Ибб сессия нжгадс


Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасының



Pdf көрінісі
бет7/35
Дата29.05.2024
өлшемі4.15 Mb.
#502067
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
ИББ СЕССИЯ НЖГАДС

Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасының
мақсатын тұжырымдаңыз.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық
балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте жəне мектеп
өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен
Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына
2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.


Инклюзивті білім берудің мақсаты - этникалық тегіне, діни сеніміне,
экономикалық
мəртебесіне
жəне
дамуындағы
ерекшеліктеріне
қарамастан,
барлық
балалардың білім алуына жəне əлеуметтік
бейімделуіне жағдай жасау процесі.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім
беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.Инклюзивті
білім " (integration --> inclusion).
Теориялық негіздемесі «Бəріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын
инклюзивтік білім берудің
енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ.
Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін»
түсінігімен бірге қолданылады. Яғни жалпы білім беретін мектептерде
мүмкіндігі шектеулі бала мен басқа да əлеуметтік қорғалатын топтарға
жататын
оқушыларға өзгелермен
теңдей білім беру, соған жағдай
жасау.Инклюзия - бұл балаларды олардың жыныстық, этникалық жəне
дінге қатыстылықтары, оқудағы жетістіктері, денсаулық жағдайы, даму
деңгейі, ата-аналарының əлеуметтік-экономикалық мəртебесі мен басқа
да айырмашылықтарына қарамастан жалпы білім беретін үдеріске толық
енгізу үдерісі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға
бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту негізінде
балалар құқығын кемсітпеу, барлық
адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше
оқу қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы
жатыр.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы
- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте жəне
мектеп өміріне белсене қатысуға
мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның
Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді. Сонымен,
инклюзивті білім беру жағдайында
жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама
бойынша реттеген абзал. Атап
айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары;
мүмкіндігі шектеулі балалардың
ақаулық типтеріне сəйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу
бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі
балалардың
психофизикалық
ерекшеліктерін есепке ала отырып
əзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Жаңа түсіндірме бойынша «инклюзивті білім беру» - бұл ерекше білім
беру қажеттіліктері мен жеке-дара
мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына
тең қолжетімділігін қамтамасыз
ететін процесс. Аталған анықтама жалпы білім беретін мектеп
жағдайында барлық балаларды оқыту үшін
оңтайлырақ тəсіл ретінде халықаралық қауымдастықпен танылған білім
берудегі инклюзияның мəнін
ашады. Бұл жағдайда инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдар
ерекше білім беруге


қажеттіліктері бар білім алушыларды қамтуды, соның ішінде мигрант,
оралман балалар, сондай-ақ қоғамға
əлеуметтік бейімделуі қиын балалар сияқты басқа да санаттағы білім
алушыларға сапалы білім берудің тең
қолжетімділігін қамтамасыз етуді кеңейтуі мүмкін. Бейімделген білім
беру бағдарламасы - мүмкіндігі
шектеулі тұлғаларды оқыту үшін олардың психоденелік, дамуын, жеке
мүмкіндіктерін жəне қажет жағдайд
а аталған тұлғалардың даму бұзылыстарын түзетуді жəне əлеуметтік
бейімдеуді қамтамасыз ететін білім
беру бағдарламасы. Жеке оқу жоспары – нақты білім алушының
ерекшеліктерін жəне білім беру
қажеттіліктерін ескере 9 отырып, оның мазмұнын жекелеу негізінде білім
беру бағдарламасын меңгеруді
қамтамасыз ететін оқу жоспары Мүмкіндігі шектеулі балаларға
инклюзивті білім беру келесі модельдер
арқылы жүзеге асуы мүмкін: 1) толық инклюзия – мүмкіндігі шектеулі
балалар жалпы білім беру
мекемелеріне денсаулығы қалыпты қрдастарымен бірге барады жəне жеке
оқу жоспарлары бойынша
оқиды; 2) жартылай инклюзия – мүгедек балалар үйдегі жеке оқыту мен
жалпы білім беретін мекемеге
баруды қатар алып жүреді жəне жеке оқу жоспарларымен оқытылады. 3)
сабақтан тыс инклюзия – мүгедек
балалар (мүгедектер) тек үйде оқиды жəне үйірмелерге қатысады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім
беру бағдарламаларын меңгеруін қадағалауды жалпы білім беретін
мекеме жүзеге асырады. Əрбір жалпы
білім беретін мекеме аталған ереженің негізінде өз бетімен жалпы білім
беретін мекемедегі инклюзивті
білім беруді ұйымдастыру тəртібін анықтайтын ереже дайындайды. Білім
алушылар медициналық-
əлеуметтік-эксперттік комиссияның, жалпы білім берудің кез келген
деңгейінде мүгедекетігі расталуы
туралы қорытындылар болғанда атаанасының (заңды өкілдерінің) өтініші
бойынша инклюзивті білім
беруге ауыса алады. Əрбір білім алушыға жеке журналдар ашылады, онда
мұғалімдер сабақтардың
мерзімін, өткен материал мазмұнын, сағат санын жазады, ағымдық
бағаларын қояды.
1
2
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет