Flash технологиясының мүмкіндіктерін оқу үрдісінде қолдану Әділбекова Э. Т. Бәймішева А. Ж, Құлжатаева К. М



Дата07.03.2016
өлшемі293.5 Kb.
#45694
ӘОЖ 371.134:51.004
Flash технологиясының мүмкіндіктерін оқу үрдісінде қолдану

Әділбекова Э.Т. Бәймішева А.Ж, Құлжатаева К.М.

ОҚМПИ, Шымкент
Резюме

В статье рассматриваются преимущества и анимационные возможности Flash технологий.

Summary

In article advantages and animation possibilities of Flash of technologies are considered
Соңғы кездері Flash технологиясы Web-дизайнда, сонымен қатар Web-тен тыс аймақтарда да танымал болып келеді. Осындай аймақтардың бірі – электрондық оқыту жүйелерінің өңделуі мен көрсетілімдері. Шын мəнінде, ең бірінші ойымызға келетіні – Flash технологиясының информатика мамандықтарында оқытылуы. 5В011100-Информатика мамандығында таңдау пәндерінің бірі ретінде «MacromediaFlashMX технологиясы» курсы оқытылады. Курстың мақсаты – студенттерді Macromedia Flash технологиясының мүмкіндіктерімен, негізгі әдістерімен және құралдарымен толық таныстыру; аталған технологияны пайдаланып түрлі мультимедиалық оқыту программаларын, анимация, мультипликация мен электрондық оқулық жасауға және Web-беттерін құруға үйрету; күнделікті оқу процесіне қажетті құрал ретінде пайдалана алатындай деңгейге жеткізу; Action Script бағдарламалау тілін меңгеруболып табылады.

Macromedia Flash жүйесі интерактивті мультимедиялық жобалар мен тестілеу құралдарын дайындағанда, анимациялар мен бейне-роликтер дайындағанда, мультипликация мен ойындар ұйымдастырғанда және тағы басқа көптеген жобалар жасағанда қолданылатын кең тараған жүйе.

Векторлық морфинг (бір бейнеден екіншісіне баяу түрде өтетін бейнеэффект) технологиясы Flash-ке дейін қолданылған [1]. 1986 жылы осы технологияны қолданатын Fantavision программасы жарыққа шыққан. 1991 жылы осындай технологиямен Another World ойыны, екі жылдан кейін Flashback құрастырылған.

Flash-ті FutureSplash Animator анимациялық пакетін құрастырған FutureWave компаниясы дайындаған. 1996 жылы Macromedia компаниясы FutureWave компаниясын сатып алып, FutureSplash Animator пакетінің атын Flash деп өзгертеді. Осы атаумен бұл платформа қазіргі күнге дейін даму үстінде.

Flash технологиясы – бұл негізінен векторлық анимация технологиясы болып табылады. Мұндай қадам дəстүрлі кадрлы анимацияларға (avi, mpeg) үлкен мүмкіндік береді. Векторлық графика – экранда əр объектінің нағыз математикалық сипаттамасын берумен, (əр түрлі түстегі нүктенің массивін сығылмаған, жəй түрде ұсынатын) ресурстардың жүргізілуіне қосымша құралды талап етпеуімен, жадыда өте аз орын қамтуымен, масштабталу жəне қайталану кезінде сығылмауымен растрлық графикадан ерекшеленеді. Анимация əрбір кадрда емес, тек қана кілттік кадрда орындалады. Қалған кадрлар файлда сақталмай, алдын ала берілген үнсіз келісім бойынша компьютерде сызылады. Бұл файлдардың жадыдан аз орын алуына мүмкіндік береді. Одан басқа Macromedia фирмасы (немесе басқа да өндірушілер) барлық танымал қабат жəне операциялық жүйелері үшін *.swf программалық ойнатқыштарын шығарды.

Macromedia Flash бірнеше программалардың жиынтығынан, яғни сурет салуға және жеңіл өңдеуге арналған векторлы редактордан; слайд жасауға арналған презентациялық программасынан; Action Script қосымшасының программалау ортасынан; анимация жасау мүмкіндігінен; мультипликация және дыбысталуды ұйымдасытыру мүмкіндігінен; батырмалар мен гиперсілтемелер ұйымдастыру мүмкіндіктерінен тұратындықтан жүйе деп аталады.

Flash-тың дəстүрлік векторлы редакторлар мен векторлық графика форматтарынан ерекшелігі, Flash – баспаға емес (тегістелген сызықтар, дөңгелек мəтін, балқымалы түстік өтулер), экрандық көрсетілімдерге бағытталған. Сондықтан бұл, бейне сапасын фотографиялық сурет түріне жақындатады. Бірақ, Flash-тің негізгі ұтымдылығы, Flash-ролигін қарастырушылардан жасырын түрде орналастырылған. Бұл программалаудың жеке тілі. Бұл тіл – Macromedia-ның фирмалық өңдегіші болып, Action Script атағына ие. Оның тілі скриптік тіл болса да, жаңа енгізілген обьектілі – бағытталған қадамның барлық түрін қолдайды. Осы тілде роликтің кез келген элементін басқаруға жəне оның қасиетін өзгертуге болады. Программалау тілін роликке енгізудің негізі – интерактивтілік болып табылады, яғни ролик мүмкіндігі қолданушы əрекетіне тəуелді түрде өзгереді.

Flash-ті презентацияларда жəне электрондық оқыту жүйелерін өңдеуде тиімді құрал ретінде қолдануға болады. Flash программасын қолдану алгоритмдік блок схемалар құруға, программаның орындалу ретін көрсетуге жəне берілген есептің нақты нəтижесіне жетуге көптеген мүмкіншілік жасайды. Осы электрондық оқыту жүйелерімен өз біліктілігін арттыра алады. Яғни, орындалатын тапсырмаларда дыбыстық, анимациялық, графикалық мəліметтер бар. Пайдаланушы өзі қалаған анимациялық роликті өзіне түсінікті болуы үшін тоқтатып, анық көре алады.

Анимация – көрнекілікті арттыруға мүмкіндік береді. Action Script жəне интерактивтіліктің көмегімен қисық параметрлерін жəне басқа да сызба элементтерін түрлендіруге мүмкіндік туады. Осындай жағдайларға байланысты сабақта Flash-ті қолдану уақытты үнемдейді.

Электрондық оқыту жүйелерін информатикада қолдану осы курсты толық меңгеруге мүмкіндік жасайды. Сурет салуда векторлық қадам жасау бейненің дəлдігін өсіруі мүмкін (функция графигі, жанамалар, хордалар, қисық сызықты аудандар жəне т.б).

Мысалы, математикада f(x)=0 теңдеуінің түбірін хорда әдісімен шешу әдісінің геометриялық мағынасын интербелсенді тақтаның көмегімен графикті кескіндеп көрсетуге болады. Macromedia Flash технологиясы арқылы хорда әдісінің кескінін демонстрациялау фрагменттерін 1-суреттегідей көрсетуге болады [2].

Сурет 1 – Хорда әдісін Macromedia Flash технологиясы арқылы демонстрациялау фрагменттері
Векторлық графиканың артықшылықтарын геометрия сабақтарында бағаламау мүмкін емес. Мұнда да компьютердің көмегімен көрсетілген дайын сызба есебінен уақыт үнемделеді. Стереометриядағы түрлендірулерді үйрену кезінде анимация ерекше қажет болады. Сонымен қатар, Flash-ті қолдана отырып, көптеген мысалдар келтіруге болады. Басқа да пəндерде осы прогресссивті технологияны қолдануға орын табылады. Атап айтқанда, географияда – анимацияланған карталар, химияда – молекулярланған жəне атомды деңгейлер процессінің иллюстрациясы, сызуда – анимацияланған сызбалар мен қималар, биологияда – жасушалар жəне т.б көптеген мысалдар қарастырылады.

Қазіргі кезде Flash технологиясы бұрынғы Flash сияқты бір программа ретінде қарастырылып қоймай, ол толық əмбебапты бір жүйе болып қалыптасып келеді. Flash версиялары жиі жаңартылып отырады. Бұл жаңартулар уақыт талабына сай жетілдіріледі. Оны аспаптық құрал ретінде де тиімді қолданады. Flash-ті қолдану аймағы өте кең ауқымда қарастырылып отыр: CD, анимациялар, полиграфиялар, кескіндеу өнері, шоу-бизнестегі теледидардағы дизайндер жəне басқалар.



Сонымен, Flash технологиясын қолдану оқу үрдісінде демонстрациялық әдісті жүзеге асыру құралы болса, ал басқа салада мультимедиялық жобалар, бейне-роликтер, мультфильмдер және т.б. жасау құралы болып табылады дегіміз келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
  1. Adobe Flash. Википедия. Свободная энциклопедия. http://ru.wikipedia.org.


2. Адылбекова Э.Т. Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдірудегі «Сандық әдістер» пәнін оқытудың дидактикалық негіздері (математика, информатика мамандықтары бойынша): дисс... канд. пед. наук: 13.00.08. –Туркестан, 2009. -124 с.

  1. Дронов В. А. Macromedia Flash MX. - СПб.: БХВ-Петербург, 2003. - 848 с.: ил.

  2. В.Т.Черкасский. Эффективная анимация во Flash. . – М.:Кудиц-Образ, 2007.-344 стр.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет