Шифрлеу (криптографиялық) құралдарын кедендік одақтың
кедендік аумағына енгізу және кедендік одақтың
кедендік аумағынан шығару тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
-
Шифрлеу (криптографиялық) құралдарын кедендік одақтың кедендік аумағына енгізу (ары қарай – енгізу) және кедендік одақтың кедендік аумағынан шығару (ары қарай – шығару) тәртібі туралы ереже (ары қарай – Ереже) 2009 жылғы 9 маусымдағы Тауарларды сыртқа саудалау саласында лицензиялау тәртібі туралы келісімге (ары қарай – Келісім) және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік одақ аумағында тауарларды сыртқа саудалау саласын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімге сәйкес әзірленді.
-
Ереже үшінші елдермен сауда жасауда Еуразиялық экономикалық қауымдастық аясында кедендік одаққа мүше мемлекеттер әкелуге немесе шығаруға тыйым немесе шектеу қолданатын 2.19 Тауарлардың бірыңғай тізбесі бөлігінде көрсетілген құрамында шифрлеу (криптографиялық) құралдары бар шифрлеу (криптографиялық) құралдарға немесе өнімдерге қатысты әрекет етеді (ары қарай – шифрлеу құралдары).
-
Шифрлеу құралдарына мыналар жатады:
а) шифрлеу құралдары – ақпаратты криптографиялық қайта өзгерту алгоритмдерін іске асыратын және байланыс каналдары арқылы ақпаратты беру және (немесе) оны өңдеу және сақтау кезінде рұқсатсыз қол сұғушылықтан қорғауға арналған аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдар, жүйелер және кешендер;
б) алдамшы қорғаныс құралдары – ақпаратты криптографиялық қайта өзгерту алгоритмдерін іске асыруға және жалған ақпаратты таңудан қорғауға арналған аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдар, жүйелер және кешендер;
в) электронды цифрлы қол құралдары – криптографиялық қайта өзгертулер негізінде келесі қызметтердің тым болмаса біреуін іске асыратын аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдар: электронды цифрлы қолдың жабық кілтін қолданып электронды цифрлы қолды жасау, электронды цифрлы қолдың ашық кілтін қолданып электронды цифрлы қолдың шынайылығын растау, электронды цифрлы қолдың жабық және ашық кілттерін жасау;
г) кодтау құралдары – қолмен жүргізілетін операциялар жолымен қайта өзгерту бөлімін орындаумен немесе осындай операциялар негізінде автоматтандырылған құралдарды пайдаланып ақпаратты криптографиялық қайта өзгерту алгоритмдерін іске асыратын құралдар;
д) кілтті құжаттарды жасау құралдары (кілтті ақпаратты тасымалдағыш түріне тәуелсіз);
е) кілтті құжаттар (кілтті ақпаратты тасымалдағыш түріне тәуелсіз);
ж) криптоаналитикалық қызметтерді орындауға арнап әзірленген немесе модификацияланған жүйелер, жабыдқтар және компоненттер;
з) жиілікті секірмелі қайта құруы бар жүйеге арналған кодтарды секірмелі қайта құруды қосқанда кеңейгіш спекторы бар жүйеге арналған кеңейгіш кодты генерациялаудың криптографиялық әдістерін қолдануға арнап әзірленген немесе модификацияланған жүйелер, жабдықтар және компоненттер;
и) уақыт бойынша модульдендірілген жоғарыкеңалқапты жүйелерге арналған каналдарды қалыптастырудың криптографиялық әдістерін немесе құпияландырушы кодтарды қолдануға арнап әзірленген немесе модификацияланған жүйелер, жабдықтар және компоненттер.
Ескерту. Осы тармақтың «а» - «и» тармақшаларында көрсетілген нормативтік-техникалық, конструкторлық және эксплуатациялық құжаттар осы құрлдардың құрамдас бөлігі болып саналады.
-
Ереже шифрлеу құралдарын әкелетін және шығаратын тұлғаларға қатысты (ары қарай – өтініш берушілер).
-
Шифрлеу құралдарын әкелу және шығару өтініш беруші тіркелген аумақтағы кедендік одаққа мүше мемлекеттің құзырлы органы (ары қарай – құзырлы орган) беретін бір реттік лицензиялары (ары қарай – лицензиялар) негізінде жүзеге асырылады.
-
Лицензия алу үшін өтініш беруші құзырлы органға Келісімнің 3-бабы 3-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ келесі құжаттарды тапсырады:
кедендік одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы атқарушы билік органы (ары қарай – келісуші орган) берген шифрлеу құралдарын әкелу және шығару мүмкіндігі туралы қорытынды;
СЭҚ БТН-ге сәйкес 10 таңбалы классификациялық кодтың біреуіне сәйкес келетін шифрлеу құралдарының бірнеше түрін әкелген немесе шығарған жағдайда барлық шифрлеу құралдарының толық атаулары көрсетілген лицензияны алғандығы туралы өтінішке қосымша.
-
Өтініш беруші осы Ереженің 6-тармағына сәйкес қорытынды алу үшін келісуші органға келесі құжаттарды тапсырады:
толық атаулары, сәйкестендіретін белгілері мен көлемі көрсетілген шифрлеу құралдарын әкелуге немесе шығаруға қорытынды беру туралы өтініш;
шифрлеу құралдарымен байланысты қызметтің лицензиялау түрімен айналысуға берілген лицензияның көшірмесі;
шифрлеу құралдарына техникалық құжаттар;
шифрлеу құралдарының үлгілері (ғылыми-техникалық сараптау жүргізу үшін келісуші органның талабы бойынша);
кедендік одаққа мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында көзделген басқа да құжаттар.
Келісуші органға тапсырылатын құжаттарды қарастыру мерзімін, сондай-ақ шифрлеу құралдарына ғылыми-техникалық сараптау жүргізу қажеттігін кедендік одаққа мүше мемлекет белгілейді.
-
Лицензия алу келесі жағдайда талап етілмейді:
шарт бойынша міндеттемелерге (контрактіге, келісімге) сәйкес жөндеуді немесе ауыстыруды жүзеге асыруға арналған шифрлеу құралдарын әкелуде және шығаруда;
шифрлеу құралдарын келесі мақсатта уақытша әкелуде және уақытша шығаруда:
ғылыми-техникалық сараптау жүргізуде;
ғылыми зерттеулерде;
көрмелерге қоюда;
ұйымның жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында оларды тарату және үшінші тұлғаларға шифрлеу саласында қызмет көрсету құқығынсыз шифрлеу құралдарын әкелуде және шығаруда;
шифрлеу құралдарын кедендік одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзиттік тасымалдау кезінде.
Өтініш беруші аталған жағдайларда шифрлеу құралдарын әкелуді және шығаруды келісуші органның (рұқсат құжатын) қорытындысын кеден органдарына ұсынған жағдайда жүзеге асырады.
-
Қорытындыны алу үшін (рұқсат құжатын) өтініш беруші келісуші органға шифрлеу құралдарын әкелуге және шығаруға қорытынды (рұқсат құжатын) беру туралы келесі мәліметтер көрсетілген өтініш береді:
толық атауы, сәйкестендіру белгілері, мөлшері, әкелу және шығару мақсаты көрсетілген;
шифрлеу құралына техникалық құжат;
шифрлеу құралдарының үлгілері (ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін келісуші органның талабы бойынша);
сыртқы сауда келісімшартының көшірмесі (шарттың), оған қосымша және (немесе) толықтама, және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын басқа құжаттың көшірмесі.
Шифрлеу құралдарын ұйымның жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін әкелген жағдайда өтініш беруші өтінішінде егер оны өткізу кедендік одаққа мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында көзделген болса, шифрлеу құралдары үлгілерін ғылыми-техникалық сараптаудан өткізгені туралы куәліктің реквизиттерін қосымша көрсетеді.
Келісуші органға ұсынылған құжаттарды қарастыру мерзімін, сондай-ақ шифрлеу құралдарын ғылыми-техникалық сараптаудан өткізу қажеттілігін кедендік одаққа мүше мемлекет белгілейді.
-
Келісімнің 3-бабы 6-тармағында көрсетілген негіздемелерден өзге келесі жағдайларда лицензия берілмеуі (келісуші органның қорытындысы) мүмкін:
құжаттарды осы Ереженің 6,7 және 9 –тармақтарында көзделген көлемде тапсырмау;
үшінші елдерде олардың кедендік аумақтарына шифрлеу құралдарын енгізуге шектеудің болуы;
шифрлеу құралдарына жүргізілген ғылыми-техникалық сараптаудың нәтижелері және (немесе) олардың құжаттары бойынша анықталатын кедендік одаққа мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне залал келтіру мүмкіндігі.
-
Осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген шифрлеу құралдарын әкелу және шығару осы Ережеде көзделген басқа рұқсат құжаттарын ресімдеусіз кедендік одаққа мүше мемлекеттің келісуші органында тіркелген нотификация (хабарландыру) туралы ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
Нотфикацияны толтыруды өнімді жасаушы немесе өнімді жасаушының уәкілетті тұлғасы шифрлеу құралдардың бір типіне бір рет жеке айғақтардың негізінде жүзеге асырады.
Нотификация шифрлеу құралдарын кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы өтініш берушілердің және кедендік органдардың кедендік одаққа мүше мемлекеттің келісуші органына қайтадан өтініш берусіз кез келген тұлғаға кез келген мөлшерде алып жүруге мүмкіндік береді.
Нотификацияның нысаны осы Ереженің 2-қосымшасында келтірілген.
Нотфикацияны тіркеу және ол туралы ақпаратты кедендік одақтың «Интернет» желісіндегі бірыңғай базасында орналастыру мерзімі нотификацияның тіркеуге түскен күнінен бастап 10 күннен аспауы керек.
-
Егер шифрлеу құралдарының құрамында жасырын ақпарат алуға арналған арнайы техникалық құралдар болған жағдайда лицензия берілетін тауардың категориясы туралы шешімді кедендік одаққа мүше мемлекеттің келісуші органы белгілейді.
-
Уәкілетті орган лицензия беру мәселелері бойынша түсініктеме (қорытынды) беруге құқылы. Берілген түсініктемелер (қорытындылар) туралы ақпарат Кедендік одақ комиссиясына жіберіліп отырады.
1-қосымша
Шифрлеу (криптографиялық) құралдар болып табылатын немесе құрамында техникалық және криптографиялық сипаттары нотификациялауға жатқызылатын шифрлеу (криптографиялық) құралдар бар тауарлар категорияларының
ТІЗБЕСІ
-
Келесі құрамдас бөліктердің кез келгені бар құрамында шифрлеу (криптографиялық) құралдары бар тауарлар:
ұзындығы 56 биттен аспайтын криптографиялық кілтті қолданатын симметриялық криптографиялық алгоритм; немесе
келесі кез келген әдіске негізделген асимметриялық криптографиялық алгоритм:
а) мөлшері 512 биттен аспайтын бүтін сандарды көбейткішке бөлуге;
б) мөлшері 512 биттен аспайтын соңғы сызықтың мультипликативті тобындағы дискреттік логарифмдерді есептеп шығарушыға;
в) мөлшері 112 биттен аспайтын жоғарыда келтірілген «б» тармақшасында аталғаннан өзгеше топтағы дискреттік логарфмде.
Ескерту. Жұптық биттері кілттің ұзындығына қосылмайды.
-
«Криптография» деген термин мәліметтерді сығымдау немесе кодтаудың белгіленген әдістеріне жатпайды.
2. Шектелген функцияға ие шифрлеу (криптографиялық) құралдары бар тауарлар:
а) рұқсатсыз қол сұғушылықтан қорғауға арналған парольдарды, жеке сәйкестендіру номерлерін немесе ұқсас мәліметтерді қорғаумен тікелей байланысты шифрлеуді қоспағанда құрамында файлдарды немесе мәтіндерді шифрлеу жоқ бойына қол жетімділік бақылаудың барлық аспектілерін жинаған аутентификациялау;
б) электронды цифрлы қол.
Ескерту. Аутентификациялау және электронды цифрлы қол функциялары өзіне олармен байланысты кілттерді бөлу қызметін қосады.
-
Жеткізушінің одан арғы айтарлықтай қолдауынсыз пайдаланушы өз бетімен орната алатындай етіп әзірленген, олардың криптографиялық мүмкіндіктерін пайдаланушылар өзгере алмайтын бағдарламалық операциялық жүйенің көмпоненттері болып табылатын және техникалық құжаттарына (криптографиялық қайта құрылу алгоритмдерінің сипаттамасы, өзара әрекеттестік хаттамалары, интерфейстер сипаттамалары және т.б.) қол жетімді шифрлеу (криптографиялық) құралдары.
-
Жеке смарт-карталары (интеллектуалдық карталар):
а) криптографиялық мүмкіншіліктері осы тізбенің 5-8-тармақтарында көрсетілген жабдықтарда немесе жүйелерде қолданумен шектелген; немесе
б) криптографиялық мүмкіншіліктері пайдаланушыға қол жетімсіз және арнайы әзірлеудің нәтижесінде сақталған өзінде бар жеке ақпаратты қорғау мүмкіншілігі шектелген кең жалпыға бірдей қолдануға арналған.
Ескерту. Егер интеллектуалдық карта бірнеше қызмет атқара алса, онда әр қызметтің бақылау мәртебесі жеке белгіленеді.
-
Радиохабар таратуға, коммерциялық теледидарға немесе тарату провайдерлеріне арналған бағдарламамен байланысты тек қана бейне- және аудиоарналарды және есепшоттарды жіберу немесе ақпаратты қайтарып алу үшін шифрлеуді қолдану жағдаларынан басқа цифрлы сигналды шифрлеусіз шектеулі аудиторияға таратуға арналған барабар коммерциялық аппаратураға арналған қабылдау аппаратурасы.
-
Криптографиялық мүмкіндіктері пайдаланушыға қол жетімсіз, арнайы әзірленген және келесі кез келгенге қолдану үшін:
а) бағдарламалық қамтамасыз ету көшірме жасаудан қорғалатын түрде жасалған;
б) кез келген келесі қол жетімділікпен:
- тек оқуға ғана болатын тасымалдағыштағы көшіруден сақталған ақпаратты;
- тасымалдағыштарда шифрленген түрде сақталған ақпаратты, егер бұл ақпарат тасымалдағыштар халыққа сатуға ұқсас жиынтықтарда ұсынылса;
в) авторлық құқықпен қорғалған аудио және бейне ақпараттарды көшіруді бақылаумен.
7. Банк және қаржы опреациялар үшін арнайы әзірленген және қолдануы шектелген шифрлеу (криптографиялық) құрал.
Ескерту. Қаржы операциялары көлік қызметі және несиелендіру үшін жинақтар мен төлемдерді қосады.
-
Тура шифрлеуге қабілетсіз (абоненттен абонентке) азаматтық мақсаттағы портативті және ұтқыр радиоэлектронды құралдар (мысалы, ұялы байланыстың коммерциялық азаматтық жүйесінде пайдалануға арналған).
-
Ақпаратты шифрлеуді тек өндірушінің техникалық шарттарына сәйкес күшейтусіз және 400 м.кем ретрансляциялаусыз сымсыз әсер етудің макисмальді қашықтықтағы радиоарнада жүзеге асыратын сымсыз радиоэлектронды құрал.
-
Байланыстың ақапараттық – телекоммуникациялық жүйелері мен желілерінің технологиялық арналарын қорғау үшін қолданылатын шифрлеу (криптографиялық) құрал.
-
Криптографиялық қызметін өндіруші жауып тастаған тауарлар.
2-қосымша
Нотификация нысаны
Реестрде « » 20 ж. № ___________тіркелген.
М.О.
(өкілетті орган тұлғасының қолы) (Аты-жөні)
Шифрлеу (криптографиялық) құралдар бар тауар (өнім) сипаттамасы туралы
НОТИФИКАЦИЯ
1. Тауар атауы (өнім)
2. Тауар (өнім) мақсаты
3. Тауар (өнім) өндірушінің реквизиттері
4. Колданылатын криптографиялық алгоритмдер: № тауар категориясы
1-қосымшадан
а)
ә)
б)
5. Тауардың (өнімнің) пайдаланушыға берілетін пайдалану құжаттарында сипатталмаған функционалдық мүмкіндіктерінің болуы
6. Нотификацияның әрекет ету мерзімі 20 ж. « » дейін
7. Өтініш берушінің реквизиттері
8. Уәкілетті тұлғаға нотификацияны ресімдеу бойынша (қажет болғанда) өкілеттік берген өндіруші (жасаушы) құжаттарының реквизиттері
9. Нотификацияны қабылдау күні « » 20 ж.
М.О.
(өтініш берушінің қолы) (Аты-жөні)
Ескерту: бланкінің екінші жағын пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |