Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті
Білім, өсу мен жеке тұлғаны дамыту үшін!
СЫРТТАЙ-ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛАТЫН СТУДЕНТТЕР ҮШІН
Қарағанды -2013
Құрастырғандар:
Сырттай-қашықтықтан қаржы-экономикалық факультетінің деканы, э.ғ.к., профессор С.Н.Улақов;
Сырттай-қашықтықты бизнес және құқық факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент Б.Т.Матаева;
Қашықтықтан оқыту орталығының директоры, ф.-м.ғ.к., доцент И.А.Аманов
Анықтамалық-жолсілтегіш ҚҚЭУ, студенттің құқығы мен міндеттері, кредиттік жүйе негізінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолданумен білім алу, әрбір пән мен GPA бойынша қорытынды бағаны есептеу әдістемесі, мемлекеттік қорытынды аттестациялауға қойылатын талаптар, академиялық күнтізбе және т.б. туралы жалпылама мәліметтерден тұрады.
Анықтамалық-жолсілтегіш 2008 жылдың 18-сәуіріндегі № 125 «Жоғарғы оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестацияны өткізу ережесі»; 2012 жылдың 19 қаңтарындағы №110 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережесі»; «Оқытудың кредитті технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» (2011 жылдың 20-сәуір, №152), 2012-жылдың 19-қаңтарындағы №108 «Білім беру ұйымдарында білім алатындарға академиялық демалысты ұсыну ережелері», сондай-ақ, 2012- жылдың 19-қаңтарының № 112 «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелеріне» негізделеді.
Студент туралы мәлімет
Аты-жөні __________________________________________________
Мамандығы ________________________________________________
Тобы ___________________________________________
МАЗМҰНЫ
1.
|
ҚҚЭУ-ДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР..............................................................
|
3
|
1.1.
|
ҚҚЭУ студентінің ар-намыс кодексі................................................
|
3
|
1.2.
|
Университет құрылымы....................................................................
|
4
|
1.3.
|
Университет кітапханасы..................................................................
|
6
|
|
|
|
2
|
СЫРТТАЙ ҚАШЫҚТЫҚТЫ ФОРМА БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ............................................
|
7
|
|
|
|
3.
|
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУМЕН КРЕДИТТІК ЖҮЙЕ БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...............................................
|
10
|
3.1.
|
Жалпы ережелер.................................................................................
|
10
|
3.2.
|
Студенттерді дайындау сапасын бақылау..........................................
|
11
|
3.3.
|
Сырттай-қашықтықты форма бойынша білім алушылардың оқудан шығарылу, қайта қалпына келтіру және ауыстыру ерекшеліктері.........................................................................................
|
14
|
3.4.
|
Білім алушылардың академиялық демалыс алу тәртібі.....................
|
15
|
|
|
|
|
2011-2012 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ.......
|
16
|
1. ҚҚЭУ-ДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР
1.1. ҚҚЭУ студентінің ар – намыс кодексі
Ар – намыс кодексі студенттердің белгілі бір жұмыс тәртібін болжайды, оның құқығы мен міндеттерін айқындайды.
ҚҚЭУ студентінің келесідей құқығы бар:
-
мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
-
жеке оқу жоспарлары бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқуға;
-
басқа жоғары оқу орындарында элективті пәндерді (яғни таңдаған пәндерін) оқып үйренуге;
-
өзінің қабілеті мен қажеттілігіне сәйкес қосымша білім беру қызметтерін алуға, оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстар таңдауға;
-
ҚР білім және ғылым Министрлігі белгілеген тәртіп бойынша бір жоғары оқу орнынан екіншісіне, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуға және қайта қабылдануына ;
-
оқылатын пәндер бойынша оқу - әдістемелік кешендерін, университет кітапханасының ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға;
-
өз пікірі мен көзқарасын еркін білдіруге;
Бакалавр бағдармалары бойынша оқитын Қарағанды экономикалық университетінің түлектері магистратураға түсу кезінде және еңбекке орналасу кезінде тең құқықтарға ие.
ҚҚЭУ студентінің міндеттері:
-
жеке оқу жоспарын жасауға;
-
жеке оқу жоспарына сәйкес оқу пәндерін игеруге;
-
оқу пәндері бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) барлық түрлерін орындауға;
-
білімді шептік және қорытынды бақылаудың барлық түрлерінен өтуге;
-
оқу - әдістемелік әдебиеттер мен университеттің материалдық құндылықтарына жанашырлықпен қарауға;
-
ҚҚЭУ-дің ішкі тәртіп ережелерін орындауға (сыртқы киімде жүруге, темекі шегуге, қатты сөйлесуге тыйым салынады );
-
курстастармен, оқытушылармен кеңпейілді болуға;
-
сабаққа іскерлік киімде қатысуға;
-
пунктуальды және міндетті болуға, тыянақты және атқарымпаз болуға;
-
сабақ уақытында ұялы телефондарын ағытуға міндетті.
Студенттер өздерінің денсаулығын сақтау мақсатында рухани дүниесі мен дене тәрбиесін қатар жетілдіруге міндетті.
Өз міндеттерін бұзған студенттерге тәртіп бұзу шаралары қолданылуы мүмкін.
1.2.Университет құрылымы
ҚҚЭУ – Қазақстаннның алғы қатарлы және инновациялық Жоғарғы оқу орындарының бірі. Университет Мемлекеттік аттестациядан өткен. Өзінің түлектеріне мемлекеттік үлгідегі дипломдарды береді. ҚҚЭУ «Русский Регистр» компаниясының сертификатына ие, сапа менеджменті жүйесін қолданады.
ҚҚЭУ-дің Астана, Қостанай, Шымкент, Павлодар, Арқалық, Семей және Қызылорда қалаларында 7 қашықтықтан оқыту орталықтары бар.
Оқу процесіне кредиттік оқыту жүйесін енгізуге оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, э.ғ.к., профессор Бұғыбаева Роза Олжабайқызы жетекшілік етеді. Оқу процесімен байланысты сұрақтар бойынша, Сіз, сырттай-қашықтықты оқыту бойынша деканаттардың тьюторларынан кеңес ала аласыз.
Біздің мекен – жайымыз: 100009 Қарағанды қаласы, Академическая көшесі, 9. Мына автобустармен келуге болады: № 19, 44. Мына бағытты таксилер: № 011, 30, 31 жүреді. «ҚЭУ» аялдамасы.
№ каб.
|
Ректорат
|
|
Ректор
|
Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы
э.ғ.д., профессор
|
356
|
Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор
|
Бұғыбаева Роза Олжабайқызы,
э.ғ.к., профессор
|
302
|
Ғылыми жұмыстар жөніндегі а проректор
|
Таубаев Аяпберген Алданайұлы
|
358
|
Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор
|
Әбілов Қосман Жақыппайұлы,
т.ғ.д., профессор
|
112
|
Әкімшілік- шаруашылық бөлімінің проректоры
|
Какенов Қайрат Саттуұлы,
т.ғ.к., профессор
|
Бизнес және құқық факультеті
|
47 А
|
Қашықтықтан оқытатын Бизнес және құқық факультетінің деканы
|
Матаева Ботакөз Төлешқызы
|
47
|
Тьютор
|
Қасымжанова Зинекүл
Сардарбекқызы
|
47
|
Тьютор
|
Алина Динара Төлеубайқызы
|
47
|
Хатшы
|
Сеитова Айнур Кабдылмежитқызы
|
Университет бөлімшелері
|
60
|
Қашықтықтан оқытатын қаржы-экономикалық факультетінің деканы
|
Ұлаков Сайран Нұрсұлтанұлы
|
260
|
Қашықтықтан оқыту орталығының директоры
|
Аманов Иман Абдрахманұлы
|
308
|
ҚО дидактикалық құралдарын өңдеу қызметінің жетекшісі
|
Аманова Роза Өміртайқызы
|
|
Бас бухгалтер
|
Байжанова
Гүлбаршын Каріғұлқызы
|
|
Кітапхана меңгерушісі
|
Шмидт Лидия Петровна
|
260
|
Оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторингі және бақылау Департаментінің директоры
|
Даниярова Маржан Тасболатқызы
|
264
|
Тіркеу бөлімінің жетекшісі
|
Глазунова Светлана Борисовна
|
261
|
Оқу процесін жоспарлау бөлімінің меңгерушісі
|
Сіргебаева Жанар Ақтайқызы
|
62
|
Студенттік құжаттама бөлімінің жетекшісі
|
Тұралықова Кенжегүл Досанқызы
|
1.3. ҚЭУ кітапханасы
ҚЭУ кітапханасы – Қазақстанның жоғары оқу орындары Қауымдастығының мүшесі, Қазақстан кітапханалары Ақпараттық Консорциумының мүшесі. ҚЭУ кітапханасы – қор құрамы бойынша үздік жоғары оқу орындары кітапханасының бірі. Оған барлық білім салалары бойынша ғылыми, оқу, анықтамалық әдебиеттер, нормативтік құжаттар, мерзімді басылымдар, бейнефильмдер, CD-ROM оқулықтар кіреді. Жыл сайынғы мерзімді басылымдардың түсуі – 200 атаудан асады.
Әдебиеттер абонементінде мынадай мерзімдерге үйге алуға беріледі:
-
Саны жеткілікті данадағы оқу әдебиеттері, шектеусіз оқу жылына беріледі;
-
Кітапханада саны шектеулі оқу әдебиеттері, 10 күн мерзімге беріледі;
-
Ғылыми әдебиеттер 2-3 кітап санымен 5 күн мерзіміне беріледі;
-
Көркем әдебиет 2-3 кітап санымен 15 күн мерзіміне беріледі;
-
Мерзімді басылымдар, сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар, нормативтік құжаттар үйге алуға берілмейді;
-
Егер материалға сұраныс болмаса пайдалану мерзімі ұзартылуы немесе басылым бір ғана данада болса немесе жоғары сұраныспен пайдаланылатын болса пайдалану мерзімі қысқаруы мүмкін;
-
Сырттай-қашықтықтан оқитын студенттер қажетті әдебиеттермен сессия аралық уақытта қамтамасыз етіледі.
Оқу залынан әдебиетті сыртқа алып шығуға тыйым салынады. Осы ережені бұзған жағдайда оқырман ережені бұзу дәрежесіне қатысты кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады.
Сіздерге қызмет көрсетеді:
-
Оқу материалдары бар аудио- және бейне кассеталар (профессор-оқытушылар құрамының лекциялары); электронды ақпарат көздеріндегі оқулықтар және оқу құралдары (компакт-дискілер, CD ROM) – жеке дискеттерде материалдарды қарау және жазу, бейне және аудиокассеталар.
-
Спутниктік теледидар арқылы оқытушы бағдарламаларға мүмкіндік алу.
-
Құжаттарды сканирлеу және мәтіндерді басып шығару.
-
Интернет желісінде жұмыс жасау.
-
EBSCO мәліметтер базасын пайдалану – маңызды және сенімді ақпараттар алу. Осы жобаны жүзеге асыру, электрондық форматтағы әлемдік ғылыми, экономикалық, қоғамдық – саяси және ақпараттық мерзімді басылымдардың аса үлкен санын алу мүмкіндігін береді (барлығы 5 мың басылымнан асады). Мәліметтер базасы ағылшын, неміс және француз тілдерінде.
-
«Заң» мәліметтер базасын қолдану – заңдылықтар бойынша толық және сенімді ақпараттарды алу. Бұл - ҚР әділет Министрлігінде тіркелген ҚР жоғары заң шығарушы және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің электронды жинағы. «Заң» мәліметтер базасы күн сайын электронды пошта бойынша жаңартылып отырады.
-
Университеттің локальді желісіне кітапхананың қосылуы.
-
Электронды каталогты пайдалану(«кітаптар», «мақалалар», «диссертациялар мен авторефераттар», «сирек кездесетін кітаптар»).
-
«Университет оқытушыларының еңбектері», «Кооперация» мәліметтер базасын қолдану.
Кітапхананың жұмыс тәртібі :
Кітапхана демалыссыз жұмыс істейді күн сайын 9.00-ден 19.00-ге дейін;
Сенбіде 9.00-дан 18.00-ге дейін,
Жексенбіде 10.00 –ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді.
2. СЫРТТАЙ ҚАШЫҚТЫҚТЫ ФОРМА БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қашықтықтықтан оқыту (қашықтықтыққа арналған оқыту) - оқытудың электрондық және телекоммуникациялық құралдары арқылы білім беру ұйымдарынан алыс тұратын оқу-танымдық қызметті және тұлғаларды дамытуды мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрдегі басшылықтың бір түрі.
Қашықтықты технологиялар бойынша оқыту шегінде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
-
тьютор (Tutor) – білім алушылардың өзіндік жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырушы қашықтықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;
-
контент – ақпараттық толықтыру – мәтін, графика, мультимедиа және өзге де ақпараттық толықтыру;
-
тьюторлық сыныптар – компьютерлермен, бейне мониторлармен және басқа да ақпараттық коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар.
Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен қызметкерлері қашықтықтықтан оқыту жүйесінің субъектілері болып табылады.
Сырттай-қашықтықты нысан бойынша оқу жылы Білім және ғылым министрлігі белгілеген оқу мерзімдеріне сәйкес басталады, саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетінше белгілейтін академиялық кезеңдерден тұрады (Академиялық күнтізбе-оқу процесінің кестесін анықтаманың соңғы бетінен қараңыз). Қашықтықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру-кәсіптік бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруі тиіс. Білім алушы, мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, кәсіби білім беру бағдарламасының мазмұнын толық игеруі тиіс.
Университет мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін қашықтықтықтан оқытудың кез-келген технологиясын қолдануға құқығы бар.
Университет қашықтықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар болмаған жағдайда, университет оларды оған ақысыз негізде береді. Емтихан сессиялары арасындағы кезеңде, қашықтықтан оқыту технологиясы, студенттің теориялық материалды өздігінен игеру, қашықтықтан және жеке оқытушының кеңес беруін білдіреді.
Оқытушы-тьютордың жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы, пәннің барлық оқу материалы бойынша интерактивті кеңес беруін (чат, форум арқылы) қамтиды.
Қашықтықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларын іске асыру кезіндегі кеңес беру жүйесі бірнеше түрдегі консультацияларды қарастыруы мүмкін:
-
жеке күндізгі (білім алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);
-
жеке қашықтықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон, e-mail, чат, форум бойынша);
-
топпен қашықтықтықтан (чат арқылы, Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).
Қашықтықтықтан оқыту мыналарды қамтиды: бейне-лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; әлектрондық оқу басылымдары бойынша (әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен әлектрондық пошта арқылы консультациялар беру.
Университет білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, олардың білімдері мен біліктерін және тәуелсіз бағалау әдістерін, қол жетімділікті шектейтін әлектрондық әдістерді қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшілік қорғау жұмыстарын бағалаудағы әділдігін ұйымдастырады. Бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмыстарды, жобаларды қорғау) тек университет қабырғасында дәстүрлі немесе тестілеу әдістерімен жүргізіледі.
Университет білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен көзделген, кәсіптік практиканың барлық түрлері бойынша өткізу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.
Білім алушыларды қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін, қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.
Қашықтықтықты нысан бойынша оқыту, студенттердің оқу курстарын оқытушы-тьютордың басшылығымен қашықтықтықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, сондай-ақ оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялық) пайдалана отырып, өзіндік зерделеуді білдіреді.
Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.
Оқытудың компьютерлік құралдарына әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), кәсіби бағдарламалардағы оқыту тапсырмалары (профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.
Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беру ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.
Қашықтықтықтан оқытуда консультациялар телефон, әлектрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрінде өткізілуі мүмкін.
Барлық оқыту қызметі мыналар арқылы жүзеге асырылады:
-
электрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып, оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен) педагогикалық қарым-қатынасы;
-
студенттің оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс уақытына кеңестермен қатар, барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, эссе, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік аттестаттау.
Виртуальды (синхрондық немесе асинхрондық) өзара қарым-қатынас -қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезеңі. Синхрондық өзара қарым-қатынас студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара қарым-қатынас студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.
Бағдарламалық қамтамасыздық оперативті контент, түпкі пайдаланушының ресурстары мен функцияларын іріктемелі шектеуін және оған қол жеткізуді басқаруын қарастыруы қажет. 1-курс студенті конфедициалды түрде деканаттан ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСЫНДА өзінің логин және паролін алуы тиіс. Ол университеттің ресурсын пайдалану және компьютерлі тестілеу кезінде аралық бақылаудан өту үшін, порталға шығу мүмкіндігін береді.
3. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУМЕН КРЕДИТТІК ЖҮЙЕ БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1. Жалпы ережелер
1. Оқытудың кредиттік технологиясы – бұл өздігінен білім алу деңгейін арттыруға және білім беру траекториясын дараландыру, таңдау және кредиттер түріндегі білім көлемінің есебі негізінде білімді шығармашылықпен енгізуге бағытталған білім беру жүйесі.
2. Кредит – студенттің оқу жұмысының көлемін өлшейтін жалпыландырылған бірлік.
3. Оқуды аяқтайдың міндетті шарты – студенттің белгіленген кредит санын алуы, ол міндетті және таңдауы бойынша компонеттерден тұрады, теориялық оқытудың 128 кредитін құрайды.
4. Бір оқу жылы, әдетте, 34 аптаны құрайды, олардың 30-ы теориялық оқыту, 4 – аралық/ қорытынды бақылау. Оқу процесіне жазғы семестр енгізілді, ол қысқаша, қосымша оқыту және оқу бағдарламаларындағы айырмашылықтарды жою қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалған.
5. GРА (Grade Point Average), оқу үлгерімінің орташа балы – таңдаған бағдарлама бойынша студенттің бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің орташа балы, аралық аттестацияның пәндері бойынша балдық бағаның кредиттік және сандық эвивалеттік қатынасы ретінде анықталады.
6. Жоғарғы оқу орны курстан курсқа көшіру кезіндегі GРА көшірме балын өздігінен анықтайды.
7. Оқу пәндері бойынша студенттердің білімін бақылау формасы болып, оларды игеру соңында жүргізілетін жазбаша емтихан немесе білімін компьютерлі тестілеу табылады.
8. Курс саясаты: кеңестерге кешікпеу және оның үстінде сөйлеспеу; емтиханды босатпау; сырқат себебімен келмеу жағдайында, медициналық анықтаманы көрсету; ұжымдық жұмысты қолдау; деканатпен байланысты үзбеу; дер кезінде сессияны тапсыру; оқу бөлмелерінде тәртіпті сақтау.
9. Бірінші курс студенті Кіріспе курсын өту кезінде деканаттан дайындалған жеке жоспар үлгісін алып, оқу процесін ұйымдастырудың кредитті жүйесі және қашықтықтан оқыту технологиясымен танысады.
10. Емтихан сессияларының нәтижелері бойынша үлгерген студенттер келесі курсқа көшіріледі. Белгіленген GPA мөлшерін жинаған және академиялық борышы жоқ студенттер соған жатады.
11.Белгіленген аралықта емтихандардың қайта тапсырылуы жүзеге асады. Қорытынды бақылау бойынша алған қанағаттанарлық бағалар қайта тапсырылмайды.
12. Аралық аттестация (қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша деканат студенттердің академиялық рейтингін құрайды. Бақылаудың қорытынды формасы бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған студент, академиялық борышқор қатарында болады.
13. Академиялық борыш деп, оқу пәні бойынша білімді қорытынды бақылаудан студенттің қарызын айтады, ол емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алу немесе себепсіз емтиханды босату нәтижесінде қалыптасады. Мұндай жағдайда, студент ағымдық академиялық кезеңді аяқтау үшін қажетті кредит санын жинамайды, сондықтан ол қайтара оқуға қалады.
14. Белгіленген көлемнен GРА көшірме балы төмен болса, студент, академиялық борыштың болмауына қарамастан, оқытудың қайтара курсына қалады.
15. Қорытынды аттестация, диплом жұмысын қорғау және мамандық бойынша мемлекеттік емтихандарды тапсыру түрінде жүргізіледі. Мұнда дәстүрлі немесе компьютерлік тестілеу әдістері қолданады.
3.2. Студенттерді дайындау сапасын бақылау
Студенттердің оқу жетістіктерін тексеру үшін, бақылау мен аттестаттаудың әр түрлі нысандары қолданылады.
Студенттердің білімін бақылау мен бағалау кешені шептік, қорытынды бақылауды және қорытынды мемлекеттік аттестациялауды болжайды.
Университетте шептік бақылау қорытынды бақылауға интеграцияланған. Оқу жылының басында әр студент өзіне тиесілі логинін және паролін алады да Интернет арқылы әрбір пән бойынша берілген электронды оқу-әдістемелік кешенмен танысады, емтихан тапсыруға дайындалады. Жеке куәлігін көрсетіп, фейс бақылауынан өткеннен соң, тест тапсыру арқылы емтиханан өтеді. Тесттер әр пән бойынша белгіленген уақыт ішінде тапсырылуы тиіс. Тестің нәтижесі емтиханға деканаттың немесе өкілдіктердің жіберуіне негіз болып саналады.
Оқу жоспарынан сәйкес курстық жұмысты орындау қарастырылса, емтихан сесиясының басталуына қарай оны кафедраға тапсырып, қорғау қажет. Егер Сіз курстық жұмыс қорғамаған болсаңыз, онда Сіз емтиханға жіберілмейсіз.
Егер Сіз объективті себептер бойынша емтиханға келе алмасаңыз, тиісті құжаттар болған жағдайда, факультет деканы немесе қашықтықтан оқыту орталығының директорының рұқсат беруімен Сіз емтиханды жеке тапсыра аласыз.
Бақылаудың барлық формалары бойынша бағалар әрбір пән бойынша бөлек білімді бағалаудың көп баллдық әріптік жүйесінің 100% шкаласы бойынша пайызбен қойылады.
Сіздің біліміңізді бағалау өлшемдері:
«А», «А–» («өте жақсы») – егер Сіз бүкіл бағдарламадағы материалды терең және мықты меңгерсеңіз, тапсырманың түрін өзгерткен кезде жауап беруге қиналмай, материалды толық, сабақтастықпен, сауатты және логикамен баяндасаңыз, алдыға қойған міндеттерді еркін жүзеге асыра алсаңыз, монографиялық материалдарды игеріп көрсетсеңіз, қабылдаған шешімді дұрыс негіздей білсеңіз, жұмыстарды тәжірибеде орындаудың жанжақты дағдылары мен тәсілдерін меңгерген болсаңыз, материалды қателік жібермей, өздігіңізден жазып алып, қорытынды жасай алсаңыз;
«В+», «В», «В–» («жақсы») – егер Сіз бағдарламалық материалды нақты білсеңіз, оны сауатты түрде және негізгі мәнін айтып бере алсаңыз, сұраққа жауап беру кезінде түбегейлі дәлсіздікке жол бермесеңіз, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсеңіз және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қажетті дағдыларға ие болсаңыз;
«С+», «С», «С–», «D+», «D» («қанағаттанарлық») – егер Сіз негізгі материалды ғана меңгерсеңіз, дәлсіздіктерге жол берсеңіз, тұжырымдарыңызды жеткілікті түрде жеткізіп бере алмасаңыз, бағдарламалық материалды баяндау дәйектілігін бұзсаңыз және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қиналсаңыз;
«F» («қанағаттанарлықсыз») – егер Сіз бағдарламалық материалдың маңызды бөлігін білмесеңіз, түбегейлі қателіктер жіберсеңіз, тәжірибелік жұмыстарды үлкен қиындықпен орындасаңыз.
Білімді бағалаудың көп балды әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдардың цифрлық эквиваленті
|
Пайыз
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А –
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В–
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С–
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
А- -дан А-ға дейінгі, В- - тен В+ - ке дейінгі, D-дан С+ - ке дейінгі ауытқу амплитудасындағы бағаларды таңдау Сіздің біліміңіз бен біліктілігіңіздің жоғарыда берілген өлшемдерге сәйкестік дәрежесімен анықталады.
Оқытушы бағалардың әріптік және пайыздық эквивалентін оқу сабағының журналына қойып, белгілеп отырады. Мысалы: В+(87).
Мынаған назар аударыңыз! Егер Сіз емтиханда «F» баға алған болсаңыз, орташа рейтингіңіз жоғары болса да, қорытынды баға автоматты түрде «F» (қанағаттанарлықсыз) болады. Мұндай жағдайда Сіз борышкер қатарына ілігіп, борышқор қатарында боласыз.
Бағаны көтеру мақсатында, сол сияқты қанағаттанарлықсыз бағаны түзету мақсатында емтихан бағасын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Мынаны назардан шығармаңыз! Сессияны жай ғана бағаға тапсыру жеткіліксіз! Белгіленген бір курстан келесі курсқа көшіру балын (GPA) жинау қажет. ҚҚЭУ-де келесідей орташа курстан курсқа көшіру балы GPA белгіленген:
3 жыл оқу мерзімі (колледждан кейін)
1 курстан 2 курсқа – 1,3
2 курстан 3 курсқа – 1,5
3 курстан мемлекеттік қорытынды аттестацияға (мемлекеттік емтиханға) жіберу үшін – практиканы есептегенде 1,6-тен кем емес.
2 жыл оқу мерзімі (жоғары білімнен кейін)
1 курстан 2 курсқа – 1,5
2 курстан мемлекеттік қорытынды аттестацияға (мемлекеттік емтиханға) жіберу үшін – практиканы есептегенде 1,6-тен кем емес.
Орташа балл студенттің қорытынды нәтижелері негізінде барлық пәндерден есептеледі. Ол келесі формула бойынша, анықталады:
GPA (орташа балл) =
Мұнда: Иц1, Иц2, ...Ицn – цифрлық эквиваленттегі пәндер бойынша қорытынды бағалар;
К1,К2, ...Кn – кредиттерде оқылған пәндердің көлемдері;
n – бүкіл оқу кезеңі ішіндегі оқытылған пәндердің саны.
Мысал. 3-ші курс студенті сессия қорытындылары бойынша келесі нәтижелерге ие болды:
Пәндер
|
Баға
|
Балл
|
Кредиттер
|
Математика
|
А-
|
3,67
|
3
|
Информатика
|
В-
|
2,67
|
3
|
Философия
|
С+
|
2,33
|
3
|
Қазақ тілі
|
D+
|
1,33
|
3
|
Педагогика, психология және өзіндік таным негіздері
|
В+
|
3,33
|
3
|
mo GPA =
Өйткені 3 курс үшін белгіленген балл GPA 2,5 құрайды, біздің студентіміз 4 курсқа көшіріледі.
Студенттердің қорытынды аттестациясына қойылатын талаптар
Қорытынды аттестация, ҚҚЭУ-дің оқу жұмысының жоспарларында көзделген мерзімдерде жүргізіледі. Оның ұзақтығы 4 аптадан кем емес мерзім болып белгіленеді. Сіздің диплом жұмысын жазу ережелерімен танысуға және қажет болған жағдайда таңдап алған зерттеу бағыты бойынша эдвайзерден консультация алуға құқыңыз бар.
Студентке мынадай жағдайда дипломдық жұмыстың (жобаның) орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі:
1) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың негізінде стационарда ұзақ емделуде (бір айдан артық);
2) бала тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;
3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде ауру ата-анасын күтуші;
4) мүгедек туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедек.
Осы ретте, білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады және тиісті құжаттарды ұсынады. Басқа жағдайда дипломдық жұмысты қосымша мемлекеттік емтихандар тапсыруға ауыстыруға рұқсат етілмейді.
3.3. Сырттай-қашықтықты форма бойынша білім алушылардың оқудан шығарылу, қайта қалпына келтіру және ауыстыру ерекшеліктері
Өз оқуыңызды жалғастырғыңыз келмеген жағдайда Сіздің өз еркіңізбен, дәрігер айғақтары бойынша немесе өзге ЖОО-ға ауысуымен байланысты оқудан шығуға құқыңыз бар.
Жоғарғы оқу орнының Жарғысында көзделген міндеттерді, жоғары оқу орнының ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны, оқу тәртібін бұзғаны, жоғары оқу орны әкімшілігінің оқу ақысының төлеу туралы шартын бұзғаны үшін жоғары оқу орнының әкімшілігі оқудан шығаруға дейін тәртіптік шара қолдануға құқылы.
Оқудан шығару мәселелері бойынша деканатқа немесе оқу процесін жоспарлау бөліміне жолығыңыз.
Оқуды қалпына келтіру туралы өтініштер жазғы және қысқы каникул кезеңінде қарастырылады.
Жоғары оқу орнынан шығарылған студентке белгілі формада академиялық анықтама беріледі.
Оқуды қалпына келтіру рәсімі келесі түрде жүзеге асырылады:
-
студент оқуын жалғастырғысы келетінін айтып, жоғары оқу орнының ректоры атына оқуын қалпына келтіру туралы өтініш береді. Өтінішке транскрипт тіркеледі;
-
деканат берілген транскрипт негізінде, оқитын курсты, оқу жоспарындағы айырманы анықтайды;
-
факультет деканының бұрыштамасы негізінде тіркеу бөлімі көрсетілген айырманы тапсыру мерзімін белгілейді;
-
факультет деканының, оқу жұмыстары жөніндегі проректордың бұрыштамаларына сәйкес жоғары оқу орнының ректоры студенттің оқуын қалпына келтіру туралы бұйрық шығарады.
Студенттің бір оқу формасынан екіншісіне, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуы келесі рәсімге сәйкес жүзеге асырылады:
-
студент жоғары оқу орнының ректоры атына ауыстыру туралы өтініш береді, өтінішке тиісті факультеттің деканы растаған, транскрипт көшірмесі тіркеледі;
-
факультет тапсырылған транскрипт негізінде оқитын курсты және оқу жоспарларындағы айырманы анықтайды;
-
факультет деканының бұрыштамасы негізінде айырманы тапсыру мерзімі белгіленеді; күндізгі оқу түрінен сырттай оқу түріне ауысқан кезде көрсетілген айырманы тапсыру мерзімі бір академиялық кезеңнен көбірек болып белгіленуі мүмкін немесе студентке аталған айырманы күндізгі бөлімде оқитын студенттермен тапсыру құқығы берілуі мүмкін;
-
факультет деканының, оқу жұмыстары жөніндегі проректордың бұрыштамаларына сәйкес жоғары оқу орнының ректоры студентті бір оқу формасынан екіншісіне немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
Студенттің оқуын қалпына келтіру және ауыстыру кезіндегі оқу жоспарындағы айырманы тапсыру мерзімдері, негізінен, осы уақыт ішінде студент пән айырмасын тапсыруға жазылуы, оқу ақысын төлеуі, олардың бағдарламаларын меңгеріп, қорытынды бақылаудан өтуі тиіс бір академиялық кезең ұзақтығына ие.
Егер, студент оқуын қалпына келтіру немесе ауыстыру кезінде белгіленген мерзімде оқу жоспарындағы айырманы тапсырмаса, онда аталған айырма академиялық борыш (берешек) ретінде белгіленеді және орташа үлгерім балын (GPA) анықтау және курстан курсқа көшіру кезінде нөл болып есепке алынады.
Оқуды қалпына келтіру және ауыстыру мәселелері бойынша оқу процесін жоспарлау бөліміне хабарласып біле аласыз.
3.4. Білім алушылардың академиялық демалыс алу тәртібі
Академиялық демалыс – білім алушылардың денсаулығына, оның ішінде жүктілігі және бала тууына қарай, сондай-ақ, ер азаматтардың Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарына шақырылуына байланысты өз оқуын уақытша тоқтата тұратын кезең.
Академиялық демалыс 6 айдан 12 айға дейін, ерекше жағдайларда – 2 жылға дейін, қалалық студенттер поликлиникасының дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (ВКК-ДКК) қорытындысы, ал әскер қатарына шақырылғандарға соған сәйкес құжаты негізінде беріледі.
Студент емтихан сессиясы басталғанға дейін академиялық демалыс алу үшін өтініш береді.
Академиялық демалысты рәсімдеу үшін, білім алушы университет ректоры атына өтініш білдіріп, ДКК-ның анықтамасын ұсынады. Мәселе оң шешілген жағдайда, ректор білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.
Академиялық демалыстан оралғаннан кейін студенттер, студент оқу сабақтарына қатыса алатыны туралы, дәрігерлік-консультативтік комиссияның (ВКК) қорытындысын, әскер қатарынан босағандар әскери кіташасының көшірмесін тапсыруы тиіс. Академиялық демалыстан шыққаннан кейін оқу жұмысының жоспарларындағы айырманы (егер ондай қажеттілік болса) белгіленген мерзімде жоюы қажет.
Құрметті студент!
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне оқуға түсу арқылы, дұрыс таңдау жасадың. Біздің университет Қарағанды өңіріндегі ғана емес, сонымен бірге еліміздің бүкіл аумағында лайықты беделге ие. Сіз университетпен өздігіңізбен танысу және өз алдыңыздан ашылып отырған мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін осы анықтамалық-жолсілтегіш әзірленді.
Қосымша 1
СЫРТТАЙ-ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАСЫ БОЙЫНША 2013-2014 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ
Сессия мерзімі
|
Мамандықтар
|
Курс
|
Күзгі семестр
|
16.09.13-27.10.13
|
Барлық мамандықтар
|
2 оқу жылы (ж/о)
|
«Юриспруденция»
|
3 оқу жылы (қысқ.)
|
28.10.13-08.12.13
|
Барлық мамандықтар
|
5 курс
|
«Юриспруденция» мамандығынан басқалары
|
3 оқу жылы (қысқ.)
|
Көктемгі семестр
|
03.02.14-16.03.14
|
Барлық мамандықтар
|
1 оқу жылы (ж/о), (қысқ.)
|
17.03.14-30.04.14
|
Барлық мамандықтар
|
2 оқу жылы (қысқартылған)
|
Достарыңызбен бөлісу: |