«алпамыс батыр» жырыныњ зерттелуі а. Аманбаева, А. М±ќашева Тараз мемлекеттік педагогикалыќ институты, Тараз қ



Дата19.06.2016
өлшемі77.09 Kb.
#148544
УДК 398.22 (574)

А 61


«АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЫНЫЊ ЗЕРТТЕЛУІ
А. Аманбаева, А. М±ќашева

Тараз мемлекеттік педагогикалыќ институты, Тараз қ.
Батырлар жыры - ќазақ ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес.Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып, даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған. XIX ғасырда батырлар жыры жазылып ала бастады. Бұл кезеңде көптеген ғалымдар қазақ эпостарын зерттеп, қағаз бетіне түсіре бастаған. Мысалы, Ш.Уәлихановтың, В.Радловтың, Н.Ильминскийдің, Г.Потанинннің, А.Васильевтің, Ә.Диваевтың,т.б. ғалымдардың жинап бастырған еңбектерін ерекше атауға болады.

«Алпамыс батыр» жыры – қазақ халқының батырлар жырының ішіндегі ең көнесі. Жыр дәл қазіргідей классикалық бүтіндікке ғасырлар бойында жетілу, толығу арқасында жеткен. Жырда көрсетілген жер, мекен, адам аттары, елдің шаруашылық кәсіптері, салт-ғұрыптары эпостың қазақ халқының төл туындысы екендігін дәлелдейді.Батырлардың туып-өскен, өмір кешкен елі – Жиделі-Байсын тайпасының нақты аты – қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың, соның ішінде Жирмунскийдің дастанды қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік берген. Дегенмен, эпоста сипатталатын оқиғалар, адамдардың іс-әрекетінің молдығы, сан дәуірдің наным-сенім ерекшелігін танытатын тұстары эпостың шеңберін бүкіл қазақтық көлемге көтереді.

«Алпамыс батыр» жыры баспа жүзін алғаш рет 1899жылы («Қисса-и-Алпамыш», Қазан) көрген.Қазан төңкерісіне дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып шыққан.Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп, орысша мазмұнда бастырған – атақты фольклоршы Ә.Диваев болды.Ол бұл жырдың бір нұсқасын Ж.Бермұхамедовтен, тағы бірер нұсқасын Е.Ақылбековтың қолжазбасынан алған. /3.297/

Басқа да батырлар жыры сияқты «Алпамыс батыр» жыры да Кеңес үкіметі тұсында бірнеше рет басылған.Жырдың тарихи, көркемдік мәні мен әдебиеттегі орны туралы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, Т.Сыдықов сынды зерттеушілер арнаулы еңбектер жазды.Бұл қатарда орыс ғалымы Жирмунскийдің «Түрік батырлық эпосы» туралы монографиясын атап өтуге болады. «Алпамыс батыр» жырының әлемге әйгілі болуына осы ғалымдардың жазған еңбектерінің пайдасы зор болды.

«Алпамыс батыр»жырының халық арасында айрықша қастерленуі оның нұсқасының көп болуына ықпал еткен. Мысалы, қазақ тілінде жырдың 10-11 нұсқасы бар.Қазан төңкерісіне дейін бұл жырды Қазақстанның барлық облыстарында айтып келген.Жырдың түрлі нұсқаларын айтқандар С.Аққожаев, Ә.Байтұрсынов, Е.Керімбетов, А.Нысанов, Ж.Жақыпов тәрізді ақын-жыршылар болып табылады. Әсіресе, Сұлтанбек Аққожаевтың жазып алған нұсқасы ең толық, әрі көркем түрі. /3.297/

«Алпамыс батыр» жырының қалыптасу, даму тарихы жөнінде ғалымдар арасында түрлі көзқарастар бар. Әр ғалым өз тұрғысынан топшылайды. Мысалы, проф.В.М.Жирмунский мен Х.Т.Зарифов былай дейді: «Өзінің шығу тегіне қарағанда «Алпамыс» қоңыраттардың рулық эпосы...Қоңыраттардың ру есебінде тарихқа белгілі бола бастауы монғолдардың жаулап алуымен байланысты». Бұл пікірді проф.А.К.Боровков «Алпамыс» жырының туған кезі – XII-XIVғғ. арасы болуы керек дейді. Ал акад.Ә. Марғұлан «Алпамыс» қыпшақ заманында туған, содан қалған жыр екендігін айтады.Жырдың қазақша нұсқасын көбірек зерттеген ғалым Т.Сыдықов «Алпамысты» рулық,тайпалық кезден келе жатқан мұра ретінде атайды. /1.184/

Сонымен,біз жоғарыда «Алпамыс батыр» жырының қалыптасу тарихы, даму кезеңі туралы ғалымдардың пікірлерін келтірдік.Ал осы ғалымдардың қайсысының пікірі шындыққа жанасымды екендігін біз дәл айта алмаймыз.Себебі әр ғалым өзінің ғылыми дәлелдерін келтіре отырып, өз пікірін тұжырымдаѓан.Десек те, біз бұл жырдың бас кейіпкерлері өмірде болған ба, болса олар қай ғасырларда өмір сүргендігіне байланысты жырдың шамамен қашан қалыптасқандығын анықтауымызға болады.

Тарих беттерінен үңілетін болсақ, Алпамыс деген батыр тарихта болған адам екендігін байқаймыз.Ол шамамен б.з.б. 110-50 жылдары өмір сүрген қолбасшы, батыр болған./3.296/ Алпамыс батыр шүршіттермен соғыста ерекше ерлік көрсеткен қолбасы.Тайчу (Тайшық хан) ғұн мемлекетін біржола жою мақсатында көшпелілер еліне бірнеше дүркін әскер аттандырады.Осы әскерге қарсы бағытталып,бірнеше аптаға созылған жойқын шайқаста Алпамыс шүршіт әскерлерін ойсырата жеңеді.Кейіннен тағы бір жойқын соғыстардың бірінде Алпамыс батыр жау қолына түсуі жыр-дастанға айналып,біздің дәуірімізге жеткен.

Міне,бұл деректер Алпамыстыњ, Тайшық ханныњ өмірде болғанын, яѓни жырдаѓы батыр образы өмірден алынғандығын дєлелдейді.Міне ,сондықтан да біз "Алпамыс батыр" жырының қалыптасу кезеңін, яғни жырдың қашан пайда болып, халық арасына қашан тарай бастағандығын анықтағанымыз дұрыс.Осы уақытқа дейін көптеген ғалымдар жырдың тілін, көркемдік ерекшелігін, жырдың композициялық құрылысын,т.б. зерттеген.Ал жырдың шығу кезеңі, қалыптасу тарихы туралы әлі де болса деректер аз. Сондықтан да осы "Алпамыс батыр" жырының қалыптасқанына қанша уақыт болғанын анықтап алғанымыз жөн. Ал ол мүмкін шаруа ма? Көп жұрттың фольклорында таралған көп нұсқалы жырдың жасын білу мүмкін бе? Єрине, б±л с±раќќа жауап беру ќиын. Алайда, жырдаѓы атауларѓа, топонимдерге ќарап жырдыњ жасын аныќтауѓа болады.

"Алпамыс батыр" жырының мифтік және эпостық бейнесінің бірнеше жасы бар.Ең бірінші,тек есімдерге негізделетін жас анықтауда Алпамыстың заманы ең бері дегенде тас ғасырының соңы мен қола дәуірінің бастапқы уақыттарына кетер еді. "Алпамыс" есімі түркі халықтарында әр түрлі аталса да, олардың барлығының да бастапқы формасы біреу, ол - Манас.Бұл - мифологиялық адам жаратылу тарихындағы бірінші адамның есімі.Топан судан кейінгі адамзаттың атасы болған Манас туралы үндіарийлік миф сақталған. Алпамыстың с‰йген жарыныњ есімі - Гүлбаршын.Оның бұл есімінің кейінгі ғасырларда қалыптасқандығы көрініп тұр. Ал "Қорқыт ата" кітабында Банушешекті Г‰лбаршын деп алсаќ, оныњ бастапқы есімі Ману (Бану) болуы м‰мкін. Сонымен,Манас (Алпамыс) пен Манудың (Гүлбаршын) есімдері бір көне түбірден өрбігені көрініп тұр, екеуінің есімі де мифтік алғашқы адамдардың еркектік және әйелдік нұсқалары болып табылады. Манас пен Ману - топан судан кейінгі алғашқы адамдар қосағы.Топан су туралы мифтің үндіарийлік нұсқасының б.з.б. 2-ші мыңжылдықта қазақ жерінде арийлік және ең алдымен жергілікті прототүркілік жұрт түсініктері негізінде қалыптасқанын ескерсек, есімізге бірден Шымкент маңындағы қасиетті Қазығұрт тауы еске түседі.Осы аймақ жұрттары арасында топан су туралы миф қалыптасқан, ал үндіарийліктер тек оны қазақ даласына келгесін игеріп, кейіннен Ману туралы өз түсініктеріне негізделген жаңа миф жасап алған.

Әмірхан Балқыбектің "Қазығұрт, топан су және жебірей "Інжілі" " деген мақаласында ("Жас Алаш",2000,17 тамыз) да Қазығұрт пен үнді мифінің сабақтастығы туралы айтылған.Автор киелі таудың көне атауларына қатысты кейбір құнды тұжырымдар жасаған,солардың бірі - Қазығұрттың бір кездері "Манкур" деп (Бируни жазбаларында,10-11 ғғ.) аталғандығы."Манкур" сөзінің төркіні "Ман тауы" (кур - шумер-прототүркі тіліндегі "тау"дегенді білдіреді).Ә.Балқыбек сонымен қатар Қазығұрт іргесіндегі Мансары тауы мен Мансары әулиенің бар екендігін де айтады.Міне,осындай "ман"-дар қатарында қазақ жеріндегі "топан суды көрген тау" Манкур деп аталатын болса,оның Ману мен Манасқа тікелей қатысты екендігін аңғару қиын емес.Бұдан шығатын түйін:Манастың (Алпамыс) мифтік тұлғасының қалыптасқан нүктесі - Қазығұрт тауы, ал қалыптасу уақыты - ең бері дегенде б.з.б. 3 мыңжылдық болып шығады.Олай болса, Алпамысқа - 4000-5000 жыл деп айтуымызѓа болар еді, біраќ түркі халықтары "Манас" туралы, топан су туралы, алғашқы адамдар туралы мифті сақтай алмаған, сондықтан алдыңғы көрсетілген уақыт мөлшерін жырдың жасы ретінде көрсете алмаймыз.

Ќазаќ жырыныњ µзіне ‰њілсек, Алпамыстың елі - Жиделі -Байсын деп аталады.Ол - бүгінгі Өзбекстанның Сурхандария - Қашқадария аймағы. Алпамыс батырдың екінші жорығы "қалмақ елінде" өтеді. Мұнда ол тұтқынға түсіп, бірнеше жыл зынданда жатады..Алпамыс Кейқуат-ешкішінің,қалмақ ханының қызы Қаракөзайымның және мінген аты - Байшұбардың көмегімен зынданнан шығып, қалмақ еліне ойран салады,содан жаңа мемлекет орнатып,оның басшысы етіп кешегі ешкі баққан Кейқуатты қояды.

Ал Кейқуат - "Авестадағы" Кави Кавадтың (Фердоусидің "Шахнамасындағы" Кай Кубадтың) бейнесі болуы мүмкін,дегенмен оның есімінен белгілі бір тарихи астар іздер болсақ,ойымызға бірден Сасанидтер дәуіріндегі Иран шахы Кай Кубад (488-531ж) есімі келеді.Бұл - Орта Азиядағы түркі тілді көшпелілер, яғни "ақ ғұндар" немесе "хиониттер" деп те аталған эфталиттердің заманы (5-6ғғ) Сасанидтік парсылар мен эфталиттер арасында қақтығыстар жиі болып тұрған, бірақ басымдық соңғылардың жағында еді. Кай Кубад та эфталиттермен бірнеше рет соғысады,барлығында да жеңіліп қалады.496 жылы Ирандағы сарай төңкерісі кезінде тақтан тайдырылып,түрмеге қамалған Кай Кубад қашып шығып, эфталиттерге барып,пана сұрайды.Рақымшылығы молырақ көшпелілер патшасы оған пана болып,қызын әйелдікке береді,әскер қосып, Ирандағы билігін қайтарып алуына көмектеседі.

Міне,Алпамыстың ешкіші Кейқуатты қалмақ елін жеңгеннен кейін сол елге патша етуі сияқты жыр оқиғасы мен тарихта болған белгісіз эфталит патшасының Кай Кубадқа Ирандағы билікті қарудың күшімен алып бергендігі жөніндегі оқиға белгілі бір деңгейде ұқсас болып тұр..

Жырда кездесетін топонимдер жырдыњ жасын аныќтауѓа м‰мкіндік береді. Мєселен, жырдаѓы топонимдердіњ ішінен "Қарахан тауды" ерекше атауға болады. Мысалы:

Қарахан тауда бабамыз,

Сірє,қабыл болған да…
Қарахан таудың түлкісі,

Келмейді ердің күлкісі....


Қарахан тауда қамалым,

Баяғыдай бола ма ......


Қарахан таудың аршасы,

Түсіп қалды үстіме.....


Осы жолдардағы Қарахан таудың мифтік-поэтикалық бейнесі айқын, ол - Жерұйық сияқты киелі кеңістікті көрсетеді ."Қарахан" сөзінің төркіні "қанғ"-кеңістік, ел, территория" және "қара"-байырғы,түпкі ата-баба жұрты" дегенді білдіреді.Оның нақты тарихи кейіптенуі - б.з.д. 4 ғасырдан б.з.4-5 ғасырларға дейін, тіпті эфталиттер дәуірінде де (5-6ғ) өз атын сақтап өмір сүрген Қаңғар (Кангюй,Кангха,Кангдиз) мемлекеті.Ал Қаңғар жұртының 4-6 ғғ. Орта тұсы Отырар (Кангу-Тарбан), яғни Оңтүстік Қазақстан аймағы болған. Олай болса "Алпамыс" жырының эпикалық қалыптасу ортасы мен уақыты 5-6ғғ. Қазығұрт - Отырар аймағы деп атап көрсетуге болады./4/

6-8 ғғ. жырдың бастапқы нұсқалары қаңғарлар арасында кеңірек таралған.Кейін бұл жырды оғыздар игерген. Мысалы,"Қорқыт ата" кітабындағы "Бәмсі-Бәйрек туралы жыр" - Алпамыс туралы жырдың оғыздық нұсқасы болуы м‰мкін.

Қазақ арасында таралған жалғыз қоңыраттық нұсқасының тарихи тағдыры өте күрделі,шырғалаң даму жолын өткізген.Қоңырат нұсқасы 5-6 ғғ.дейінгі замандарда-ақ арасы ажырап кеткен,арғы тегін Моңғолиядан емес,Орта Азияға қайтып оралғаннан кейінгі Алпамыс туралы жергілікті нұсқаны өз мифтік түсініктеріне сай қайта өңдеуінің нәтижесі болып табылады.Сонда қоңыраттар біздің жерімізге 12 ғасырлар шамасында келген болса,бұл жырдың жасы бергі дәуір болып кетеді.Сондықтан да жырдың қалыптасу дәуірін 5-6 ғысарлар арасы ретінде алып,қалыптасқан нүктесі - Отырар-Қазығұрт аймағыдеп алсақ,жырға 1500 жыл толған болады.Жалпы алғанда,қазіргі кезде осы бір қазақ жырына 1500 жыл толып отыр деп айтуға болады./4/

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:




  1. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті . - Алматы:Ана тілі. - 1991

  2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы . – Алматы:Санат. - 1994

  3. «Қазақстан» ұлттық энциклопедия I том. - Алматы,1998

  4. «Жас Алаш» 2002,19 ақпан, № 21

  5. Қазақ Совет энциклопедиясы 12-том

  6. Батырлар жыры II том. - Алматы:Жазушы. - 1986







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет