Халықаралық ПЕН-клуб әлем жазушыларын біріктіреді.
Он бес жыл бұрын Жалпыға бірдей лингвистикалық құқық декларациясы алғаш рет Халықаралық ПЕН-клубтың Барселонадағы Аударма және лингвистикалық құқықтар жөніндегі комитетімен жария етілген еді.
Бүгінгі таңда, аталған комитет Жирона қаласында жиналып, Жалпыға бірдей декларацияның он негізгі қағидасына манифест жасауда.
1. Бүкіл әлемдегі лингвистикалық алуан түрлілік бағалануға және қорғалуға тиіс.
2. Бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен диалогты құру мен қолдау барлық тілдер мен мәдениетке деген құрметтің негізінде жасалуы тиіс.
3. Барлық адамдар қауымдастықтың дәл өзінен сөйлеп үйренеді, бұл оларға өмір, тіл, мәдениет және өзіндік ерекшелік сыйлайды.
4. Түрлі тілдер мен тілдесудің әр түрлі мәнері тек байланыс құралы түрінде ғана емес, сонымен қатар, ол онда адамдар өмір сүретін және олардың мәдениеті қалыптасатын орта болып табылады.
5. Әрбір тіл қауымдастығының өз тіліне құқығы бар және ол өз аумағында ресми тіл ретінде қолданылуы тиіс.
6. Мектептегі оқыту барысы тілдің беделді болуына, сөйлесуге, сол аумақтағы тілдік ортақтыққа ықпал етуі тиіс.
7. Азаматтарда түрлі тілдер жөніндегі жалпы білімнің болғаны жөн, себебі, бұл интеллектуалдық ашықтыққа, өз тілін терең біліп, тануға ықпал етеді.
8. Мәтінді, әсіресе, әр мәдениеттің ұлы туындыларын аудару адамдар арасындағы барынша терең түсіністік пен құрмет көрсету барысына қажетті, өте маңызды элемент болып табылады.
9. БАҚ лингвистикалық әр түрліліктің дамуына, жұмысына және беделінің артуына ат салысуы тиіс.
10. Төл тілін пайдалану мен қорғау құқығы Біріккен Ұлттар Ұйымымен адамның басты құқықтарының бірі ретінде мойындалуы керек.
Халықаралық ПЕН-клубтың Аударма және тілдер құқықтары комитеті.
Жирона, 2011 жылдың 13 мамыры.
Translated by Kanat Kabdrakhmanov (Central Asia PEN)
Достарыңызбен бөлісу: |