Мектебімізде "Гүлдене бер, менің Қазақстаным!" атты іс-шара өтті.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРдың өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу біздің міндетіміз!
Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу мақсатында 25 қазан - Республика күніне орай №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі білім алушыларымен "Гүлдене бер, менің Қазақстаным!" тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Оқушылар мен жас ұстаздар белсенділікпен қатысты.Іс-шара өте тартымды өтті.
#Bilimqzo
#Bilimkzo
#Shielibilim
#Bilimbolimi
#Қазақстанбалаларкөзімен
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қысқы демалыста кітап оқимыз !!!
7 “А” сынып оқушылары Сыздық Іңкәр мен Мақсұтхан Гүлім М. Әуезовтың “Көксерек” әңгімесін оқып, арнайы әдемі бетбелгі жасады. Өз сыныптастарына буктрейлер жасап, барлығын кітап оқуға шақырды.
#қыстаоқимыз #оқуғақұштармектеп
Мектеп кітапханасында ұйымдастырылған жатқан “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында "Қыста оқимыз" акциясы барысында Оралхан Бөкейдің “Қар қызы” повесін 8 “А” сынып оқушысы Мұханбетияр Аяулым қысқы демалыс күндерін тиімді пайдалану мақсатында өзі оқып, сыныптастарынада оқуды ұсынды.
#shielibilim
#bilimbolimi
#Қыстаоқимыз
#Оқуғақұштармектеп
«№155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез құлықтың алдын –алу жұмыстарына байланысты бірлескен салааралық жоспарының бағыты бойынша мектептегі кешенді тестен анықталған оқушылардың жағдайын жақсарту мақсатында
«Бала құқығы және зорлық –зомбылықтың алдын алу» тақырыбында тренинг- сабақтар өткізілді.Шиелі ауданаралық ауруханасының психологі Әлібатыр Мереке мен
Шиелі аудандық ЖДО құрылымдық бөлімше маманы Қасымова Нүргүл 8-11-сынып оқушыларына «Бала құқығы және зорлық –зомбылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды.«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»- демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта , ата-анасының тәрбиесі дұрыс болмаса,жаман әсерлер адамды азғырып , түрлі жаман мінезді жұқтырады. Мектеп психологі Г. Манабаевамен бірлесе отырып, "Кедергілерден өту", ""Армандар орындалады", "Менің бейнем" тақырыбында тренингтер ұйымдастырды. Оқушылар тренинг-сабаққа белсенді қатысты.
#Bilimqzo
#Bilimkzo
#Shielibilim
#Bilimbolimi
#қосымшабілімберу
#ҚРБҒМ
#МОНРК
#Қызылордаоблыстықоқуорталығы
Достарыңызбен бөлісу: |