Сал-сері — дәстүрлі қазақ қоғамында ерекше өнерпаздықпен байланысты ұғым. Сал сөзінің этимологиясы
серіктес жігіттерімен ауылға таяғанда әдейі аттан құлап, ауыл қыздары үйге көтеріп алып кіргенше сал болған
адамша тырп етпей жата беретін іс-әрекеттен туындаған. Сал айрықша киімдерімен ерекшеленген. Зерттеуші
Ә.Диваев “Салдың үстіне киген киімі халық кимеген түрден болады. Егер ол киген киімді халық кисе, оны кимей,
қарақұрым киізден киім қылып киеді екен” дейді. Ел аузында салдардың паң жүрісі, тәкаппар мінездері, киім
киістері, сән-салтанаты туралы аңыз-әңгімелер көп.
Салдар сияқты серілер де қымбат матадан киім киіп, арғымақ ат мініп, бүркіт баптап, құс салып, қасындағы жігіт-
желеңімен ел аралаған. Бірақ салдарға тән ерсі мінез, аттан құлау, елден ерекше күлкілі киімдер кию тәрізді іс-
әрекеттер жасамаған. Серілер таза, етек-жеңі жинақы киінген, кербез, паң мінездерімен оқшауланып,
жомарттық, алғырлық, білімдарлық қасиеттерімен ерекшеленген, өнер жолына беріліп, сауық құрып, аңшылық-
саятшылықпен айналысқан. Серілер репертуары салдардікінен едәуір аз болған, олар лирикалық әндер, мақтау
өлеңдер шығарып, айтыстарға түскен.
Сал-серілік екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оған үлкен өнер, қазына, мол байлық керек. Олардың жүрген
жері той, думан, қызық, мереке болғандықтан, ел-жұрт өздерінің серкесі, еркесі, мақтанышын
шапан жауып
көтермелеген. Сал-серілерді Әз- Жәнібек, Абылай хандардың өзі жоғары бағалаған, құрмет көрсеткен. Ақан
сері, Біржан сал, Шерке сал, Дәурен сал, Нияз сері, Толыбай сал, Сейіткерей сері сияқты аты халық арасында
мәңгі ұмытылмастай болып қалған ер-азаматтар көп болған. Сал-серілер туралы Ш.Уәлихановтың,
Ә.Марғұланның, С.Мұқановтың, І.Жансүгіровтың т.б тамаша еңбектері мен шығармалары бар.[1]
Сал серілер өнегесі
Жыр-қазақ халық поэзиясындағы 7
- 8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық
шығарма жанры.
Бәйіт[1] - өлең-жыр және екі жолды
өлең деген ұғымдарды береді. Бұл
- араб, парсы және түркі
тілдес
халықтар поэзиясындағы қос
тармақты, егіз ұйқасқа құрылған
өлең түрі.
Дастан – әдебиет жанры.
Фольклордың саласына жатады.
Таяу Шығыс, Орта Азия, қазақ
халықтары арасында кең тараған.
Өлең – шағын көлемді поэзиялық
шығарма. Ырғағы мен ұйқасы
қалыпқа түскен, шумағы мен
бунағы белгілі тәртіпке бағынған
нақысты сөздер тізбегі.
Толғау- күрделі, көлемді
лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз
поэма дерліктей сипат алады.
Мәснәуи (кейде мәздүж деп те
аталады) [1] — Шығыс әдебиетінде
көп кездесетін өлең түрі.
Арабшадан аударғанда “екілік”
деген мағына береді.