Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы, №2 (29), 2011 ж.
9
ажырағысыз ұғымдар. От бар жерде ӛмір бар. Ӛмір болған соң отбасы құрылады. Мың, миллиондаған
отбасы Отан деген ұғымды құрайды. Отаның болу үшін – жерің, үйің, елің, мемлекетің,дінің,тілің болуы
шарт. Сонымен мемлекет отбасынан құрылса, отбасы туыс адамдардан құрылады.
Қазір дүниежүзі отбасы құндылықтарына қайта мән бере бастады. Біріккен Ұлттар Ұйымының
Бас Ассамблеясы Халықаралық отбасы күнін белгіледі.
Отбасы – Отанның ошағы. Отбасында тәрбие ұлттық сипатта жүрсе, кез келген отбасының
берекесі кіреді, отбасы мүшелері бақытты ӛмір сүреді. Сондықтан Отбасын сақтау, қорғау, қастерлеу әр
отбасы мүшесінің қасиетті борышы болу керек.
Отбасы – адам баласының дүниеге келгенінде есігін айқара ашып енетін үйі, ӛсіп ержететін,
тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Адамзат ұрпағына отбасына аса құнды ықпалы мен
әсерін ӛмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата –
ана тәрбиесінің орнын
ешнәрсе толтыра алмайды.
Отбасы мүшелерінің адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділікке негізделген
қарым – қатынасының бала тәрбиесіне ықпалы зор. Алайда үлкендердің мінез- құлқы мен іс - әрекеті
сыйлауға тұратындай, жасӛспірімдерге үлгі кӛрсететіндей болуы абзал. Сондай-ақ,
отбасы тәрбиесінің
тағы бір артықшылығы үйдегі адамдардың жас шамасы әртүрлі болсада, бір-бірімен рухан жақындығы,
мақсат ынтымақтастығында деп айтуға болады.
Қазақ ата дәстүрінің бірі - дүниеге келген балаға бүкіл ауыл, тума – туыстар болып кӛңіл бӛлу.
Азан шақырып, атын қойғаннан бастап, ержетіп отау тіккенге дейін, ауылда бала ӛмірінің әрбір белесі мен
асқан асуы туыстар тарапынан атаусыз, ескерусіз қалған емес. Бала ӛміріне байланысты отбасында
болатын қуаныштардың болғанына қадірменді ақсақалдары мен игі жақсылары балаға деген жақсы
тілегін айтып, ақ батасын беріп, үй иелерінің қуанышын бӛліскен. Сонымен қатар бала тәрбиесі бұрынғы
қазақ ауылында бірғана үй адамдарының тілек – талабы мен мүдделерінің деңгейінен асып – түсіп,
қоғамдық, әләуметтік сипатқа ие болып отырған. Қазақ отбасы тәрбиесінің осы жақсы үрдісін бұл күнде
қайта жандандыруымыз қажеттігі қазір әлеуметтік – педагогикалық проблема.
Отбасында ӛз ұрпағының тәрбиесі - ерлі- зайыптыларға, ата - әжелерге ортақ іс, жауапты міндет
қойып отыр. Бала тәрбиесіндегі әйел- ананың орны ерекше.Ӛйткені
ана тілі, ұлттық ерекшелік, адамға
жақсы атаулы ана сүтімен сіңеді. Сондықтан әйел болмысының ӛзгеруінің әлеуметтік себептерінің алдын
– алып, оны әуел бастағы табиғат алдындағы ұлы міндеті – бесігінен ажырамауына қамқорлық жасау.
Баланы кішкене кезінен анасының сүтін ӛтеуге баулу, бүкіл қоғамда әйелге, анаға ерекше ілтипат
қалыптастыру, оған қамқорлық жасау қажет. Сондай – ақ, бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігін,
тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттырудың да маңызы ерекше. Ӛйткені отағасы –
шаңырақтың қорғаны,
асыраушысы, қамқоршысы, ақылшысы. Сондықтан қазақ әулетінің ер- азаматты бағалау, пір тұту
дәстүрін одан әрі жалғастыру қажет.
Біздіңше, отбасы дегеніміз – үйелменде атасы мен әжесі, әкесі мен анасы, ағасы мен інісі,сіңлісі
мен әпкесі туыстық байланыста болатын, бірлесіп ӛмір сүретін адамдар жиынтығы. Отбасы – ұлттық және
рухани дәстүрлер мен құндылықтарды үйрететін, бала бойына сіңіретін орын. Сондықтан отбасы - тәрбие
бесігі. Отанға, елге деген борышымыз алғаш осы отбасынан басталады. Отбасында үлкендердің іс -
әрекеттерін кӛріп ӛскен бала- соны қайталайды, әдетіне айналдырады. Осылайша баланың адамгершілігі
мен тұлғасы қалыптасады. Сол себептен отбасы мүшелерінің бір - бірлерінің алдындағы адамгершілік
міндеттерін, жауапкершіліктерін орындауларының маңызы ӛте зор.Отбасының
бақыты мен ұлттың
болашағы осыған кӛп байланысты.
Қазақ баланы ӛте жақсы кӛретін халық,сондықтан да баланы отбасының бақыты деп санап, қолдан
келгенше әр отбасы оны жақсы тәрбиелеуге тырысқан. Сӛйтіп, бала тәрбиелеуде әр отбасы тәрбие бесігі
болды. Халықты ӛмір жолында қалыптасқан ӛте үлкен тәрбиелік мәні бар әдет ғұрыптардан туындаған
салт – дәстүрлер тәрбие құралы болды. Заман кезеңдеріне сай әдет- ғұрыптың, салт- дәстүрдің озығы мен
тозығы іріктеліп саралануының арқасында ӛмірге бірге қайнасқан салт- дәстүрлер қаншама құбылмалы
заман ӛзгеріп жатса да, ӛз маңызын жоғалтпай тәлім- тәрбиенің пәрменді құралы болып келе жатқаны
ӛмір шындығы. Бірақ та айта кету керек сол бала тәрбиелеуде ұлттық мұра арқылы қалыптасқан тәлім –
тәрбиелік мәні бар пәрменді құралдан айырыла бастаған кезіміз де болды.
Кеңес дәуірінде балаға тәлім – тәрбие беру жұмысында отбасының жауапкершілігі азды – кӛпті
тӛмендеп, ол жұмыстар негізінен
мектепке дейінгі балабақшаға, мектепке, мектептен тыс пионерлер үйіне,
ӛлкетану, жас техник станцияларына, үй басқармаларының жанындағы клубтарға жүктелген болатын.