Кіреді тентек есі түстен кейін,
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік [3], - бұл жерде «иттей
үрдік» теңеуін шебер қолданып, бір-бірімен ырылдасқан қазақ азаматтарының
жөнсіздігін сынайды. Ал, «елдің сыры, ердің құны» метефорасы арқылы
жауға ішкі сырын алдырған ақымақтығымызды әшкере еткендей. «Тентектің
есі түстен кейін кіреді» деген мәтелді орынды қолдану арқылы, ақын өз
тәуелсіздігінен айрылып, санын соққан халықтың ащы өкінішін сипаттайды.
«Досыма хат» өлеңінде ақын ішіндегі ащы запыранды хатқа түсіре
отырып, ел ішіндегі бүліншілікті, қоғамдағы әділетсіздікті, елін ойлаған адал
азаматтардың басына төнген қалың бұлтты, абыройын ақшаға сатқан
арсыздықты ащына жазады.
Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай!
Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына іңкәрің-ай! [3], – деген шумақтарда
«Қырағы, қия жазбас сұңқар» эпитеті арқылы сырын ақтармақ болған досын
сипаттайды. Ал, «үйілген өлексе» эпитеті сол кезеңдегі ел басына түскен ауыр
жағдайдың сипаты. Ол сол үйілген өлекседей сансыз мәселені шешуге ақын
қауқарсыз.
Соған күйінеді:
Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,
Түнерген төбемізден бұлт арылмай.
Көк етті, көн терілі көніп қалған,
Сықса да шыдай беру, жұрт жарылмай [3], - бұл шумақтағы
«жақсылықтың таңы» ел басынан ауып кеткен тәуелсіз күндердің келмеске
кеткенін меңзеп тұрған метафора, «түнерген бұлт» елге келген қайғы-қасіретті
сипаттайтын эпитет, «көк етті, көн терілі» қазақ халқының басына түскен
қиындыққа төзіп отырғанынан хабардар ететін тұрақты тіркес арқылы жасалған
метафора.
...Сасық ми, салқын жүрек санасыздар,
Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр.
Сынайтын жақсы менен жаманды өлшеп,
Достарыңызбен бөлісу: |