Хабарландыру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі



Дата01.07.2016
өлшемі260.04 Kb.
#169688


Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1,

«Транспорт Тауэр» ғимараты, анықтама үшін телефон: (8-7172) 75-43-56

/E-mail: s.shamilova@mid.gov.kz /

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына

орналасуға конкурс жариялайды:
1. Ішкі аудит департаменті

Бақылау басқармасының бас сарапшысы

С–4 санаты (1 бірлік) (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде)
Функционалдық міндеттері: Министрлік, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және құрылымдық бөлімшелердің бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы бюджеттік және өзге де заңнамасын сақталуын қамтамасыз етуін бақылауды қамтамасыз ету, айқындалатын тәуекелдерді қоса ала отырып Республикалық бюджет қаражат пайдалану кезіндегі бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және жол бермеу жөнінде шараларды қабылдау. Басқарманың құзыреті шегінде бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалардың сақтауын үшін бақылауды жүзеге асыру. Ішкі бақылау нәтижесі бойынша қорытындыларды, есептерді және ұсынымдарды дайындау, сондай-ақ олардың орындалуына бақылау жасау және бақылау құжаттарын ішкі мұрағатқа дайындау. Басқарма басшысы айқындайтын өкілеттіктерді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңнамасын және Мемлекеттік қаржылық бақылауының стандарттарын сақтау

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, аудит және есеп, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика) немесе құқық (құқықтану).
2. Стратегиялық жоспарлау департаменті

Ақпараттық-талдауды сүйемелдеу басқармасының бас сарапшысы

С–4 санаты (1 бірлік) (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде)
Функционалдық міндеттері: Индустрия, көлік және коммуникация салалары дамуының ақпараттық-талдауын сүйемелдеуді қамтамасыз ету; индустрия, көлік және коммуникация салалары дамуы туралы ақпараттық-талдау деректерін бақылау және талдамалық; индустрия, көлік және коммуникация салалары бойынша баяндамаларды, талдамалық есептерді, ақпараттық, таныстыру және өзге де материалдарды дайындау; индустрия, көлік және коммуникация салалары дамуының ақпараттық-талдау деректері бойынша мәселелерді үйлестіру; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімі қабылдау; Министрліктің құзыретіне кіретін іс шараларды іске асыру сұрақтары бойынша қатысу; Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарастыруға қатысу; Департамент құзыреті шеңберінде селекторлық және басқа да кеңестерге, Министрлік басшылығы үшін ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
3. Стратегиялық жоспарлау департаменті

бағдарламалық құжаттарды мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы,

С–4 санаты (1 бірлік) (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде)
Функционалдық міндеттері: ҚР ИДМ жетекшілік ететін қызметі саласын мемлекеттік, салалық (сектораралық) және өңірлік салаларды дамытудың бағдарламаларды ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың басқарманың құзыретіне жататын Министрлікке бекітілген тармақтардың орындалу мониторингін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі бағдарлама құжаттарының әзірлемелерін Министрлікте үйлестіру және олардың орындалу мониторингі. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар мен хаттардың жобаларын әзірлеу. Министрлік және департамент басшылығының тапсырмаларын тиімді және уақтылы орындауын қамтамасыз ету. Министрлік құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Департамент басшылығы жүктеген, басқарманың құзыретіне жататын, оның ішінде мемлекеттік құпияларға қатысты құжаттардың орындау бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
4. Стратегиялық жоспарлау департаменті

бағдарламалық құжаттарды мониторингілеу басқармасының сарапшысы,

С–5 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі бағдарлама құжаттарының әзірлемелерін Министрлікте үйлестіру және олардың орындалу мониторингі. Қажет болған жағдайда және ҚР ИДМ басшылардың тапсырмалары бойынша басқарманың құзыретіне кіретін Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Үкімет мәжіліс хаттамаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Үкіметінің іс-шара жоспарының тармақтарын ҚР ИДМ құрылымдық бөлімшелерге жүктеу бойынша бұйрықтарды дайындау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар мен хаттардың жобаларын әзірлеу. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық. немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

5. Активтерді басқару департаменті

мемлекеттік қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс істеу

басқармасының бас сарапшысы, С–4 санаты (2 бірлік) (оның ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде)

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қатысуы бар, оның ішінде Министрліктің сенімгерлік басқаруында тұрған, бекітілген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың стратегияларын, даму жоспарлары мен бюджеттерін қарау және бағалау, олардың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау және мониторинг жүргізу. Министрліктің сенімгерлік басқаруында тұрған ұйымдардың қызмет тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу. Мемлекеттік қатысуы бар, оның ішінде Министрліктің сенімгерлік басқаруында тұрған, бекітілген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ішкі құжаттарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша жұмыс. Мемлекеттік қатысуы бар, оңын ішінде Министрліктің сенімгерлік басқаруында бекітілген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ішкі құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мониторингін, оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асыру. Мемлекеттік қатысуы бар, оның ішінде Министрліктің сенімгерлік басқаруында тұрған, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың корпоративтік басқару жүйесін енгізу бойынша жұмыс атқару, олардың корпоративті басқару қағидаттары мен нормаларын сақтауын бақылау. Сенімгерлік басқаруда тұрған бекітілген ұйымдардың Директорлар кеңесі (байқау кеңесі) отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдарын қарастыру және олар бойынша қорытындылар әзірлеу. Мемлекеттік қатысуы бар, оның ішінде Министрліктің сенімгерлік басқаруында тұрған, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингін және талдауын жүзеге асыру. Мемлекеттік қатысуы бар, оның ішінде Министрліктің сенімгерлік басқаруында тұрған, мемлекеттік емес заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша жалғыз акционері ретінде Министрлік шешімдерінің жобаларын әзірлеу. Өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік меншікті құқықтық реттеу бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қарастыру. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

6. Кадр жұмысы департаменті

персонал тиімділігін бағалау басқармасының сарапшысы, С–5 санаты (1 бірлік), (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде)

Функционалдық міндеттері: Орталық мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүргізу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл; басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу; құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау жүргізу нәтижесі бойынша талдау анықтамаларын, қорытындылар, ұсынымдар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық немесе білім.

7. Заң департаменті Заңнама басқармасының басшысы,

С-3 санаты, (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмысына жалпы басшылық және үйлестіру, Министрліктің құзыреті шеңберіндегі қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу мен сараптауды ұйымдастыру және қатысу, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде, Үкіметінде, басқа да мемлекеттік органдарда құрылатын жұмыс топтарына қатысу. Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын құқықтық сүйемелдеу, Басқарма қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды бақылау. Басшылық жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: құқық.

8. Заң департаменті нормативтік құқықтық бұйрықтар басқармасының бас сарапшысы,

С-4 санаты, (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Министрліктің құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын сараптау және әзірлеу кезінде қатысу және ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша Парламентте, Үкіметте және басқа мемлекеттік органдарда құрылған жұмыс топтарында қатысу. Министрлікпен әзірленген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жүргізу туралы әр аптадағы ақпаратты дайындау. Басшылықпен жүктелген өзге құзыретті жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: құқық.


9. Заң департаменті құқықтық мониторинг және талдау басқармасының сарапшысы,

C-5 санаты, (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға қатысу, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескiрген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың iске асырылуының тиiмдiлiгiн бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйi туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпiнiн және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негiзде жүргiзiледi, талдамалық ақпаратты әзірлеуге қатысу, басшылыққа құқықтық мониторинг мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу, Министрліктің құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және сараптама жүргізуге қатысу, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде, Үкіметінде, басқа мемлекеттік органдарында құрылатын жұмыс топтарына қатысу. Басшылық жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру. Құқықтық мониторинг мәселелері бойынша Ел басшысының, ҚР Президент әкімшілігінің, ҚР Премьер-министр Канцеляриясының, Министрліктің басшылығының және Департаменттің тапсырмаларын орындау бойынша сапалы шығыс құжаттарды дайындау мақсатында басшылықтың тапсырмаларына сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелерден келіп түскен ақпаратын жинауды және жинақтауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: құқық.

10. Заң департаменті құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы,

С-4 санаты (1 бірлік) (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде)
Функционалдық міндеттері: Департамент құзыретіндегі мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін, ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметін тексеруге қатысу. Келісім шарттар бойынша қорытынды әзірлеу, оның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру. Министрліктің басшылығына қол қою ұсынылатын бұйрық жобаларына сараптама жүргізу. Оның құзыретіне кіретін құқықтық мәселелер бойынша Министрліктің атынан заңнамалық актілерде көзделген түсініктерді беру. Департаменттің және басқарма басшылығымен жүктелген өзге құзыретті жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: құқық.

11. Құжаттау және бақылау дамыту департаменті ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы,

С-4 санаты (1бірлік)
Функционалдық міндеттері: Ақпараттандыру саласындағы стратегиялық құжаттарды іске асыру жөніндегі есептерді дайындау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті материалдарды, анықтамаларды дайындау; Ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға жедел қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; жүйелік-техникалық қызмет көрсетудің үздіксіз жұмыс істеуіне мониторинг жүргізу және қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шеңберінде қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу конкурсын дайындау және қатысу; ақпараттық жүйелерге қатысты мемлекеттік сатып алулардың техникалық ерекшеліктері мен номенклатураларын дайындау; компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларының сақталуы үшін толық жеке материалдық жауапкершілік; компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларын тіркеу, компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларына, серверлік жабдықтарға жоспарлы түгендеу жүргізу, материалдық құралдарды дефектациялау және есептен шығару; ақпараттық аналитикалық материалдарды дайындауға қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және ведомстволарында тексеру жүргізуге қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және дайындауға қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттар мен ақпараттар жобаларын дайындау; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық, кедендік іс) немесе білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдары.

12. Құжаттау және бақылау дамыту департаменті ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының сарапшысы,

С-5 санаты (1бірлік) (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде)
Функционалдық міндеттері: Ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға жедел қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; жүйелік-техникалық қызмет көрсетудің үздіксіз жұмыс істеуіне мониторинг жүргізу және қамтамасыз ету; компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларының сақталуы үшін толық жеке материалдық жауапкершілік; компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларын тіркеу, компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларына, серверлік жабдықтарға жоспарлы түгендеу жүргізу, материалдық құралдарды дефектациялау және есептен шығару; ақпараттық аналитикалық материалдарды дайындауға қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және ведомстволарында тексеру жүргізуге қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттар мен ақпараттар жобаларын дайындау; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық, кедендік іс) немесе білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдары.

13. Әкімшілік жұмысы департаменті

мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы,

С-4 санаты (1 бірлік) (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде)
Функционалдық міндеттері: Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге өнім берушілерден тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының нормаларын қолданылмай тәсілімен мемлекеттік сатып алуды дайындайды және өткізеді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының нормаларын қолданылмай тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша шарттар дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық.
14. Туризм индустриясы департаментінің директоры,

С-1 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Департамент қызметіне жалпы басшылық жасау, қойылған міндеттерді іске асыру үшін қажетті іс-шараларды жоспарлау және бақылау, туристік қызметті дамыту саласындағы басымдықтарды әзірлеу. Туристік салаға инвестиция тарту бөлігінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Туристік салаға инвестиция тартуға департаментінің қатысуы бойынша ұсыныстар әзірлеу мәселелерін үйлестіру. Инвестициялық жобаларға жетекшілік ету. Туристік іс-шараларды өткізу, халықаралық көрмелік іс-шараларға, ақпараттық турларға қатысу жөніндегі мәселелерді үйлестіру. Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу бойынша мәселелерді үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: қызмет көрсету (туризм, мейманхана бизнесі) немесе гуманитарлық ғылымдар (тарих) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

15. Туризм индустриясы департаменті

Өңірлік даму және инвестициялық жобалар басқармасының бас сарапшысы,

С-5 санаты (1 бірлік) (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде)
Функционалдық міндеттері: Инвестициялық жобаларды қалыптастыру және инвестициялар тарту. Туризм саласындағы инвестициялық жобаларды бағалау және іріктеу жөніндегі комиссия қызметін ұйымдастыру. Бизнес-жоспарларды және инвестициялық жобаларды жасау бойынша туристік бизнестегі кәсіпкерлер үшін оқыту семинарларын өткізуді ұйымдастыру. Шетелде Қазақстан Республикасының тартымды туристік имиджін қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Халықаралық туристік көрмелерге және басқа да халықаралық туристік іс-шараларға еліміздің дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету. Халықаралық маңызы бар инвестициялық «басым сипаттағы» жобаларды, туристік орталықтарды іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасы бойынша туристік объектілерді паспорттау. Туризм индустриясын дамыту, инфрақұрылымдарды жоспарлауға қатысу. Туризмді дамытудың өңірлік бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасасу. Туризм инфрақұрылымын дамыту және қалыптасыру шараларын әзірлеу. жасасу. Туризм инфрақұрылымын дамыту және қалыптасыру шараларын әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: қызмет көрсету (туризм) немесе гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

16. Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті

хаттама басқармасының бас сарапшысы

(С-4), (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Қазақстанның сауда-экономикалық ынтымақтастығының мәселелері бойынша Министрлік басшылығының шет мемлекеттер өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру жөніндегі хаттамалық шараларды қамтамасыз ету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Министрліктің құзыретіне кіретін үкіметаралық комиссиялар, кіші комиссиялар, жұмыс топтарының отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Шет мемлекеттермен екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, шет мемлекеттермен екіжақты ынтымақтастықты дамыту саласындағы келісімдерді, шарттарды, бағдарламаларды, іс-қимыл жоспарларын, жол карталарын әзірлеу қызметіне мониторинг жүргізу. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшысының, Премьер-Министрдің, Үкіметтің және Министрліктің бақылауындағы өзге тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (юриспруденция, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (аймақтану, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, қаржы).

17. Технологиялық және инновациялық даму саясат департаменті

мемлекеттік қолдау құралдары басқармасының сарапшысы,

С-5 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау қуралдар саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу және қарастыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларын орындау. Басқарма өкілеттілігіне кіретін бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыруға және іске асыруға координациялау. Басқарма өкілеттілігіне кіретін мәселелер бойынша бюджеттік бағдарламалардың іске асыру кезеңдерін, нысаналы индикаторларға жету және нәтижелер көрсеткіштеріне талдау жасайды. Басқарманың және департаменттің басшылығы айқындайтын басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар немесе жаратылыстану ғылымдар немесе гуманитарлық ғылымдар.

18. Технологиялық және инновациялық даму саясаты департаменті

инновациялық инфрақұрылымды даму басқармасының сарапшысы,

С-5 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік инновациялық қызметтің негізгі бағыттарын әзірлеуге және келісуге қатысу, жетекшілік ететін салаларды дамытудың өндірістік көрсеткіштерін талдау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларын орындау, технологиялық салалар мен сервистік индустрияны, инновациялық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер бойынша қорытындыларды әзірлеуге және дайындауға қатысу. Басқарманың және департаменттің басшылығы айқындайтын басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар мен технологиялар немесе жаратылыстану ғылымдары немесе құқық.
19. Жер қойнауын пайдалану департаменті

жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқармасының сарапшысы

С-5 санаты, (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Жер қойнауын пайдалануға беру құқығын беру бойынша тікелей келіссөздерді өткізу бойынша жұмыс топтарының отырыстарында қарастырылатын материлдарды дайындауға қатысу, хаттамаларды рәсімдеу, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес конкурс өткізуді ұйымдастыру, тікелей келіссөздерге берілген өтініштерді тіркеу мен сақтау, мұрағаттық құжаттарды қалыптастыру, сараптамалық комиссия отырыстары материалдар дайындау, жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісім шарттық міндеттерге өзгертулер енгізу туралы өтініштерін қарастыру, сараптамалық комиссия отырыстарының хаттамаларын рәсімдеу, жер қойнауын пайдаланушыларға сараптамалық комиссия отырыстарының нәтижесі туралы жауап дайындау, сараптамалық комиссия отырыстарының хаттамаларын тіркеу мен сақтау, сараптамалық комиссия отырыстарына материал жинау барысында мекемелермен және ұйымдармен хат алысып тұру.есепке ала отырып, салалық саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (тау-кен ісі, геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық.

20. Жер қойнауын пайдалану департаменті

жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты

басқармасының сарапшысы С-5 санаты, (1 бірлік)

(негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде)
Функционалдық міндеттері: Сараптама жүргізу, Австралиямен, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерімен, Кедендік Одақ елдерімен, Европа елдерімен бірлескен айрықша қызықты инвестициялық жобаларды анықтау мен жүргізу: негізгі жобаларды жоспарлы жүзеге асыруға және жер қойнауын пайдаланудан барынша нарықтық пайда алуға бағытталған шаралар кешенін анықтау; ағымдағы жағдайды сараптау мен болжау;минералды ресурстарды нәтижелі қолдану бағыттарын іздену; жер қойнауын барынша пайдалану мен қолдануға технологиялар іздену; жер қойнауын пайдалану мәселесі бойынша комиссия мен арнайы құрылған топтардың жұмысына қатысу; басқарма құзыреттілігі аясында Департамент және Министрлік жетекшілерінің тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (тау-кен ісі, геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық.

21. Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті

Көлік логистикасын дамыту басқармасының сарапшысы С-5 (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Көліктік логистика шеңберінде ынтымақтастық пен қызметті үйлестіру жөніндегі ақпараттық материалдар мен құжаттарды ұйымдастыру, жинақтау, талдау және дайындау; көліктік логистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша ақпараттық материалдар мен құжаттарды дайындау; көліктік логистиканы дамыту мәселелері бойынша материалдар дайындауға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк көзғаласы мен тасымалдауды ұйымдастыру, логистика (сала бойынша) немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

22. Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті

авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының бас сарапшысы,

С – 4 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Азаматтық авиация ұйымдары тексерушілерін кәсіби дайындығы мәселелері жөніндегі белгіленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуін бақылау; жүргізілген тексерудің заңнама талаптарына сәйкестігіне және тексеруге рұқсаты бар авиациялық мамандардың дайындық деңгейінің сәйкестігіне сараптама жүргізу; шетелдік мемлекеттерде куәліктер (сертификаттар) алған авиациялық мамандардың дайындық деңгейінің Қазақстан Республикасының стандарттары мен нормаларына сәйкестігіне сараптама жүргізу; Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының әуе кемелерін, әуежайларын (әуеайлақтарын) пайдаланушылардың және басқа да ұйымдардың қызметін тексеру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (авиациялық техника және технологиялары, ұшатын аппараттар мен және қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану) немесе құқық.

23. Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті

авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының бас сарапшысы,

С – 4 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Тексеру қорытындысы бойынша ұшу қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жасау; әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғаларды қызметтік тексерулерге қатысу; азаматтық авиация саласында инспекциялық тексерістерді жүзеге асыру; ұшуда әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымдарының тексеру материалдарын қарау; басшылар мен инспекторларды тексеру бойынша оқытуды ұйымдастыруға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (авиациялық техника және технологиялары, ұшатын аппараттар мен және қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану).

24. Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті

авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының бас сарапшысы,

С – 4 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Тексеру қорытындысы бойынша ұшу қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жасау; әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғаларды қызметтік тексерулерге қатысу; азаматтық авиация саласында инспекциялық тексерістерді жүзеге асыру; ұшуда әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымдарының тексеру материалдарын қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (авиациялық техника және технологиялары, ұшатын аппараттар мен және қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану).

25. Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті

авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының сарапшысы,

С – 5 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Оқиғаларды тіркеу және талдау, тексеру қорытындысы бойынша басшылыққа есептілік түрін жасау, ұшу қауіпсіздігінің және тексеру жай-күйіне талдау жасау; әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалардың қызметтік тексерулеріне қатысу; ұшуда әуе кеменің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымдарының тексеру материалдарын қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг).

26. Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

төрағасының орынбасары,

C-1 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Комитет жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру. Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды, өнеркәсіптің салалары бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын (оның ішінде тау-кен металлургиясы, химия, фармацевтика, жеңіл, өнеркәсіптің өңдеуші салалары, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау) және жергілікті қамтуды дамытуды үйлестіру. Тауарларда, жұмыстарда және көрсетілетін қызметтерде жергілікті қамту мүдделерін қамтамасыз ету аясында өкілетті орган функциясын іске асыру, офсеттік келісімдерді іске асыру, отандық тауар өндірушілерді қолдау. Жетекшілік ететін салаларды дамыту тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзірлеуге, оларды дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлеуге қатысу, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық баяндамалар мен материалдар дайындау. Инновациялық процестерді жандандыру, жаңа технологиялық әдістерді енгізу, өнеркәсіптегі жаңа қайта бөлулерді игеру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Республикалық бюджет есебінен орындалатын ғылыми, конструкторлық, технологиялық және инновациялық жұмыстарды үйлестіру. «Ғылым-нарық-өндіріс» циклінің жұмыс істеуі үшін өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының ғылыми ұйымдармен және даму институттарымен өзара іс-қимылын нығайту жөніндегі іс-шараларды өткізу мәселелеріне жетекшілік ету. Комитет құзыреті шеңберінде жетекшілік ететін салаларда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмысты, Еуразиялық Экономикалық Одақ, Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруді, экспортты ілгерілету, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды үйлестіру. Құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік қызметтерді көрсету және рұқсат беру рәсімдері мәселелеріне жетекшілік ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар мен технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық.

27. Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің

Атырау облысы бойынша Департамент басшысы

С-О-1 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Департамент жұмысын ұйымдастыру және қызметкерлерінің қызметін үйлестіру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты және бақылауды іске асыру мониторингін жүзеге асыру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жобалық және рұқсат беру құжаттамаларын келісу. Өнеркәсіп саласының бақылаудағы кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтауды, тексерулерді авариялар мен оқыс оқиғаларды тексеру жөніндегі арнайы комиссия жұмысын ұйымдастыру және оларға қатысу. Департамент жұмысын мемлекеттік бақылау және қадағалау қызметінің негізгі бағыттары бойынша бағалауды талдау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша материалдарды дайындауды, нормативтік құқықтық актілерді, ақпараттарды, негізгі қызмет бойынша есептерді уақтылы орындауды бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар

28. Инвестиция комитеті «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі - аумақтық департаментінің басшысы, С-О-1 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Департамент қызметіне жалпы басшылық, арнайы экономикалық аймақ аумағында мемлекеттік бағдарламалар және туризм индустриясын дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерін үйлестіру, арнайы экономикалық аймақтарда инвестицияларды тарту бөлігінде мемлекеттік саясатты іске асыру, бюджетті жоспарлау және орындау, кадрлық және материалдық қамтамасыз ету, құжат айналымы мәселелерін үйлестіру, Арнайы экономикалық аймақтар аумағында халықаралық маңызы бар инвестициялық «серпінді» жобаларды іске асыруды үйлестіру, оның ішінде туристік орталықтарды, инвестициялық жобаларды қалыптастыру және инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтың аумағында инфрақұрылымын дамыту және қалыптастыру шараларын әзірлеу, арнайы экономикалық аймақтар аумағында туризм индустриясына инвестицияларды тарту мәселелері бойынша іс-шараларды үйлестіру, туризм саласында инвестициялық жобаларды бағалау және таңдау бойынша жұмыс комиссиясы қызметін үйлестіру. Арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымын құру және жұмыс істеуін мониторингілеу, арнайы экономикалық аймақтар аумағына өткізу тәртібін ұйымдастыру, арнайы экономикалық аймақтар объектілерінің кейінгі пайдалануға қызмет көрсету, арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларымен жобаларды орындау мониторингі және оның арнайы экономикалық аймақтар мақсаттарына сәйкестігі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: қызмет көрсету (туризм) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

29. Көлік комитетінің Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі

Порттарының теңіз әкімшілігінің басшысы – порт капитаны,

С-О-1 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Порттарының теңіз әкімшілігінің жұмысын ұйымдастыру мен басшылық ету және ПТӘ жүктелген міндеттерді орындау мен оның өз функцияларын жүзеге асыру бойынша жеке жауапты болу. Кеменің шығу әзірлігін және теңізде жүзуге жарамды жай-күйде теңізге шығуға рұқсат беруді тексеруді; кемелердің портқа келуін және олардың порттан шығуын белгіленген тәртіппен ресімдеуді; кеме құжаттарын, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамның тұлғаларына атақ беру дипломдарын, біліктілік куәліктерін, дипломдарының растаулары мен жеңілдікті рұқсаттарды тексеруді; кеменің порттан шығуына рұқсат беруге кедергі болатын кемшіліктерді жоюды тексеру мақсатында кемені бақылап тексеруді жүргізуді; кеме экипажының мүшелеріне дипломдарды, біліктілік куәліктерді, және оларды беру растауларын және теңізшінің жеке күәлігін, теңізшінің кітапшасын беруді қамтамасыз ету; Мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлікті беру; Мемлекеттік кеме тізілімін, бербоут-чартерлік тізілімін, халықаралық кеме тізілімін және жасалып жатқан кемелер тізілімін жүргізу және кеме құжаттарын беру; кемелерге және жасалып жатқан кемелерге, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің кепіліне меншік құқығын және оларға өзге де құқықтарды мемлекеттік тіркеу және кеме құжаттарын беру; кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу; кемелерді міндетті лоцмандық алып өтуді белгілеу мен лоцмандық қызмет және кеме қозғалысын басқару жүйесінің жұмысын бақылау; кемелердің портқа келуін және олардың порттан шығуын белгілейтін тәртіптің талаптарын қадағалауды жүзеге асыру; порт кіреберістерінде және оның айдыны шегінде кемелердің мұз жарып жол ашуын бақылау; порт айдынында, кіреберіс каналдарда және фарватерлерде тиісті тереңдікті, навигациялық қоршау құралдары жарамдылығының сақталуын бақылау, сондай-ақ портта кемелердің өту қайраңдығын белгілеу; портта орналасқан кемелерді порт айдыны шегінде апатқа ұшыраған адамдар мен кемелерді құтқаруға қатысу үшін тарту; порттағы құрылыстардың және оларды пайдаланудың техникалық жай-күйiне бақылау жасауды және қадағалау; порт капитанының қол астындағы барлық навигациялық және гидрометеорологиялық ақпаратты алу және кемелерді онымен қамтамасыз ету; теңiзге батқан мүлiктi көтерiп шығаруға рұқсаттар беру, батқан мүлiктi көтерiп шығаруға белгіленген мерзімдер жөнінде деректерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, сондай-ақ портта құру, гидротехникалық және өзге жұмыстарды жүргізу; мемлекеттiк (кедендiк, шекаралық, санитариялық-карантиндiк, фитосанитариялық, ветеринариялық және басқа) органдардың теңiз порты аумағында орналасатын жерiн белгiлеу; өртке қарсы бақылау жасау; Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамалар жасауды, іс жүргізуді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (теңіз техникасы және технологиялар).

30. Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

Оңтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану департаменті басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырумен байланысты, өңіраралық департаментте жұмыстарды ұйымдастыру және басқару, жер қойнауын пайдалану бойынша қатынастарды ретке келтіру және үйлестіру, бюджеттік қаражатты толығымен пайдалануды қамтамасыз ету. Геологиялық зерттеулер және жер қойнауын пайдалану саласында объектілер бойынша жоспарларды әзірлеуге қатысу, мемлекеттік қажеттілік үшін өңірлік геологиялық зерттеулерді және іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге бақылауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар (геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, тау-кен ісі немесе мұнай-газ ісі).

31. Техникалық реттеу және метрология комитеті

Атырау облысы аумақтық департаментінің басшысы, С-О-1 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Департамент қызметін үйлестіру. Техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылау мәселелері жөнінде әдістемелік нұсқауды жүзеге асыру. Департаменттің мемлекеттік бақылау қызметінің негізгі бағыттары жөніндегі жұмысын бағалауды талдау. Техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жоспарлау. Комитет қызметінің ағымдағы және алдағы жоспарларын, техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу. Негізгі қызмет жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, ақпараттардың, есептердің уақтылы орындалуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

_____________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет