География пәнінен 9-сыныпқа арналған деңгейлік тест тапсырмалары



Дата12.12.2022
өлшемі55.5 Kb.
#467090
Пиза


География пәнінен 9-сыныпқа арналған деңгейлік тест тапсырмалары.


1-нұсқа

  1. Дүние жүзінің физикалық картасында қоңыр түс нені білдіреді?

  2. Қазақстан оңтүстік-батысында шектесетін мемлекет?

  3. Атмосфераның ең төменгі қабаты?

  4. Жер шарының жалпы ауданы?

  5. Температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық?

6. Қазақстанның аласа таулы өлкелеріне жатады?
A) Алтай
B) Жетісу Алатауы
C) Іле Алатауы
D) Сарыарқа
E) Үстірт
F) Мұғалжар
G) Тарбағатай
H) Маңғыстау
7. Қазақстандағы теміржолдардың ішіндегі республикалық маңызы бар бойлық бағыттағы магистральдарды ата?
A) Орынбор-Ташкент
B) Оңтүстік Сібір
C) Орта Сібір
D) Түрксіб
E) Теджен-Мешхед
F) Трансқазақстан
G) Хромтау-Алтынсарин
H) Астана-Алматы
8. Қазақстанның сазды шөлдері:
A) Сарыесік-Атырау
B) Үстірт
C) Бетпақдала
D) Карақум
E) Мойынқум
F) Кызылқум
G) Үлкен Борсық
H) Кіші Борсық
9. Оңтүстік Америкаға тән табиғат зоналарын көрсетіңіз:
A) пампа
B) прерий
C) гевея
D) гилея
E) льянос
F) кампос
G) орманды дала
H) тундра
10. Ғалымдардың есімін географиялық ашулармен сәйкестендіріңіз:
1) М. Бехайм A) Бірінші бүкіләлемдік саяхат
2) Х. Колумб B) Антарктиданың зерттелуі
3) Ф. Магеллан C) Американың ашылуы
D) Бірінші глобусты ойлап табу
E) Гольфстрим ағысының ашылуы
F) Антарктиданың ашылуы
11. Қазақстанның ұлттық табиғи парктерін облыстар бойынша сәйкестендіріңіз:
1) Баянауыл A) Алматы облысы
2) Іле-Алатауы B) Ақмола облысы
3) Көкшетау C) Павлодар облысы
D) Оңтүстік-Қазақстан облысы
E) Маңғыстау облысы
F) Қарағанды облысы

12. Қазақстанның өзендерінде орналасқан ірі бөгендерді сәйкестендіріңіз:


1) Ертіс A) Бұқтырма
2) Сырдария B) Сергеев
3) Іле C) Шардара
D) Қаратомар
E) Қапшағай
F) Самарқан

13. Қазақстанның табиғат зоналарын алып жатқан ауданы бойынша сәйкестендіріңіз:


1) орманды дала A) 1 млн га
2) дала B) 20 млн га
3) шөл C) 77 млн га
D) 60 млн га
E) 117 млн га
F) 4 млн га

Ұлттық парктің атауы

Жер бедері

Баянауыл

Көлдер, қарағай, қайың ормандары

Іле Алатауы

Биіктік белдеу, шыршалар

Қарқаралы

Көлдер, қарағай, қайың ормандары

Алтынемел

Тасты, құмды шөлдер

Көкшетау

Орманды дала, дала, көлдер

14. Кестедегі мәліметтерге сүйене отыра, қай ұлттық табиғи паркте таулы шаңғы туризмін дамытуға қолайлы болып саналады:
А) Баянауыл
В) Алтынемел
С) Іле-Алатау
D) Көкшетау
Е) Қарқаралы
15. Сахарадағы тасты шөлдерді жергілікті халық айтады:
А) саванна
В) хамада
С) ломас
D) гуано
Е) криктер

Қазақстан облыстары

Жалпы жер көлемі млн га

Орманды көлемі
млн га

Солтүстік

56,6

1,8

Батыс

70,5

0,3

Оңтүстік

70,1

8,6

Шығыс

28,3

1,8

Орталық

35,6

0,1

16. Кестедегі мәліметтерге сүйене отыра, Қазақстанның қай аймағы ормандар көлемі аз екенін анықта:


А) Солтүстік
В) Батыс
С) Оңтүстік
D) Шығыс
Е) Орталық

Табиғат зонасы

Ерекшелігі

Ылғалды экваторлық ормандар

Жауын-шашын көп, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай

Саванналар мен сирек ормандар

Ылғалды кезең 3-ке бөлінеді, шөптесін өсімдік басым

Тропиктік шөлдер

Жауын-шашын 100мм-ден аз, құмды шөлдер орын алады

Субтропиктік қатты жапырақты орман

Түйнекті, тамыржемісті өсімдіктер көп

17. Африканың табиғат зоналарының сипаттамасы бойынша самум желдері соғатын табиғат зонаны анықта:
А) Ылғалды экваторлық ормандар
В) Саванналар мен сирек ормандар
С) Тропиктік шөлдер
D) Субтропиктік қатты жапырақты орман
Е) биіктік белдеу

Мәтінді тиянақты оқып,төмендегі берілген сұрақтарға жауап бер


«Оңтүстік Американың биіктік белдеу зонасы»
Анд тауларындағы биіктік белдеулердің алмасуын Орталық Андының батыс беткейі мысалында қарастырайық. Таудың ең төменгі бөлігінде әйгілі Атакама жағалық шөлі орналасқан. Мұнда ауа температурасы тәулік ішінде 25*-30*С-қа ауытқиды, соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері, салқын, «соқыр» тұмандарды –гаруаны қалыптастырады.Түнге қарай тұман шыққа айналады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Осы бөліктегі мұхит суы тіршілікке бай болғандықтан, климатының қолайсыздығына қарамастан Атакама шөлінің жағалауы құс базарына айналады. Құс саңғырықтарынан – қалыңдығы 30м-лік гуано деп аталатын аса бағалы азотты тыңайтқыш жиналады.Бұл –Чилидің басқа елдерге сататын өнімдерінің бірі. Батыс Кордильера жотасының 2500м биіктігінде жағалық шөл кактус пен опунциядан тұратын тікенекті ксерофитті бұталар белдеуіне айналады.
18.Анд тауы белдеуіндегі гаруаның қалыптасу себебі:
А) климаттың қаталдығы
В) тәулік ішінде температураның ауытқуы
С) ең төменгі бөлікте шөлдің орналасуы
D) ксерофитті бұталардың болмауы
Е) шықтардың пайда болуы

19. Түйнекті өсімдіктердің биіктік белдеуде кездесуі:


А) бриз желдері әсерінен
В) тұманның тұрақты болуынан
С) температураның ауытқуынан
D) ылғалдың көп болуынан
Е) шықтың болуынан

20. Атакама жағалық шөлінде гуаноның жиналуы:


А) Чилидің басқа елдерге сататың негізгі тыңайтқышы
В) мұхит суы тіршілікке бай
С) құс базарының болуы
D) бағалы азотты тыңайтқыштың болуы
Е) климаттың қолайлығы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет