Городская олимпиада для учащихся 5-8 классов по предметам естественно-математического направления Химия, 8 сыныпқа



Дата22.06.2016
өлшемі53 Kb.
#153261
2014 – 2015 оқу жылы «Дарын» ҚО

Городская олимпиада для учащихся 5-8 классов

по предметам естественно-математического направления

Химия, 8 сыныпқа

Жұмыс уақыты — 120 минут

Тапсырмаларды шешіңіз.



  1. Газдар қоспасындағы СО2 және SO2 газдарынан тұратын оттектің О массалық үлесі 0,6. Газдар қоспасының гелий бойынша тығыздығын анықтаңыз.

5 ұпай

  1. Адам тәулігіне 0,5 м3 көмірқышқыл газын шығарады. Тыныс алу кезінде тотығатын осы көлемдегі көмірқышқыл газының және көміртектің массасын емептеңіз.

5 ұпай

  1. Магний мен литийдің толық тотыққандағы қатты фазаның массасы 2 есе өсті. Бастапқы қоспадағы әр металдың массалық үлесі қандай?

5 ұпай

  1. Көлемі 50 мл концентрациясы 2 моль/л және тығыздығы 1,22 г/мл натрий карбонаты ерітіндісіне көлемі 45,5 мл 8 % пайыздық тығыздығы 1,10 г/мл мыс сульфаты ерітіндісі қосылды. Түзілген тұнба сүзілді. Тұнба сүзілгіннен кейінгі ерітіндідегі қосылыстардың массалық үлесін есептеңіз.

5 ұпай

  1. Қыздырылған А затының қара ұнтағы арқылы түссіз газ В жіберілді. Нәтижесінде қызыл түсті жай зат С және кең қолданылатын сұйық Д заты түзілді. В газы Д сұйық затын электролиздеу арқылы да алынуы мүмкін. А, В, С, Д заттарын атаңыз.

5 ұпай

  1. Бір валентті металдың сульфатының кристаллогидратындағы металдың массалық үлесі 14,3 %. Осы кристаллогидраттың формуласын анықтаңыз және есептің шешу жолын түсіндіріңіз. Бұл заттың қолданылыу туралы не білесіз?


5 ұпай

Барлығы 50 ұпай

Тест тапсырмаларын орындаңыз. 1 дұрыс жауап – 1 ұпай.
1. Қайсы өрнек күкірт қышқылының салыстырмалы молекулалық массасын көрсетеді?

А) m(H2SO4)=98 г. B) Mr(H2SO4)=98 C) М(H2SO4)=98 г/моль

D) n(H2SO4)=1 моль E) Э(H2SO4)=49 г/моль – экв

2.Оттегінің 11,2 л көлемінде қалыпты жағдайдағы оттегі газының неше молекуласы бар?



  1. 6,02 • 1023; B) 5,3 • 1023; C) 1,88 • 1022; D) 3,01 • 1023 ; E) 1,2 • 1024.

3.Аммоний сульфатының молярлық массасын есептеңіз:

A) 132 г/моль; В) 116 г/моль; С) 98 г/моль; D) 142 г/моль; E) 394 г/моль.

4.Қалыпты жағдайдағы көлемі 44,8 көлем алатын газдың зат мөлшері қанша?


  1. 1 моль; B) 2 моль; C) 0,5 моль; D) 3 моль; E) 4 моль.

5.Зат мөлшері 5 моль азот газының қалыпты жағдайдағы көлемі қаншаға тең?

А) 22,4 л; В) 11,2 л; С) 224 л; D) 112 л; E) 56 л.

6.Массасы 14 г газдың қалыпты жағдайдағы көлемі 11,2. Оның молярлық массасы қанша?

А) 8 г/моль; В) 16 г/моль; С) 28 г/моль; D) 32 г/моль; E) 36 г/моль.

7.Сутек бойынша тығыздығы 15 болатын газдың салыстырмалы молекулалық массасын анықтаңыз.

А) 15; В) 159,5; С) 60; D) 45; Е) 30.

8.Қалыпты жағдайдағы көлемі 44,8 л болатын аммиак газының массасы қаншаға тең?

А) 17 г; В) 34 г; С) 28 г; D) 48 г; Е) 56 г.

9.Кальций карбонатындағы кальцийдің массалық үлесін анықтаңыз.


  1. 20 %; B) 30 %; C) 40 %; D) 10 %; E) 50 %.

10. Қышқылдармен әрекеттесетін, бірақ тотықтармен әрекеттеспейтін тотықты анықтаңыз.

А) қышқылдық тотық; B) негіздік тотық; C) екідайлық (амфотерлік) тотық;


D) тұз түзбейтін тотық; E) сутектің асқын тотығы (пероксид).

11.Натрий гидроксидінің тұз қышқылымен әрекеттескендегі реакция теңдеулеріндегі коэффициенттердің қосындысы:



  1. 4; B) 3; C) 2; D) 1 ; E) 5 .

12. Заттың формуласы NaNO3, химиялық аты:

  1. натрий гидроксиді; B) натрий хлориді; C) калий нитраты;
    D) натрий нитраты; E) азот қышқылы.

13. Мына затты CaCO3 қыздырғанда жүретін реакция теңдеулерін аяқтаңыз.

  1. Ca + CO3; B) Ca + C + O2; C) CaO + CO2; D) CaO + C; E) Ca + CO2 .

14.Химиялық реакция теңдеуіндегі H2SO4 + NaCl → Na2SO4 + HCl тұз қышқылының алдына қандай коэффициент қою керек?

  1. 1; B) 3; C) 4; D) 5; E) 2.

15. Жай зат:

A) су; B) мыс; C) құм; D) ауа; E) тұз.

16.Күрделі зат:


  1. су; B) оттек; C) темір; D) күкірт; E) көмір.

17.Периодтағы элементтердің реттік нөмірінің өсуіне байланысты олардың химиялық қасиеттері және сипаттамалары қалай өзгереді?

  1. атом радиусы өседі; B) металдық қасиеті әлсірейді; C) металдық қасиеті күшейеді;
    D) ядро заряды азаяды; E) металлеместік қасиеті әлсірейді.

18.Массасы 500 г 7 % пайыздық натрий нитратының ерітіндісіне 200 г су қосылды. Алынған ерітіндідегі натрий нитратының (NaNO3) массалық үлесі:

  1. 1 %; B) 2 %; C) 3 %; D) 4 %; E) 5 %.

19.Көлемі 200 мл суда массасы 50 г натрий гидроксидін еріткендегі сілтінің массалық үлесі:

  1. 20%; B) 50%; C) 60%; D) 30%; E) 40%.

20.Массасы 200 г 10 % пайыздық KCl ерітіндісін дайындау үшін калий хлоридінің қанша массасын алу керек?

A) 50 г; B) 20 г; C) 60 г; D) 30 г; E) 40 г.




20 ұпай

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет