Пайдалы қазбаларды жерасты əдісімен өндіру немесе пайдалы



Дата13.11.2022
өлшемі15.91 Kb.
#464735
Пайдалы қазбаларды жерасты əдісімен өндіру


Пайдалы қазбаларды жерасты əдісімен өндіру


Пайдалы қазбаларды жерасты əдісімен өндіру немесе пайдалы
қазбаларды шахталық əдіспен өндіру (ағылш. undergtound mining; нем.
Unterlagebergbau, Bergbau unter Tage;) деп жер қойнауынан кен өндіру
жұмыстарын жер бетінің бедірін бұзбай жерасты қазбаларының жүйесін
қолдана отырып жүргізу əдісін атайды.
Пайдалы қазбаларды жерасты əдісімен игеру жұмыстары кенді ашу,
дайындау жəне қазып алу сияқты негізгі үш кезеңнен тұрады. Шахта оқпаны, штольня жəне квершлаг секілді жерасты қазбалары жер бетінен пайдалы қазбалардың барлық қорына немесе оның бір бөлшегіне жетуге жəне əрі қарай дайындық жəне кен алу жұмыстарын жүргізуге керекті жерасты қазбаларын қажетті жоспарлы түрде өтуге мүмкіндік тудырады.
Штректердің, еңкіштердің, бремсбергтердің, өрлемелердің жəне орттардың
көмегімен кен орны жобаланған кен алу жүйесіне байланысты, жекеленген
кен өндіру участкелеріне (қабаттар, панелдер, камералар жəне т.с.с.) бөлінеді.
Жерасты кен қазбаларының кеністіктегі орны, олардың көкжиек
жазықтығымен қиылысу бұрыштары, өлшемдері мен қима пішіндері жəне
атқаратын міндеттері əртүрлі. Олар кеңістікте көкжиек жазықтығымен
қиылысу бұрышына қарай – тік, көлбеу жəне жазық жерасты қазбалары
болып бөлінеді.
Жерасты тік қазбалар тобына шахтаның тік оқпаны, шурф, тұйық
оқпан, гезенк жəне өрлеме жатады.
Шахта оқпаны деп – шахта алабында атқарылатын жерасты тау-кен
жұмыстарының ырғақты, əрі қауіпсіз жүргізуін қамтамасыз ететін, жер
бетімен тікелей қатынасы бар, тік немесе көлбеу қазбаны атайды.
Шахтаның бас оқпаны деп – пайдалы қазбаларды жер бетіне
шығаратын шахта оқпанын атайды.
Шахтаның көмекші оқпаны деп – адамдарды, жүктер мен
жабдықтарды түсіріп-шығаруға жəне бос таужыныстарын шығаруға арналған шахта оқпанын атайды.
Шахтаның желдету оқпаны деп – жерасты қазбаларына таза ауаны
жеткізуге жəне кеніштен ластанған ауаны шығаруға арналған шахта оқпанын атайды.
Шахта оқпандарын көбінесе бас оқпан, лифттік (адамдарды таситын),
желдетпе, сутөкпе жəне т.с.с. атқаратын қызметтеріне байланысты атайды.
Егерде олар бірнеше қызмет атқаратын болса онда, сол қызметтердің
негізгісінің атымен атайды.
Тұйық оқпан (слепый ствол) деп – жер бетімен тікелей қатынасы жоқ
тік қазбаны атайды. Олар жерасты қазбаларындағы жұмыстарды жүргізу
кезінде адамдарды түсіріп-шығаруға, материалдар мен жабдықтарды
забойларға жеткізуге жəне қазылған таужыныстарын жоғарғы қабаттарға
тасуға арналған.
Өрлеме (восстающий) деп – төменгі қабаттан жоғары қабатқа дейін
жүргізілген жер бетімен тікелей қатынасы жоқ тік немесе көлбеу қазбаларды атайды. Өрлемелер қазбаларды желдету, материалдар мен жабдықтарды жеткізу, адамдардың жүріп тұруы, жəне кендер мен бос таужыныстарын өз салмағымен төмен түсіру үшін жүргізіледі. Сонымен қатар өрлемелер арқылы қазба жүргізу жұмыстарына қажетті су, электрэнергиясы жəне сығылған ауа берелетін жүйелер тартылады. Кей жағдайларда өрлемелер кен барлау жұмыстарын жүргізгенде де өтіледі.
Гезенк деп жоғарғы қабаттан төменгі қабатқа адамдардың жүріп-тұруы
жəне материалдар мен тау-кен жыныстарын түсіру үшін өтілетін жер бетімен тікелей қатынасы жоқ тік қазбаны атайды.
Шурф деп тереңдігі саяз (20-40 м) жəне көлденең қимасының ауданы
кіші (1–4 м) адамдар мен материалдарды түсіріп-шығаруға, тау-кен
жыныстарын шығаруға жəне қазбаны желдетуге арналған жер бетімен
тікелей қатынасы бар тік қазба. Шурф негізінен кен барлау жұмыстарын
жүргізгенде өтіледі. Көлбеу қазылатын шурфтар өте сирек кездеседі.
Шурфтар кей жағдайларда инженерлік-геологиялық жəне гидрогеологиялық зерттеулерді жүргізу үшін де пайдаланылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет