А. Файоль бойынша басқару принциптерін тұжырымдаңыз.
А. Файоль басқарудың бірқатар əмбебап ұстанымдарын əзірлеп шығарды.
1. Қызметкерлердің өз міндеттерін атқаруға мамандандырылуына негізделген еңбекті бөлу, бұл жұмысты сол мерзімде мөлшерін артығырақ етіп, тиімдірек орындауға мүмкіндік береді.
2. Билік (өкілеттік) пен жауапкершілік. Билік шешім қабылдау жəне өкім беру мүмкіндігі ретінде олар үшін жауапкершілік артуды меңзейді, сондай-ақ, керісінше – жауапкершілік артпайтын қызметкердің шешім қабылдауға құқы жоқ. Осылайша, бұл құрамдас бөліктер диалектикалық түрде өзара байланыста болады.
3. Ұйымда бекітілген еңбек қатынастарын құрметтеуді жəне оларды сақтауды меңзейтін тəртіп. Бірақ қызметкерлердің саналы тəртібіне себепші болу үшін бұл нормалар фирма мен оның қызметкерлері арасындағы қол жеткізілген келісімдерге деген əділдік ұстанымдарына негізделуі қажет. Бұл нормаларды қолдау, оларды қалыптасқан жағдайға
қарай қисынды түзету – басшының ең маңызды міндеттерінің бірі.
4. Дара басшылық. Қызметкер тек бір ғана тікелей бастықтан бұйрық алуға тиіс.
5. Басшылықтың бірлігі. Бір мақсат шеңберінде əрекет ететін əр топ бірыңғай жоспармен біріктіріліп, бір басшысы болуға тиіс.
6. Жеке мүдделердің жалпы мүдделерге бағыныштылығы. Бір жұмысшының немесе жұмысшылар тобының мүдделері ұйым мүдделерінен асып түспеуге тиіс.
7. Қызметкерлерді мадақтау. Қызметкерлер еңбегі əділ бағаланып, материалдық жəне материалдық емес тəсілдермен мадақталатынына сенулері қажет.
8. Орталықтандыру жəне орталықсыздандыру. Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың арақатынасы ұйым қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететіндей болуы қажет.
9. Басшылық иерархиясы (скалярлы тізбек). Ұйымда басқарушы лауазымдағы тұлғалардың нақты иерархиясы болуға тиіс. Бірақ бұл иерархия қатып қалған құрылым емес, қажет болған жағдайда өзгеріп отыруы қажет.
10. Тəртіп. Орын – барлығы үшін, əрқайсысы өз орнында.
11. Əділдік. Əділдік – мейірбандық пен төреліктің үйлесуі.
12. Қызмектерлер құрамының тұрақтылығы. Кадрлардың жоғары ағымы ұйым нəтижелілігін кемітеді. А. Файоль компанияға берілген орта қолбасшы өз орнын бағаламайтын үздік талантты менеджерден артық деп санаған.
13. Ынтагерлік. Қызметкердің өз жұмысын жақсартуға байланысты ынтасы ол жұмысты тиімді орындап қана қоймай, сондай-ақ сол қызметкердің жанында жұмыс атқаратын адамдарды ынталандырады, ұйымға күш пен қуат береді.
14. Қызмектерлерді біріктіру (корпоративтік рух). Қызметкерлерді біріктіру оларға үлкен қауым мүшелері ретінде сезіну мүмкіндігін беріп, сол арқылы адамның ең маңызды, негіз қалаушы қажеттіліктерінің бірі – қатыстылықты қажетсінуді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Осылайша, А. Файоль қағидаттары оның басқарушылық тұжырымдамасының мəнін ашады. Олар ХХ ғасырдың бірінші жартысында əзірленгеніне қарамастан, олардың өзектілігі қазіргі уақытқа дейін сақталған.
|
Гуманистік психологияның негізін қалаушы Абрахам Маслоудың тұтыну-қажеттілік иерархиясының теориясын талдап қорытыңыз.
Американдық психолог А.Маслоу концепциясында адам қажеттіліктерін алдымен төменгі қажеттілікті өтеуден сосын біртіндеп жоғары қажеттіліктерді өтеу сатысына
көтеріліп, сол арқылы тұлғалық даму сатысына көтерілетінін айтады. Маслоу пікірі бойынша қанағаттандырылмаған қажеттіліктер адамдардың белсенді əрекеттерін оятады, ал қанағаттандырылғандар ынталандыруын тоқтататынын, оның орнын басқа қанағаттандырылмаған қажеттіліктер басатынын жəне еңбек барысында адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беріп, оған басшылық тарапынан қолдау
көрсетілуі керектігін айтады. Маслоу ұсынған адам қажеттіліктерінің пирамидасы (сатысы) мынадай деңгейлерден тұрады:
1) Физиологиялық қажеттіліктер (тағамға, суға, оттегіне, ыңғайлы температураға, жыныстық қажеттілік, денсаулық т.б.).
2) Қауіпсіздік қажеттіліктері (қоршаған ортаға деген сенімділік, тəртіп болуды қажетсіну, қорғаныш қажеттілігі, жайлылық, қайғыдан ада болу, ауру-сырқаудан аулақ болу т.б.).
3) Əлеуметтік топқа кіру қажеттіліктері (достық, махаббат, ұжымдық байланыс, туыстық қарым-қатынас т.б.).
4) Басқаларды құрметтеу мен өзін-өзі құрметтеуге байланысты қажеттіліктер (табысқа, жетістікке жету, мəртебенің өсуі, атақ, даңқ, өзін басқалардың мойындауы т.б.)
5) Өзін-өзі өзектендіру, танытуға байланысты қажеттіліктер, адамның барлық сала бойынша қол жеткізуге тырысатын ішкі потенциалды мүмкіндігі, өзін əр сала бойынша дамыту, жетілдіру сатысы, адамның өзіне рухани деңгейде жоғары талап қоюы.
Адам қажеттіліктерінің күрделілігі және олардың ынталандыруға ықпалы жайлы іргелі
зерттеу жүргізген бихевиористердің бірі А. Маслоу болып табылады. Ол құрастырған
қажеттіліктер иерархиясының тұжырымдамасы негізгі идеялары мен алғышарттары мыналар: адамдар үнемі қандай да бір қажеттіліктерді сезінеді; адамдардың қандай да бір қажеттіліктері басқаларына қарағанда айқынырақ болады қажеттіліктер тобы бір-біріне қатысты иерархиялық түрде орналасады; қажеттлік қанғаттандырылмаса, ол адамды іс-әрекет етуге итермелейді. Қанағаттандырылған қажеттіліктер адамды қайта қызықтырмайды; егер қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнын басқа қанағаттанбаған қажеттілік басады; көп жағдайда адам бір-бірімен кешенді қатынаста болатын бірнеше әртүрлі қажеттліктерді сезінеді; «пирамиданың» табанына жақын тұрған қажеттіліктер ең бірінші болып қанағаттандыруды талап етеді; жоғары деңгейдегі қажеттіліктер мен төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттанған соң адамға белсенді түрде ықпал етуді бастайды; төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда жоғарғы деңгейден қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері көбірек болады. Бұл идеялар мен алғышарттарға орай қажеттіліктер былай бөлінеді: физиологиялық қажеттілік; қауіпсіздік қажеттілік; әлеуметтік топқа жату қажеттілігі; сыйластық қажеттілігі; өзін таныту қажеттілігі. Адам ынталарына қажеттіліктердің ықпалын біле отырып, оған өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға мұрша беру арқылы адамға әсер етуге болады.
|
И.А.Селезнева ұсынған ЖОО-да білім сапасын анықтаудың басым бағыттарын көрсетіңіз.
Техникалық ғалымдар докторы Н.А.Селезнева және физико-математикалық ғылымдар кандидаты И.Н.Медведевтің ғылыми басшылығымен Мамандарды салалы даярлау мәселесін зерттеу орталығында Псков мемлекеттік педагогикалық
мектепімен шығармашылық бірлестікте орындалған іс-тәжірибеге назар аударатын
болсақ, мамандардың негізгі, жалпы кәсіптік және арнаулы құзыреттілігі бөлінген. Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде:
ақпараттық;
коммуникативтік (қатысымдық);
әлеуметті – құқықтық құзыреттілік көрсетілген.
Ақпараттық құзырет – мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет)
мүмкіндігі.
Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.
Әлеуметті-құқықтық құзірет - өз елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.
Осы жоғарыда аталған үш құзіреттілік барлық азаматтар үшін, олардың мамандығына, білім деңгейіне, тұратын жеріне қарамастан негізгі қажетті қасиеттер болып саналады.
|
Қызмет ету және даму арналарын басқарудың арасындағы байланысты талдап, сыни пікір беріңіз.
Кез келген ұйымда басқару жүйесі бар, ол ұйымды басқарылатын жүйе ретінді анықтайды.
Ұйымды басқару – бұл қойылған мақсатқа жетуде аса жақсы нәтижелерге жету үшін қызметкердің, топтың немесе жалпы ұйымның өнімділігіне ықпал етудің үздіксіз процесі.Ұйымды басқару жүйесі ұйымның барлық қызметтерінің, барлық кіші жүйелердің және олар арасында коммуникациялар, сонымен қатар берілген қызмет етуді қамтамасыз ететін процестер жиынтығынан тұрады. Ұйымды басқару жүйесінде басқаратын және басқарылатын бөліктерді бөліп көрсетеді.Басқаратын бөлігі басқару буынының жұмысын қамтамасыз ететін ақпараттық бөлімшелерден, менеджерлерден, дирекциядан тұрады. Ол әкімшілік-басқарушылық аппарат деп аталады. Басқаратын бөліктің соңғы өнімі ақпарат болып табылады. Бұл деңгейде басқарушылық шешімдер қабылданады.Басқарылатын бөлік – бұл өндірістік процесті қамтамасыз етумен айналысатын әртүрлі өндірістік және функционалдық бөлімшелер.
Басқарудың негізгі міндеттері болып табылады:
- әрекеттің жалпы бағытын жоспарлау және соңғы нәтижені алдын ала болжау;
- «ұйымдвстыру», яғни материалдық және адам ресурстарын қолдануды басқару және бөлу;
- жұмысшылар әрекеттерін оңтайлы режимде ұстау үшін бұйрықтар беру;
- жалпы мақсаттарға жету үшін әртүрлі әрекеттерді үйлестіру;
- ұйым мүшелерінің әрекет нормаларын әзірлеу және бұл нормаларды сақтау бойынша шаралады өткізу;
- ұйым мүшелерінің әрекеттерін бақылау.
Басқару процесінің бұл белгілері ХХ ғасырдың басында Г. Файольмен тұжырымдалған болатын. қызметке ықпал ететін ақпараттарды бағдарламаның барлық мүдделі тұлғаларын тарту арқылы талдау; ішкі жəне сыртқы ортаны талдау, ақпарат жинау;
педагогикалық ұжымның жəне білім алушылар жайлы ақпараттарды талдау;
қызметкерлердің қанағаттанушылығын талдау; қолжетімді ресурстарды талдау;
талдау нəтижелері стратегиялық жоспарлау мақсатында қолданылуы тиіс;
даму жоспары мен мақсаттар барлық мүдделі тұлғалар үшін ашық, қолжетімдік қағидаларына сай болуы тиіс; жоспарлау кезінде қызмет түрлеріне қажетті тұлғаларды қамтуы тиіс; даму жоспарын құрастыру үшін негіз болатын тетіктер анықталуы тиіс; барлық қызмет түрлері ҚР заңнамаларына толық сəйкес болуы тиіс;
даму жоспарын дайындауда педагогикалық ұжыммен, білім алушылармен, атааналармен сұхбат жүргізіледі, сауалнама алынады; даму жоспары қолда бар ресурстарға (қаржылық, кадрлар құрамы, ақпараттық, материалдық-техникалық база), білім беру саясатына сүйенуі, сəйкестендірілуі тиіс; даму жоспары барлық мүдделі тұлғалардың ашық қатысуымен талқылаудан өтіп, берілген ұсыныстар мен түзетулер негізінде білім беру ұйымының өкілетті алқа органы жобаға өзгертулер енгізуі тиіс; жоспарды бекіту кезінде барлық мүдделі тұлғалар дауыс беруі тиіс;барлық мүдделі тұлғалар даму жоспары мазмұнымен танысып, негізгі ережелерін білуі тиіс;даму жоспарын жүзеге асыру туралы ақпараттар білім беру ұйымының арнайы ақпараттық ресурстарында (стенд, веб сайт т.б.) таратылуы тиіс;
даму жоспарын жүзеге асыруда мониторинг тетіктерін анықтау қажет;білім беру
ұйымындағы барлық жоспарлау үдерістері (стратегиялық, тактикалық, оперативтік жоспарлау, ресурстарды бөлу) мен шешімдері даму жоспарына сай келуі тиіс
|
Соңғы жылдардағы білім сапасын басқару критерилерінің тиімділігін толықтырып көрсетіңіз.
Білім беру сапасын басқару - қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай, келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы
Білім беру сапасын басқару мектеп басшысының басқару қызметіндегі басым бағыты болып табылады. Білім беру сапасын басқару мына бағыттарды қамтиды:
1.Жалпы білім беру сапасы.
2.Білім беру процесін басқару сапасы.
3.Білім процесін іске асыру сапасы.
4.Білім беру процесі нәтижесінің сапасы.
5.Жалпы білім берудің функционалды сапасы.
Жалпы білім беру сапасы: 1)білім процесінің негізгі шарттарының сапасы; 2)ғылыми - әдістемелік жұмыстарының сапасы; 3)материалдық – қаржылық қамтылу сапасы және 4)мектепке дейінгі білім сапасы деген бірнеше бөліктен тұрады.
Білім беру процесін басқару сапасына кадрлық қамтылу сапасы, оқушылардың психосоматикалық денсаулығының сапасы және педагогикалық еңбекті ынталандыру сапасы жатады.
Білім процесін іске асыру сапасына мыналар енеді: 1.Білім мазмұны сапасы; 2.Оқыту сапасы; 3.Оқу сапасы.
Білім беру процесі нәтижесінің сапасы төмендегі бағыттарда анықталады: 1)Оқыту деңгейі; 2)Денсаулық сапасы; 3)Креативтілік сапасы; 4)Тәрбиелілік деңгейі; 5)Тұлғаның дамуы деңгейі; 6)Басты құзырлылықтың қалыптасу сапасы.
Жалпы білім берудің функционалды сапасы:
1.Білім берудің оқушының білім қажетіне сай келуі;
2.Білім берудің қоғамдық институттар қажетіне сай келуі;
3.Білім берудің ата-аналарының сұранысына сай келуі;
4.Білім берудің аймақтық еңбек нарығына сәйкес келуі;
5.Білім берудің кәсіптік білім беру талабына сай келуі.
Білім беру сапасын нәтижелік тұрғыдан басқару
Қазіргі білім беру жүйесінің дамуы оның әр түрлі буындарын басқарудың тиімділігімен анықталады. Жаңарған мектеп алдындағы негізгі міндет басқару жүйесін түсіну мен оны нәтижелік тұрғысынан басқарудан тұрады.
Мектепішілік басқару жүйесінің түпкі нәтижеге бағытталуы оны ақпараттық қамтамасыз етуге, педагогикалық талдауға, жоспарлау мен бақылауға жаңаша көзқарасты қажет етеді.
Қазіргі мектепішілік менеджментте бірінші орында күн санап күрделеніп бара жатқан мәселелердің шешімін табуға және оған жауапты болуға тиісті адам факторы тұр.
Бұл жағдайда тәжірибе иен интуиция қабылданған шешімнің оңтайлылығын қамтамасыз ете алмайды.
Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде процеске бағытталған дәстүрлі басқарудан нәтижеге бағытталған басқаруға көшу жүріп жатыр. Өйткені, мектептегі білім беру сапасының негізгі көрсеткіштеріне ҰБТ қорытындылары алынуда.
Дәстүрлі басқарудан нәтижелік басқарудың айырмасы неде?
Дәстүрлі басқаруда шаруашылық басшы іс-шаралардың маңызын көрсете отырып, қызметтік міндет бөлінісін жасайды, ұзақ мерзімді жоспар жасай отырып, жоспардың орындалу барысы туралы кезеңдік есеп береді.
Нәтижелік басқаруда менеджер басшы нәтиженің алатын орнын көрсете отырып, нәтижелік міндет бөлінісін жасайды, стратегиялық жоспар жасай отырып, нәтиженің анықталу барысы бойынша нәтижелік есеп береді.
Дәстүрлі басқаруда даму қалыпты емес және біржақты жүреді, іске атүсті қарау басым, шаралар науқандық сипатта кемшіліктерді жоюға бағытталған болады.
Нәтижелік басқаруда даму жүйелі және кешенді бағытта жүреді, мақсатты іс-әрекеттер қиындықтың алдын алуға бағытталады.
Дәстүрлі басқаруда нәтиже нақты көрсетілмейді, мектепішілік бақылау жұмысы соңғы нәтижеге ғана бағытталған, іс-шараны талдау жалпылама және жауаптыны жазалау үшін жүргізіледі.
Нәтижелік басқаруда нәтиже деңгейлеп көрсетіледі, педагогикалық мониторинг негізінде аралық нәтижелермен де жұмыс жасалады, үрдіс себеп-салдарлық тұрғыдан талданып, олқылық пен қателіктен сабақ алуға бағытталады.
Нәтижелік басқару екі өзара байланысты процестен тұрады: жүзеге асыру және талдау. Нәтижелік басқаруды жүзеге асыру жағдай жасаудан басталып, білім беру процесін ұйымдастыру арқылы нәтижеге алып келсе, нәтижелік талдау керісінше алынған нәтижені талдаудан басталып, білім беру процесін талдау арқылы жасалған жағдайларды талдауға барып тіреледі: Жағдай – Процесс – Нәтиже.
Нәтижеге бағдарланған талдау кезеңдері төмендегіше болады:
1-кезең - күтілетін нәтижені анықтау
Үлгерім, ҰБТ, жарыстар мен сайыстар, денсаулық пен тәрбие бойынша жету керек нәтижелерды кесте түрінде сандық негізде жазу;
2-кезең - осы көрсеткіштер бойынша мектеп жұмысының нәтижесін бақылау
Осы салалар бойынша мектептің қазіргі көрсеткіштерінің нақты деңгейін айқындап ашып көрсетуге болатын деңгейде анықтау;
3-кезең - екі нәтижені салыстыру, ауытқуды анықтау
Мектептің қазіргі көрсеткіштерінің бұл нәтижелерге қаншалықты жетпей жатқандығын салыстырмалы кесте түрінде беру;
4-кезең – осы ауытқуға әсер еткен оқу-тәрбие үрдісінің кемшіліктерін анықтау
Пәндерді тереңдетіп оқыту, жаңа пәндер енгізу және оқыту әдістемесін (технологиясын) жетілдіру, сыныптан тыс шаралардың ықпалы арттыру, жаңа тәрбиелік салаларды іске қосу бойынша іс-әрекетте кетіп жатқан кемшіліктерді анықтау;
5-кезең - оқу-тәрбие үрдісі кемшіліктері мен нәтижесіне еткен жағдайлар
Кадрмен қамтамасыз ету, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қаржыландыру, ынталандыруды жүзеге асыру бойынша өз күшімен түзетуге болатын және арнайы көмек керек болатын кемшіліктерді бөліп жазу;
6-кезең - осыдан нақты себептері көрсетілген маңызды проблемаларды белгілеу
Дарынды немесе жай баламен жұмысқа қажетті кадрлар іздеу, мектептегі бар мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, қажетті бағдарламалар мен оқулықтар (жай немесе электронды) алу не жасау, оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету, технологияландыру мен ақпараттандыру бойынша мәселелерді ашып көрсету, оларды топтау, реттеу.
Жағдайды талдау мына мәселелерді қамтиды: 1.Сапалы кадрдың болуы, 2.Оқушыларға психологиялық диагностика жасалуы. 3.Мектептің қазіргі талапқа сай болуы.
Ал процесске мыналар жатады: 1.Ата-ана, балабақша арасындағы байланыс. 2.Әдістемелік жұмыстардың, жүзеге асуы, озық тәжрибенің таратылуы. 3.Мектеп ұжымындағы психологиялық ахуал.
Нәтиже де үш бағыттан тұрады: 1.Тәрбие деңгейі. 2.Оқу денгейі. 3.Бәсекеге қабілетті, толерантты тұлға
|
Достарыңызбен бөлісу: |