Хром. Хромның табиғи қосылыстарын суреттеңіз. Хром және феррохромның алынуын жазыңыз. Хром қышқылдары, олардың қасиеттерін жазыңыз. Хроматтар және дихроматтарды суреттеңіз



Дата25.04.2024
өлшемі16.12 Kb.
#499854
EAFPMBZBSRVO23042024204512


БӨЖ №4

  1. Хром. Хромның табиғи қосылыстарын суреттеңіз. Хром және феррохромның алынуын жазыңыз. Хром қышқылдары, олардың қасиеттерін жазыңыз. Хроматтар және дихроматтарды суреттеңіз. Хроматтар мен дихроматтардың болу ортасын жазыңыз.

  2. Хром (VI) қосылыстары тотықтырғыштар ретінде қолданылатын реакция теңдеулеріне мысалдар келтіріңіз. Тотықтырғыштардың маңыздылығын суреттеңіз.

  3. Маргенец және оның маңызды қосылыстарын жазыңыз. Калий пенманганатының реакция ортасына байланысты тотықсыздану заңдылықтарын тізімдеңіз, реакция теңдеулерін жазыңыз.

  4. Темірдің физикалық, химиялық қасиеттерін, оның екі және үш валентті маңызды қосылыстарын жазыңыз. Темір пентакарбонилінің натриймен және сілтімен реакциясын жазыңыз.

  5. Кобальт және никель элементтері қасиеттерін суреттеңіз. Кобальт және никель элементтерінің қолданылу ерекшеліктерін анықтаңыз, олардың қосылыстарының практикалық маңызын жазыңыз. Кобальт және никель элементтерінің комплексті қосылыстарын жазып, аттарын жазыңыз.

  6. Калий дихроматын қыздырғанымызда оттек, калий хроматы және хром (ІІІ) оксиді түзіледі. Барлық бөлінген оттек массасы 20,4г хроммен әрекеттеседі. Калий хроматын концентрленген күкірт қышқылымен өңдегенде хром (VI) оксиді түзілді. Хром (ІІІ) және хром (VI) оксидтерінің массасын есептеңіз (бөлінген оттек көлемі қалыпты жағдайға келтірілген).

  7. Калий перманганатын қыздыру нәтижесінде бөлінген оттекті қалыпты жағдайға келтіріп, барлығы толығымен марганец (IV) оксидін сілтілік ортада калий манганатына өту үшін жұмсалды. Егер реакцияға көлемі 50мл массалық үлесі 22% тығыздығы 1,2г/мл калий гидроксиді ерітіндісі жұмсалған болса, реакция нәтижесінде түзілген калий манганаты мен бастапқы калий перманганатының массаларын көрсетіңіз.

  8. Массасы 4г темір, темірдің (ІІ) және темірдің (ІІІ) оксидтерімен қоспасын сутекпен тотықсыздандырғанда массасы 0,846г су түзілді. Массасы 4г қоспаны сұйылтылған күкірт қышқылымен өңдегенде қалыпты жағдайда көлемі 448мл сутек бөлінді. Бастапқы қоспадағы металдардың массалық үлестерін көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет