Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспары ортаңғы топ



бет1/33
Дата05.06.2022
өлшемі98.04 Kb.
#458983
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Srednyaya gruppa 2017-2018



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ
Ортаңғы топ
Өтпелі тақырып:«Менің балабақшам»
Мақсаты: балалардың бойында балабақшаға, достарына сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамыту.
Міндеттері: балабақша қызметкерлеріне деген сыйластықпен әдептілікті тәрбиелеу.






Тақырыпша

Коммуникация
Сөйлеуді дамыту – 1
Көркем әдебиет – 0,5
Драма – 0,5

Таным
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (ҚМҰҚ) – 1
Құрастыру – 0,5
Жаратылыстану – 1

Шығармашылық
Сурет салу – 1
Мүсіндеу – 0,5
Аппликация – 0,5



Әлеумет
Қоршаған ортамен таныстыру – 0,25
Экология негіздері – 0,25

Қыркүйек.




Менің балабақшам
(І апта)

Сөйлеуді дамыту
Т: «Менің сүйікті балабақшам»
М: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға, топтағы заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін зат есімдерді қолдануға үйрету. Заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру.
Көркем әдебиет
Т: «Балабақша біздің үй»
М:Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту. Сұрақтарға жауап беруге үйрету. Балабақша туралы әңгімелеу.
Драма
Т: «Мен не жасадым»
М:Балаларды театрмен таныстыру. Көркем әдебиет шығармалары бойынша драмалық дағдыларды дамыту.

ҚМҰҚ
Т: «Теңдік және теңсіздік»
Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру.Ұсынылған үлгі бойынша немесе кеміген заттардан топ құрауға, топтан жеке бір затты бөліп алуға үйрету. Әртүрлі түстен тұратын заттардың жиыны туралы түсініктерді қалыптастыру.
Құрастыру
Т: «Орындық, сырғанақ»
М:Құрылыс материалдарынан орындық, сырғанақ құрастыра білуге үйрету. Құрылыс материалдарының бөлшектерін дұрыс ажыратып, атау.
Жаратылыстану
Т: «Алтын күз» (табиғаттағы бақылау)
М:Күз мезгілінің өзіне тән белгілері туралы түсініктерін кеңейту.Табиғаттағы және ауа-райының жағдайларын бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесінде белгілеуге үйрету.

Сурет салу
Т:«Орындық»
М:Қарындаштармен дәстүрлі тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру. Топ бөлмесіндегі дөңгелек пішінді табу арқылы заттарды салу.
Мүсіндеу
Т: «Досыма арналған сыйлық»
М:Балалардың достық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Түрлі тәсілдерді қолдана отырып дөңгелек, сопақ пішіндерді бейнелеу
.




Менің достарым
(ІІ апта)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет