Сарбас. – 2011. №39. – 30 қыркүйек – 6 қазан Әбеуова Р. Мәртебең биік қашанда



Дата29.02.2016
өлшемі39.21 Kb.
#29799
Сарбас. – 2011. - № 39. – 30 қыркүйек – 6 қазан

Әбеуова Р.



Мәртебең биік қашанда

Мектеп - кеме, білім теңіз. Алғаш осынау кемеге келгенінде қолтығынан демеп, білім теңіздің тұңғиық


сырына бойлататын бір жанның кім-кімнің болсын
жүрек түкпірінен орын алары сөзсіз. Білім ісіне кемесіне тарыдай енген сіз де, біз де сол бір жанның
алдынан өттік. Таудай болып шыққанша зердемізге білім
тамшысынан нәр құйылып, санамыздың сарайы талай
сырға қанықты. Шәкірт атандық. Ұғындық, тәлімін
алдық, тәрбиесін көрдік. Қоғамдағы саналы да
тәрбиелі ұрпақтардың қатарына қосылдық. Бір сөзбен айтқанда, оның алдынан өткен адамзат баласы несібесіз қалмады. Ол, әрине, әр ұрпақты «өмірден сыбағасыз қалдырмаған» тұлға - мұғалім.

Ұлт кемеңгері, алаш арысы Ахмет Байтұрсынов:


«Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса,
мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса,
ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай
болған сон, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика,
методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», - деп текке айтпаса керек.

Қазіргі қоғамда мектептің жаны боп, қашанда ұғымында ұрпақ тәрбиесі мықтап орын алған оқытушылар


оқу тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеруде. «Қазір
бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын
заман», деп Елбасымыз айтқандай, жаңа технология
кезеңінде интеллектуалды, жаңаша көзқарастағы ұрпақ- тар тәрбиеленуде. Сондықтан, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің бағдарламалық тұрғысынан шешу мұғалімнің, әсіресе,
жас мамандардың кәсіби біліктілігіне, мәдениетіне,
рухани кемелдігіне тікелей байланысты. Ал
біліктілігі мен білімділігін, кемел ізденісін танытқан
педагогтың еңбегі ескерусіз қалмасы және мәртебесі
биік болары хақ. Осы орайда біздің мемлекетіміздің

педагогтардың имиджі мен мәртебесін көтеруде кезең-кезеңмен атқарып отырған ісі бар.

Мұның бәрі, әрине, педагог мамандығының
имиджі мен мәртебесін көтеруді мақсат етуден
шыққан игі істер. Осындай игі жақсылықтардың жаңалығы бәрімізге белгілі, биылғы оқу жылы басталар
шақта жалғасын тапты. Бұл жақсылықтың жаңа хабарын жұртшылыққа Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың өзі жеткізген болатын. Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап 30 пайызға кетерілген мұғалімдердің жалақыларына қоса жаңа оқу жылынан бастап өз категорияларына байланысты жаңа үстемелер алмақ. Мысалы, жоғары категориядағы мұғалімдер мен білім беру өндірісінің шеберлері үшін базалық жалақыға 100 пайыз, бірінші категориядағыларға 50 пайыз, екінші категориядағыларға 30 пайыз ұстемеақы қосылмақ.
Ал мемлекеттік бағдарлама аясында 2015 жылға қарай педагогтардың орташа жалақысы жеке меншік саласындағы төлемдер деңгейіне дейін көтерілмек.
Яғни бұл алдағы төрт жылда мұғалімдер жалақысы 2-3 есеге өседі деген сөз. Міне, қазір біздің білім беру саласында мәртебелі маман иелерін құрметтеуде осындай тыңғылықты істер атқарылып жатқаны бәрімізді қуантады.
Қашан да теңіз толқынында желкенді қайықты желдің өтінен қорғай да, қолдай да білген олардың асқақ тұлғасы ешқашан аласармақ емес. Біздін ұғымымыз осындай. Ал бүгінде білім саласымен бітеқайнасқан, соның ішінде әскери маман даярлап жұрген әскерилердің және олардан тәлім-тәрбие алып жүрген кейінгі ұрпақтың ойы қандай екен? Соны білелік.


С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті әскери кафедрасының бастығы, подполковник Совет Әлжаппаров:

- Мен Атбасардың түлегімін. Өмірден қанаттанғанша талай ардақты ұстаздардың алдын көрдік. Кешегі күні олардан сабақ алсам, енді біз кейінгі ұрпаққа дәріс берудеміз. Ұрпақ үндестігі деген осы шығар.

Міне, қазір мен қызмет ететін білім ордасының қара шаңырағына биыл 55 жыл толады екен. Бұл жарты ғасыр-дан астам уақыт бойы талай студент білікті де білімді маман иесі атанды деген сөз. Агрономы да, мал дәрігері де, бір сөзбен айтқанда агротехникалық мамандардың көпшілігі біздің университеттен шыққаны даусыз. Осында 46 жыл бойы студенттер әскери кафедрада оқып, әскери білімді де қоса алып жатқан жайы бар. Бүгінде әскери кафедраның 17 оқытушысы курсанттарға мотаатқыш бөлімшелердің БМП бөліктері мен байланыстарын қолдануды, топографиялық жұмыстарды, мотоатқыш бөлімшелердің БМП бөліктері мен байланыстарын қолдануды, көпмақсатты қолданыстағы автомобильдік техниканы эксплуатациялау және жөндеуді, автомобильдік бөлімшелердің жалпы әскери қолданыстағы бөліктер мен байланыстарды қолдануды үйретуде. Мұнда 24 аудиториямыз болса, оның 10-ы заманауи мултимедиялық құралдармен жаб-дықталған. Сондықтан біз де заманға сай мамандарды даярлап жатырмыз деген ойдамыз.

Жалпы биыл біз үшін ерекше жыл болып тұр. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығында біздің университеттің 55 жылдығы атап өтілмек.



Осындайда кафедрамыз бұл мерекелік іс-шараға атсалысатыны сөзсіз. Мерекелік көңіл-күйді сезініп жүрген әріптестеріме, жал­пы мұғалімдер қауымына сөз орайында, кейінгі буынды тәрбиелеуде ешқашан да бойларындағы сарқылмас қазыналарыңыз таусылмағай, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде еңбектеріңіз табысты болғай де­ген тілегім бар


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет