Ауыл шаруашылығы саласында 12 айда атқарылған жұмыстар туралы анықтама
2015 жылға «Сыбаға» бағдарламасы аясында 150 бас аналық сиыр және 5 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу жоспарланған. 2015 жылдың 12 айына дейін 5 шаруашылық 28,6 млн. теңге несие алып, 159 бас сиыр және 10 бас бұқа сатып алды, немесе 106 пайызға орындалды.
«Асыл асық» бағдарламасы аясында 550 бас қой және 19 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу жоспарланған. 2015 жылдың 12 айына дейін 5 шаруашылық 16,1 млн. теңге алып, 594 бас қой және 32 бас қошқар сатып алды, немесе 108 пайызға орындалды.
«Құлан» бағдарламасы аясында 100 бас жылқы және 10 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланған. 2015 жылдың 12 айына дейін 6 шаруашылық 49,0 млн. теңге алып, 162 бас жылқы және 22 бас айғыр сатып алды, немесе 162 пайызға орындалды.
Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша
2015 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 24 жас маманға бір жолғы жәрдем ақыға 3330 мың теңге және тұрғын үй сатып алуға 9 жас маманға 26757 мың теңге қаралды (Бір жас маманға көтерме жәрдемақы 138740 теңге, тұрғын үй алуға бір маманға 2973 мың теңге)
2015 жылдың 12 айында жеті рет комиссия отырысы өткізіліп, 24 жас маманға бөлінген бір жолғы көтерме жәрдемақы толықтай игерілді. Оның ішінде, білім саласы бойынша 16 адам, денсаулық саласы бойынша 6 адам, әлеуметтік саласы бойынша 2 адам.
Тұрғын үй сатып алу үшін 2015 жылдың 12 айына дейін 10 жас маман өтініш білдіріп, 24 926 мың теңге несие берілді. Оның ішінде 6-уі білім саласы, 4-уі дәрігер.
Достарыңызбен бөлісу: |