Глоссарий Машина



бет1/3
Дата08.04.2023
өлшемі9.58 Kb.
#471897
түріҚұрамы
  1   2   3
Glossary Miko


Глоссарий


Машина - деп адамдардың ой еңбегі мен қол еңбегін жеңілдету мақсатында информацияны, материалдарды және энергияны түрлендіру үшін механикалық қозғалыс жасайтын жабдықтарды айтады.


Звено - механизмдердің құрамына енетін бір немесе бірнеше өзара қатаң қосылған қатты дене.


Кинематикалық жұп - өзара салыстырмалы қозғалыста болатын, жанасқан екі звеноның қосылысы.


Механизм - бір немесе бірнеше қатты денелер қозғалысын басқа денелердің қозғалысына түрлендіруге арналған денелер жүйесі.


Тірек (стойка) - қозғалмайтын звено немесе қозғалмайды деп есептелетін звено.


Айналшақ (кривошип) - қозғалмайтын ось арқылы толық айналыс жасайтын рычагты механизм звеносы.


Кулиса тасы - қозғалмалы звеномен өзара ілгерілемелі жұп жасайтын звено. Қозғалмалы звеноның өзін кулиса деп атайды.


Тиек (ползун) - тіреуішпен өзара ілгерілемелі жұп жасайтын рычагты механизм звеносы.


Төменгі жұп - звенолары өзара беттер арқылы жанасатын кинематикалық жұп.


Жоғарғы жұп - звенолары тек сызық немесе нүкте арқылы жанасатын кинематикалық жұп.


Кинематикалық тізбек - өзара кинематикалық жұп жасап байланысқан звенолар жүйесі.


Күйенте - қозғалмайтын ось арқылы толық айналыс жасамайтын рычагты механизм звеносы.


Иін - білікті (рычагты) механизм - звенолары өзара тек қана төменгі құрайтын механизм.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет