Гаврин селолық округі



Дата24.02.2016
өлшемі32.52 Kb.
#11996
Гаврин селолық округі

Гаврин селолық округ аумағы 28349 құрайды, ауылшаруашылық аумағы 16539 га құрайды, егіс алқабы-8098 га, мал бағатын жер-9901 га.

Селолық округте 2 елді мекен бар: Гаврин селосы 297 адам, Зарослое селосында 97 адам. Барлығы 394 адам. 2010 жылға тұрғындар санаты бойынша пайыздық құрамы: зейнеткерлер-15,3%, балалар-13,3%, мүгедектер-3,6%, жұмыс істейтіндер- 64, оның ішінде өз шаруасымен айналысатындар- 41,3%. Студенттер және окушылар- 3,8%.

Селолық округте ауыл шаруашылығы саласында ЖШС « Надежда- Север», және 1 шаруа қожалығы жұмыс істейді, егіс алқабы 7084 га құрайды. Селолық округ аумағында бидай және арпа өседі. Жеке шаруашылықта 1464 бас ірі қара мал, оның ішінде 550- бас сиыр, 591- бас қой, 197- бас жылқы, 285- шошқа. Ауылшаруашылық жануарларының саны бір қалыпта, жануарлардың кейбір түрлерінің саны өсуде. Селолық округ орманды далада орналасқан, жем-шөп мол, сондықтан жеке шаруашылықпен айналасу ыңғайлы. Селолық округте шаруашылық техникасы жеткілікті, тұрғындар қолалқы шаруашылықтарын жем-шөппен өздері қамтамасыз етеді. Тұрғындардан сүт сатып алу жүргізіледі. Зарослый селосында «Булаев май жасау» зауыты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,Гаврино селосында жекеменшік кәсіпкер С.Н.Бондарев халықтан сүт жинайды. Жыл ішінде екі рет ветеринарлық тексеріс жүргізіледі.

Петропавл қаласында өтетін жәрмеңкеде, тұрғындар артық қалған ет, сүт өнімдерін, құс шаруашылығынан түсетін өнімдерін сатады.

Гаврин селосын сумен қамтамасыз ету орталық жүйесінен су қысымды мұнара арқылы іске асырылады, су тарату пункттері орнатылған, сонымен қатар округ тұрғындары есебінен техникалық қажеттік үшін 30 метр скважина бұрғыланған.

Село тұрғындарының тұрмысын жақсартуға ауыл инфрақұрылымдары ықпал етеді. Телефон байланысының сапасы жақсарды. Зарослое селосында 13 радиотелефон жүйесі орнатылған. Қазіргі уақытқа номерлер алуға болады. Округ аумағында екі мектеп жұмыс істейді. Гаврин орта мектебі, Зарослое селосында бастауыш мектеп жұмыс істейді. оларда 18 оқушы оқиды. Мектептер қазіргі заман талабына сай оқу-материвалдық базасымен, педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген. Мектептерге телефон орнатылған және Интернет желісіне қосылған. Бір ауысыммен сабақ оқиды. Мектепте 100 пайыз ыстық тамақ ұйымдастырылған. Өткен жылы ҰБТ жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Гаврин орта мектебіннің көрсеткіші 92 балл. Округ оқушылары өткен жылы ауданда өткізілген байқауларға, олимпиадаларға, спорттық жарыстарға қатысты.

2010 жылы мектептерде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу үшін шағын орталықтар ашылды. Зарослое мектебінде бес орын, толық бармайды, Гаврино орталау мектебінде 10 орын, толық бармайды. Жаңа оқу жылы басталғанда «Мектепке жол ашу» акциясы өтіп, аз қамтылған отбасы балаларына мектепке дайындалуға көмек көрсетілді.өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіші халықтың әлжуаз тобының әлеуметтік қорғалу деңгейі болып табылады.

2010 жылы 18 жасқа толмаған балаларға 10 отбасы жәрдемақы , 220.4 мың теңге көлінде жәрдемақы алды. 2 аз қамтылған отбасы 100,3 мың теңге көлемінде атаулы мемлекеттік әулеметтік көмек алды Округте жаңа жылдан басап 27 жұмыс орыны ашылды.

Селолық округте барлық салықтар жиналған жер салығы-33858 мың теңге, мүлік-8358 мың теңге, көлік салығы-333716 мың теңге.

Жеңіс күніне, Наурыз, Қарттар күніне шаруашылық субъектілері және кәсіпкерлердің демеушілік көмектері есебінен бұқаралық- мәдени іәс-шаралар өткізіліп тұрады.

Округте Гаврин селосында кітапхана жұмыс істейді, онда әр түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

2010 жылы селоларды көркейту бойынша біршама жұмыс жүргізілді. Село ішіндегі жол тегістелді, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қатысушыларға қойылған екі ескерткіш абаттандырылды.

Құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында округте полиция инспекторы жұмыс істейді. Оның қызметі үшін жағдай жасалған, кабинет жабдықталған, телефон орнатылған. Селолық әкімдік мамандарымен және мектеппен тығым байланыста жұмыс істейді.

Округте 1 дүкен бар, оеда халыққа қажетті күнделікті тұтыну тауарларын сатып алуға болады.

Селолық округте 2010 жылғы өткен есепті кездесулер барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды орындау бойынша біршама жұмыс жүргізілді:

Гаврин селосынан Октябрь селосына дейін жолға ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауыл ішінде телефон жүйесі дүрыс істемейді.

- ТПП-20-2 кабелі жөнделді Ұялы байланыс мәселесі ашық қалды. 2010 жылғы 15 ақпанда ветеринария жөніндегі маман қабылданды.

Гаврино селосы тұрғындары есебінен 30 метр скважина қазылған.



2010 жылғы нәтиже біздің біріге атқарған еңбегіміздің жемісі. Әрине, алдағы жылы бірге шешетін мәселелер, проблемалар да бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет