3.1 Араласпалар: Бидайдың толық дәні болып табылмайтын дән сынамасының барлық элементтері.
3.2 Соғылған дәндер: Жатынсперма бөліктері жалаңаштанып бөлшектелген дәндер, бұған ұрығы соғылған дәндер де жатады.
3.3 Семген дәндер: Даму мен пісудің қолайсыз жағдайларының салдарынан толмаған, әжімденген, жеңіл салмақты, нысаны бұзылған дәндер.
3.4. Қысылған дәндер: Механикалық салдар нәтижесінде нысаны бұзылған, жалпайған дәндер.
3.5. Көктеген дәндер: Жай көзбен қарағанда сыртқа шыққан тамырлары мен өскіндер, немесе өскіндердің жұлынып қалғандығы, нысаны өзгергені, өсе бастаудың салдарынан
қабыршақтың түсінің айқын өзгеруі көрінетін дәндер. Көктеген болып қалыптағы жағдайынан ерекшелінетін өскіндегі айқын өзгерістер көрінетін дәндер болып табылады. Бұдан басқа көктеген дәндер көңілге өздері ғана қабылданбайды, ал бірақ төмендетілген сандар (өту саны) түрінде көрінетін а- амилазаның белсенділігіне байланысты қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |