I. 2012-2016 жылдарға арналған Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі462.75 Kb.
#10049
  1   2   3   4







2012-2014 жылдарға арналған Қармақшы ауданының

аудандық деңгейдегі азаматтық бюджет
I. 2012-2016 жылдарға арналған Қармақшы ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» және Қызылорда облысының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес Қармақшы ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жасалынып, бекітілді.

Орта мерзімді уақытта аймақтың экономикалық саясатының негізгі бағыты инфрақұрылымды дамыту және индустрияландыру арқылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсудің мақсатты параметрлеріне инвестициялық белсенділік есебінен қол жеткізіледі. 2012-2016 жылдары инвестиция өсімінің қарқыны орта есеппен 125,6 пайызды құрай деп болжамдалуда. Бұл өз кезегінде технологиялық модернизациялауды белсенді жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың шоғырлануының артуы есебінен қамтамасыз етіледі.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында аймақтық индустрияландыру картасына 3 жоба енгізіліп, 2 жобаның құжаттары ұсынуға дайындалуда.

1-ші жоба «Қорқыт Ата зиярат ету орталығы» кешенінің құрылысы, «Дорстрой» ЖШС. Жобаның құны – 380 млн. тенге, 15 жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

2-ші жоба. «Халықаралық деңгейде 5 жұлдызды қонақ үй, сауда және ойын сауық кешенінің құрылысы» құны 29400 млн теңге.

3-ші жоба «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы аясында даму инфрақұрылымы мен транспорттық логистикалық орталықтың құрылысы». Жобаның құны 2940 млн теңге.

Қосымша ұсынылатын 2 жоба жеке кәсіпкер Қ.Құрманбаеваның құны 20,0 млн теңге болатын «Жиһаз шығаратын «Бірлік» сауда-өндірістік кәсіпорын ашу» жобасы, және құны 75,0 млн теңге боллатын «АНК-Даулет» ЖШС-нің «Темір-бетон бұйымдарының шағын зауыты» жобасы.

«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 496-IV Заңында 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 17 439 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 8 720 теңге;

3) зейнетақының өѕ төменгi мөлшерi – 17 491 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу їшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 618 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 17 439 теңге болып белгiленсiн.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Аудандық бюджет – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және ауданның деңгейінде бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.


Аудандық бюджеттің түсімдері және шығындары
2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасы бюджет кодексіне, «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және ауданның бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Аудандық бюджеттің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, облыс халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.



«2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет» Қармақшы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 310 шешімімен аудандық бюджет бектілді.

2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері
млн. теңге

Атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жл

есеп

бекітілген жоспар

нақтыланған жоспар

түзетілген жоспар

бекітілген жоспар

бекітілген жоспар

Түсімдер

5752,4

4543,2

5526,1

5526,1

4193,5

4253,5

1. Кірістер, оның ішінде:

5387,3

4532,6

5288,2

5288,2

4182,9

4242,9

Салықтық түсімдер

763,0

801,4

862,9

862,9

852,8

912,5

Салықтық емес түсiмдер

2,8

2,9

2,9

2,9

3,1

3,2

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

62,7

2,2

2,2

2,2

2,3

2,4

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

4558,8

3726,1

4420,2

4420,2

3324,7

3324,7

Субвенция

3091,9

3301,2

3301,2

3301,2

3324,7

3324,7

Ағымдағы нысаналы трансферттер

826,1

403,1

677,5

677,5

0,0

0,0

Нысаналы даму трансферттері

640,8

21,8

441,4

441,4

0,0

0,0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

7,7

10,6

10,6

10,6

10,6

10,6

Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Қарыздар түсімі

190,8

0,0

99,5

99,5

0,0

0,0

Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

166,6

0,0

127,8

127,8

0,0

0,0

 



















Шығыстар

5752,4

4543,2

5526,1

5526,1

4193,5

4253,5

Шығындар, оның ішінде:

5481,1

4532,6

5411,6

5411,6

4182,9

4242,9

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

324,8

297,2

303,8

303,8

285,0

288,6

Қорғаныс

1,3

1,7

1,7

1,7

1,8

1,9

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

5,4

1,5

1,5

1,5

1,6

1,7

Бiлiм беру

2673,0

2875,5

2961,0

2961,0

3009,2

3057,9

Денсаулық сақтау

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

495,2

484,6

543,7

543,7

491,7

522,0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

835,4

211,8

679,1

679,1

60,9

65,2

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

248,7

290,9

409,4

409,4

223,4

192,4

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

3,4

0,0

0,1

0,1

0,0

0,0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

68,5

35,0

75,2

75,2

35,7

36,5

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

17,1

21,0

26,0

26,0

21,4

21,9

Көлiк және коммуникация

753,6

284,0

343,5

343,5

25,9

27,8

Өзгелер

26,9

25,2

29,5

29,5

26,0

26,7

Борышқа қызмет көрсету

0,003

0,0

0,006

0,006

0,0

0,0

Трансферттер

27,5

4,0

37,0

37,0

0,0

0,0

Бюджеттік кредиттер

56,4

0,0

99,5

99,5

0,0

0,0

Қаржы активтерін сатып алу

0,0

0,0

4,4

4,4

0,0

0,0

Қарыздарды өтеу

214,9

10,6

10,6

10,6

10,6

10,6

Ескерту: 2014 жылға субвенция көлемі болжам болып табылады.
Түсімдері

2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа және да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Аудандық бюджет кірістерін болжамдау кезінде өткен жылдардың салықтық түсімдердің түсу динамикасы, 2011 жылға күтілетін түсімдер және 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет салаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысының көбеюі ескерілді.

2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджеттің өз кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді.

2012 жылға – 806,5 млн. теңге;

2013 жылға – 858,2 млн. теңге;

2014 жылға – 918,2 млн. теңге.

Аудандық бюджеттің салықтық түсімдерінің ең үлкен мөлшерін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық құрайды.

Алдағы үш жылдық кезеңге аудандық бюджеттің облыстық бюджетпен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар аудару арқылы реттелуі болжамдалуда.

Облыстық бюджетпен:

жеке табыс салығы бойынша - толығымен аудандық бюджетке (100%);

әлеуметтік салық бойынша – 90% аудандық бюджетке, 10% - облыстық бюджетке



Жалпы сипаттағы трансферттер (бюджет субвенциялар)

Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджеттік кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну їшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.

Кіріс көлемінің болжамы және жергілікті бюджеттірдің Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде шығындары есептелген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысымен бекітілген.

2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2011 - 2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 30 қарашадағы № 359-IV Заңымен бекітілген.

«2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттредің көлемі туралы» Қызылорда облыстық маслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №262 шешімімен 2011-2013 жоспарлы кезеңгі жылдарға облыстық бюджеттен берілген аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне субвенция көлемі белгіленді.

2011-2013 жылдарға Қармақшы ауданының бюджетіне республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның бөлінісі

2011 жылы – 3091,9 млн теңге;

2012 жылы – 3301,2 млн теңге;

2013 жылы – 3324,7 млн теңге.


Аудандық бюджеттің шығындары
Жоспарланған 2012-2014 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, аудан экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

2012 жылы аудандық бюджет 4543,2 млн. теңге көлемінде бекітілді. Республикалық және облыстық бюджетінен мақсатты трансферттердің түсуіне байланысты сомасы 209,1 млн. теңге және кредиттердің сомасы 99,5 млн. теңге аудандық бюджеттің көлемі 5526,1 млн. теңгеге нақтыланды.


Сала бойынша 2011 жылғы аудандық бюджеттің шығындары


Сала бойынша 2012 жылғы аудандық бюджеттің шығындары
млн.теңге

ф/г

Атауы

2012 жылға арналған жоспар

Барлық шығындаркөлемінің үлесі,%

бекітілген

түзетілген




II. Шығындар

4532,6

5411,6

100

01

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

297,2

303,8

5,6

02

Қорғаныс

1,7

1,7

0,0

03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

1,5

1,5

0,0

04

Бiлiм беру

2875,5

2961,0

54,7

05

Денсаулық сақтау

0,2

0,2

0,0

06

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

484,6

543,7

10,1

07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

211,8

679,1

12,6

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

290,9

409,4

7,6

09

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

0,0

0,1

0,0

10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

35,0

75,2

1,4

11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

21,0

26,0

0,5

12

Көлiк және коммуникация

284,0

343,5

6,3

13

Өзгелер

25,2

29,5

0,5

14

Борышқа қызмет көрсету

0,0

0,006

0,0

15

Трансферттер

4,0

37,0

0,7

Жыл сайын аудандық бюджеттің шығындары 15 функционалдық топ бойынша жоспарланады.

Нақтыланған аудандық бюджеттің шығындарында республикалық және облыстық бюджетінен бөлінген мақсатты трансферттер және кредиттер енгізілген.

Жергілікті атқарушы оргнадар мақсатты трансферттерді және кредиттерді тек мақсаты сай жұмасалып өзінің тиісті бюджеттік бағдарламасына отырғызылып пайдаланады.

Мақсатты трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және даму нысаналы трансферттреге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет