Химия пәнінен өткен 4 республикалық пәндік олимпиада



Дата03.07.2016
өлшемі11.21 Kb.
#175772
Химия пәнінен өткен 4 республикалық пәндік олимпиада
24-25 сәуір аралығында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында 5В011200 «Химия» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің 4 республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Білім сынағына республикамыздың 13 қаласынан 14 команда қатысты. Олар: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қыздар педагогикалық институты, Семей мемлекеттік педагогикалык институты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалык институты, А. Яссауи атындағы Түркістан мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалык институты, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты.



Олимпиадаға М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен химия мамандығы бойынша білім алып жатқан 01401 топ студентті М. Мукашева, М. Хасенова қатысты. Оларға ғылыми жетекшісі аға оқытушы М.Г. Амангосова жетекшілік жасады.

Олимпиада 2 турдан тұрды. Бірінші тур теориялық, яғни күрделі есептерді шешу болса, ал келесі тур экспериментальды түрде болды. Осы екінші турда студенттеріміз өз белсенділіктерін көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті. Аталған мықтыларды сынайтын додада университет намысын қорғаған командамыз командалық есепте 3 орынды иеленсе, жеке есеп бойынша 01201 топ студенті Мурзабеков Айбар 3 орынға ие болды. Студенттеріміздің осындай нәтиже көрсетуін химия кафедрасы оқытушыларының ерең еңбегінің нәтижесі деп бағалауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет