«Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата04.07.2016
өлшемі81 Kb.
#178054


Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң
2013 жылғы « »
№ қаулысымен   
бекiтiлген

«Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға

рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметтің атауы - «Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру» (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары бойынша жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы немесе аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа 10-тармақта көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

халықаралық бір реттік тұрақты емес ұшу үшін – жұмыс күні ішінде (өтінім жұмыс күні аяқталғанға дейін 2 (екі) сағаттан кешіктірмей ұсынылады);

бірнеше өзара байланысты халықаралық тұрақты емес ұшуды (төрт немесе одан да көп ұшулар) орындау үшін – алғашқы ұшуды орындауға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі халықаралық тұрақты

емес ұшуды орындауға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі;

10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай мәліметтер көрсетілген еркін нысандағы өтінішті ұсынады:

1) пайдаланушының атауы және толық почталық мекенжайы;

2) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) коды және рейс нөмірі;

3) әуе кемесінің үлгісі, тіркеу нөмірі және радио арқылы шақыруы;

4) әуе кемесі тіркелген мемлекет;

5) әуе кемесі командирінің (негізгі және резервтік) тегі, экипаж мүшелерінің саны және олардың азаматтығы;

6) ұшу мақсаты;

7) жолаушылардың (жүктердің) болуы және олардың саны;

8) жолаушыларды (жүктерді) жөнелту және жеткізу пункттері және аралық отырғызу пункттері;

9) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұшу бағытындағы әуе трассаларын, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне (-нен) кіру (шығу) нүктелерін көрсете отырып, әуе кемесі қозғалысының күні, толық авиамаршруты және кестесі;

10) жүк жөнелтуші (толық атауы, мекенжайы, телефон);

11) жүкті алушы (толық атауы, мекенжайы, телефон);

12) навигациялық және байланыс жабдықтарының үлгілері;

13) бортта шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасының болуы;

14) әуежай және аэронавигация қызметтері үшін болжамды төлем нысандары;

15) лауазымды адамның қолы, телефоны;

16) егер пайдаланушыны тіркеуші мемлекет Халықаралық азаматтық авиация ұйымының мүшесі болса, Қазақстан Республикасының аумағына қонбайтын халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға байланысты өтінімді қоспағанда, өтінімде көрсетілген мәліметтерді растау үшін ортанылған байланыс арналары арқылы мыналарды ұсынуы қажет:

пайдаланушы куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда);

әуе кемесінің тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы куәліктің көшірмесі;

үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисі;

жүк құжаттамасының (көрсетілетін қызметті берушінің жеке сұранысы бойынша ұсынылады) көшірмесі;

2) Пайдаланушы Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтар" ИКАО Doc. 9284-AN/905 басылымында Біріккен ұлттар ұйымының тізімі бойынша жіктелуі көрсетілген тізбесі белгіленген бортындағы қауіпті жүкпен халықаралық тұрақты емес ұшуды жүзеге асыруға өтінім берген кезде қосымша төменде көрсетілген құжаттарды ұсынады:

әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығына пайдаланушы сертификатының көшірмесін;


      Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) белгіленген нормалары мен ережелеріне жүктің оралуы және таңбалануының сәйкес келуі туралы пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің кепілдік хатының көшірмесі;

3) Мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын азаматтық әуе кемелерінің шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін орнатылған байланыс арналары арқылы:

өтінімде көрсетілген рейсті жалға алушының туроператорлық қызмет көрсетуі үшін  лицензия көшірмелерін ұсынуы қажет.

11. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық почта немесе телефон арқылы ауызша өтініш берушінің сұрауы бойынша расталады.

12. Рұқсат беруден бас тарту үшін мыналар негіз болады:

1) келісілген авиабағыт бойынша халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға өтінім беру, тұрақты емес ұшудың келесі түрлерін қоспағанда:

көмек көрсету үшін тасымалдау;

жеке мақсаттарда немесе қызметтік сапарда пайдалану чартерлік рейстері;

салон түріндегі әуе кемелерінде орындалатын бір жолғы ұшу.

2) көмек көрсету немесе жеке мақсаттардағы чартерлік рейстер немесе іскери сапарлар үшін орындалатын тасымалдарды қоспағанда, егер пайдаланушысы үшінші мемлекетте тіркелген әуе кемесімен басқа бір мемлекеттің қандай да бір бағыты бойынша Қазақстан Республикасына жолаушыларды коммерциялық тасымалдау мақсатында тұрақты емес ұшуы жоспарланса және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардағы ережелерде мұндай ұшуды орындауға құқығы көзделмеген жағдайда;

3) көмек көрсету немесе жеке мақсаттардағы чартерлік рейстер үшін орындалатын тасымалдарды қоспағанда, егер пайдаланушысы үшінші мемлекетте тіркелген әуе кемесімен Қазақстан Республикасынан бағыты бойынша басқа бір мемлекетке жолаушыларды коммерциялық тасымалдау мақсатында тұрақты емес ұшуы орындалса және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардағы ережелерде мұндай ұшуды орындауға құқығы көзделмеген жағдайда;

4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында

жолаушыларды (жүкті) коммерциялық тасымалдау мақсатында шетелдік пайдаланушы әуе кемесінің тұрақты емес ұшуы орындасла және көмек көрсету және жеке мақсаттар үшін чартерлік рейстерді орындау тасымалдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардағы ережелерде мұндай ұшуды орындауға құқығы көзделмеген жағдайда;

5) мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган әуе кемелерінің ұшуы үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн немесе оның жекелеген аудандарын пайдалануға тыйым салуы;

6) әуе кемесінің ұшуын орындау Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардағы ережелерді бұзады;

7) жоспарланған ұшу Қазақстан Республикасының ұшу кеңістігін пайдалану тәртібін бұзады.

11. Азаматтық авиация комитеті оларға қатысты халықаралық санкциялар ықпал ететін мемлекетке/тен халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат алу үшін өтінім түскен кезде осы өтінімдерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметті жүзеге асырушы органымен келісуді жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығын хабардар етеді.

12. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсаттағы өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесін пайдаланушының халықаралық ұшуына жол берілмейді. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өз кезегінде осы ұшуды сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын органмен оның құзыреті шегінде келісуді жүзеге асырады.

13. Азаматтық авиация комитеті шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ екі мақсатқа арналған өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесінің қазақстандық пайдаланушыларының халықаралық ұшуын жүзеге асыруды азаматтық әуе кемесінің қазақстандық пайдаланушысының немесе оның өкілінің Азаматтық авиация комитетіне жіберген өтінімнің негізінде келіседі, онда мынадай деректер болуы тиіс:

пайдаланушының атауы;

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – ИКАО) берген үш әріпті коды және рейс нөмірі;

ұшу күні;

әуе кемесінің үлгісі;

ұшудың толық авиамаршруты;

жалдаушы ұйымының атауы көрсетілген ұшу мақсаты және тасымалданатын жүктің тізбесі;

жіберуші тарап және (немесе) жүк жөнелтуші (толық атауы, мекен жайы, телефоны);

қарсы алушы тарап және (немесе) жүк қабылдаушы (толық атауы, мекенжайы, телефон);

лауазымдық тұлғаның қолы.

14. Азаматтық авиация комитетінің халықаралық тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыруға арналған рұқсаттары шетел мемлекеттерінің тиісті авиациялық әкімшілігі немесе олардың уәкілетті органдары не тікелей азаматтық әуе кемелерін шетел пайдаланушылары немесе Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген сенімхат немесе делдалдық қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес олардың өкілдері жолдаған өтінімге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер шетел пайдаланушысы және оның өкілі бір күнде бір рейсті орындауға өтінім берген болса, рұқсаттар пайдаланушыдан алынған өтінім негізінде беріледі.

Азаматтық авиация комитетінің өзара байланысты бірнеше тұрақты емес ұшу (төрт немесе одан да көп ұшулар) серияларын орындауға рұқсаты алғашқы ұшу орындаған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге беріледі.

15. Қажетті мәліметтер толық көрсетілмеген (анық емес) немесе осы Қағидада белгіленген мерзімдерді сақтамай өтінімдер берген немесе өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар ұсынылмаған және (немесе) толық емес ұсынылған кезде өтінім берушіге қараусыз қайтарылады.


8) мыналарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын жолаушылар тобын коммерциялық тасымалдаумен байланысты шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесінің чартерлік рейсі жоспарланатын болса:

 Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының күзетілетін және басқа да лауазымдық адамдарын тасымалдаулар;

көмек көрсетуге арналған тасымалдаулар;

жеке мақсаттардағы немесе қызметтік сапардағы чартерлі рейстерді;


      Қазақстан Республикасы авиациялық билік органдарының шет мемлекеттің авиациялық билік орындарымен жазбаша уағдаластықтар шеңберінде орындалатын ұшу;

Қазақстан Республикасы авиакомпанияларының ұшуына тыйым салынған елдерге шетелдік авиакомпанияның чартерлік рейсін орындауға өтінім берген жағдайда.

9) қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемесін экипажбен жалдау, Пайдаланушы сертификатының Арнайы ережесіне әуе кемесін енгізусіз шетелдік пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету және сақтандырумен қамтамасыз ету шартымен тұрақты емес ұшуды орындауы;

10) пайдаланушы әуе кемесінің ресми мәлімделмеген жүгін тасымалдау фактісі анықталған жағдайда.




3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті алушылардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдерін, әрекетін (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

14. Шағым дұрыс қызмет көрсетілмеген немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мыналарға жүгіну арқылы жолданады:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңсесіне: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжай бойынша, электрондық почтаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: 8 (7172) 24-14-19;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті);

3) (8-7172) 24-29-09 телефоны бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «сенім телефонына».

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымды қабылдаған лауазымды адамның жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

15. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.30-дан 14.30-ға дейінгі түскі үзілістен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, № 33 «А» үй мекенжайы және 8 (7172) 75-35-96 телефоны бойынша жүгінуге құқылы.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының - 1414, сондай-ақ 8 (7172) 24-27-10 телефоны бойынша алуға болады.

16. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

17. Шағым еркін нысанда жасалады.

18. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат, осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты және жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес жазбаша түрде почта немесе электрондық почта арқылы хабарланады.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар
19. Мемлекеттік қызмет аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат, соның ішінде мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша www.mtс.gov.kz орналастырылған («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде).

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша ұсынылады.

20. Көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілген мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқа ақпарат осы стандарттың 2-қосымшасында келтірілген.

21. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған ғимаратта көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы ғимаратында анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар және өтініш бланктерін толтыру үлгілері көрсетілген ақпараттық стендтер орналасқан.

____




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет