География. 7 сынып.
1. Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша?
а) 310,2 млн км2; в) 410,2 млн км2; с) 510,2 млн км2;
д) 610,2 млн км2; е) 710,2 млн км2.
2. Жер бетінің қанша пайызын құрлық алып жатыр?
а) 19,2%; в) 29,2%; с) 39,2%; д) 49,2%; е) 59,2%.
3. Аралдар тобын не деп атаймыз?
а) Архипелаг; в) Материк; с) Шығанақ;
д) Бұғаз; е) Дүниежүзілік мұхит.
4. Неше дүниенің бөліктері бар?
а) Үш; в) Төрт; с) Бес; д) Алты; е) Жеті.
5. Тынық мұхитындағы Мариана шұңғымасының тереңдігі қанша?
а) 9 022 м; в) 10 022 м; с) 11 022 м; д) 12 022 м; е) 13 022 м.
6. "География ғылымының атасы" деп кімді атаймыз?
а) Геродот; в) Эратосфен; с) Страбон; д) Птоломей; е) Рубрук.
7. 1492 жылы Үндістанға баратын жолды іздеп саяхатқа шыққан саяхатшы?
а) Фернан Магеллан; в) Америго Веспуччи; с) Христофор Колумб;
д) Руаль Амундсен; е) Джеймс Кук.
8. Жер шарының математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнеленуін не дейміз?
а) Масштаб; в) Глобус; с) Тақырыптық карта;
д) Кешенді карта; е) Картографиялық проекция.
9. Литосфералық тақталар теориясын ұсынған кім?
а) А. Чириков; в) Н.Пржевальский; с) А.Вегнер;
д) Ю.Лисянский; е) М.Лазерев.
10. Қазіргі кезде неше литосфералық ірі тақта анықталған?
а) 7 тақта; в) 8 тақта; с) 9 тақта; д) 10 тақта; е) 11 тақта.
11. Альпі қатпарлығы қай эраға тән?
а) Архей; в) Протерозой; с) Палеозой; д) Мезозой; е) Кайнозой.
12. Қазіргі алты материк ежелгі біртұтас қандай материктен ажырап шыққан?
а) Аустралия; в) Лавразия; с) Пангея; д) Африка; е) Гондвана.
13. Жер қыртысының қозғалмалы белдеулерін не деп атаймыз?
а) Платформа; в) Геосинклиналь; с) Плита;
д) Материктік жер қыртысы; е) Мұхиттық жер қыртысы.
14. Жер бетінің жиынтығын не дейміз?
а) Геосинклиналь; в) Платформа; с) Үгілу; д) Эра; е) Жер бедері.
15. Ауа райының белгілі бір жерге тән көпжылдық режимін не дейміз?
а) Изосызықтар; в) Ауа райы; с) Климат;
д) Атмосфералық қысым; е) Тропосфера.
16. Жер бетінде неше жоғарғы қысым белдеуі бар?
а) 3; в) 4; с) 5; д) 6; е) 7.
17. Жер бетінде неше төменгі қысым белдеуі бар?
а) 3; в) 4; с) 5; д) 6; е) 7.
18. Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік температурасына, ылғалдылығына, мөлдірлігіне ие болған, біртекті қасиеттері бар зор көлемдегі ауаның жиынтығын не дейміз?
а) Атмосфералық қысым; в) Пассат; с) Ауа массасы;
д) Жел; е) Климат.
19. Жер шарында неше климаттық белдеу бар?
а) 10 климаттық белдеу; в) 11 климаттық белдеу; с) 12 климаттық белеу;
д) 13 климаттық белдеу; е) 14 климаттық белдеу.
20. Тропиктік климаттық белдеуде неге жауын-шашын аз жауады?
а) Мұхиттардың алыстығынан; в) Ауаның тұрақты төмен бағытталған қозғалысынан; с) Ауаның тұрақты жоғары бағытталған қозғалысынан;
д) Жер бедеріне байланысты; е) Күннің түсу бұрышына байланысты.
21. Климат қалыптастырушы факторларды көрсетіңіз?
а) Географиялық ендік; в) Ауа массалары; с) Жер бедері;
д) Мұхит және ондағы ағыстар; е) Барлық жауап дұрыс.
22. Мұхиттағы судың тұздылығын немен өлшейді?
а) Процентпен; в) Изобарамен; с) Промиллемен;
д) Градюспен; е) Литрмен.
23. Мұхиттардағы беткі ағыстарды не қалыптастырады?
а) Күннің түсу бұрышы; в) Тұрақты желдер; с) Мұхиттағы аралдар;
д) Ауа массалары; е) Мұхит суының тұздылығы.
24. Мұхит суының терең тұңғыйығында тіршілік ететін тіршілік дүниесін не дейміз?
а) Планктон; в) Нектон; с) Бентос;
д) Бір жасушалылар; е) Көп жасушалылар.
25. Дүниежүзілік мұхит суында қанша түрі кездеседі?
а)100 мың; в)120 мың; с)130 мың; д)140 мың; е)150 мың.
Достарыңызбен бөлісу: |