Ереже Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрлігіне қатысты Іскерлік кеңес туралы



Дата13.06.2016
өлшемі55.29 Kb.
#133307

2012 жылғы 29 наурыздағы

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы Министрінің

№ 05-3/143 бұйрығына 1 Қосымша
Ереже

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрлігіне қатысты Іскерлік кеңес туралы
І. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігіне қатысты Іскерлік кеңес (ары қарай - Кеңес) жайлы Нақты Ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы» заңының 4 бабының 1 тармағына байланысты әзірленген және Кеңестің жұмыс тәртібін анықтайды.

2. Кеңес Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігіне (ары қарай - Министрлік) қатысты консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

3. Кеңес Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігіне (ары қарай - Министр) қатысты бұйрығымен бекітіледі және өзгертіледі.

4. Өзінің қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасын және негізгі Ережелерді нұсқауға алады.

5. Кеңестің шешімі кепілдемелік сипат алады.

6. Кеңестің жұмысшы органы болып Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің (ары қарай - Министрлік) инвестициялық саясат Департаменті табылады.



ІІ. Кеңестің міндеті
7. Кеңестің міндеті:

Бәсекеге қабілетті, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және өнімнің экспортын жоғарылататын агроөнеркәсіптік кешен құруға, сонымен қатар мемлекеттің табиғи ресурстарын диалогті алаң арқылы мемлекеттік саясатпен жүргізілетін сипаттамалар мен үндестірулерді өндіру және ауылшаруашылық өнімдерді өндірушілер, қайта өңдеушілер, импорттаушылар, экспорттаушылар және қызығушылығымен байланысты өткізу шараларын дамытуға жәрдемдесу болып табылады.


IІІ. Кеңес қызметінің ұйымы
8. Кеңестің төрағасы Министр болып табылады.

9. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның міндеті (Кеңес төрағасының шешімі бойынша) Кеңес төрағасының орынбасарларының біреуіне жүктеледі.

10. Кеңес қызметінің ұйымдық мәселелерін шешу Кеңес хатшысына жүктеледі. Кеңес хатшысы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.

11. Жеке мәселелерді зерттеу және анализдеу үшін Кеңес тұрақты немесе уақытша комиссия және жұмысшы топ құрады. Комиссияның және жұмысшы топтың құрамы, өкілеттігі және қызмет тәртібі Кеңеспен айқындалады.




ІV. Кеңес отырысын өткізу тәртібі
12. Кеңестің отырысы Кеңестің жұмыс Жоспарына сәйкес өткізіледі.

13. Тез шешілуді талап ететін мәселелер бойынша сипаттамаларды өндіруде кезектен тыс Кеңес отырысы өткізілуі мүмкін.

14. Кеңестің отырысы құқылы деп, егер онда оның құрамының жартысынан кем түспейтіні қатысса саналады.

15. Кезекті Кеңестік отырыстың күн тәртібі мен шешім жобаларын хатшы Төрағамен келісіп құрастырады. Күн тәртібінде талқылауға шығаратын мәселелердің айқын сипатталған жеткілікті тізімі болуы керек.

16. Кеңестің отырысының күн тәртібі мен мерзімі Кеңес мүшелеріне өткізілуден 10 күн бұрын хабарлануы тиіс.

17. Кеңестің кезекті отырысы бойынша күн тәртібі мен шешім жобаларына байланысты жұмыс материалдарын хатшы Кеңес мүшелеріне 5 күн бұрынғы мерзімнен кешіктірмей беруі тиіс. Кеңес отырысының күн тәртібіне байланысты материалдар қаралатын мәселелер бойынша заңды және қисынды шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін ақпарат көлемін қамтуы керек.

18. Кеңес мүшелері кезекті отырыстың күн тәртібіне және шешім жобасына өздерінің ұсыныстарын енгізуге құқығы бар.

19. Кеңес мүшелерімен ұсынылған мәселелер өткізілетін немесе келесі отырыстың күн тәртібіне Кеңестің шешімімен енгізіледі.

20. Отырыста Кеңес хатшысы хаттама жүргізеді және ол Кеңес мүшелеріне отырыс өткізілген күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде таратылуы тиіс. Кеңес отырысының хаттамасына Кеңес Төрағасы мен хатшы қол қояды. Кеңес хатшысы Кеңестік отырыстың хаттамасында көрсетілген мәліметтердің толық және айқындылығына жауап береді.

V. Шешім қабылдау тәртібі
21. Кеңес шешімі алқалы түрде қабылданады.

22. Бірауыздан шешім қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

23. Шешім қабылданды деп кворум (Кеңестің тізімдік құрамының жартысынан көбі) болған жағдайда оған Кеңес мүшелерінің көп бөлігі дауыс берсе саналады. Кеңестің әр мүшесі бір дауыс құқығына ие. Ұсынылған шешімге қолдау және қарсы дауыс беру саны тең түскен жағдайда Төрағаның пікірі шешуші болып саналады.

24. Маңызды себептермен қатыспаған Кеңес мүшелері өзінің пікір мен ұсыныстарын жазбаша түрде баяндауға немесе Кеңес мүшелерінің біреуіне өз атынан дауыс беру құқығын бере алады. Делегаттау немесе жазбаша түрде (электрондық почта немесе факс арқылы жіберілген ) баяндалған пікір Кеңестік отырысқа қатысқан мүшелердің дауысымен тең жәрежеде болады. Дауыс беру кезінде Кеңес Төрағасында, Кеңес Төрағасының орынбасарында немесе Кеңес хатшысында отырысқа қатыспаған Кеңес мүшесінің даусын делегаттау немесе жазбаша пікірі туралы ақпарат болмаса, онда осы Кеңес мүшесін келмеген деп санайды және оның пікірі дауыс беруде ескерілмейді. 25. Кеңестің мүшесінің жазбаша пікірі күн тәртібіндегі сұрақ бойынша айтылатын пікірдің мазмұнын ашу керек және Кеңес мүшесінің анық көрсетілген шешімі – «қолдаймын», «қарсымын», «қалыс калу». Кеңес мүшесінің жазбаша пікірі Кеңес хатшысына Кеңес отырысы өтердің алдында табыс етілуі тиіс. Кеңес мүшесінің жазбаша пікірі Кеңес отырысының хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады.

26. Кеңес мүшесі Кеңестік отырыста видео байланысты құрал арқылы қатысуға құқылы. Мұндай жағдайда хаттамада Кеңес мүшесінің видео байланысты құрал арқылы дауыс бергені көрсетіледі.

27. Бір Кеңес мүшесі делегатталған дауыстың біреуден артығына ие бола алмайды.

28. Дауыс беру кезінде аз мөлшердегі Кеңес мүшелері көп мөлшердегілермен келіспесе, өзінің пікірін жазбаша баяндайды, ол міндетті түрде хаттамаға енгізіледі.
   

VІ. Кеңес мүшелерінің және Кеңес хатшысының өкілеттілігі
29. Кеңес Төрағасы:

1) күн тәртібін және Кеңес отырысына шақырылған эксперттер құрамын бекітеді;

2) Кеңес отырысын басқарады;

3) Кеңестің шешім қабылдауына ықпал етеді.

30. Кеңес мүшелері:

1) Кеңес отырысының күн тәртібін құрастыруда ұсыныстарын енгізеді;

2) Кеңеспен құрылған тұрақты немесе уақытша комиссияларды басқара алады;

3) Көпшілік дауыс беру арқылы қабылданған Кеңес шешімімен келіспесе, Кеңес отырысының хаттамасына енетін өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде баяндауға құқылы;

4) Кеңес отырысына қатысатын эксперттер кандидатурасын ұсына алады;

5) Кеңестің шешім қабылдауына ықпал етеді.

31. Кеңес хатшысы:

1) Кеңесте талқыланатын құжаттар мен шешім жобаларын Төрағамен келіседі және дайындайды;

2) Кеңес отырысын ұйымдастырады;

3) Кеңес мүшелеріне отырыс хаттамасын, сонымен қатар келесі Кеңес отырысына материалдарды жүргізеді, дайындайды және жібереді;

4) Кеңсе мүшелерін шаралар және Кеңес қызметіне маңызы бар құжаттар жайлы ақпараттандырады.

VІІ. Кеңес эксперттері
32.Нақты мәселелерді талқылау үшін Кеңес жұмысына оның шешіміне сай өтеусіз негізде қарастырылып жатқан мәселе бойынша профильдік специалистер санатынан эксперттер шақырылады.

33. Кеңестің шешімі бойынша эксперттер комиссия мен жұмысшы топтың құрамына қосыла алады.

34. Эксперттер жазбаша қорытындылар, есеп берулер және қарастырлып жатқан мәселе бойынша өздерінің пікірін көрсететін басқа да құжаттар дайындайды.

35. Кеңес отырысында эксперттер өздерінің профиліне тікелей қатысты мәселе бойынша талқылағанда қатыса алады.


______________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет