ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА
2014 – 2015 оқу жылының 9- сыныптарына
арналған теориялық турдың тапсырмалары (90 минут)
Тапсырма 1. Өз жауаптарыңды негізде.
60-жылдардан бастап шөлденуге ұшыраған аумақтың көлемі қазіргі кезде 10-12 пайызға өсті. Егер бұрын шөлденуге аридті және саубаридті аймақтар және шаруашылықта қарқынды пайдаланылатын аумақтар ғана ұшыраса, қазіргі таңда шөлдену шекарасы солтүстікке, Қазақстанның бидай өсіретін негізгі аумағына қарай жылжыды. Олар орманды дала және дала зоналары. Біздің елімізде осы мәселені болдырмау және оны шешу бойынша өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Барлығы– 10 ұпай.
Тапсырма 2. Тест сұрақтары (әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай).
-
1- суретте көрсетілген, ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандарының тізіміне енген, Ангкор - Ват храмдық кешені қай елде орналасқан ?
-
Камбоджа
-
Қытай
-
Египет
-
Үндістан
-
Перу
Сурет 1-Ангор-Ват храмдық кешені
-
Төмендегі қалалардың қайсысында сағат белдеуі тура Мельбурн қаласындағыдай ?
-
Пекин, Қытай
-
Коломбо, Шри-Ланка
-
Дакка, Бангладеш
-
Джакарта, Индонезия
-
Порт-Морсби, Папуа-Жаңа Гвинея
-
Филлипин астанасы- Манила қай аралда орналасқан ?
-
Минданао
-
Лусон
-
Себу
-
Сулу
-
Самар
Сурет 2 – Геоморфологиялық үрдіс.
-
2-суретте қандай үрдіс көрсетілген ? Бұл үрдістің әсерінен әктас сияқты тау жыныстары ериді.
-
вулканизм
-
үгілу
-
суффозиялық үрдіс
-
эолдық үрдіс
-
карстық үрдіс
-
Атмосфера туралы төмендегі пікірлердің қайсысы дұрыс?
-
Атмосфераның жоғарғы қабатында қысым тропосфераға қарағанда жоғары
-
Атмосфера құрамында оттегі азотқа қарағанда көп
-
Жел атмосфералық қысымның айырмашылығына байланысты пайда болады
-
Экваторлық ендіктерде жоғары атмосфералық қысым басым
-
Барлық жауаптар дұрыс
-
Оңтүстік Жарты шарда тайга зонасы жоқ, өйткені онда....
-
барлық жерде өте ыстық климат
-
барлық жерде өте құрғақ климат
-
күлгін топырақтар жоқ
-
ол зонаға сай климаты бар аумақтар жоқ
-
барлық жауаптар дұрыс
-
Төменде келтірілген ендіктердің қайсысында 22 желтоқсанда полярлы түн байқалады?
-
50 градус с.е.
-
80 градус о.е.
-
50 градус о.е.
-
80 градус с.е.
-
көрсетілген барлық ендіктерде
-
Атлант мұхитының экватордағы ұзындығы ...
-
1 мың км жуық
-
6 мың км астам
-
10 мың км астам
-
500 км жуық
-
200 км жуық
-
Қандай орыс саяхатшысы Сібір арқылы Тынық мұхитқа өткен?
-
Семен Дежнев
-
Иван Москвитин
-
Афанасий Никитин
-
Ермак
-
С.Тянь-Шанский
-
Килиманджаро вулканы 1902-жылдан 1918-жылға дейін қалай аталды?
-
Ганс Мейер шыңы
-
Д. Ливингстон шыңы
-
В.В.Юнкер шыңы
-
Кайзер Вильгельм шыңы
-
Стэнли шыңы
-
Ағылшын саяхатшылары Д. Спик және Д.Грант 153 жыл бұрын (16 қаңтар 1862 ж.) бастауын ашқан өзенді атаңыз
-
Амазонка
-
Маккензи
-
Ніл
-
Муррей
-
Хуанхэ
Сурет 3 –Үндістан, Бангладеш және Мьянма карта-сұлбасы.
-
3-суреттің оңүстік бөлігінде қандай су объектісі көрсетілген?
-
Арабия теңізі
-
Бенгал шығанағы
-
Кук бұғазы
-
Аден шығанағы
-
Мозамбик бұғазы
-
Географиялық ендік қандай градустарда өзгеретіндігін анықтаңыз:
-
0°-тан 90°-қа дейін
-
0°-тан 180°-қа дейін
-
0°-тан 360°-қа дейін
-
90° және 270° арасында
-
180°-тан 360°-қа дейін
-
Халықаралық келісім бойынша Жер бетін шартты түрде меридиандармен әрқайсысы.... тұратын 24 сағаттық белдеуге бөлген
-
22°
-
45°
-
30°
-
15°
-
180°
-
Қазақстан Республикасы қандай сағат белдеулерінде орналасқан?
-
3 және 4
-
4 және 5
-
5 және 6
-
1 және 2
-
2 және 3
-
Қазақстан аумағында қазіргі таңда қанша қорықша бар?
-
70 жуық
-
80 жуық
-
60 жуық
-
90 жуық
-
40 жуық
-
Каспий теңізінің деңгейі қай жылдан бастап көтеріле бастады?
-
1977 жылдан бастап
-
1967 жылдан бастап
-
1987 жылдан бастап
-
1957 жылдан бастап
-
1997 жылдан бастап
-
1992 жылы БҰҰ-ның Хельсинки конференциясында трансшекаралық өзендер мен халықаралық көлдер ресурсын қорғау мен тиімді пайдалану бойынша Конвенция қабылданды, соның ішінде …
-
Балхаш және Аралдың
-
Каспий және Марқакөлдің
-
Зайсан және Аралдың
-
Каспий және Аралдың
-
Балхаш және Каспийдің
-
Қазақстан аумағында қазіргі таңда қанша минералды көздер ұңғымалары зерттелген?
-
100 астам
-
200 астам
-
300 астам
-
400 астам
-
500 астам
-
Полюстардағы поляр түні .... созылады
-
1 аптаға
-
6 айға
-
12 сағат
-
1 айға
-
24 сағат
-
Марганец қоры бойынша Қазақстан әлемде үшінші орында, қандай мемлекеттерден соң тұрады:
-
Қытай және Бразилия
B) Ресей және Украина
C) АҚШ және Украина
D) Ресей және ГФР
E) Австралия және Бразилия
-
Қазақстанда 85 мыңға жуық өзен бар, олардың қаншасының ұзындығы 10 км асады
-
10,5 мың өзен
B) 1 мың өзен
C) 100 өзен
D) 2 500 өзен
E) 8 мың өзен
-
Қазақстан халқының орташа тығызыдығы 1 км²-қа 5,5 адамнан келеді, ал ауыл халқының тығыздығы 1 км² қанша адамнан келеді.
-
5,5 адам
-
8 адам
-
2,6 адам
-
1,8 адам
-
6 адам
-
Халықтың едәуір бөлігінің (этникалық қауым) өз елінің аймағынан тыс өмір сүруі
-
депортация
-
демаркация
-
диаспора
-
көші-қон
-
тығыздық
-
Мұнайдың қатты қалдығы
-
гудрон
-
мазут
-
конденсат
-
баррель
-
лигнит
-
Экономиканың маңызды және қажетті саласы электрэнергетика болып табылады. Қазақстан Республиксында өндірілетін электрэнергетикасының 90% қай электрстанциясы береді
-
АЭС
-
СЭС
-
МАЭС
-
ЖЭС
-
ТЭС
-
Қазақстанда 1979 ж. және 1989 ж. халық санағы аралығындағы кезеңде халық санының өсімі 2 млн. адамды құрады, ал 1989 ж. және 1999 ж. халық санағы аралығында қандай өзгерістер болды
-
халық саны 1 млн. 246 мың адамға төмендеді
-
халық саны 1 млн. 250 мың адамға өсті
-
едәуір өзгеріс болған жоқ
-
халық саны 974мың адамға өсті
-
халық саны 2 млн. 250 мың адамға өсті
-
«Солтүстік- Оңтүстік» темір жол дәлізінің бағыты
-
Қытай – Қазақстан – Ресей - Еуропа
B) Еуропа – Кавказ - Азия
C) Ресей – Қазақстан – Түркменістан - Иран
D) Еуропа – Қазақстан - Қытай
E) Ресей – Қазақстан –Иран - Үндістан
-
«Өндірістің мамандануы» дегеніміз не
-
өндіріс құралы, жұмыс күші және өнім өндірудің едәуір бөлігінің ірі кәспорындарда шоғырлануы
-
қоғамдық еңбек бөлінісінің формасы, кәспорынның нақты бір өнім түрін шығару өндірісімен шектелуі
-
бір өнімді шығаратын кәспорындар арасындағы өндірістік байланыс
-
өнім бірлігін өндіруге немесе нақты бір жұмысты орындауға кететін жұмыс уақыты шығынын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш
-
қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты салалар жиынтығы
-
1979 жылы ашылған кен орын әлемнің ірі мұнай кен орнын әлемнің ірі кен орындарының бірі. Болжам бойынша мұнай қоры 3 млрд. 133 млн. т. Кен орнының атауын көрсетіңіз
-
Доссор
-
Мақат
-
Қашаган
-
Қаламкас
-
Теңіз
-
Екібастұз көмір алабыда елдегі ең арзан көмір өндіріледі. Бұл алаптағы көмір қабатының қалыңдығы қанша
-
100-120 м
-
120-200 м
-
200-300 м
-
250-450 м
-
30-60 м
-
Балхаш көліне құятын Іле өзенінің атырауындаБалхаш көліне құятын Іле өзенінің атырауындағы жерде қандай қоңыр көмір кені орналасқан
-
Ойқарағай кен орны
-
Майкөбе кен орны
-
Жайсан кен орны
-
Төменгі Іле кен орны
-
Біршоғыр кен орны
-
Жылу энергетикалық станциялары ауаны ластау көзі болып табылады. Электрстанцияларының түтін шығаратын мұржалар ... биіктіктен жоғары орналасу керек.
-
100 м
-
150 м
-
200 м
-
250 м
-
300 м
-
Қандай металдар ауыр металдар тобына жатады
-
мыс, қалайы, қорғасын
-
алтын, күміс, платина
-
алюминий, магний, титан
-
никель, мырыш, уран
-
вольфрам, молибден, титан
-
Мыс пен мырыш қоспасы:
-
қола
-
мельхиор
-
жез
-
лигнит
-
колчедан
-
Республиканың оңтүстік бөлігінде Шымкент қорғасын заводы салынған, ол ..... қорғасын-мырыш рудалары негізінде жұмыс істейді
-
Мырғалымсай, Ащысай, Байжансай
-
Саяқ, Қоңырат, Бозшакөл
-
Жыланды, Ұлытау, Жайрем
-
Ақбақай, Ақсу, Жолымбет
-
Бестөбе, Майкайын, Бақыршық
-
Күрделі тау жынысы, сырттай балшыққа ұқсайды, суда ерімейді. Таза күйінде ақ түсті және сирек кездеседі, көп жағдайда олар құрамындағы темір оксидінің болуына байланысты қызыл және қоңыр түсті минералдар түрінде кездеседі.
-
мыс колчеданы
-
дюралюминий
-
боксит
-
кварцит
-
халькопирит
-
Егер темір ерітіндісі құрамында көміртегі 2% аспаса, оны....деп атайды
-
болат
-
шойын
-
прокат
-
ферроқорытыпа
-
доломит
-
Құбыр көлігінің екі түрі бар. Олар мұнай және газ құбырлары. Қазақстан аумағы арқылы өтетін газ құбырын көрсетіңіз:
-
Өзен–Жетібай – Ақтау
-
Мүбарак – Шымкент – Тараз – Бішкек
-
Теңіз – Баку – Супса
-
Омск – Павлодар – Шымкент – Чарджоу
-
Өзен – Атырау – Самара
-
Төменде көрсетілген қандай ұйымдар құрамына Қазақстан кірмейді
-
Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
-
Ислам даму банкі
-
Демократия және экономикалық даму үшін ұйымы
-
Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы
-
ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымы
Барлығы – 40 ұпай
ЖАЛПЫ: 50 ҰПАЙ
Тапсырмалар аяқталды!
Достарыңызбен бөлісу: |