Ii конгресс политологов казахстана


Использованная литература



бет13/16
Дата17.06.2016
өлшемі1.39 Mb.
#141692
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Использованная литература:


  1. Медушевский А.Н. Демократия и авторитаризм: Российский конституционализм в сравнительно-исторической перспективе. М., 1997.- С.532-533.

2. Коммунистическая партия Казахстана: организационно-политическое развитие: Справочник. Алма-Ата, 1990.С. 47-48, 87; Центральный партархив Института марксизма-ленинизма при ЦК КПСС. Фонд 17. Опись 1. Дело 307. Лист 52-57.

3. Фарукшин М.Х., Юртаев А.Н. От культуры конфронтации к культуре диалога.-Полис.-М, 1992.-№3.- С. 151-152.

4. Арын Р. Төл этностық әлеуметтік-саяси мәртебесінің эволюциясы (Қазақстан Республикасының материалдарында). Автореферат дисс. …д-ра полит. наук. -Алматы, 2007.- С. 24, 26. Выводы автора опираются на факты исследования Р. Арын, но не повторяют её выводы.


Нұрымбетова Г.Р., саяси ғылымдарының докторы, профессор Мемлекет тарихы нституты «Еуразиялық және салыстырмалы саяси зерттеулер» бөлімінің бастығы
Саясаттанудың кейбір өзекті мәселелері

Ел болашағы ғылым мен білімнің дамуынан тікелей тәуелді. КСРО-ның ыдырауымен келген саяси плюрализм саяси өмірде ғана емес, ғылым мен білім саласында да көптеген өзгерістер әкелді. ХХ ғ. 90 ж. саяси өмірдегі плюрализм жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейген саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстардың дүниеге келуімен, азаматтардың белсенділігінің артуымен сипатталды. Ал ғылым мен білім саласындағы өзгеріс жаңа мамандықтардың ашылуы, жаңа ғылым салаларының дамуынан көрініс тапты.

Жалпы білім, әсіресе жоғары білім беру саласында түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылды. «Білім туралы» жаңа заң отандық білім беру жүйесін жаңартудың негізін қалады. Біздің ел білім беруде жаңа ғасыр, жоғары технологиялар, нанотехнологиялар заманының талабынан туындап отырған тіптен жаңа парадигмаға, жаңа ұстанымға көшіп отыр, ол – «өмір бойы оқу, үйрену». Сонымен қатар, саяси плюрализм қоғамдық ғылымдар жүгін ауырлатып, жаңа міндеттер қойды.

Бүгінгі күні 3 жетекші ұлттық университет пен 6 аймақтық университеттерде дайындалатын «Саясаттану» мамандығы осы өзгерістер аясында дүниеге келді. Осы орайда, бүгінгі күні саясаттанудың ғылым саласы әрі оқу пәні ретінде дамуында қандай өзекті мәселелері бар екенін анықтап көрелік.
Саясаттану ғылым ретінде
Қазақстанда саяси ғылым басқа ғылым салаларымен салыстырғанда кенжелеу дамып отырған ғылым салаларының бірі. Біздің ойымызша, оның бірнеше себептері бар. Бірінші кезекте, саяси ғылымға деген кеңес заманында қалыптасқан ұстаным, оның ғылым саласы ретінде мойындалмауы. Ал саясаттану орнын кезінде «КОКП тарихы» мен «Ғылыми коммунизм» сияқты оқу пәндерімен ауыстырылуы ықпал еткені сөзсіз. Екінші кезекте, саяси ғылым бойынша диссертациялық жұмыстардың көптеп қорғалуына, әрі ізденушілер арасында әкімгершілік қызметтегі адамдардың басым болуына байланысты, осы ғылымның мәртебесіне қатысты сыңаржақ, біржақты «теріс» көзқарас қалыптасып отыр. Тіптен кейбір зерттеушілердің арасында саяси ғылым іргелі ғылым саласы емес деген көзқарастың бар екені де жасырын емес.

Саяси ғылымда белең алып отырған тағы бір келеңсіз жағдайға тоқтала кетелік. Әлемдік саяси ғылымға теориялық-әдіснамалық тұрғыдан ықпалдасуымыз қажет екені белгілі. Саяси ғылым негіздерін, тілін білмей, оның әдіснамасы мен әдістерін білмей саясаттанушы атануға ұмтылу да бекершілік. Бірақ ол қазақ саяси ойына мән бермеуге, оны жоққа шығаруға айналмауы тиіс. Ғылыми зерттеулер мен еңбектерде батыс, ресей зерттеулеріне, тіптен Аристотель, Цицеронға сілтеме жасау тән. Ал қазақ ойшылдарына, қазақ тілінде жазылған отандық зерттеулерге тіптен көңіл бөлінбейді.

Іс-жүзінде қазақ ойшылдарының қайсысы болмасын демократия, сайлау, партия мәселелерін, яғни өздері өмір сүрген уақыттағы қоғамдық-саяси дамудың өзекті мәселелерін айналып өтпеген. Сөзіміз жалаң болмас үшін қазіргі заманда ең кең тараған демократия, демократиялық мемлекет мәселелеріне қатысты қазақ ойшылдарының ұстанымындарына тоқталайық. Демократия ұғымының өзегі азаматтардың саяси белсенділігі, саяси қатысуы болып табылады.

Сондықтан қазақ ойшылдарының осы мәселеге қатысты ұстанымдарына, көзқарастарына тоқталғанды жөн көрдік. Ш.Уәлиханов сайлау мәселесінде қазақ даласына тән рулық әдет-ғұрып, бай қазақтардың даңқұмар, мәнсапқорлығы сияқты ерекшеліктерді ескере отырып халық пікіріне де, билеуші тап пікіріне де сенімсіздік танытады. Бірақ халық пікіріне сенімсіздік танытқанымен, оның ролін алаңсыз жоққа шығармайды. Ол ұлттық мүддені жеке қауым мүддесінен жоғары қойған. Ш.Уәлиханов жеке тұлғаны белгілі бір іске тарту үшін, оны алдын ала ғылым-білім беру арқылы дайындау қажеттігін көрсеткен. Осы мақсатта экономикалық және әлеуметтік реформалар арқылы прогресске ұмтылу қажеттігін айтқан[1].

Ал, болашақ ұрпаққа, яғни бізге өз ұстанымындағы ерекшеліктерге заман ықпалын меңзеген Абай

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.

деп өз сөзін арнайды. Мінеки, осы өлең жолдарынан-ақ ұлы Абайдың ұстанымының сипаты мен мәні айқындалады. Абай билік жүргізу, билікке қатысу мәселесінде оны екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс деп есептеген. Абай пікірінше «Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолын», Әз Тәуке ханның «Күл төбенің басында күнде кеңес» болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек. Һәм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ``[2]. Жалпы Абай қазақ қоғамындағы рулық қарым-қатынастардың ерекшелігіне байланысты билікке сайлаудың әділетсіз өтетінін көрсеткен. Ол болыс қызметі тиімді болу үшін, оны сайлаудың екі жолын ұсынған: біріншісі, болыстыққа сайланатын адамның орысша білімі болуы; екіншісі, егер ондай білімі бар адам өтпесе, онда болыс тағайындалуы керек. Яғни, халық арасындағы дау-жанжалды, алауыздықты болдырмау үшін болыстықтан үміткерге қойылатын талаптар туралы айтқан. Себебі, Абайдың ойынша «сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пен биліктің ешбір қасиеті жоқ». Сонымен бірге, бұл талап қызметқұмар қазақтарды өз балаларына білім беруге итермелейтіндігін көрсеткен.

Сонымен Абай халықтың саяси белсенділігі, саяси өмірге қатысуы мәселесінде «бас басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» қағидасын ұстанған. Яғни, билікті жүргізу көпшіліктің еншісінде емес, топ басы немесе ел басы қолында болуы керек.

Абай қазақ қоғамын дамыту, жетілдіру жолындағы маңызды іс - ағартушылық деп білді. Абай пікірінше, әрбір адамның білім, ғылым, ақиқатқа ұмтылуы, білім-ғылымды пікір алысу мен сақтау арқылы көбейтуі, арлы, мінезді болуы, оның еліне қызмет жасауы мен алдына қойған мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қандай дәуірде болмасын көзі ашық, көңілі ояу әр қазақ азаматы өз халқының даму жолы, болашағы мәселесін айналып өткен емес. Соның бірі - Ә. Бөкейханов «біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, құқына тартысу», «жылау салты артта қалды. Ендігі рәсім құқы үшін жылау емес, құқын талас-тартыспен қорғау» - деп қазақ халқының жаңа тарихи кезеңдегі міндетін осылай анықтаған. Ә.Бөкейханов Мемлекеттік Дума депутаты, партия ұйымдастырушысы ретінде белсенді т.б. саяси қызмет атқарған қайраткер болғандықтан да оның ой-пікірі біз үшін өте құнды.

Ә.Бөкейхановтың өз шығармаларында бұқара халықты ғана емес, ел ішіндегі атқамінерлерді де имандылыққа, адамгершілікке, жоғары саналылыққа шақырғанын көреміз. Яғни, Ә.Бөкейханов айқындамасы да ағартушылық көзқарасынан туындаған. «Қазақ-ау! Оян! - деп жазды ол. - Мұжық көші жүріп кеткенде жұртта қалып жүрме! Мұжық көрші отырып, бостандық, құрдастық, туысқандық шарапатын пайдаланғанда, ілгері басқанда, мүйізге ұрған сиырдай шыр айналып, кейін қайтып, көрші жұртқа балаңды жалшы, малшы, құл қылып беріп, жұрағаттың обалына, Алаштың баласы қалып жүрме!» [3].

Ал саяси өмірге қатысу, адамның саяси белсенділігі мәселелеріне қатысты көзқарасын «Қазақ жұрты, адам болып, ғұмыр тұрмыста мұжық көршімен шаруа таластырып, тарқы жолына кірісетін болғанда комитетке жұрттың пайдасын қуған, жұрттың қамын ойлаған азаматты сайлаған оң» -деген сайлауға қатысу жәйінде айтқан пікірінен көреміз.

Комитеттер сайлау ісінде ғана емес, халық соты, билерді сайлау жұмысын ұйымдастыруда да дәл осы айқындаманы ұстанды. «Біздің қазақ жұртына айтатын тілегіміз, - деп жазды ол, - биге таласпаңдар, биді таланға салмаңдар. Әділ бисіз жұрт болмақ емес. Таза би партияда да жоқ болады. Партия биі әділ болмайды.

Англия биі дегенде, жер үстіндегі адам баласы ішкен асын жерге қояды. Англия биі бір ауыздан партиясыз сайланады, әділ болады, адамнан қорықпайды.

Партия сайланған, таланмен болған биде не қасиет жоқ, не әділдік, не ерлік болады. Бұл бір қоянша алақтаған сорлы да. Мұның алдында әділ билік қайтіп болады... »[3].

Ә. Бөкейханов қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздікті мойындай отырып, билік басына шыққан тегіне байланысты емес оқыған көзі ашық адамның сайлануын қолдаған.

Біз Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ә.Бөкейханов секілді қазақ ойшылдарының тек бір мәселеге қатысты көзқарасын топтастырып беру арқылы қазіргі заманғы қазақ саяси ойының тамырының тереңде жатқанын көрсетуді көздедік. Біздің ойымызша, қазіргі заманды зерттеуші қазақстандық зерттеушілер Н.Макиавелли, М.Веберден гөрі қазақ саяси ойынан сусындауы тиіс. Тек сонда ғана біз әлемдік саяси ойдың, саяси ғылымның ажырамас бір тармағына айнала аламыз.
Саясаттану пән ретінде
Саясаттанудың жеке, дербес академиялық пән ретінде қалыптасуының бастауы болып 1857 жылы АҚШ-да Колумбия колледжінде тарих және саяси ғылым кафедрасының ашылуы есептеледі. Бірақ Саясаттанудың дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасуына 1948 жылы ЮНЕСКО бастамасымен Париж қаласында саяси ғылым мәселелері бойынша Еуропа және Американың жетекші саясаттанушыларының қатысуымен өткен халықаралық коллоквиум ықпал еткені сөзсіз. Осы жиын нәтижесінде саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылып, саяси ғылым пәні анықталды.

Жалпы Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үдерістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді.

Қазақстанда «Саясаттану» пәні ХХ ғасырдың 90 жылдарында ғана жоғары оқу орындарында оқытылатын пәндердің бірі ретінде жоғары білім беру стандарттарына енгізілді. Сонымен бүгінгі күні «Саясаттану» барлық мамандықтарда міндетті түрде оқытылатын пәндердің бірі.

Саясаттануды пән ретінде оқытуда «Саясаттану» мамандығы бойынша мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарының рөлі зор. Алғаш «Саясаттану» бөлімдері 1991 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде (қазіргі ҚазҰПУ), 1999 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ашылды. Сонымен бүгінгі күні «Саясаттану» мамандығы бойынша мамандарды дайындау негізгі үш университет еншісінде: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. Сонымен бірге, қазіргі таңда «Саясаттану» мамандығы бойынша мамандарды С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универсиеті және тағы 4 университет дайындайды. «Саясаттану» мамандығы соңғы 6 жоғарғы оқу орнында қосымша бөлім ретінде ашылған. Саясаттану мамандығы бойынша мамандарды дайындау жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша оқу орындарында профессор-оқытушылармен қамтамасыз етілуіне, материалдық-техникалық базасына байланысты әрқалай қойылып отыр.

Саясаттану саласында сапалы білім беру үшін білім беру стратегиясы да айқын болғаны дұрыс. Болашақ мамандардың бет-бейнесін анықтауда үлкен рөл атқаратын құжаттардың бірі - Мемлекеттік білім беру стандарты. Саясаттану мамандығы бойынша Мемлекеттік білім беру стандартын дайындау әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Саясаттану» кафедрасы ұжымына жүктелген. Мемлекеттік білім беру стандарты осы жылдарда бірнеше рет өзгеріп, толықтырылды. Біздің ойымызша, мемлекеттік білім беру стандартын дайындау тек бір ұжым еншісінде болмауы керек, оны осы мамандық бойынша мамандарды дайындайтын негізгі үш оқу орны өкілдерінен құрылған ортақ ұжымдық топ ұсынуы тиіс. Тек сонда ғана бұл стандарттың мазмұндық сапасы барлық ұжым көңілінен шықпақ. Қазақ атамыз «бірлесіп пішкен тон келте болмас» деп бекер айтпаған ғой. Сондықтан «Саясаттану» мамандығы бойынша мамандарды дайындау бағыт-бағдары да осы негізгі үш университеттегі кафедра ұжымдарының ортақ ісіне айналуы керек. Осы уақытқа дейін бұл кафедралар негізінен оқытушылар мен ғалым-зерттеушілерді дайындаумен айналысып келді. Ендігі кезекте саясаттану кафедралары нақты бағыттарға маманданатын уақыт келді. Мысалы, әлемдік саясат немесе салыстырмалы саясат сияқты бағыттарды дамытуымыз өте қажет. Ал бұл өз кезегінде саяси ғылым салаларын дамытуға, нақты бір ғылыми бағыттарға маманданған ғылыми орталықтар ұйымдастыруға мүмкіндік берері сөзсіз.

Өкінішке орай, осы ұжымдар арасында студенттерді оқытуда ортақ ұстаным әлі күнге дейін жоқ. Әрине, демократиялық өзгерістер әкелген білім берудегі баламалық тиімді пайдаланылса нәтиже берері сөзсіз. Бірақ әлі күнге дейін осы «Саясаттану» мамандығын дайындайтын жоғары оқу орындары кафедраларының арасында ешбір ортақ жобалар, іс-шаралар өткізілмейтіні өкінішті-ақ. Әр ұжым өз қазанында қайнауда. Дегенмен, бүгінгі күні аталмыш ұжымдардың ғылыми-кадрлық потенциалы саясаттану мамандығын бәсекелестікке қабілетті мамандықтың біріне айналдыруға толық мүмкіндіктері бар.

Осы көптеген мәселелер оқулықтар мен оқу құралдарына да қатысты. Студенттердің оқу барысында қолданатын оқулықтары мен оқу құралдарының басым көпшілігі Ресейде жарық көрген басылымдар. Ал өзіміздің елімізде жарық көрген еңбектерді қолдануда әлі де болса жүйелілік жоқ. Тіптен бір білім ордасында жарық көрген оқу құралдары екінші ортада таныс емес. Біздің ойымызша, осы оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау мен жариялауды орталықтандыру өте қажет. Әрине, бұл жаппай бақылау орнату мақсатында емес, оқулықтар мен оқу құралдарының сапалық деңгейін көтеру және оны пайдалануды тиімдендіру мақсатында болуы тиіс. Осы орайда, оқу стандарттарына сәйкес «Саясаттану» пәнінің басқа мамандықтар үшін міндетті курс ретінде оқытылатын пән екенін де ұмытпағанымыз жөн. Бірақ бұл салада да оқулықтар мен оқу құралдары мәселесі әлі күнге дейін шешілмей отыр.

Келесі мәселе. Осы кафедра ұжымдарындағы оқытушылардың білім және әдістемелік деңгейін көтеру мәселесі. Мүмкін, «Саясаттану» бөлімінің оқытушыларына арналған білім деңгейін жетілдіру курстарын ұйымдастыру қажет. Яғни, оқытушылар қай жоғары оқу орнында қызмет жасамасын өз проблемаларын, өзекті мәселелерді ортаға салатын мүмкіндіктері болуы тиіс. Бұл тек оқыту әдістемесіне ғана қатысты емес, сонымен қатар теориялық мәселелерге де қатысты болғаны дұрыс.

Келесі шешімін таппай жүрген үлкен мәселе. Қазақстан Республикасының аймақтарында орналасқан Жоғары оқу орындарындағы Саясаттануды оқыту мәселесі. Себебі, аймақтарда мамандар мен оқулықтар жетіспеушілігі орын алып отыр. Сондықтан Қазақстан Республикасының аймақтарында орналасқан жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік саяси пәндер оқытушыларының біліктілігін көтеру орталығын ұйымдастыру қажет. Мұндай орталық аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып саяси ғылымды оқытуда заманауи әдістерді қолдануға көмектеседі.

2008 жылы елбасы бастамасымен құрылған «Мемлекет тарихы институтының» негізгі мақсаты тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуын, халықаралық қатынастардағы Қазақстан орнын, еліміздің онан әрі саяси жаңару жолдарын зерттеу және инновациялық оқыту әдістемелерін қалыптастырумен айналысу болғандықтан, осы институтқа әлеуметтік саяси пәндер оқытушыларының, тұрақты негіздегі, біліктілігін жетілдіру курсын ұйымдастыру жүктелсе өте орынды болар еді.

Осы бағыттағы жұмыс тиімді болу үшін біріккен іс-шараларды ұйымдастыру (конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер) қажет. Сонымен қатар, оқулықтар, оқу құралдары мен бағдарламаларды дайындауда, ғылыми жобаларды және зерттеу әдістемелерін игеру сияқты бағыттарда біріге отырып жұмыс жасау керек. Жалпы біріккен жобаларды жүзеге асыру саяси ғылымның ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерін қалауға мүмкіндік береді. Яғни, саяси ғылымның «Әлемдік жүйе мен жаһандық дамудың саяси мәселелері», «Саяси социология», «Салыстырмалы саясат» және тағы басқадай салаларын дамытуға негіз болары сөзсіз.

Қорытындылар болсақ, саяси ғылым, саясаттану шынайы бәсекеге қабілетті ғылым саласына айналуы үшін, біріншіден, саяси ғылымның өзекті мәселелерін зерттеу мен оның ішіндегі бағыттарды дамыту қажет, екіншіден саяси ғылыммен, саясаттанумен айналысатын мамандарды жоғары деңгейде дайындау керек. Яғни, бәсекеге қабілетті, жаңаша ойлайтын, заманауи технологияларды игерген білікті мамандарды дайындауымыз қажет.

2001 жылы 28 қарашада әлеуметтік-саяси ғылым саласындағы зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда қолдаушылық көрсету мақсатында құрылған «Қазақстандық саяси ғылым ассоциация» әлі де болса өз алдына қойған міндеттерін жүзеге асырады деген сенімдеміз. Ең бастысы идеалдар, сенім мен үміт жоғалмау қажет! Біз саяси шолушыдан кәсіби саясаттанушыны ажырата білуіміз керек! Әр мамандық, әр кәсіп иесі өз ісімен айналысқанда ғана оң нәтиже болмақ.

Сілтемелер:
Уәлиханов Ш. Сот реформасы жайында хат // Уәлиханов Ш. таңдамалы. - Алматы:Жазушы, 1985. 560 б. (126-153 бб.).

Абай Қара сөздер // Абай (Ибраһим Құнанбаев) Екі томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Жазушы. Т.2: Аудармалар мен қара сөздер, 200 бет. (99-108, 128-129).

Қойгелдиев М. Қ. Алаш қозғалысы. - Алматы, 1995. - б. 299.

Саиров Е.Б., директор Института культурной политики и искусствознания, кандидат политических наук
Гуманитарный кризис. Что делать?
Гуманитарный кризис как проблема постсоветского общества
Интеллигенты с высшим гуманитарным образованием, давайте, наконец, признаемся хотя бы самим себе – выставка итальянской мебели изысканного дизайна будит эстетические переживания посильнее выставки прерафаэлитов, музыка Горана Бреговича будоражит душу больше симфонии Малера, а Стивен Кинг глотается охотнее Орхана Памука.

Это наша личная деградация или общая? Это – гуманитарный кризис?

Дети и юноши не читают книжек, да и вообще едва читают, реклама изобилует грамматическими и стилистическими ошибками, телевидение транслирует откровенно мракобесные и псевдоисторические программы под пышным лозунгом кинодокументалистики. Это - кризис?

Вместе с трудовыми коллективами распались дружеские связи, растет количество взаимообманов и мошенничеств, количество преступлений против личности, общество атомизируется в потребительском угаре –может быть это - гуманитарный кризис?

Осмелимся утверждать, что все перечисленные признаки есть лишь внешние проявления кризиса, который происходит сейчас в святая святых гуманитарной сферы вообще – в сфере гуманитарного знания.

Исключительная роль гуманитарного знания - принадлежность советской системы. Во многом благодаря последовательной работе гуманитариев, проводивших стройную, целостную систему советской идеологии, общество, зиждившееся на внеэкономической хозяйственной модели, могло успешно сосуществовать с постиндустриальным миром, поскольку оно, это общество, о постиндустриальном мире знало мало, его побаивалось, и искренне верило в себя.

Советский народ был оснащен стройной и непротиворечивой картиной мира, основанной на марксистско –ленинской материалистической диалектике и имел ответы на все вопросы. Мир был ясен. Хорошее было четко отграничено от плохого, а неотвратимость наказания за плохое гарантировали не только силовые, но и вездесущие партийные структуры.

Четкость же картины мира обеспечивали историки и философы, обществоведы и искусствоведы, филологи и психологи, журналисты и архивисты, проводившие одну, прямую как стрела, идеолого-мировоззренческую концепцию. Они оттачивали эту концепцию с иезуитской въедливостью и всеохватно транслировали ее всем – от младенцев до глубоких старцев. Бытие определяло сознание – и ныне, и присно, и во веки веков.

Не странно ли, что на Западе - прародине финансово-экономического кризиса –кризису гуманитарного знания практически не уделяют внимания? То есть, признают, что проворовались, но не более того. Гораздо больше внимания уделяют кризису традиционной науки, и чисто по человечески волнует их все-таки кризис науки экономической – прогнозы экономистов не адекватны.

Дело в том, что гуманитарное знание на Западе всегда было плюралистичным и не определяло мораль и нравственность общества. За них несли ответственность конфессии. То есть, у них общество – отдельно, а кризис в науках отдельно. У нас это тесно сопряжено.

Преподаватель философии в советский период был партийной номенклатурой, поскольку отвечал за общественные умонастроения. Преподаватель философии на Западе был всего лишь преподавателем и отвечал только за посещаемость своего семинара. Таким этот преподаватель остался и поныне.

Гуманитарный кризис «по постсоветски» сопряжен с кризисом всех миропонимательных идеологических конструкций, с кризисом веры в добро и справедливость, с кризисом самой системы воспроизведения морали и нравственности. А такой системой была гуманитарная наука, разваливающаяся сейчас на глазах.
Первый признак кризиса гуманитарного знания - нет имен, нет глобальных теорий
В самом деле, любой гуманитарий назовет рад признаков, свидетельствующих о мировом кризисе знания в сфере гуманитарных наук.

В первую очередь, это отсутствие глобальной теории, объединяющего глобального подхода ( методологии).

Такой теорией с ХVII до конца XIX века был классический рационализм, сформировавший основные черты современной науки. В основе его лежало учение о методе Декарта, классическая механика Ньютона, и ценности протестантской этики.

С конца девятнадцатого века в связи с новыми открытиями физики в области макро- и микро-мира, зарождением генетики, развитием психоанализа наступает эпоха позитивизма, породившая новые глобальные методологии, такие как исторический материализм и классическая позитивистская социология, а в области идеологии – мировые мега-течения: либерализм, национализм, фундаментализм, социализм.

Середина ХХ века поставила на повестку дня феноменологическую парадигму, когда внешний мир становится не сущим, а явленным, что породило перенос интереса с внешнего мира на инструментарий: структурализм, семиотику и прочие дисциплины, изучающие не субъект, не объект, а сам дискурс.

Но в последние годы тысячелетия мы столкнулись с новым явлением: глобальные теории и глобальные методологии, парадигматики, которые обычно порождают новые теории, школы, имена, научные дисциплины, исчезли. Старые перестали быть господствующими, а новых не появилось.

Во-вторых, исчезли признанные в гуманитарной сфере научные авторитеты. Ушли в прошлое конкретные научные школы. Где мыслители такого масштаба как Маркс, Вебер, Дюркгейм, Фрейд, Тойнби?, Имен, работ, теорий, потрясающих умы человечества, притягивающих, как магнит, последователей, преемников, апостолов, эпигонов, сейчас не осталось.

Даже если мы возьмем «модных» интеллектуалов таких как Тоффлер, Эко, Фукуяма и т.п., то это скорее хорошо «отпиаренные» публицисты, нежели могучие мыслители.
Второй признак - гуманитарную науку заменила публицистика и эзотерика
В России и странах СНГ признаком кризиса гуманитарного знания стало и перетекание общественной мысли из науки в публицистику. Если раньше публицистика или научно-популярное знание черпали свое содержание из науки, выступали медиаторами, коммуникаторами науки и общества, то теперь они сами порождают свое содержание, не обращаясь к науке.

Особенно это задело историю, педагогику, социальную психологию, философию и теорию управления. Вдруг, ниоткуда появился загадочный термин «аналитика», который обозначил переход способа научного познания в вид общественной деятельности, и породил под собой общественный институт, т.н. «экспертное сообщество».

Само по себе это бы не было кризисным признаком, в конце концов, у всех наук есть прикладная сфера, но в случае с экспертными сообществами обществоведов становится очевидным, что речь идет не о применении научного знания а о некоей автономной системе жизни текстов, способов их порождения и применения, и совокупности отношений, складывающихся вокруг этих процессов.

Научное знание в «экспертном сообществе», как правило, используется либо в качестве некоего мифического сверхзнания, ведомого тому или иному эксперту, либо как источник «умных» терминов, живущих в экспертной среде своей жизнью, и уже утративших первоначальное научное значение.

Обособление и суверенизация «экспертной», популяризаторской, публицистической деятельности, их отрыв от научного знания, приводит не только к измельчанию, вырождению гуманитарного знания, но и к изоляции серьезных наук от общества, что в свою очередь обуславливает оскудение собственно научной деятельности.

Следствием этого является появление еще одного признака кризиса и деградации, а именно - вытеснение идеала рациональности из духовной жизни. До недавнего времени наука являла собой высшую форму познания мира, научные методы считались высшими методами познания, а те, кто думал иначе, исходили из стихийного томизма, равенства истин разума и веры.

В последнее время стремление к истине сменилось культом манипуляционных технологий. Полагая маркетинг и рекламу чуть ли не единственно пригодными разновидностями общественного знания, потребительское общество рассматривает любое научное суждение как товар или как средство получения товара.

И тут оказывается, что научное знание либо плохо пригодно для массового потребления, либо по своим потребительским свойствам (продаваемости и усвояемости) ничем не отличается от изотерики и богословия, или просто от шарлатанских псевдонауных исследований, например, в области уфологии или\и «сенсационной» истории Фоменко.

В свое время еще Г. Риккерт назвал общественные (гуманитарные) науки «идеографическими», то есть, основанными на суждениях, проходящих субъективный ценностный отбор. Поэтому общественным наукам всегда было трудно следовать естественно-научным критериям знания. Но эти критерии все равно оставались эталонными.

Когда же релятивистской физике пришлось включить наблюдателя в систему координат при описании объекта, противопоставление идеографических и номотетических, то есть основанных на объективных фактах, наук приняло совсем уж условный характер.

Однако эти трудности жизни гуманитариев никогда ранее не давали шанса иррациональным учениям, вроде каббалы, уравнять себя с наукой.
Третий признак - потеря социального престижа
Еще одним, исконно нашим, постсоветским признаком кризиса гуманитарной науки является заметное снижение ее престижа в обществе. Если раньше наука для всех была Высшим Судией в социальных вопросах, от нее ждали решений, открытий, прорывов, то теперь научная деятельность воспринимается в исключительно прикладном значении, как некий скрытый и не имеющий самостоятельной ценности этап разработки инновации, предшествующий последующему производству товаров или технологий.

Это относится к техническим и точным наукам, что до гуманитарных, то, как указывалось выше, в широком общественном мнении они в качестве социально значимого явления более не присутствуют.

Такое отношение к науке не могло не отразиться на отношении к научной деятельности и научным исследованиям. Причем, если на Западе с его традициями спонсирования университетов, престиж гуманитарных дисциплин по прежнему сохраняется там, где он и обитал всегда – в университетской среде, то на постсоветском пространстве, где средоточием наук считалась академия, гуманитарные науки, причем, в качестве именно науки, а не полу-шарлатанской «аналитики», просто исчезли.

Это не могло сказаться на экономическом положении и социальном статусе ученых-гуманитариев, разумеется, тех, кто сохранил себя в науке, а не перебрался в соседние области «аналитики», публицистики, «пиара» и т.п.

Статус гуманитария упал «ниже плинтуса», а вместе с ним упало и качество. Наука, которая раньше считалась престижной сферой, производила отбор претендентов в ученые институциональными методами: присуждением степеней и званий, подсчетом количества публикаций, индекса цитируемости, жесткой издательской политикой, высокими критериями отбора материалов для публикаций в академических периодических изданиях и т.п.

Теперь эти институциональные барьеры снижены. В ученые может легко попасть любой, кого не смущает низкий статус и слабое финансирование этой деятельности. Ученая степень стала регалией, которую может получить любой при умелом включении финансовых механизмов.
«Наш» кризис «круче» благодаря советской истории
Так почему же именно на постсоветском пространстве кризис гуманитарных наук обрел уж вовсе зверский лик? Благодаря советской истории.

Гуманитарные науки развивались исключительно в рамках марксистско-ленинского учения, и этот принцип административно поддерживался государством – единственным заказчиком и адресатом научной деятельности.

Административно поддерживаемая прикрепленность к одной теории предполагала, что все самое важное и основное уже открыто и сказано классиками, а исследователю-марксисту для получения результата оставалось лишь «правильно прочитать» труды Маркса и Ленина.

Разумеется, это тренировало изощренность ума ученых, но очень сильно ограничивало эвристический потенциал их деятельности. Научная жизнь не останавливалась, но ученым приходилось во-первых, много сил тратить на церемониальные кивки в сторону догматического марксизма, во-вторых, серьезно ограничивать диапазон своих поисков.

Любая теория, не вытекающая напрямую из ортодоксального марксизма, сначала объявлялась ересью. Потом множество лихих перьев адаптировало ее под господствующую парадигму, и она становилась разделом или отраслью марксистской, истории, философии, психологии и др. Борьба с косностью, на которую всегда уходят силы первооткрывателей, превращалась, фактически, в борьбу с режимом, но существенно тормозила развитие общественной мысли.

Так появилось уникальное для ХХ века явление - формальное общественное признание гуманитарных наук в идеократических странах «социалистического содружества» в сопровождении внутреннего скепсиса самих ученых, их сомнениями в эвристическом потенциале собственной науки и уверенности, что все новое и интересное приходит с Запада.

Разрушение идеократии в государствах бывшего СССР и Восточной Европы сопровождалось резким снижением статуса ученых обществоведов которых деидеологизация сделала - как школьных учительниц по литературе – скорее данью традиции, нежели общественной силой. Снижение престижа обществоведения получило столь острый угол падения, что выглядела катастрофой.

Кроме того, как ни парадоксально, слияние с мировой наукой и снятие цензурных ограничений продемонстрировало, что обществоведы восточного лагеря фактически паразитировали на западной научной мысли, протаскивая через железный занавес новые западные теории и выдавая их за собственные выдающиеся открытия.

Причем, западный первоисточник никто не скрывал и не отрицал, просто умение предложить ту или иную западную теорию марксистской науке уже приравнивалось к открытию. Когда занавес исчез, и условий для такого рода трансплантаций не стало, научное сообщество бывших социалистических стран не смогло приобрести новых для себя навыков творчества в условиях политической свободы.

Что же Казахстан? А ничего. У казахов не было ни серьезной обществоведческой традиции и культуры, ни политической возможности этот потенциал наращивать… подумают люди не знакомые ни с традиционной культурой, ни с мировосприятием древних казахов.

Ахмет Иассауи, Қорқыт, Асанқайғы, Бұқар жырау – это только краткий перечень философов, которые не только предлагали отвлеченные от бытия теорий, но и оказывали конкретное влияние на развитие нации. Если другие народы адаптировались к исламу, Ахмет Иассауи не только адаптировал ислам конкретно к кочевым условиям, но и теоретический обосновал целое философское течение ислама суфизм. Кто-то из великих сказал: «Кочевые народы через пословицы могли передать такие ценности, которые другие народы передавали посредством целых книг».

Так как не только научный мир запада, но и мы сами не знаем историю нашей гуманитарной науки, казахстанская гуманитарная наука и обществоведение оказалось вторичным по отношению к уже вторичной и отсталой научной культуре Восточной Европы.
Наука из храма абсолютной идеи становится специализированной формой умственной деятельности, формой социальной деятельности
Что же делать? Стоит ли стремиться возвратить гуманитарному знанию его былое величие? Стоит ли рассматривать гуманитарную науку по прежнему как средство борьбы с гуманитарным кризисом в обществе? Для ответа на эти вопросы попробуем оценить кризис иначе.

Да, нет более взрывообразного создания комплексных методологий и теорий такого масштаба как исторический материализм, психоанализ, институциональная социология или экзистенциализм. Но ни одно из этих направлений не утратило научную актуальность, в рамках этих школ продолжается работа, идет внутреннее деление на подшколы, в целом объем нового знания увеличивается.

Да, не стало великих имен, но это может означать, что создание новой школы или нового направления по масштабам задач уже не соразмерно человеческой личности. Ведь в области технических открытий при постоянном и ускоряющемся росте объема инноваций, техническое изобретение стало продуктом деятельности целых научных коллективов, причем рассредоточенных и в пространстве, и во времени, и это никого не удивляет. Технический прогресс только начал свое ускорение, а эпоха братьев Уайт, Люмьеров и Эдисонов ушла безвозвратно.

Вытеснение фундаментальных научных разработок в области обществознания псевдоприкладным шаманством, публицистикой, сенсациями и манипулятивными приемами хотя и является заметным, но не означает полной замены науки этими образованиями. Просто происходит ослабление общественного внимания к собственно научной деятельности.

Ведь это внимание было преувеличенным, гипертрофированным, пока наука давала быстрый и зримый результат. Теперь такой результат формируется исключительно в сфере применения, то есть, чаще всего за пределами науки.

Да, место науки меняется. Ученый из Жреца Абсолютной Идеи становится профессионалом, таким же, как продавец, повар, управленец. Престиж ученых профессий снижается до нормального уровня. Однако это не только правильно, но и полезно самой науке, которая всегда боролась с фетишизацией, сакрализацией и претендовала на роль всего лишь одной из подсистем человеческой общественной деятельности.

На постсоветском пространстве официальный статус обществоведов был завышен. Секуляризация такого статуса проходит болезненно и это порождает катастрофические настроения. Но надо признать раз и навсегда - гуманитарии более не в состоянии рулить миропониманием.

Однако у гуманитарной науки сохраняется общественное предназначение. Выход есть, и он лежит на поверхности.
Казахстан как будущий лидер гуманитарной науки на постсоветском пространстве
У Казахстана есть шанс. В условиях очень низкой себестоимости добычи ископаемого сырья и создания продуктов его первичной обработки вопрос, что будет с экономикой Казахстана, когда запасы природного сырья закончатся, носит чисто невротический характер.

В обозримой перспективе рост рыночной стоимости сырья, особенно углеводородного, будет постоянно опережать его себестоимость, и доходы сырьедобывающих стан будут расти.

При этом количество людей, обслуживающих добычу сырья, расти не будет. Таким образом, доля населения, не занятого в базовых отраслях экономики, будет увеличиваться.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет