Қарастырылатын қылмыстың тікелей объектісі қоғамдық адамгершілік. Факультативті объект ретінде меншік болуы мүмкін. Қылмыс заты жануарлар болып табылады: жасушалық құрылымы және зат алмасуы бар тірі организмдер. Өсімдіктермен бірге олар органикалық әлемді құрайды.
Жануарлар - ауыл шаруашылығы және өзге үй жануарларына, сондай-ақ қамауда (хайуанаттар паркінде, цирктерде, питомниктерде) ұсталатын жабайы жануарларға және табиғи өмір сүру ортасындағы жабайы жануарларға бөлінеді.
Қатыгездікпен қарау әрекеттен де, әрекетсіздіктен де көрінуі мүмкін. Әрекет — бұл жануарларды ұру, қорлау, оларды жансыздандырудың азаптау тәсілі, тәжірибе үшін пайдалану, жануарларды олар өлетін немесе мертігетін сайыстар үшін пайдалану. Әрекетсіздік — жануарға қатыгездікпен қарау, жануарға жем-шөп, азық, су бермеуден, камқорлық жасамаудан байқалады. Әрекетсіздік үшін жауапкершілік, егер адам жануарды күтуге міндетті болған жағдайда ғана туындайды.
Қылмыстың нәтижесі — жануардың өлімі мен оны мертіктіру. Мертігу деп жануардың анатомиялық тұтастығын бұзуға байланысты адамның материалдық пайда алуына немесе материалдық шығыннан құтылуға ұмтылуынан көрінетін бұзақылық, арам ниеі не садистік әдістер қолдану арқылы жасалған әрекетті айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |