Жоспар: - Вена конвенциясының қолданылу аясы;
- Халықаралық құқықтар жөніндегі конвенциясының қабылдануы(1969 ж. 23.05);
- Конвенция бөлімдері мен баптары;
- Жарғылық құжаттар;
- Қорытынды;
Вена конвенциясы - Вена, Австрияда қол қойылған бірқатар конвенциялардың атауы.
- Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы (1961)-дипломатиялық құқық саласындағы нормативтік-құқықтық акт.
- Халықаралық келісімшарттар құқығы туралы Вена конвенциясы (1969) — мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың жалпы көпжақты шарттарға қатысу мәселелерін реттеу туралы халықаралық келісім.
- 1980 жылғы Вена конвенциясы -тауарларды халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы БҰҰ Конвенциясы.
Конвенцияға қатысушылар ХҚ тарихындағы барлық шарттардың маңыздылығын ескере отырып, ұлттар арасындағы бейбіт ынтымақтастықты сақтау үшін, сонымен қатар, еркін келісім мен нормалар ережесін сақтай отыра халықаралық даулар туындаған жағдайда құқықтар ережелерін сақтауға және егеменді мемлекеттер теңдігін назарға ала отырып , 1969 жылғы Вена Конвенциясында уағдаласты.
Халықаралық құқықтар жөніндегі
Вена Конвенциясы 8 бөлім және 85 баптан тұрады.
Конвенцияда «келісуші мемлекет», «үшінші мемлекет», «келіссөздерге қатысушы ұйым», «үшінші ұйым» терминдері қолданылады.
1969 жылғы конвенция бұл – халықаралық шарт құқықтарымен реттелетін мемлекеттер арасындағы халықаралық жазбаша келісім.
Конвенциядағы негізгі қарастырған шарттары: халықаралық шарттарды топтастыру, келісімдердің нысандары мен құрылымы, халықаралық шарт жасасу, халықаралық шарт мәтінін дайындау және қабылдау.
63 бап.
Дипломатиялық немесе консулдық қатынастардың үзілуі.
Дипломатиялық немесе консулдық қатынастардың болуы шартты орындау үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, шартқа қатысушылар арасындағы дипломатиялық немесе консулдық қатынастардың үзілуі олардың арасында шартта белгіленген құқықтық қатынастарға әсер етпейді.
81 бап.
Қол қою осы Конвенция БҰҰ-на мүше барлық мемлекеттердің не мамандандырылған мекемелердің бірінің немесе Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің мүшелерінің , халықаралық сот Статутына қатысушылардың, сондай — ақ БҰҰ Бас Ассамблеясы осы Конвенцияға қатысушы болуға шақырған кез - келген басқа мемлекеттің қол қоюы үшін мынадай түрде ашық: 1 969 жылғы 30 қарашаға дейін — Австрия Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігінде, ал осы күннен кейін 1970 жылғы 30 сәуірге дейін — Нью-Йорктегі БҰҰ Орталық мекемелерінде.
Конвенцияның I-ші бөлімі:
- Конвенцияға жалпы кіріспе;
- Халықаралық ұйымдарды құратын шарттар және халықаралық ұйым шеңберінде қабылданған шарттар;
- Конвенцияның қолданылуына кірмейтін халықаралық ұйымдар;
II-ші бөлім:
- Келісімшарттардың жазылу тәртібі мен күшіне енуі;
- Мемлекеттердің шарттар жасасуға құқық қабілеттілігі;
- Қол қою арқылы білдірілген Шарттың міндеттілігіне келісім;
- Ескертпелерді қабылдау және оларға қарсылық білдіру;
- Өкілеттіктер. Уәкілеттіксіз жасалған актіні кейіннен растау;
III-ші бөлім:
- Келісімшарттардың сақталуы, қолданылуы;
- Мәтіннің түпнұсқалығы екі немесе бірнеше тілде белгіленген шарттарды түсіндіру;
- Үшінші мемлекеттерге қатысты жалпы ереже;
- Үшінші мемлекеттер міндеттемелерінің немесе құқықтарының күшін жою немесе оларды өзгерту;
IV-ші бөлім:
- Шарттарға түзетулер және шарттарды өзгерту;
- Шарттарға түзетулерге қатысты жалпы ереже;
- Көпжақты шарттарға түзетулер енгізу;
V-ші бөлім:
- Шарттардың жарамсыздығы, қолданылуының тоқтатылуы;
- Халықаралық құқық негізіндегі міндеттемелер;
- Жалпы халықаралық құқықтың императивті нормасына қайшы келетін шарттар;
- Шарттың күшін жою немесе оны тоқтату, күшін жою немесе одан шығу туралы ережелер;
- Келісімшартты бұзу жағдайлары. Оның салдарлары.
- Дипломатиялық немесе консулдық қатынастардың үзілуі;
- Сот талқылауы, төрелік және татуласу рәсімі;
VI бөлім:
- Мемлекеттердің құқықтық мирасқорлығы, мемлекеттің жауапкершілігі және соғыс қимылдарының басталуы жағдайлары;
- Дипломатиялық және консулдық қатынастар және шарттар жасасу;
VII бөлім:
- Хабарламалар, түзетулер;
- Мәтіндердегі немесе шарттардың расталған көшірмелеріндегі қателерді түзету;
- Шарттарды тіркеуге алу және жариялау;
VIII бөлім:
- Қорытынды баптар.
- Қол қою. Растау және ратификациялау;
- Түпнұсқа мәтіндер, жарғылардың күшіне енуі;
Қолданылған ресурстар:
- Венская Конвенция о праве международных договоров (Вена, 23 мая 1969 г.)
- https://www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/law_treaties.shtml
- А. Н. Талалаев. Право международных договоров: действие и применение договоров. М., 1985 г.
- Статьи 63-81 Венской конвенции 1969. 23.05
Достарыңызбен бөлісу: |