Биоқауіпсіздік мәселелері Орындаған: Тағай А. Қабылдаған: Демеуова Л. Жоспары: КІРІСПЕ 1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1.1 ГМО дегеніміз не? 1.2 ГМО өнімдері 1.3 Гмо ингредиенттерін пайдалатын компаниялар 1.5 ГМО өнімдерінің қауіптілігі 1.7 Биоқауіпсіздік мәселелері ҚОРЫТЫНДЫ КІРІСПЕ ХХІ-ғасыр озық технологиялардың дамыған ғасыры. Алайда бұнымен бірге осы технологиялардың бізге деген зияны да артып келеді. ГМО-лық азық-түліктің көбеюі (Генетикалық модефикацияланған организм) – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Кез-келген дүкенге немесе сауда орындарына бара қалсаңыз алдыңыздан көздің жауын алатын, пішіндері бірдей түсіде әдемі сырты жылтыраған жеміс жидектерді көресіз, сатып алып жатамыз. Енді сол сатып алған тағамдардың құрамы қандай? Қалай дайындалады? Қайдан келіп жатыр? Мұны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Еліміздегі көкөніс, жеміс-жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян. Олардың сырт пішіні өзгергені, сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі. Күнделікті тұтынып отырған халық та сұрамай сатып ала беретін қызанақ үйде де, базарда да тастай болып қатып жата береді. Бұзылмайды. Ал өзіміз өсірген қызанақ екі-үш күннен кейін босап, жарамсыз болып қалады. Жүзімнің өзін алсаңыз, әдеттегі табиғи көлемінен екі есе үлкейіп, картоппен бірдей. Тіпті, осы күнгі шұжық, котлет дегендердің құрамында мүлде ет болмайды. Ол кәдімгі шетелдің соясы, еттің дәмін келтіретін түрлі қоспалардан жасалады. Мұндай өнімдерді ғылыми теорияда«гендік модификацияланған организмдер» (ГМО) деп атайды.Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі – гендік модификацияланған организмдер мен өнімдер (ГМО) жайлап келеді. Сыртқы саудаға есігі ашық ел ретінде бұдан біздің ел де тысқары қалып отырған жоқ. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз. Себебі ГМО-нің адам денсаулығына әсері әлі толық зерттеліп бітпеген. Бірақ халық «білмеген у ішеді» деп, ас мәзіріне қолдануда.Гендік модификацияланған азық-түліктер XX ғасырдың биология саласындағы үлкен жетістігі. Бірақ, негізгі сұрақ осы азық-түліктердің адам ағзасына әсері болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |