Гүлсің ау Б. Тәжібаев Қарлығаш қанатты қасың бар



Дата01.07.2016
өлшемі23.5 Kb.
#169907
Гүлсің ау Б. Тәжібаев
Қарлығаш қанатты қасың бар

Қара түн мақпалдай шашың бар

Кең жазық ақ маңдай ай мекен

Өзіңдей перизат қайда екен


Гүлсің ау, гүлсің ау

Айналайын гүлсің ау

Қарсы алдымнан қашанда

Шалқып шыққан күнсің ау


Гүлсің ау, гүлсің ау

Айналайын гүлсің ау

Қарсы алдымнан қашанда

Шалқып шыққан күнсің ау


Гауһардай жайнаған жанарың

Жалт етсе күйемін жанамын

Ойнаған көркің бар назың бар

Бір саған арнаған сазым бар


Гүлсің ау, гүлсің ау

Айналайын гүлсің ау

Қарсы алдымнан қашанда

Шалқып шыққан күнсің ау


Гүлсің ау, гүлсің ау

Айналайын гүлсің ау

Қарсы алдымнан қашанда

Шалқып шыққан күнсің ау


Азабын тартқан жан мен бе едім

Сиқырлы періштем сен бе едің

Сәулем ау самалды жел ме едің

От пе едің бет пе едің білмедім


Гүлсің ау, гүлсің ау

Айналайын гүлсің ау

Алыстағы армандай

Зарықтырып жүрсің ау


Гүлсің ау, гүлсің ау

Айналайын гүлсің ау

Алыстағы армандай

Зарықтырып жүрсің ау


Гүлсің ау, гүлсің ау

Айналайын гүлсің ау

Қарсы алдымнан қашанда

Шалқып шыққан күнсің ау


Гүлсің ау, гүлсің ау

Айналайын гүлсің ау



Қарсы алдымнан қашанда

Шалқып шыққан күнсің ау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет