Гусаковка селолық округінің әкімі Е. И. Таласовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі



Дата25.02.2016
өлшемі69.5 Kb.
#18983
Гусаковка селолық округінің әкімі Е.И.Таласовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі

Қымбатты жерлестер!


Жыл сайын өткізілетін барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулері үкімет және халықтың дәстүрлі сұхбаттасуы болып табылады, ол тұрғындарды өткен жылы жүзеге асырылған жұмыстар туралы ақпараттандырып қана қоймай, сонымен қатар маңызды міндеттер мен мәселелерді шешуді уақытында анықтауға мүмкіндік береді.

Өткен жыл дағдарыс құбылысына қарамастан біз үшін барлық салалар бойынша ттұрақтылық пен даму жылы болды.

Гусаковка селолық округінің аумағында бес елді мекен орналасқан (Гусаковка, Новосветловка, Береславка, Корсаковка, Красный Кордон селолары).

Селолық округ тұрғвндарының саны-1839 адам. Тұрғындардың ұлттық құрамы: қазақтар-303, орыстар-928, немістер-172, украиндар-249, басқа ұлт өкілдері—187.

Аудан әкім Е.Т.Айнабековпен бекітілген дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында меншіктің барлық салаларында еңбекақы, жер жарналары уақытында беріледі. 2009 жылы 2 ШНҰ құрылды, жұмыс орындарын сақтау жөнінде 17 меморандум жасалды. Еңбекақы мен зейнетақы көлемінің өсуі жалғасуда. Жаңа жұмыс орындарының пайда болуы және жұмысқа орналастыру есебінен селолық округтің экономикасында жұмыспен қамтылғандардың саны өсті, жұмыссыздардың саны азайып келеді.

Селолық округ аумағының жалпы алаңы- 70502 гектар.

Ауылшаруашылығының дамуы.

Селолық округ аумағында 2 ірі ауылшаруашылық кәсіпорны «Гусаковка» ЖШС және «Новосветловка Алиби» ЖШС, «Луч» ЖШС, сонымен қатар 11 шаруа қожалығы;

Негізгі бағыт- дәнді дақылдарды өндіру (бидай, арпа). Ауылшаруашылық тағайындауындағы жерлердің жалпы алаңы 52983 га, соның ішінде егістік-36821 га, жайылым- 11860 га.

Барлық шаруашылықтар өз міндеттерін табысты орындауда, экономиканың негізгі секторларының бірі- ауыл шаруашылығында жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Ауылшаруашылық өндірісінің негізгі үлесі дәнді дақылдарды өсіруге келеді (бидай, арпа). 2009 жылы диқандар жақсы астық өнімін алды, орташа шығымдылық гектарынан 15 центнерді құрады.

Жыл сайын ауылшаруашылық өндірушілерінің материалдық-техникалық базасы көтерілуде, астық жинау техникалары сатылып алынуда:

«Гусаковка» ЖШС-«Челенджер» тракторы-1 дана, Моресс Макс-2 егіс кешені-2 дана, John Deere-2 дана.

«Янтарь» және «Ақтоғай» шаруа қожалықтары астық жинау комбайндары-2 дана.

Мал шаруашылығы әрі қарай дамуда, мал басының саны мен мал өнімдерінің өндірісінің тұрақты артуы байқалады. Селолық округ бойынша барлығы 3647 бас ірі қара, 645 бас жылқы, 764 бас қой, 1710 шошқа бар.

«Гусаковка» ЖШС асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесіне ие, қырдың қызыл сиырларын өсірумен айналысып, басқа шаруашылықтардан тиімді ерекшеленеді. Асыл тұқымды 62 бас қазақ ақ бас тұқымды ірі қара әкелінді. 2009 жыл ішінде 247 тонна ет, 2682 тонна өнімдері сатылды.

Қолмен ұрықтандырудың екі пункті жұмыс істейді.

Селолық округ аумағында Новосветловка селосында мал сою цехы және Гусаковка селосында мал сою алаңы бар.

«Гусаковка» ЖШС басшысы Н.М.Сердалин ҰОС қатысушыларына Жеңіс күніне, қарттар мен мүгедектерге қарттар күніне қайырылымдық көмекке қаражат бөледі, «Наурыз мейрамы» мерекесіне іс-шаралар өткізеді. 2009 жылы қайырымдылыққа 500 мың теңге қаражат жұмсалды. 2009 жылы жастардың демалыс орталығы орналасатын бұрынғы асхана ғимаратын қайта құру және жөндеу жұмыстары басталды.

«Новосветловка Алиби» ЖШС басшысы Ф.И.Мусиенко селолық округтің әлеуметтік-мәдени саласының дамуына ерекше үлес қосады. «Новосветловка Алиби» ЖШС 2009 жылы 490 мың теңге сомасына қайырымдылық көмек жасады.

«Луч» ЖШС басшысы М.Х.Маркграф Гусаковка дәрігерлік амбулаториясы үшін 350 мың теңге сомасына массаж үстелін сатып алуға, Жеңіс күні мен қарттар күніне 52 мың теңге сомасына демеушілік көмек жасады. Жыл сайын Гусаковка орта мектебі оқушыларының арасында өткізілетін спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге өз үлесін қосады.


Шағын және орта бизнес

Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйі үшінүкіметтен кем емес жауапкершілік тартатын меншік иелерінің класы.

Округте 27 шағын кәсіпкерлік субъектісі бар, соның ішінде үш заңды тұлға, 11 шаруа қожалығы және 13 жеке кәсіпкер.

Шаруа қожалықтарының басшылары да Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, зейнеткерлерге және аз қамтылған отбасыларына демеушілік көмек жасалады.

Білім беру

Селолық округ аймағында 2 орта мектеп, бір негізгі және бір бастауыш мектеп бар, оларда 296 оқушы оқиды. Оқу үрдісін 59 педагог жүзеге асырады, соның ішінде 37 мұғалім жоғары білімді, 22-сі арнайы орта білімді.

Гусаковка орта мектебінің жанында 25 орынға интернат қызмет көрсетеді. 2007 жылы мектеп интернат Целинный және Матвеевка селоларының балаларымен толықтырылды.

Өткен жылы Гусаковка, Новосветловка және Береславка селоларының мектептері жанында 3 шағын орталық ашылды, 33 бала барады.

2009 жылы Гусаковка орта мектебіне линолеум алынды, оған жергілікті бюджеттен 360,8 мың теңге бөлінді.

Барлық білім беру нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мекемелер отынмен қамтамасыз етілген, температуралық режим сақталуда.


Медициналық қызмет көрсету округте Гусаковка селосындағы бір селолық амбулаториямен, Новосветловка, Береславка және Корсаковка селоларындағы үш медициналық пункттермен жүзеге асырылады.

Барлық денсаулық сақтау нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мекемелер отынмен қамтамасыз етілген, температуралық режим сақталуда.

Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жақсаруда. Мекемелер кадрлармен толық қамтылған.

Гусаковка селосында 1 дәріхана жұмыс істейді. Қазіргі уақытта аудандық денсаулық сақтау бөлімінің жанында әлеуметтік мемлекеттік дәріхана ашылды, Новосветловка, Береславка, Корсаковка селолары медициналық пункттерінің қызметкерлеріне дәрі-дәрмек беріп тұрады.


Мәдениет

Селолық округ аумағында Новосветловка және Береславка селоларында екі клуб жұмыс істейді. Гусаковка, Новосветловка селоларында екі селолық кітапхана бар.


Халықты әлеуметтік қорғау

Президенттің Жолдауында көрсетілген тапсырыстардың әлеуметтік бағыттылығы бар, бұл дүниежүзілік қаржы және экономикалық дағдарыс кезеңінде өте маңызды.

Еліміздің аз қамтылған жіктерін қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік саясатсыз мемлекетіміздің дүниежүзілік ауқымда алға басуы мүмкін емес. Халықты тұрақты жұмыспен қамту осы бағыттың бірі болып табылады.

Президентіміздің Жолдауын орындау мақсатында ағымдағы жылы селолық округтің 18 жасқа дейін балалары бар 195 отбасы 2009 жыл ішінде 1 млн. 369 мың теңге сомасына жәрдемақы алды. Бұдан басқа аз қамтылған 2 отбасы 81973 теңге адрестік әлеуметтік көмек алды.

2009 жылы 54 адам жұмыспен қамтылды, негізінен- ауылшаруашылығы саласында және бюджеттік ұйымдарда. 2008 жылмен салыстырғанда 146% құрайды немесе 17 адамға көбірек.

Жол картасы бойынша 4 жаңа жұмыс орны құрылды, сонымен қатар жастар практикасы бойынша 1 орын.

2009 жылы жұмыссыздар санатынан аспаз, темір ұста, дәнекерлеуші және ұрықтандырушы мамандықтары бойынша кадрларды қайта даярлауды 5 адам өтті.

Көліктік-коммуникациялық кешеннің дамуы

2009 жыл ішінде Гусаковка селосының аумағында жаңа сандық станса пайдалануға берілді. Бұл әр тілек білдірушіні телефон байланысымен қамтуға мүмкіндік берді. «Beeline» ұялы байланысын енгізу бойынша жұмыстар аяқталды. Береславка және Корсаковка селоларының телефон байланысы абонеттері санын кеңейту бойынша радио қол жеткізу қамтамасыз ететін стансаны қосу жұмыстары аяқталуға жақын.

Селолық округтің жолдары айтарлықтай жақсарды. Селолық округтің шаруашылық етуші субъектілерінің күшімен жергілікті маңыздағы жолдарға құмтас төгілді. «Гусаковка» ЖШС басшысы Н.М.Сердалин, «Луч» ЖШС басшысы М.Х.Маркграф, «Новосветловка Алиби» ЖШС басшысы Ф.И.Мусиенко жергілікті маңыздағы қашықтығы 55 шақырым жолда (Береславка-Гусаковка, Гусаковка-Константиновка, Сазоновка-Гусаковка учаскелерінде) шұңқырлық жөндеу жұмыстарын жүргізді.

2009 жылдың мамырынан бастап Гусаковка-Петропавл бағыты бойынша автобустық қатынас жаңартылды.

Салықтар
2009 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке салық жинау жоспары 100% орындалды: жер салығы-183 мың теңге, мүліктік салық-60 мың теңге, автокөлік салығы-864 мың теңге, бір жолғы -54 мың теңге.

Әлеуметтік инфрақұрылым
Селолық округ тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үш су құбырынан, он ұңғымадан және үш құдықтан іске асырылады, судың сапасы стандарттарға сәйкес.

Селолық округ аумағында тұрғындарды нанмен қамтамасыз ететін екі наубайхана қызмет етеді. «Гусаковка» ЖШС 1 бөлке нанның (600 гр.) құны 38 теңге, «Новосветловка Алиби» ЖШС-30 теңге.


Құрметті жерлестер!
Аудан әкімінің және селолық округ әкімінің Гусаковка селолық округінің тұрғындарымен өткен кездесулерінде тоғыз ұсыныс айтылды, оның 7 орындалды.

Корсаковка және Береславка селоларында телефон абоненттері санын кеңейту бойынша мәселені шешу аяқталуға жақын. 2009 жылдың 20 желтоқсанында электр стансасының контейнеріне электр энергиясы берілді. Қазіргі уақытта жұмыстар жалғасуда, құрылғыларды тестілеу жұмысы қалды, сонан соң әр тілек білдірген абонент радио қол жеткізумен қамтамасыз етіледі.

Демалыс орталығын ашу мәселесі шешілу үстінде, қаржының жетіспеуіне байланысты бұрынғы асхана ғимаратын қайта құру жұмыстары тоқтатылды.

Селолық округ әкімінің аппаратында елді мекендерді көріктендіру бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жолдарға құмтас төгу, жолдарды қысқы маусымда тазалау, қоқыс төгетін орындарды қайтадан өңдеу, елді мекендерді жарықтандыру және көгалдандыру бойынша жоспар орындалды.

Азаматтарды қабылдау кестеге сәйкес жүргізіледі. Азаматтардың өтініштері мен арыздары журналдарда тіркеледі, қаралып, уақытында жауаптар беріледі.

Селолық окургте жалақы барлық мекемелер мен ұйымдарда ай сайын беріледі, 2009 жылы қарыз жоқ. Үлесшілерге дивидендтер толық көлемде берілді.



Ағымдағы жылға бағдарлама елді мекендерді көркейтуден- жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеуден, Гусаковка селосында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудан, дүкендерді осы заманғы үлгіде қайта салудан құрылған. Сөз соңында айтарым «Халық бірге болса, бейбітшілік пен игілікте тұрады, ол үшін қол жеткізбейтін биіктік жоқ». Баршаңызға бейбітшілік, сәттілік, гүлдену және игілік тілеймін!

Селолық округ әкімі Е.И.Таласов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет