I. 2012-2016 жылдарға арналған Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



бет3/4
Дата23.02.2016
өлшемі462.75 Kb.
#10049
1   2   3   4

2012 жылы ағымдағы нысаналы  трансферттермен аудан бюджетіне ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, ҰОС жылдары қаза болған жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне, Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарындағы концлагердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына, мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған еңбеккерлеріне сауықтыруға біржолғы материалдық көмекке және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 6 айдан кем емес еңбек еткен еңбеккерлеріне коммуналдық қызметтерді өтеуге 47,3 млн. теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінуде.

Бірінші бағыт.  Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

2011 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық комиссиясының шешімімен «Кәсіптік даярлау және қайта даярлау», «Біліктілігін арттыру» курстары бойынша барлығы 171 азаматтың өтініштері қанағаттандырылды.

Кәсіптік даярлау курсы бойынша 91 азамат арнаулы оқу орындарына түсіп, оқуда.

Қайта даярлау 2 айлық оқу орындарына 58 азамат жолданды, 22 азамат біліктіліктерін арттырды.



Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша:

2011 жылы 136 адамға мекемелерге жолдама беріліп, 11 297 мың теңге бөлініп, 100 пайызға игерілген.

2012 жылға Әлеуметтік жұмыс орындарына 120 азаматты қамтуға Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат барлығы 30 220 мың теңге.

Жыл басынан бері Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 41 кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі бекітілген.



Жастар тәжірибесі бойынша: 2012 жылы республикалық бюджеттен 13 026 000 теңге қаржы бөлінді.

2012 жылы 83 азаматты мекемелерге жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа орналастырылатын болады.



Екінші бағыт. (Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу) бойынша жалпы саны 410 азамат несие алуға ниет білдіруде. Оның ішіндегі 17 азамат 2011 жылы шағын несие алуға ниет білдірушілер қатарындағы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған.

2011 жыл «Қызылорда» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұйымдастырған конкурсына «Қорқыт-елі» кредиттік серіктестігі қатысып, 16,0 млн теңгені 6 азаматқа шағын несие беру арқылы толығымен игерді.

2012 жылға Кәсіпкерлік негіздерін оқыту мақсатында 31 азаматты оқыту жоспарлануда.

2012 жылға шағын несиелендіруге 78,0 млн теңге қаржы қаралуда.



Үшінші бағыт. «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға» – 341,0 мың теңге қаралып, 15 адам қатысады оның ішінде:

- қоныс аудару үшін қаралған субсидия көлемі -341,0 мың теңге (15  адам).

2011 жылы салынып басталған 30 жеке тұрғын үйдің құрылыстары аяқталып, экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 30 отбасының  қоныс аударуы жоспарланып отыр. 

        2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына  төртінші бағыт қосылды. 

        Төртінші бағыт. Бағдарламаның төртінші «Елді мекендерді аббаттандыру және дамыту» бағыты аясында қосымша әлеуметтік қолдау шараларына 41,161 млн.теңге бөлініп, 21 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кенісі
Қазіргі таңда аудан бойынша халыққа 15 мәдениет үйлерімен клубтар, 18 кітапханалар, 1 мұражай қызмет көрсетуде.

2012-2013 жылдарға облыстық бюджеттен Қармақшы ауданының елді мекендеріне 4 жобаға ауылдық клуб құрылысының жобалық сметалық құжатын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізу және құрылысы жоспарланып отыр.

2012 жылы аудандық бюджеттен қаржылар бөлінді:

* Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі Аудандық мәдениет үй ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 70,0 млн. теңге.

Ауданда 9 спорт алаңы, 5 стадион, 21 спорт залы, 1 дене сауықтыру кешені орналасқан.

2012 жылы облыстық және аудандық бюджеттен қаржылар бөлінді:

* Қармақшы ауданының елді мекендеріне 7 спорт алаңы құрылысын салуға 35,0 млн. теңге;

* Қармақшы ауданы Жосалы кенті орталығында 150 орындық стадион құрылысын салуға 203,6 млн.теңге



Ауыл шаруашылығы
Қармақшы ауданының егін шаруашылығы саласын субсидиялауға 2012 жылы республикалық және облыстық бюджеттен барлық бағыттар бойынша 323,6 млн. теңге бөлінді, оның ішінде басымды дақылдарды өндіруді субсидиялау бағдарламасы бойынша -213 млн. теңге.

Соңғы жылдары басым ауыл шаруашылығы дақылдарын қолдау шараларының негізінде күріштің, майлы дақылдардың, жем-шөптік дақылдардың, жеміс-жидектің, бақша дақылдарының, қорғалған топырақтағы көкөністердің егіс көлемі мен өндірілген өнім көлемі артып, елді отандық өнімдермен қамтамасыз ету мәселесін шешілуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі 20,5 мың гектарға орналастырылды, оның ішінде аймақтың негізгі дақылы күріштің егіс көлемі 12 мың гектарды құрады.


Қоршаған ортаны қорғау
2012 жылы қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар өткізу, ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру, су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстарына 27,7 млн. теңге қаралды. Бөлінген қаржыға Абыла және Қызылтам елді мекендерін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстары атқарылатын болады.

2012 жылы Ақай ауылында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын арнайы полигон салу үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға 1,9 млн теңге қарастырылған.


Көлік
Облыстық бюджеттерден облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген, оның ішінде:

  • аудандық маңыздағы «М-32 Самара-Шымкент-Жаңажол» 1,3 шақырым құрайтын автомобиль жолын орташа жөндеуге - 20 млн. теңге;

  • Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі 2,6 шақырым құрайтын көшелеріне орташа жөндеуге – 28,1 млн. теңге;

  • Қармақшы ауданы Ақжар ауылындағы 2,2 шақырым құрайтын көшелеріне орташа жөндеуге – 21,6 млн. теңге;

  • Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылындағы 2,5 шақырым құрайтын көшелеріне орташа жөндеуге – 29,6 млн. теңге;

  • Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылындағы 1,2 шақырым құрайтын көшелеріне орташа жөндеуге – 11,1 млн. теңге;

  • Қармақшы ауданы Иіркөл ауылындағы 1,2 шақырым құрайтын көшелеріне орташа жөндеуге – 15,0 млн. теңге;

  • Қармақшы ауданы Қармақшы ауылындағы 1,5 шақырым құрайтын көшелеріне орташа жөндеуге – 13,9 млн. теңге;

  • Қармақшы ауданы Төребай би ауылындағы 1,9 шақырым құрайтын көшелеріне орташа жөндеуге – 20,5 млн. теңге;

  • Қармақшы ауданы Жаңажол ауылындағы 7,2 шақырым құрайтын көшелеріне орташа жөндеуге – 100,0 млн. теңге.

  • Қармақшы ауданы Жосалы кенті М.Шоқай көшесінің 0,95 шақырымына орташа жөндеуге – 10,0 млн. теңге;

  • Қармақшы ауданы Жосалы кенті Томанов көшесінің 0,35 шақырымына орташа жөндеуге – 7,4 млн. теңге;

  • Қармақшы ауданы Жосалы кенті Мүсірбаев көшесінің 1,6 шақырымына орташа жөндеуге – 16,4 млн. теңге;

  • Қармақшы ауданы Жосалы кенті Балқы Базар көшесінің 1,15 шақырымына орташа жөндеуге – 16,3 млн. теңге.

Сонымен қатар 2012 жылы аудандық бюджеттен Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылының ұзындығы 2 шақырым болатын орталық көшесін жөндеуге 24,0 млн теңге бөлінді.
Электрмен жабдықтау
2012 жылы республикалық және облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға «Қармақшы ауданы Жосалы кенті орталығын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту» жобасына барлығы 119,5 млн. теңге қаралды.

Сонымен қатар, облыстық бюджет қаражаты есебінен 4 жобаның жобалық сметалық құжаттама әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге барлығы 55,8 млн. теңге қаржы қаралды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет есебінен «Қармақшы ауданындағы елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» жобаларына 5,5 млн. теңге қаралған.
Жылумен жабдықтау
2012 жылы аудандық бюджеттен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға жылу беру маусымына барлығы 180,0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Оның ішінде білім беру саласы бойынша 144,2 млн. теңге, мәдениет саласы бойынша 15,0 млн. теңге, спорт саласы бойынша 5,8 млн. теңге.
Сумен жабдықтау
2012 жылға республикалық және облыстық бюджеттерден ауыз су нысандарын қайта жаңғырту және кеңейтуге 3 жобаны іске асыруға 251,0 млн. теңге қаржы қаралды.

2 жобаға жобалық – сметалық құжаттамасымен мемлекеттік сараптамадан өткізуге қосымша аудандық бюджеттен 7,1 млн. теңге қаржы қаралған.


Басқалар
Экономиканың шикізаттық емес секторындағы кәсіпкерліктің тұрақты және теңдестірілген өсімін қамтамасыз ету және құрылған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы – 35,6 млн. теңге бөлінген болатын. Оның ішінде несие пайызын субсидиялауға – 35,6 млн.теңге қаралды.
2011-2012 жылдарға республикалық және облыстық бюджетінен мақсатты трансферттердің және бюджеттік кредиттредің бөлінісі

мың теңге



Атауы

2011 жылға нақтыланған жоспар

2012 жылға бекітілген жоспар

2012 жылға нақтыланған жоспар
(01.07 жағдай бойынша)





Трансферттер барлығы, оның ішінде:

1466914

1095061

1128732

 І

Республикалық бюджет объектілері бойынша

1189647

524940

521655




Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтауға

8140

12291

12291

 

Бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құруға

10628







 

Үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтармен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге

22171

9222

9222

 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

35518

44336

44336

 

Мектеп мұгалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін арттыруға

14386

30898

30898

 

Жетім сәбиді (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбиді (балаларды) асырап бағу үшін қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайын ақша қаражаттарын төлеуге

9711

9719

9719

 

Арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттарын өткізуге

5880

5249

5249

 

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға, оның ішінде:

23856

53150

55955

 

жалақыны ішінара субсидиялауға

11297

30220

30220

 

қоныс аударуға

3175

341

341

 

жұмыспен қамту орталығын құруға

9384

12368

12368

 

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға жастар практикасын ұйымдастыруды қаржыландыру үшін

7800

10221

13026

 

Ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға

9644

13530

14088

 

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге

23110

31332

24315

 

Су жүйесін дамытуға - барлығы

340763

220146

220146

 

оның ішінде: Жосалы кенті орталығындағы суды алдын-ала айдау станцияының құрылысына

70371







 

Ақжар елді мекенінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғыртуға жүйесін жаңғырту, 2-ші кезең құрылысына

176900










Ақжар елді мекенінің тұрғын үйлеріне су желісін жеткізу құрылысына




128573

128573

 

Ақтөбе елді мекенінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғыртуға жүйесін жаңғырту, 2-ші кезең құрылысына

76292










Ақтөбе елді мекенінің тұрғын үйлеріне су желісін жеткізу құрылысына




91573

91573

 

Ақжар елді мекенінің тұрғын үйлеріне су желісін жеткізу құрылысы жобасының ЖСҚ әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге

3700







 

Ақтөбе елді мекенінің тұрғын үйлеріне су желісін жеткізу құрылысы жобасының ЖСҚ әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге

2700







 

Тұрмағамбет елді мекенінің тұрғын үйлеріне су желісін жеткізу құрылысы жобасының ЖСҚ әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге

10800







 

Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасы шеңберінде инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға

42000

9800

9800

 

Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алуға

38800







 

"Самара-Шымкент М32" автожолдарын-Акжар-Тұрмағанбет-Көмекбаев ауылына дейінгі аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуге

450240







 

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және сатып алуға

147000

37181

37181




«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыру үшін ауылдық (селолық) жайластыру мәселелерін шешуге




6925

7294




Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде коммуналдық инженерлік, инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жөндеуге және ауылдық елді мекендерді абаттандыруға




41161

41161

ІІ

Облыстық бюджет

277267

570121

607077

 

Білім беру ұйымдарына, оның ішінде:

5859

889

889

 

Білім беру ұйымдарында балалардың құқығын қорғау жөніндегі инспекторды ұстауға

559

889

889

 

Оқушыларды мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізуді ұйымдастыруға

5300







 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырмаларын іске асыруға

1857







 

Жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға

10597







 

ҮОС жеңісінің 66 жылдығына орай:

24465

21257

41141

 

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмекке, банкілік қызметті қоса алғанда

22490

19884

39768

 

әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға коммуникация қызметтерін көрсеткеі үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеуге

546







 

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, ҰОС қаза тапқан жауынгерлерінің жесірлеріне, ҰОС жылдарында тылдағы еңбектері үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен марапатталған адамдарға біржолғы материалдық көмекке

1429

1373

1373

 

Қармақшы ауданы Ақай ауылында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын арнайы полигон салу

9960







 

Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алуға

103




12780

 

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға және (немесе) сатып алуға

547







 

Су жүйесін дамытуға - барлығы

58260

16998

21290

 

"Жосалы аудан орталығындағы суды алдын-ала айдау станциясының құрылысы" жобасын қоса қаржыландыру

4388










Жосалы аудан орталығындағы суды алдын-ала айдау станциясының құрылысы







4292

 

"Жосалы аудан орталығындағы суды алдын-ала айдау станциясының құрылысы" объектісі бойынша ЖСҚ әзірлеу

230







 

"Ақжар елді мекенінің сумен қамту жүйелерін қайта құрылымдау 2 кезең" жобасын қоса қаржыландыру

14642










Ақжар елді мекенінің тұрғын үйлеріне су желісін жеткізу құрылысы жобасын қоса қаржыландыруға




7045

7045

 

Қармақшы ауданы 111 Интернационал елді мекендң сумен қамту. Тұрғын үйлердің ауласына дейін су желісін таратуға

33186







 

"Ақтөбе елді мекенінің сумен қамту жүйелерін қайта құрылымдау 2 кезең" жобасын қоса қаржыландыру

5814










Ақтөбе елді мекенінің тұрғын үйлеріне су желісін жеткізу құрылысы жобасын қоса қаржыландыруға




9953

9953

 

Автомобиль жолдарын жұмыс істеуін қамтамасыз ету

153794

259750

259750

 

Жылу энергетикалық жүйені дамыту

3384










Қармақшы ауданы Жосалы кентін абаттандыруға




121221

121221




Жосалы кентіндегі әкімшілік ғимараттың құрылысына




50000

50000




Жосалы кентінде стадион құрылысын салуға




100000

100000




Мәдениет мекемелерінің маттехбазасын нығайтуға

6317







 

Ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға

409







 

Ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерінің ағымдағы шығындарына

1712







 

Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету үшін

3

6

6

III

Кредиттер

43818

92226

99507

 

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер

43818

92226

99507


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет