқа үлес қоспағандығымызды ештеңемен ақтап аламасақ керек.
ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардың қазақ халқы көптеген сәтсіздіктерге ұшырағандығымен мемлекет ретінде қалыптасудың көптеген күрдел процестерінен өтті. Билер институты дамытылды. Би тұлғасының саясаткер, қоғам қайраткерлері ретінде бийнесі танылды. Бидің әділеттілігіне халық бас иіп ауыз біршілікке келді.
Билер қоғамдық жан – жақты дамуына өзіндік ерекшелігі бар үлес қосты десек қателеспейміз. Өйткені халықтар шежіресін, діни ілімді зерделеумен қатар, табиғаттың тылсым күшін терең білуге ұмтылған. Одан ой түйіп, өлмес қағидаларға теңескен қанатты сөздер қалдырады.
Міне осы даналық пен ақыл – ой парасаттылығының үлесі бола білген билер жөнінде қазіргі егемендікке иеленген шақта, тарихымызды жаңаша шындық, әділеті тұсынан қайта зерделенген шақта шынайы, толыққанды зерттеу жүргізіп, қазақ тарихының, мәдениетің шынайы пердесін ашып көрсетіп, қазіргі дамубарысымызға үлгі боларлық жерлерін айқындап көрсетіп беру уақыт талабы. Сондықтан қазақ билерінің ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда елді билеп қазақтың мемлекеттілігін сақтап қалып, «Қазақ» атауын, өмір сүру қаупін, ақыл парасатын атадан - балаға мұра етіп қалдыруымен билер институты мен билер дәстүрінен зерттеуге өзекті мәселелердің бірі екендігін ешқандай дау туғызбайды.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі:
ХVІІ – ХVІІІ ғасыр қазақ жеріне қалыптасқан жағдайға сүйеніп, қазақ халқының күрделі тарихи кезеңдері тұсында , ел билеу қажет қиын міндет болған кезде, аумалы төкпелі заманда халықтың ауыз біршілігін сқтаған, өзімен бірге ұйымдастырып ілестірген билертұлғасын қызметіне және сол кездегі саяси жағдайға қатысты материалдарды зерттеуді жөн көрдік.
Диплом жұмысының мақсатымен міндеті:
ХVІІ – ХVІІІ ғасырда қазақ жеріндегі қалыптасқансаяси ахуалды анықтай отырып, билердің елді билеп, сеніммен ынтымақттастық саясатына қоғамдық қызметіне қатысты материалдар негізінде зерттеу дипломық жұмысы алдына қойған мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттерді атқару белгіленеді.
-
ХVІІ – ХVІІІ ғасырларды Қазақстандағы саяси жағдайыдың себептерін анықтау;
-
ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда қазақ қоғамының дамуын сипаттау;
-
ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамының мемлекеттік институттарын көрсету, ондағы билер институттарын ролін анықтау;
-
ХVІІІ ғасырдың саяси қоғамдық дамуға билердің қосқан үлесін анықтау;
-
Көрнекті қазақ билерін тарихтағы орнын анықтау;
Дипломдық жұмыстың деректік қорлары:
ХVІІ – ХVІІІ ғасырдағы қазақ тарихы бойынша материалдар, сол дәуірде жарық көрген тарихи еңбектер , заңдар мен ережелер, қазақ мемлекетің басқа елдермен жасақан дипломатиялық келісім шарттары, шығыс және қазақ әдебеитін шығарма үлгілері, қазақ халқының тарихына қатысты оқулықтармен зерттеулер, қазақ мемлекетінің даму тарихына қатысты зерттеулер, қазақ шешендік өнерінің даму тарихына қатысты зерттеулер, қазақ би шешенерінің өмірімен шығармашылығына қатысты, маатериалдармен зерттеулер, дәл айтқанда нысаналықты «үш пайғамбары», Н.Төреқұловтың «Қазақтың би шешендері», С.Клишторнидің «летотис трех тысяча летий», А. Сапаев « Әз Тәуке» және т.б. көптеген билер жайлы зерттеулердің құжаттық деектердің маңызын ерекше атап көрсеткен жөн.
Диплом жұмысының зерттелудеңгейі:
Еліміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғанан бастап аталмыш тақырыпқа көптеген авторлар зерттеулерін арнаған олардың ішінен қазақ халқының тарихын тереңнен зерделеп, ғылыми тұрғыда жіктеп мұрағатты құжаттарға сүйеніп, әділеттік пен объектілік тұрғыда шындыққа жанасатын, тарихымызды ұлы тұрғыдағы айқындап көрсетіп ұрпаққа үлгі етерлік етіп баяндалған.
Қзіргі кездетарихты зерттеудің нақты принциптері мен міндеттерін сипаттаған мынандай еңбектердің орны айрықша. Мақсұт Нәлібаев «Ұлы билеріміздің жоғарғы сотқа дейін», Нсынбек төреқұлов «Қанатты сөздер», Төреқұлұлы Нысанбек «Қазақтың жүз шешені», Б. Аданбаев «Қазақ шешендері», міне осыларды атап өтуімізге болады.
Диплом жұмысының хронологиялық шегі:
Жұмыста ХVІІ ғасыр мен ХІХ ғасырға дейін уақыт аралығы қамтылады.
Диплом жұмысының методологиялық негізі:
Диплом жұмыста қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диолектикалық тәсілдерімен тығз байланыстылығы тарихилық, салыстырмалық, объектіліктік сияқты негізгі методологиялық принциптер басшылыққа алынған.
І - тарау. XVII ғасыр аяғымен XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай.
1.1.ХVІІ ғасырдың аяғындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай.
Жазу-сызу өнері ерте дамыған халықтардың кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған киелі мұраларының бірі - энциклопедия. Алғашқы энциклопедия біздің дәуірімізге дейін X ғасырда Кы-тайда, кейінірек Грек, Египет Мысыр едцерінде, Рим империя-сында жазыдды. Ондай кітаптар сол еддердің нейінгі үрпағы үшін тарихнама, көне шежіренама хақында айрықша маңыз атқарып, өмір ғылым, қоғам, дүниетаным, салт-дәстүр, әдет-ғұрып секілді сан саласы мағлұматтарды нақты ауқымды баяндап отырды.
Қазақ топырағында 1972-78 жылдары аралығында жарық көрген Қазақ Совет энциклопедиясының он екі томдығы совет өкіметінің дәуірлеп, коммунистік партияның "ақ дегені - ақ, қара дегені қара боп, ауыздан қағып, аяқты кісендеп, жеке-дара үстемдік етіп тұрған шағында дүниеге келгенді. Бұл, аты айғақтап тұрғандай, "Қазақ Совет энциклопедиясы" болғанмен, бүгінгі көзбен қарағанда, олқы түстарының көптігіне ешкімнің күмәні бола қоймас. Бір ғана мысал, өзіміз сөз қылып отырған би жөніндегі берілген анықтамаға көз жүгіртелік.
Би - әлеуметтік категория ретінде қазақ халқының тарихында ерте заманда шыққан үстем тап екілі әлеуметтік қатынастардың дамып, шиеленісуімен бірге, билердің кепшілігі қанаушы топтардың уәкіліне айналды. Билердің әдет-заң нормаларын талқылауда» бұл биліктердің орындалу әдістерін белгілеуде кең праволары болды. Өкілдіктің мұндай өктем болуынан зорлық-зомбылық туып отырды. Билер соты Октябрь революциясына дейін қылмыстық және азаматтық істердің көпшілігін қалайтын ресми орган болып, қүн, барымта, қалың мал, әмеңгерлік, көп әйел алу т.б. патриархтық кертартпа қалдықтарды қорғап келді".
Міне, Советтік дәуірде би дегенге бүдан артық баға беру мүмкін емес-ті, Совет өкіметінің алғашқы жылдарында - би туралы көркем шығармаларында баяндалған оқиғаларға байланысты заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтен бастап, көптеген қаламгерлеріміз қуғын-сүргінге ұшырағаны баршаға мәлім. Бұдан би дегенге тек советтік дәуірде ғана қысым жасалған екен деген пікір тумауға тиіс. Бидің қоғамдағы алатын орнының айрықша екенін Ресей империясы өзінің Қазақстанды отарлау саясатының алғашкы жылдарында-ақ байқап, қайткенде де олардың ролін төмендетуте жансыздары, тыңшылары арқылы хан сұлтан, би батырлардың қазақ жұртын басқару саясатын барынша терең зерттеп үлгерді. Сөйтіп, ел басқаруда билердің орны сайлайтынын біліп алды. Ал қарауындағы бодан елдің күшті хандықтардан тұруы, ондағы билердің кей жағдайда хандардан тұруы, ондағы б да беделді күшті болуы Ресей империясының отарлау саясатын ойдағыдай жүзеге асыруына айрықша кедергі еді. Сондықтан да 1822 жылы "Сібір қырғыздары туралы уставын" қабылдап, қазақ жерінде хандықты жойылды деп хабарлады. Алайда "Қазақ халқын ыдыратып басқару" саясаты мұнымен шектелмеді. Өйткені кезінде кей жағдайда ханның өзін алдына телмендетіп қоятын билер, Билер кеңесі сакталып қалғанды. Енді Ресей әкімшілігі билердің басшылық роліне біржолата балта шабуды кездеп, 1868 ж. қабылданған "Жаңа устав" бойынша қазақ жұртында сұлтандық пен билік басқарудың бұрынғы жүйесін жойды.
Енді, "бөліп-бөліп ал да, басқара бер" деген саясатпен, казак даласы ұсақ болыстар мен бұрын көсемдігімен, шешендігімен танылғандар ғана өздігімен би атанатындарды енді халық сайлап, Ресек патшасының ерекше құқық өкілдері бекітетін болды. Бұл ғасырлар бойы халыққа қызмет етіп, тарихтың, қоғамның қалыптасуында айрықша рол аткарып келген билерді олардың бойындағы сан алуан тума қасиеттерді біржолата жою мақсатынан туған құйтырқы саясат еді. Олай дейтіміз, енді болыстыққа, би, қазалыққа өзінің дара қасиеттерімен би атанғандар емес, қара басының құлқынын ойлайтын, Ресей патшасы өкілдерінің айтқанын істеп, айдағанымен жүретін дарынсыз, мансапқорлар сайланды. Бұл жөнінде дана Абай өзінің "Үшінші сөзінде— әрбір старшина басы бір би сайлау саясатын сынай келіп, былай дейді. "Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы "Қасым салған қасқа жолын, Есім салған ескі жолын", Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда "Жеті жарғысы" білгендіктен білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы қалай өзгергендіктен ескеріп, бұл жаңа заманға келіспей тұғын болса, онда орнына татымды толық билік шығарып, төлеу соларға жарарлық кісі болса керек еді ондай кісі аз, тіпті жоқ".
Ұлы акынның "Бас басына би болған өңшең қиқыгл", -деп қын-жылатыны да осы кездің көрінісіне айқын куә.
Ал шығыс жұлдыздарының бірі саналатын Ш.Уәлиханов "Билер сотының ертеден келе жатқан халықтық түрі" деген мақаласында: Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін би болам деген, қазақ өзнің заң бетіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдары атағы халық алдында тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған".
Енді сол халық даналықтарына сүйене отырып, билер бойындағы дара қасиеттерге қысқаша болса да жеке-жеке тоқталып санамалап өтелік. Бір ескерте кететін жаит: би бойындағы қасиеттерді санамалап көрсеткенде оқушы қауым біздің алғашқы атарақдарымыз бидің басты қасиеті де, соңғылары қосалқы қасиеттері екен деп қамағаны лазым. Бұл арада санамалау реті шартты түрде алынып отыр. Бұл қасиеттердің бәрі бірін-бірі толықтырып» тәрт аяғынан тең басып тұрмаған жағдайда аты шулы билер додасында қарсы жағы, осал тұстан алып түсіп, омақастырып кете беретін болған. Сонымен:
Би - көсем. Кә, би көпті көрген, яғни "көре-көре көсем болған", кекірек көзі қиянды шалатын ойы орынды көнені ғана біліп қоймай, болашақты да тап басып байланды бағаналы болжап жасай алатын, әрдайым халық көңілінен шығатын жан болуы керек. Бір мысал ертеде Орта Азияға жол ашуға ындыны кепкен Ресей патшалығының елшісі келіп: "Казақтар сіздер бізге бодан болыңыздар!"-деген ұсыныс жасайды.
Олардың жат пікіріне қарсы наразылық білдірген билер: Осылардың өзін өлтіре салсақ кайтеді!"- десіп аза билер Төле, Қазыбек, Әйтекелерге соңғы сөзді жүктейді. Сонда бірі: "Алар ма еді мына көлдің қуын атып?"-дейді.
Екіншісі: Оғың шығын болмасын суын атып",- дейді.
ҮшіншісІ: "Құтылмастай пәлеге қалып жүрмейік, құс екен деп перінің қызын атып",-дейді.
Сөз осымен бітіп, орыс елшілігі аман-есен еліне қайтарылады.
Көргендік пе? - Көрегендік. Көсемді. Ендеше бұл мысалды одан әрі талқылау біз үшін сөзуалрық болар еді.
Би - шешен. Би - майда сөздің мақпалы сара сөздің саңлағы. Бірде астарлап, бірде мысқылдап, бірде түйтектетіп, сүйекке жеткізіп, мақтамен бауыздап, қажет жерінде қара таспен қақ айырып түсерлік семсерден бетер от ауызды, орак тілді, ойы ұшқыр, қиялы қыран қанат, заңғар-заңғар ойлардан қас қағымда сөз зергерлейтін ақпа, асыл сөздің мәйегі.
Шешендік - көп халықта ертеден кездесетін қасиет, тіпті ежелгі Рим империясы мен Грек, Мысыр, елдеріндегі оқу орындарында "Риторика" деп аталып, негізгі пәндердің бірі ретінде жүрген. Онда болашақ ел басшыларын, заң қызметкерлерін, қоғам қайраткерлерін, өлшілерді, әдебиетшілерді, журналистерді ешқашан қағазга қарамай, шешен сөйлеуге үйреткен. Жазу-сызу дами келе бұл өнердің, соңғы кезде ұмыт қалғаны сондай, кейбір елбасшыларының өзі басқа бір елге барғанда не жат жүрт өкілін қабылдаған сәтте де екі-үш ауыз құттықтау сөздің өзін қағаздан окуы қандай қынжыларлық көрініс. Ал біздің билердің шешендік мектебі әуелі халық, сосын өздерінің тума таланты еді. Болашақта жастар арасында шешендік өнерді қайта жаңғырту мәселесі өз алдына көтеретін ұзақ әңгіме боландықтан бұл жолы одан әрі топтасып жатпаймыз.
Би - Ақын. Бірақ ешбір би өзін ақынның деп санамаған. Жұрт та оларды ешқашан ақын деп атамаған. Соған қарағанда билердің шешендік пен ақындық тең тотастырып сөйлеуін соларға ғана тән әрі төл қасиет, заңды құбылыс деп санағандығынан болуы керек.
Нұрқожа биге арғын ІІІоқай бидің айтқан "Арыстанның белгісі" деген суырып салма сөзін алалықшы:
Қарызыңыз өнсе бітеді.
Жан жарығы сенсе бітеді.
Қанша қызық дәурен сүрсең де.
Дүние қызығы бітеді.
Арыстан айға шауып мерт болса,
Артында қалған нәсілі
Айға шапнас демеңіз.
Атаның салған жолына
Баласы түспес демеңіз.
Тіпті көптеген билердің қара сөзбен айтқандарының өзі төгіліп тұрған ақ өлең емес пе! Жетес бидің кәрілік қалқындағы мына бір сөзіне тоқтала кетелікші: "Он жасымда асық ойнадым, қызығына тоймадым; Жиырмаға келдім: онда да балалығымды қоймадым; Жиырма беске жеттім: жақсы іске сүйендім, жаман іске күйіндім, барымды бойға киіндім, сұлуларға шүйілдім; Отызға келдім: алтайы қызыл түлкі болдым, қыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, қатар-кұрбының көңілін қалдырмадым; Қырыққа келдім арғымақтай аңқылдадым, тау қыранықдай шаңқылдадым, ақ алмастай жарқылдадым, дариядай сарқыл-дадым; Елуге жеттім: биік бір қара төбенің басына шықтым, алды артымды тегін көрдім, бірақ қай жағы алыс, қай жағы жақын екенін көре алмадым; Алпысқа жеттім: асты тарау жолға кездестім, қайсысына түсерімді білмей, дағдарысқа ұшырадым; Жетпіске ке.лдім: жеңілгенімді білдім, билікті бала шағаға бердім, айтқанына көндім, жетегіне жүрдім".
Мұндай төкпе сөзді қай-қай бидің де аузынан мысалға ала беруге болар еді. Біз осымен шектеле тұрғанды жөн санадық.
Би - заңгер. Биді жазба тілімізде сот деп жүрміз. Бұл дәл емес, біржақты пікір. Әдетте даулы мәселені шешкен кезде кемі үш би болатын. Бірі - айыптаушы прокурор, екіншісі-ақтаушы адвокат, үшіншісі - төбе би судья. Ал сот дегеніміз бір ғана судья, яғни үкім шығарушы дегенді білдіреді. Сондық-таж биді сот деп емес заңгер деп қараған дұрыс, әйтпесе оның атқарар міндеті жалпыға түсінікті жағдайда би деп-ақ қалдырған жөн.
Осы арада тағы бір айта кететін жай бар. Қазақта сондай-ақ, жалпы түркі елдерінде би деген секілді қазы деген де сөз жиі кезігеді. Ол да билік айтушы, төрелік етуші болып саналады. Әйтсе де, би мен қазының арасы жер мен көктей. Казы бір өзі ғана жтгінушілерге шешім шығарып, төрелік айтадд. Ал оның әділдігі мен әділетсіздігі көп жағдайда тең түсіп жатуы ықтимал. Ондай жағдайда даушылар қазыдан асып, билер алдына жүгінген. ӘрІ жоғарыда айтқан және төменде баяндалатын биге тән касиеттерді қазыдан талап ету - орынсыздық, білместік, яғни қазы өзінің дүниетаным көзқарасына қарай дұрыс болсын, бұрыс болсын төрелік айтушы ғана» Ал би - көп жағдайда талқыға балып, демократиялық жағдайда шешім шығарушы.
Биге орай тағы бір ескерте кететін жай, халық арасында. Би екеу болса - дау төртеу" деген сөз бар. Мұны кейде билер жүрген жерде дау көл деп» сыңаржақ ұғып қаламыз. Қате. Бұл арада даулы мәселені екі жақ би емес, үш би яғни тақ шешсін дегені. Демек, бірі - айыптаушы немесе құн даулаушы екіншісі ақтаушы немесе құн сұраушы, үшіншісі - ортақ әділ шешім айтатын төбе би болсын дегенді меңзегені»
Би - елші дипломат, мәмілелер. "Жауластырмақ- жаушыдан, елдестірмек - елшіден", "елшісіне қарап елін таны" секілді тек қазаққа ғана тән емес түркіден келе жатқан көптеген мақал-мәтелдерде қаншама терең мағына жатқанын оқушы қауым біз еліктемей-ақ өздері де жете пайымдайды деп есептейміз. Мұны айтып отырған себебіміз, би тек ел ішіндегі даулы мәселені шешеді екен деп қарауымыз да жете бағаламағандық. Әрине жеке адамдар, ту тайпа ұлыс аралығындағы кикілжіңді ел мен ел арасындағы даулы істермен қатар қоя алмаймыз. Сол себепті де соңғы мәселені шешу тшін жат жұртқа нағыз көсем билерді жіберіп отырған. Өйткені ондай сәтте елшілікке барған бидің мойнында тұтас бір халыктың тағдыры тұрары сөзсіз.
Біз төменде Қаз дауысты Қазыбек бабаның жоңғар ханына елшілікке барғанда айтқан сөзінен мысал келтіретін болғандықтан бұл мәселеге бұдан да әрі тоқталып жатуды артық санадық. Тек бір ғана айтып өтетін жайт: билер жеке адамдар, рулар, ел мен ел арасында да барлық мәселені мүмкіндігінше бейбіт жолмен шешіп» әрдайым бітуаластыруды мұрат тұтқанда және солай шешкенде ғана оның атақ-даңқы жайыла түскен.
Би - Батыр Билар арасында қол бастап жауға шауып талай рет дүйім елдің сүйіспеншілігіне ие болған батырлар да аз болмаған. Жәнібек Малайсары, Наурызбай, Райымбек, Сырым, Мыналар секілді батыр билеріміздің тізімі құлаш.
Алайда бидің батырлығы қолына қару алып, жауға шапқанда емес, қылышынан қан тамған каһарлы хан-сұлтан немесе етектен кесіп жең болмайтыны секілді, елдесуден кеткен ежелгі дұшпан алдында тұр екен деп, именбей, керекті жерінде алдыспаннан өткір тілмен турап түсетін әділет сөзін айтуында деп саналған. Бидің әділ де өткір сөзі еттен өтіп, сүйекке жеткеннің өезінде даңғой, қанқұйлы біреу болмаса, орынды айтылған сөзге ата жаудың өзі де қарсы қылыш көтермеген.
Би - саясаткер, қоғам қайраткері. Әлгіде мәлімдегені-міздей, би қоғамдық мәні бар мәселелердің бәріне араласып ел мен ел арасындағы саяси жағдайларды шешуде хан-сұлтандардың негізгі тірегі - уӘзір орнындағы кеңесшісі де болған. Хан қаншама қапарлы дегеннің өзінде Билер кеңесінде көпшілік дауыспен қабылдаған шешімді жеке бұза бермеген. Әйгілі Өз-Жәнібек ханның жанында ел ішінің сыртқы саясаттың барлык мәселелерін талкылап; баға беріп, жөн -жоралғы сілтейтін шығыс биі болған деседі. Атақты Абылай ханның жанында үнемі кеңесші сегіз би жүргені бүгінде баршаға аян. Ал иісі қазақтың басын біріктіріп, тұтас хандыққа қол жеткізген Әз тәуке бүгінде ежелгі Гректің Солон заңымен "үзеңгілес делініп жүрген "Жеті жарғыны" жазғанда, жанында ошақтың үш бұтындай тең тұрған үш арысымыз: Төле , Қазыбек, Әйтекелердің болып солардың ақыл кеңесіне Сүйенгенін ешкім жоққа шығара қоймас.
Күлтөбе. Мәртөбе бастарында өткен талай алқасы кеңестерде ел бірлігі ауқаты аландығы болашағы жайында салауатты, сали-қалы ақыл қосатын да осылар емес пе еді. Небір орақ ауыз, мінезі қиғаш хан-сұлтандарымыз, батырларымыз көп жағдайда осы билерімізді аузына телмеңдеп, уәжін құп алмаушы ма еді.
Би - Ойшыл, Ғалым. Биді ауыл арасындағы немесе ел мен ел арасындағы даулы мәселелерді шешіп, қоғамдық өмірге ат салысады деумен шектелсек, әлі де оның қадыр-қасиетіне үстірт қаралған тоқталған болар еді. Ол халық тарихын, әдет-ғұрпын, салт-санасын жете меңгерумен бірге заңғар-заңғар ой түйе білген философ ғылымның, әр саласынаң жақсы хабардар, білімпаз
жандар еді. Халықтар шежіресін, діни ілім-білімді зерделеумен қатар, күн, ай, жұлдыз, жер, су, тау, көк аспан мен жеті қатты жердің асты-үстінде қыбырлаған коңыздан бастап, барша аң, құстың, жан-жануарлардың сан-алуан, тірліктерін қасиеттерін жете білген. Сонар-сонар пікір айтар жерде соларды салыстырмалы түрде мысалға келтіріп, сом-сом ой түйіп, өлмес қағидаға бергіс қанатты сөздер қалдырған. Тек өткенді немесе көз алдарындағы көргенді ғана пайымдап, ой түйіп қоймай болашаққа көріпкелдік-пен болжау жасауда көбіне осы кесем билердің еншісіне тиген десек, асыра дәріптегендік деп бізді ешкім сөге қоймас. Мысал ма? Мысал тіпті көп. Дегенмен солардың Ішінде ең бір кеңесі, яғни осыдан екі мың жылдай бұрын айтылды деп жүрген Майқы бабаның мына сөзі жеткілікті шығар:
Әлі заман өзгерер,
Өзгергенін көз көрер,
Мінгенің арба болар,
Бар құс қарға болар,
Жансыз арба ат болар,
Өз балаң өзіңе жат болар,
Темірден құс болады,
-Ұрпағыңның көргені сұс болады.
Адам басы ауырып дақ шатылар,
Базарында сұйылып сүт сатылар.
Еркек билік тал болар,
Сиыр пұл болар
Еркек жасып - и болар.
Қатын тұлданып - би болар.
Төсекке есеппен жатарсың,
Жыныс зарпын ақшаға сатарсын.
Иекке тиер қызыл аз болар, Адам шаштан айрылып - таз болар.
Он бесте аузыңнан аршырсың,
Тушсыңнан тамаққа таршырсың,
Сары судан ас болар,
Балаң өзіңе кас болар,
Жұрт пақыр болар,
Жер тақыр болар,
Осындай қилы заман болар. Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би", - деп халық бекер айтпаса керек. Оның бұл сөзін кемеңгерлік, көргендік демегенде, не дейміз.
Тарихтың кейбір тастарында бидің шығуын осы Майқының көзімен байланыстырады. Бірақ біздің ойымызшы би хан деген сөзден де бұрын ұшырасатын болғандықтан, оның түп төркіні сонау ру басы тайпы басы деген сөздердің тарихымен тұтас жатқан секілді.
Би - психолог әртіс. Би - адам жан дүниесін, мінез құлқын бірер кергеннен-ақ тап баса алатын өте қағылез, әдеп-ті әтик, психолог болуы шарт. Сонымен бірге, әділет сөзінің өзін қарсы пікір таластырушының арына, намысына тиіп өршілендіріп немесе шешендік ақындық айтыстарда ұшыраса беретіндей қарсыластық жеті атасының беретіндей, қарсыластық жеті атасының бірінде кезіккен. Кемшілікті, не қара басының жеті мүшесіндегі бір кемтарлықты кекетіп мошқап, мұқатып, шапдандырып алмай байыпты сөйлегенде ғана дітегеніне жетеді.
"Тура биді туған жоқ, туған биде иман жоқ", - дейді халық. Алтыннға айырбастағысыз асыл да ақиқат сөз. Жақыным едің деп жалтақтамай, жатым едің деп тусыртын бермей тура сөйлеген биді ғана халық пір тұтқан. Бірак сол әділет сөздің өзін кімге, қалай жеткізуді игермеген биді әлі жетілмеген, сыңар қанат құс санатына қосқан. Сондықтан да, көсем билер қарсыласының жан дүниесіне үңілумен бірге оның әрбір қимыл-қозғалысын үн болуын қалт жібермей, қадағалай білген. Соған орай өзі де үн бояуын құбылтып дауыс ырғағын бірде желдіртіп, бірде төкпек-тетіп, енді бірде-ак жауындай себелетіп сөйлеумен бірге, әр сөзінің мән-мағынасын ашатындай ғып қимыл-қозғалысын бет-пішінін, қасқабағын "ойната" білген тамаша әртістік қабілет иелері. Сол арқылы жүректен шығып, жүрекке жетіп отыруын көз-деген. Әр ағаш қимыл дауыстағы сенімсіздік, бейсауат әрбір іркіліс - орашолақ ойдың көрінісі деп түйген.
Би- тәрбиеші. "Бай болар бала айырбасшыл би болар бала ағайыншыл", "Өсер елдің баласы он бесінде баспын дейді, өспес елдің баласы он бесінде жаспын дейді" секілді толып жатқан мақал-мәтелдердің әу бастағы иелері, мүмкін билер шығар? Қалай болғаида да, би атанып, халыққа танылғандар. Өзім болдым, өзім толдым кейінгілер өздері білсін, - деп келге ойлап кем пішпегендер, өйткені олар – хал – қадырынша жоқ-жігіттің әлдіден әділетсіздік керген әлсіздердің жоғын жоқтал, елдің кешегісі мен бүгінгісін ойлап, болашақ мүддесін көздеген" жандар.
Таудың аласармауын, бұлақтың сарқылмауын мұрат тұтқан әр би өзінен кейінгі ұрпақтың да ел ұйытқысы, ел қамқоршысы болып жетілуін қаперлерінен шығармаған. Мүмкіндігінше өз балаларының бірін болмаса ат аяғы жетер жердегі көкірегінде сәулесі, көзінде аты бар жастарды қыран шалар қия биіктен танып, тәрбиелеп, баулып баққан. Болашақта соларға ұқсап ел мүддесін көздесем-ау деген талапты жастар ондай дуалы ауыз билерді өздері іздеп барып бата алған. "Баталы ер арымас" дегенде содан қалса керек, Үміт етіп сенім артқан ондай жастарға батасын берумен бірге, өмір бойы өздерінің жинақтаған тәлім-тәрбиесін ұлағат сөздерін құлақтарына құюдан жалықпаған, сара саналы дана ойлы тәрбиеші, ұстаз билердің есімі халық жадында мәңгі сақталып қалуда.
Батыр, шешен, би Сырым өзінің өнерімен ел Ішінде тым ерте танылады. Ол он бес жасында елге сыйлы Бөкен биден бата алуға барады. Сырымның алғырлығына, ұғымдылығына риза болған би батасын береді.
Арқаң қара нардай жауыр болсын, Мінезің қара жердей ауыр болсын Өкпең жоқ, кеудеңде бауыр болсын, Құлағыңнан сыбыр кетпесін! -деп батабын бергеннен кейін Сырымның бұл сөзді қаншалықты зерделегенін білгісі келіп осы жұмбақ батасының мән мағынасын сұрайды. Сонда Сырым:
- Арқаң қара нардай жауыр болсын дегеніңіз - халық үшін жұмыс жаса, халықты өзіңе ерте біл дегеніңіз. Мінезің қара жердей ауыр болсын дегеніңіз - беріден ойлана, әріден ойла, салмақты бол, жеңіл болма дегеніңіз. Өкпең жоқ, бауыр болсын дегеніңіз - инені жіпке тізіп, не болса соған өкпелеме дегеніңіз. Құлағыңның сыбыр кетпеуін дегеніңіз - ел арасында, дау-жанжал кеп кездеседі. Сол мәселені өзің шешіп, ақ-қарасын айырып, дұрыс терелік бере біл дегеніңіз - дейді.
Бөкен би Сыркмның ақылдылығына шын риза болады. Сонымен, қазақ жұртының халық болып бір тұтас елге айналуында, дамып, өркендеуінде айтулы хан-сұлтандарымыз, батырларымыз бен бірге көсем билеріміздің да айырықша үлес қосқанын айту еркіндігіне егеменді елдікке қолымыздың жетуі арқасында ғана мүмкіндік туып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |