Геологиялық таспаға түсіру жұмыстарына уақыт мөлшерлемелері


Параграф 1. Іздеу бағдарламаларымен ГТ, ТГТ және АГӘҚЗ материалдарды аралық және қорытынды камералды өңдеу



бет5/5
Дата09.06.2016
өлшемі277.5 Kb.
#123955
1   2   3   4   5

Параграф 1. Іздеу бағдарламаларымен ГТ, ТГТ және АГӘҚЗ материалдарды аралық және қорытынды камералды өңдеу
162. Материалдарды аралық камералды өңдеуде жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Жинақталған топтама материалды қосымша зерттеу және өңдеу. Химиялық – сараптаманың және өзге зерттеулердің (бұрынғы жұмыстардың материалдарын қоса) деректерін жүйеге келтіру. АКТМ кең пайдаланумен осы деректерді өңдеу. Дала кітапшаларын (күнделіктерін), каталогтарын, бағандарын, тіліктерін жаңа деректермен толықтыру. Қосымша және көмекші карталардың (сұлбалардың) алдын – ала нұсқаларын құрастырумен қажетті арнайы зерттеулерді (литолого – фациалды, литолого – стратиграфиялық және т.б.) жүргізу. Даланың геологиялық карталарын, іздеу жұмыстарының жергілікті аудандарының карталары мен сұлбаларын және алдын – ала бағалау объектілерін алынған деректерді есепке алып толықтыру және нақтылау. Пайдалы қазбаларды орналастыру заңдылықтарын зерттеу. Тірек геологиялық аңызды толықтыру және нақтылау. Алдағы дала аралығының толық бағдарламасын құрастыру. Жұмыстар аяқталған участкелер бойынша авторлық түрде қорытынды міндетті карталарды, сұлбаларды және өзге графикалық қосымшаларды құрастыру. Аяқталған объектілер және тақырыптар бойынша есеп берудің жеке бөлімдерін (бөлімшелерін) жазу. Пайдалы қазбаларды іздеу нәтиежелері туралы баяндама жазбасын құрастыру. Ағымдағы әкімшілік – шаруашылық және қойма – көмекші жұмыс.

163. Материалдарды қорытынды камералды өңдеуде жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. 159 т. баяндалғандарға сәйкес соңғы дала мезгілінің материалдарын өңдеу. Соңғы өңдеулер, жалғастырулар және дала, зертхана және әдеби материалдарын, сонымен қатар осы аумақта іздеу, барлау, арнайы жасалған, іздеу және пайдалану жұмыстарын өткізген материалдарды жалпылау. Зерттеулердің келеші бар аумақтарына және пайдалы қазбалардың кен орындарын айқындау шекараларындағы жеке объектілеріне болжас жасау және пайдалы қазбалардың осы аумағы үшін сәйкес профилденетін дәрежелерінің болжамды қорларын бағалау. Бұрғылау және тау – кен жұмыстарын жүргізумен байланысты міндетті карталарды, тірек геологиялық аңыздарды, тіліктерді, геологиялық сұлбаларды және өзге материалдарды қорытынды толықтыру және нақтылау, және олардың таза авторлық түпнұсқаларын құрастыру. Есеп беру мәтінін және оған мәтіндік қосымшаларды жазу. Ағымдағы әкімшілік – шаруашылық және қойма – көмекші жұмыс.

164. Көмекші (арнайы) карталарды және сұлбаларды құрастырудың сметалық құны, олардың тізілімі сәйкес нормативті құжаттармен және жұмыс жобасымен анықталады, СҚЕ орнатылады.

165. ГТ, ТГТ, АГӘҚЗ (82-84 кестелер, 7 қосымша) материалдарын қорытынды камералды өңдеуін жүргізетін геологиялық партияда әр маманның еңбек шығындары (адам – кезеңде) сан жағынан осы жұмысты орындауға уақыт мөлшерлемелеріне тең (95-97 кестелер, 8 қосымша).

166. Өлшеуіштің қабылданған мәндері ауытқуларында уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары коэффициенттермен түзетіледі (94 кесте, 7 қосымша).

167. ГТ, ТГТ және АГӘҚЗ материалдарының аралық камералды өңдеуіне уақыт мөлшерлемелерін анықтау үшін 95-97 кестелерінде (8 қосымша) және 165 т. көрсетілген уақыт мөлшерлемелері пайдаланылады, оларға келесі коэффициенттер қолданылады: К=0,66 (95 және 97 кесте, 8 қосымша 165 т.; К=0,79 (96 кесте, 8 қосымша және 165 т.).


Параграф 2. Г, ТГГТ, АГГӘҚЗ, И таспаға түсіру материалдарын аралық және қорытынды камералды өңдеу
168. Материалдарды аралық камералды өңдеуде жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Жиналған топтама материалды қосымша зерттеу және өңдеу. Тәжірибе, химиялық – сараптама және өзге зерттеулер деректерін жүйеге келтіру және жалпылау. АКТМ кең пайдаланумен барлық деректерді өңдеу. Дала кітапшаларына (күнделіктеріне), каталогтарына, бағандарына, дала карталарына, сұлбаларына, тіліктеріне және т.с.с. зертхана, тәжірибе және өзге жұмыстар нәтижелері бойынша толықтырулар мен өзгертулер енгізу. Гидрогеологиялық (инженерлі – геологиялық) аңыздарды толықтылу және нақтылау. Жұмыстар аяқталған участкелер бойынша авторлық түрде қорытынды міндетті карталарды, сұлбалар және өзге графикалық қосымшаларды құрастыру. Аяқталған объектілер және тақырыптар бойынша есеп берудің жеке бөлімдерін (бөлімшелерін) жазу. Ағымдағы әкімшілік – шаруашылық және қойма – көмекші жұмыс .

169. Материалдарды қорытынды камералды өңдеуде жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. 168 т. баяндалғанға сәйкес соңғы дала мезгіліндегі материалдарды өңдеу. Дала, зертхана және әдеби материалдарды қорытынды өңдеу, жалғастыру және жалпылау. Әр түрлі әдістермен және жұмыс түрлерімен (таспаға түсірумен, ландшафтты – индикациялық, геофизикалық, гидрохимиялық, тау – бұрғылау, тәжірибе, тәртіпті, изотопты, зерттеу, барлау) алынған нәтиежелерді қорытынды біріккен түрлендіру. Қорытынды толықтыру және міндетті карталарды, тіліктерді, сұлбаларды және өзге материалдарды нақтылау, осы материалдар бұрғылау және тау жұмыстарын жүргізумен, гидрогеологиялық (инженерлі – геологиялық) аңыздарға және олардың таза авторлық түпнұсқаларын құрастырумен байланысты. Есеп берудің мәтінін және оған мәтіндік қосымшалар жазу. Ағымдағы әкімшілік – шаруашылық және қойма – көмекші жұмыс.

170. Көмекші (арнайы) карталарды және сұлбаларды құрастырудың сметалық құны, олардың тізілімі сәйкес нормативті құжаттармен және жұмыс жобаларымен анықталады, СҚЕ орнатылады.

171. Г, ТГГТ, АГГӘҚЗ, И (86, 87 кесте, 7 қосымша) таспаға түсіру материалдарына қорытынды камералды өңдеуді жүргізетін гидрогеологиялық (инженерлі – геологиялық) партияның әр маманының еңбек шығындары (адам – кезеңде) сан жағынан осы жұмысты орындаудың уақыт мөлшерлемелеріне тең (98-100 кестелер, 8 қосымша).

172. Өлшеуіштің қабылданған мәндері ауытқуларында уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары коэффициенттермен түзетіледі (94 кесте, 7 қосымша).

173. ГТ, ТГТ және АГӘҚЗ таспаға түсіру материалдарының аралық камералды өңдеуіне уақыт мөлшерлемелерін анықтау үшін 98-100 кестелерінде (8 қосымша) және 171 т. көрсетілген уақыт мөлшерлемелері пайдаланылады, оларға келесі коэффициенттер қолданылады: К=0,86.


Параграф 3. ГТ, ГГЧ, ГЧ, ГИЧ, ГИ біріккен таспаға түсіру материалдарын аралық және қорытынды камералды өңдеу
174. Біріккен таспаға түсірулерді камералды өңдегенде жұмыс құрамы біріккен таспаға түсіруді құрастыратын (163, 164, 169, 170 тт. қараңыз) біріккен таспаға түсірулердің материалдарын аралық және қорытынды өңдегенде жұмыс құрамымен анықталады.

175. Біріккен таспаға түсіру материалдарын қорытынды камералды өңдеуге уақыт мөлшерлемелерін есептеу үшін кешендеу коэффициенттері пайдаланылады (101 кесте, 8 қосымша), олар біріккен таспаға түсірулерге кіретін біріккен таспаға түсірулерді орындауға уақыт мөлшерлемелерінің сомасына қолданылады.

176. Біріккен таспаға түсіру қорытынды камералды өңдеуді жүргізетін аралас партияның әр маманның еңбек шығындарын (адам – кезеңде) орнату ұстанымдары дәл сол сияқты (175 т. қараңыз). Сонымен бірге партия құрамы (жұмысшыларсыз) 85 кесте (7 қосымша) (ГТ және ТГТ үшін) және 86 кесте (7 қосымша) (ГЧ, ГИЧ және ГИ үшін) бойынша қабылданады.

177. Біріккен таспаға түсіру материалдарын аралық камералды өңдеуге уақыт мөлшерлемелерін анықтау үшін кешендеу коэффициенттерін қолданумен (101 кесте, 8 қосымша) аталмыш таспаға түсіру материалдарын аралық камералды өңдеуге уақыт мөлшерлемелерінің мәндері қолданылады.


Параграф 4. Іздеу жұмыстары кезінде 1:10 000 және 1:5 000 масштабтарының геологиялық картаға түсіру материалдарын қорытынды камералды өңдеу
178. Жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Қорытынды өңдеу, дала, зертхана және әдеби материалдарды, сонымен қатар осы аумақта арнайы және іздеу жұмыстарын жүргізгенде алынған материалдарды жалғастыру және жалпылау. Міндетті карталарды (геологиялық – литологиялық карталарды және нақты материал картасын) қорытынды толықтыру және нақтылау, геологиялық аңызды, тіліктерді және олардың таза авторлық түпнұсқаларын құрастыру. Іздеу жұмыстары өткізілгені туралы есеп берудің сәйкес бөлімін жазу.

179. Көмекші (арнайы) карталарды құрастырудың сметалық құны, олардың тізілімі сәйкес нормативті құжаттармен анықталады, СҚЕ орнатылады.

180. Геологиялық картаға түсіру (75 кесте, 6 қосымша) материалдарын қорытынды камералды өңдеуді өткізетін өндірістік топ маманының еңбек шығындары (адам – кезеңде) сан жағынан осы жұмысты орындауға тиесілі (102 кесте, 8 қосымша) уақыт мөлшерлемелеріне тең. Іздеу партиясы басшысының еңбек шығындары - 0,20 адам – кезеңде.

181. Есептеулерді жеңілдету мақсатында (камералды жұмыстардың түрлік құрам жағдайында), дала материалдарын камералды өңдеудің сметалық құны дала жұмыстарының сметалық құнынан пайызбен анықталуы мүмкін. Осы жағдайда камералды жұмыстарға шығындар камералды жұмыстардың барлық кешендеріне орнатылады: геохимиялық, геофизикалық, тау өтпелі, бұрғылау және басқалары (соның ішінде дала материалдарын аралық және қорытынды өңдеу, есеп беруді және сызба – рәсімдеу жұмыстарын құрастыру, оның ішінде компьютерді пайдаланумен) уақытша құрылыс бойынша жұмыстарға шығындарсыз объектіде дала жұмыстарының сметалық құннан пайызбен. Камералды жұмыстарға шығындар мөлшерлемелері геологиялық құрылым (орташа өлшенген ретінде есептеледі) және тау бұрғылау жұмыстарына (103 кесте, 8 қосымша) шығындардың меншікті салмағына тәуелді анықталады.



182. Тікелей есептеумен камералды жұмыстарға шығындарды анықтаған жағдайда 180 т. қабылданбайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет