Ибрагимова С. 4-күн тапсырмасы «Заманауи көшбасшы қандай болуы керек?»



Дата16.04.2024
өлшемі24.4 Kb.
#498944
6-күн тапсырмасы Ибрагимова С.


Ибрагимова С.
4-күн тапсырмасы
«Заманауи көшбасшы қандай болуы керек?» тақырыбына аргументативті эссе жазыңыз (200-250 сөз).
XXI ғасыр – озық технологиялар мен білім ғасырында ең маңызды басымдылықтардың бірі - басшы болу. Ал нағыз басшы болу үшін көшбасшылық қасиеттерді иемдену керек. Көшбасшылық қасиеттерді иемдену деген адамдарды жинап, оларды билей білу, ал бұл мансап пен өмірдегі табыстың кілті. 
Көшбасшыны топтың арасында атын атамай-ақ байқауға болады. Аталмыш адамдардың өздері топтан ерекшеленеді. Нағыз көшбасшы, біріншіден, қиял-елесі дамыған адам болуы шарт. Оның себебі, адам алдына қойған мақсатқа жептес бұрын, нәтиженің қандай болатынын елестете білу керек. Ал алдына қойған мақсатына жету үшін ақыл мен парасат керек, олар адамға сенімділік әрі күш-қуат береді. Екіншіден, көшбасшы батыл болуы керек. Ол өзінің талаптарының орындалу мүмкіндігіне сенімді болып, сенімділігін топ мүшелеріне жеткізе алуы керек. Үшіншіден, көшбасшының талым - тартылысқа түсе алу қабілеті. Көшбасшы магнит іспеттес болуы шарт, ол - барлығы тартылатын орталық фигура. Айта берсең, бұл аяғы жоқ тізім секілді, өйткені, көшбасшы - барлық жағымды, қажет және маңызды қасиеттерді өзінің бойына сіңіре алған, өмір жолында тәжірибені мол жинаған тұлға. 
Менің ойымша, адамның бойындағы көшбасшы бола білу қасиеті де, басқа адамдарды өз сөзіне көндіре алу қабілеті де генетикаға байланысты қалыптасады . Мысал ретінде патша билігінің қан арқылы баласына өтуін қарастыруға болады. Орта ғасырлардағы биліктің атадан балаға берілуі, яғни патша әулетінің тұқым қуалап бірінен соң бірі ат тізгінін өз әулетінің қолында ұстап қалуы тікелей билік пен генетиканың өзара байланысын көрсетеді. “Алып анадан туады” демекші , жақсы атадан жаман баланың туылуы өте сирек жағдай. Сол сияқты билікке деген икемділік, ойдың ұшқырлығы,парасат, қулық пен ораторлық қасиеттер ата тегімен таралады. Мысалы, Джон Кеннеди мен оның әкесі - әлемге әйгілі тұлғалар. Екеуі де батыстың билік тізгінін бірінен соң бірі икемді әрі нәтижелі ұстай білді.Егер баласының бойында әкесіне тән көшбасшылық қасиеттері болмаса, әрбір қоғам басшысына қажетті ұстанымдар мен қабілеттерді қалыптастыруға не дамытуға болады. Әлемге әйгілі Демосфен сынды тарихи тұлғаны еске түсірер болсақ, адам қолынан шынымен де көп нәрсе келетініне көз жеткіземіз. Негізі, көшбасшыны топ ішінде сайламаса да, ол өзінің алғыр қасиеттерімен көзге оңай түседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет